Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


шар деген сөзде бірінші дыбыс  Р



Pdf көрінісі
бет69/101
Дата02.11.2023
өлшемі1,88 Mb.
#121431
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101
шар
деген сөзде бірінші дыбыс 
Р
деп жауап береді. 
Сөздің буындық құрамы бойынша салыстыру, сөздегі дыбыстың санын анықтау, екінші, 
ұшінші, төртінші дыбысты атау қиынға түседі. 
Дауысты дыбыстарды, сонымен қатар сөзде қатарынан келген бірнеше дауыссыз 
дыбыстарды тастап кету, сөздегі дыбыстарды ретімен айтқан кезде сөз реверстері («бас» деген 
сөзде – с, а, б) осы балаға тән қателері болып саналады. 
Сөздердің дыбыстық және буындық құрамы бұрмаланған кезде көптеген ізденулер пайда 
болады, бала өзінің сөйлеуінің өнімділігіне сенімсіз, адекватты кинестезияларды іздейді: асық – 
«сық», «асыық», «аасық» т.б. Дыбыстарды диффузды түрде ажырата алмай қабылдаудың 
арқасында сөйлеген кездегі қателер пайда болады. Бала біртіндеп өз қателерін түсіне бастайды: 
«Жоқ, мен дұрыс айтпадым». 
Дыбыстардың дұрыс айпауын, бұрмаланған сөздерді жазып алады. Құрылысы бұзылған 
сөздер мен буындардың түзетілуі жеке дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтарға қарағанда біраз 
қиындыққа түседі және әжептеуір ұзаққа созылады. Балада бұндай ақаулықтардың жиі болуы 
оның жалпы сөйлеу тілінің толық дамымағандығын көрсетеді. 
Кейде бала өзіне таныс сөздердің барлығын байланыссыз айтуы мүмкін (логоррея), 
естігенін сөзін немесе сөз тіркесін қайталайды; бұрын немесе осы сәтте естіген сөздерді 
қайталайды — эхолалия. Мағынасын түсіне алмай, бала сөздермен, сөз тіркестерін жаңғырық 
тәрізді қайталайды. Эхолалиялық түрде айтылған сөздерін бала түсінбейді және есінде 
сақтамайды. 
Сөздерінде екпін қоюдағы қателер, дыбыстарды дұрыс айтпай кету, буындарды 
алмастыру, бұрмалау байқалады. Көп жағдайда бұрмалау мен алмастыру тұрақсыз сипатта 
болады, бала сөзді әрбір жаңа қайталауында бұрмалаудың жаңа түрін айтуы мүмкін. Сөздердің 
эквиваленттері (дыбыстық кешендер) заттармен сәйкестене бермейді. Экспрессивті сөйлеу 
тіліндегі бұрмалаулар өзінің және айналасындағылардың сөйлеу тілін қабылдаудың 
жеткіліксіздігінен болады.
Тексеру 
Тексеру барысында сөздің буындық құрамын тексеруге ерекше көңіл бөлінеді. Сөздің 
буындық құрамының бұзылуының төмендегідей түрлері кездеседі: 
- буын санының қысқарылуы (бапан-балапан); 
- буындарды жеңілдету (үтель-үстел); 


82 
- буын қосу (қарағаш–қарағағаш); 
- буындарды ұқсастыру (рарамал-орамал); 
- буын, дыбыстардың орнын ауыстыру (ас-қа-бақ – аспабақ). 
Кейбір балалардың сөздің буындық құрылысының бұзылатындығы байқалады. Бұндай 
балалар сөйлеу тілінде сөздің дыбыстары мен буындарының орындарын ауыстырып шатастырады 
немесе мүлдем айтпай түсіріп қалдырады немесе керісінше артық дыбыстарды және буындарды 
қосып алады. Мысалы, “ескек” сөзін “екесек” деп, “кітап” - “каптап”, “бұтақ” - “бақ” деп 
өзгертеді. Осының барлығы сөздің құрамындағы буындардың және дыбыстардың шатасып, сөздің 
буындық құрылысының бұзылғандығын көрсетеді. Бұндай жағдайлар әсіресе үндестігі жағынан 
ұқсас дыбыстардың қатар келуінің салдарынан немесе қос сөзден құрылған күрделі тіркестердің 
қиындығынан жиі болады. Сондықтан баланың сөйлеу тілін тексерген кезде берілетін 
тапсырмадағы сөздерді үндері ұқсас дыбыстардың, сөздердің, қос сөзді қиын тіркестердің, сөздің 
басында, ортасында, соңында дауыссыз дыбыстардың қатар келіп айтылуын қиындататын 
құрылысы әр түрлі буындардан тұратын сөздерден іріктей білу қажет. Бала алдымен бейнелі 
суреттегі көрсетілген оқиға желісін өз сөзімен өз бетінше айтып береді, сосын айтқан сөзін 
қайталайды. Балаға берілген бейнелі суретте тексеруге пайдаланатын сөздер көптеп кездесетін 
болу керек. Мысалы, кітап, дәптер, ескек, милиционер, шар, бұтақ, бала, тарақ, жапалақ, теңіз, 
терезе, бүлдірген, қарлығаштар, т.б. 
Тексеруге қажет сөздер мектептің немесе мектепке дейінгі мекемелердің бағдарламасына 
сәйкес құрастырылады. Сонымен қатар сөйлеу тілі бұзылған балаларға сөздік-буындық құрамы 
қолжетерлік, қолайлы болуын ескеру қажет. Тексеру қорытындысын талдау барысында сөз 
қорында қандай лексикалық топтардағы сөздерді қолданбайды, алмастырады, қандай сөздерде 
қателер кездесетініне көңіл бөлу керек. 
Буындық талдау мен жинақтауын тексеру: 
1) Сөзді буындарға бөлу (шапалақтап, тақылдатып). Қолдың оң 
жақтан солға қарай және керісінше сол жақтан оңға қарай қимылымен 
буынға бөлу. Алақанмен аятыңғы иектің қозғалуын қадағалап, буынға 
бөлу. 
2) Сөздегі дауысты дыбыстарды табу (атау). Сөзде қанша дауы- 
сты дыбыс болса, сонша буын болады. 
3) Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату – логопед дыбыстарды (дауысты, 
дауыссыз) айтқан кезінде балалар керекті дыбысты естігенде жалауша көтереді (сөздегі дауысты 
және дауыссыз дыбыстарды атау, дауыссыздарды айтқандағы кедергілерді түйсініп айту). 
Буындағы дауысты дыбысты атау: ах, ус, ма, да, кра, аст, зол. 
а) буындағы тек дауысты дыбысты ата; 
ә) буынның дауысты дыбысына сәйкес әріпті көтер; 
в) буындардың тек дауысты дыбыстарын жаз; 
г) берілген дауыстымен буын ойла. 
ғ) буындағы дауысты дыбыстың орнын тап және сәйкес әріпті 
көрсет. 
д) дауысты дыбыс 1-ші, 2-ші, 3-ші орында тұратын буындар айт.[6] 
Бастапқы кезде жеңіл тапсырмалар беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет