Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту»



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.01.2017
өлшемі259,63 Kb.
#1484
  1   2   3

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 125-қосымша  



 

 

 

 

Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Дыбыстардың айтылуын 

қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» пәнінен типтік оқу 

бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 



 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәні  естімейтін  балаларға  арналған  арнайы  пән  болып  табылады.  Естімейтін 

оқушылардың  есту  қабілетін  дамытумен  ауызша  сөйлеу  тілін  қалыптастыру 

бір-бірімен  өте  тығыз  байланыста  жүргізіледі.  Ауызша  сөйлеу  тілін 

қалыптастыру  есту,  көріп  есту  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сөйлеу  тілін  есту 

арқылы қабылдау ауызша сөйлеу тілін жетілдірумен тікелей байланысты. 

3. Бағдарлама екі бөлімнен тұрады:  

1) есту қабілетін дамыту;  

2) дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.  

4.  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәнінің  мақсаты–сөйлеу  тілін  көріп-естіп  қабылдау  және  ауызша  сөйлеу 

дағдыларын дамыту.  

5.  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәнінің міндеттері: 

1)  тілдік  және  тілдік  емес  дыбыстарды  ашық  таңдауда  және  жабық 

таңдауда ажырату есту-көру арқылы қабылдау; 

2)  дыбысталуы  таныс  сөздерді,  қысқа  фразаларды,  балаларға  таныс 

мәтіндерді қабылдауға үйрету;  

3) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату; 

4) диалог жүргізуге үйрету; 

5)  сөйлемдерді  ажырату,  кескін  сөздерді  пайдалана  отырып  фразаларды 

құрастыру; 

6)  мәтіндерді  есту-көру  және  есту  арқылы  қабылдауға,  мағынасын 

түсінуге үйрету; 

7) оқушылардың нақты, анық және мәнерлеп сөйлеуге үйрету; 

8) сөйлеу кезінде логикалық екпінді сақтап сөйлеуге үйрету; 



9) орфоэпиялық ережелерді сақтай отырып сөйлеуге үйрету. 

6.  Пәннің  мазмұнын  меңгеру  үшін  аптасына  18  сағаттан  оқытылады 

(барлығы  –  3024  сағат).  Жалпы  сағат  саны  кезеңдер  бойынша  төмендегіше 

бөлінеді: 

1) дайындық сыныбында – 594 сағат;  

2) 1-сыныпта –594 сағат; 

3) 2-сыныпта –612 сағат; 

4) 3-сыныпта – 612 сағат;  

5) 4-сыныпта - 612 сағат. 

7. Пәнді оқыту процесінде пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады: 

1)  тіл  дамыту  пәнімен:  «адам-табиғат-қоғам»  туралы  білімдерін 

толықтыру, табиғат құбылыстарымен адам, өсімдік, жан-жануарлар арасындағы 

байланыс  пен  тәуелділікті  таныстыра  отырып,  оқушылардың  танымдық 

қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау барысында 

алған білімдерін, бақылағандарын оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызша 

жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану; 

2)  түзету  ритмикасы  пәнімен:  түзету  ырғағы  кезінде  ритмикалық 

қозғалыстар  жасау,  музыканы  қабылдау  нашар  еститін  балалардың  естіп 

қабылдауын дамытуға, ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруға ықпал етеді; 

3)  заттық-тәжірибелік  оқыту  пәнімен:  еңбек  тақырыбына  байланысты 

шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың 

еңбегін  құрметтеуге  тәрбиелеу,  ермексазбен,  табиғи  материалдармен  жұмыс 

жасау, қағаздарды қию, өрнектер салу, безендіру арқылы қолдың ұсақ бұлшық 

еттерін дамыту; 

4)  қоршаған  ортамен  таныстыру  пәнімен:  «адам-табиғат-қоғам»  туралы 

білімдерін  толықтыру,  табиғат  құбылыстарымен  адам,  өсімдік,  жан-жануарлар 

арасындағы  байланыс  пен  тәуелділікті  таныстыра  отырып,  оқушылардың 

танымдық қызығушылықтарын арттыру, топсеруен кезінде, табиғатты бақылау 

барысында  алған  білімдерін,  бақылағандарын  оқушылардың  сөздік  қорын 

байыту, ауызша жазбаша тілін дамыту мақсатында пайдалану. 

8.  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәнін  оқыту  кезінде  қарапайымнан  күрделіге  көшу  қағидасына  сүйенеді. 

Дайындық  сыныбында  оқитын  балалармен  естіп  қабылдауын  дамыту  жұмысы 

дыбысқа  шартты  қозғалыс  реакциясын  қалыптастырудан  басталады.  Берілетін 

сөздік материалдың көлемі жыл сайын ұлғайып отырады.  

9.  «Дыбыстардың  айтылуын  қалыптастыру  және  есту  қабілетін  дамыту» 

пәні фронтальды және жеке сабақта ұйымдастырылады:  

1)  фронтальды  сабақтарда  әртүрлі  дыбыстарды  қабылдауға  үйретеді, 

қоршаған  ортаның  түрлі  дыбыстарымен,  сөйлеу  тілінің  қалыптасуы  үшін 

қажетті  болып  табылатын  дыбысталулардың  сипаттамасын  (дыбысталудың 

ұзақтығын  қаттылығын,  биіктігін  ажырату,  дыбысталудың  бағытын  анықтау) 

ажыратуға  үйретеді.  Фронтальдық  сабақтарда  дыбыстарды  қою  және 

кемістіктерін  түзету  жұмысы  жүргізілмейді.  Фронтальды  сабақтың  негізгі 

міндеті: дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекітеді;  



2)  жеке  сабақтарда  балалар  есту  арқылы  сөздерді,  сөз  тіркестерін, 

фразаларды,  мәтіндерді  жабық  (шектеулі)  және  ашық  (шексіз)  таңдауда 

ажыратуға, тануға, және дұрыс сөйлеуге үйретеді.  

10. «Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру және есту қабілетін дамыту» 

пәнінің  міндетті  кезеңдерінің  бірі  сөздік  материалдарды  есту-көру  және  есту 

арқылы қабылдау болып табылады. Дыбыс айтуын қалыптастырудың алғашқы 

кезеңінде фонетикалық ритмика элементтерін пайдаланады. 

 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

11. Есту қабілетін дамыту. 

12. 1 тоқсан: 

1) дыбысқа шартты қозғалыс реакциясын қалыптастыру; 

2) дыбыстың бар жоғын анықтау; 

3) қоршаған орта дыбыстарымен таныстыру, ажырату (жабық таңдауда), 

тану (ашық таңдауда); 

4) есту арқылы тілдік емес және тілдік дыбыстармен таныстыру, ажырату 

(жабық таңдауда), тану (ашық таңдауда); 

5) сөздік материалды (былдыр сөздерді, толық сөздерді) есту арқылы 

қабылдауға, ажыратуға (жабық таңдауда), тануға (ашық таңдауда) үйрету.  

13. 2 тоқсан: 

1) күнделікті пайдаланатын қарапайым сөздерді ажырату. (естіп-көруі 

және естіп қабылдауы арқылы): отыр, тұр, кел, көрсет; 

2)  жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы: 

Ойыншықтар. Жемістер. Көкөністер. Оқу құралдары. Қыс. Жаңа жыл  (аяз ата, 

ақшақар, шырша); 

3)  сөздерді  танып  ажырату:  Екеуінің  біреуін  таңдап:  доп-машина,  тас-

бала,  алма-қалам,  балапан-қуыршақ.  Үшеуінен  біреуін  таңдау:  доп-сағат-

дәптер; 


тас-бала-қуыршақ; 

бала-шана-алма; 

терезе-балапан-қуыршақ. 

Төртеуінен  біреуін  таңдау:  доп-машина-қуыршақ-апа;  сағат-алма-терезе-бала. 

Бестен біреуін таңдау; доп-терезе-қуыршақ-тас-бала; 

4) бала деңгейіне қарай ырғақтық-интонациялық қалыпты сақтай отырып 

сөздерді айту, суреттерге сәйкес кестелерді көрсету. 

14. Тілдік емес дыбыстарды естіп қабылдауы:  

1) қоршаған орта дыбыстары мен тұрмыстық дыбыстарды ажырату; 

2) музыкалық ойыншықтарды есту арқылы ажырату;  

3)  жануарлардың  дыбыстық  еліктеулерін  ажырату  (ит,  мысық,  сиыр, 

жылқы және т.б.). 

15. 3 тоқсан: 

1)  күнделікті  пайдаланатын  қарапайым  сөздерді  ажырату.  (естіп-көруі 

және естіп қабылдауы арқылы): отыр, тұр, кел, көрсет. Сабақты ұйымдастыруға 

байланысты сөздерді, сөз тіркестерін, фразаларды танып ажырату: Құлаққапты 

ки. Дыбыс бар ма? Сәлем. Қаламды ал; 

2)  жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  Үй 

жануарлары. Азық-түлік. Асхана. Киімдер. Қыс қызықтары. Көктем. Наурыз; 


3) диалог жүргізу: –Кітапты бер. –Ал. –Рахмет; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  -  сандарды  атау:  бірден  беске 

дейін, есептер: 2-1: Неше доп (аю)?; 

5)  сөздерді  ажырату:  оқу  құралдары,  математикалық  терминдер, 

тапсырмалар (ал, бер, қой, жап, аш). 

16. Тілдік емес дыбыстарды естіп қабылдауы:  

1) қоршаған орта дыбыстарын жарыту;  

2) дыбысталудың санын анықтау (біреу-көп, біреу-екеу-үшеу);  

3) дыбысталудың бағытын анықтау. 

17. 4 тоқсан: 

1)  сабақты  ұйымдастыруға  байланысты  сөздерді,  сөз  тіркестерін, 

фразаларды танып ажырату: Сен не істейсін? Сен не істедің? Кітапты аш (жап). 

Сенде қалам бар ма? Менде қалам бар; 

2)  жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  Аңдар. 

Ыдыстар. Құстар. Жиһаздар. Жыл мезгілдері; 

3) диалог жүргізу: - Сенде доп бар ма? - Менде доп бар. Ал менде жоқ; 

4)  буындық  құрамы  әртүрлі  сөздерді  ажырату  (жабық  таңдауда),  тану 

(ашық таңдауда); 

5)  математикалық  материалды  ажырату  -  сандарды  атау:  бірден  беске 

дейін, есептер: 2-1: Неше? Алу. Қосу термин сөздер. 

18. Тілдік емес дыбыстарды естіп қабылдауы:  

1) жануарлардың дыбыстық еліктеулерін ажырату; 

2) тұрмыстық дыбыстар мен қаладағы дыбыстарды ажырату; 

3) дыбысталудың ұзақтығын ажырату. 

19. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. 

20. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс: 

1)  ұзақ  тыныс  шығаруды  қалыптастыру.  Мұғаліммен  қосарланып  және 

еліктеу  арқылы  бір  тыныста  бірнеше  буындарды  бірге  айтқызу  (аз  буыннан 

бастап көп буынға көшеміз);  

2) буындық құрамы әртүрлі сөздерді айтқызу;  

3) қарапайым қысқа фразаларды бір тыныс шығарғанда айтқызу.  

21.  Дауыспен  жұмыс:  биіктігі,  күші,  тембрі  қалыпты  дауысты 

қалыптастыру.  Дауысты  дыбыстарды  айтқанда  дауыстың  бірқалыптылығын 

сақтап айтуға үйрету.  

22. Дыбыстармен жұмыс: 

1)  негізгі  концентрдің  [а,  о,  у,  э,  и,  ә,  ө,  ү,  ы,  п,  т,  к,  с,  ш,  м,  н,  л] 

дыбыстарын  буында,  сөзде,  сөз  тіркестерінде  дұрыс  айтқызу.  Қосымша  [б,  қ] 

дыбыстарын  буында,  сөзде,  сөз  тіркестерінде  дұрыс  айтқызу.  Дифтонгтарды 

[йэ]-е,  [йа]-я  ашық,  жабық және  тұйық  буында,  сөзде,  сөз  тіркестерінде  дұрыс 

айтқызу. Дыбыстарды қосымша дыбыссыз айтуға үйрету; 

2)  алғашқы  концентрге  кірмеген  дыбыстарды  айтылуы  жақын 

дыбыстармен  алмастырылады,  мысалы:  «топ»  (доп),  «алпа»  (арба),  «касык» 

(қасық),  «пил»  (піл),  «ан»  (аң),  «күл»  (гүл),  «шастык»  (жастық),  «уста»  (ұста), 

«акаш» (ағаш), «аспас» (аспаз); 



3)  берілген  концентрдегі  айтылуы  жақын  дыбыстарды  буында,  сөзде, 

фразаларда бір-бірінен ажырату: а-о, а-ә, о-у, у-ү, э-и, м-п, н-т, л-н, т-л. 

23. Сөздермен жұмыс. Мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы екі-

үш  буыннан  тұратын  сөздерді  бірге,  қалыпты  дауыспен,  буындық  құрамын 

толық айтқызу. Жұмысты жүргізу кезектілігі: 

1) еліктеу арқылы айтқызу; 

2)  екі  дауыссыз  дыбыс  қатар  келгенде  қуыстан  шығатын  дыбысты  соза 

отырып бөліп айтқызу (мысалы: ас__паз); 

3) бөлмей айтқызу; 

4) суреттерді атау. 

24. Фразалармен жұмыс: 

1)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  2-3  буыннан  тұратын 

фразарды бір тыныс шығарғанда айтқызу; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  хабарлы  сұраулы 

сөйлемдерді  екпінмен  айтқызу.  Сөйлеу  кезінде  қарым  қатынастың  вербальды 

емес құралдарын (мимика, бет әлпеттің қозғалысын) қолдану. 



 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

25. Есту қабілетін дамыту.  

26. 1 тоқсан: 

1)  қарапайым  сөздерді  (баяндауыш,  толықтауыш  сөздер),  сөз  тіркестері 

(зат  есім,  есімдік,  сан  есімдер)  қысқа  фразаларды,  балаларға  таныс  мәтіндерді 

қабылдау (естіп-көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  салем.  Апппаратты  тақ.  Дыбыс  бар  ма?  Сен  не  істейсің?  Сен  не 

істедің?  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Оқу 

құралдары»,  жыл  мезгілдері  -  «Күз»  (Күз  айларын  ата?  Жапырақтар  жерге 

түседі.  Күн  салқын.  Жаңбыр  жауып  тұр.)  «Көкөністер»,  «Жемістер».  Азық-

түліктер; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: (- Сенің атын кім? – Жанат. - Қалам бар ма? – Менде 

қалам жоқ. - Қаламды ал. - Рахмет); 

4) сөздерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу тілі 

құрылымын 

қалыптастырумен 

тығыз 


байланысты. 

Оқу 


құралдары, 

ойыншықтар, жіктеу және сілтеу есімдіктерін  пайдалану (сенікі, менікі,оныкі); 

тапсырмалар:  ал,  бер,  қой,  жап,  оқы,аш,  тарат,  жаз,  жина,  неше  болады,  неше 

болды; 


5)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану  Мысалы:  бірден  ...  онға  дейінгі  сандарды  атау,  10 

сан  көлеміндегі  қосу  алу  амалдарын  орындау.  Қарапайым  мәселе  есептерді 

орындау. 4 алма болды. Арман 2 жеді. Неше алма қалды?; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  балаға  таныс  қайталанып  отыратын  қысқаша  5-6  сөйлемдерді 



пайдалану. Арманда қарындаш бар. Айгүлде альбом бар. Жанарда кітап бар. Біз 

сурет саламыз. 

27. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) дыбысталудың санын анықтау; 

2) сөйлеудің темпін (тез, жай), қаттылығын (қатты, ақырын); 

3) музыкалық аспаптарды қабылдау және ажырату. 

28. 2 тоқсан: 

1)  қарапайым  сөздерді  (баяндауыш,  толықтауыш  сөздер),  сөз  тіркестері 

(зат  есім,  есімдік,  сан  есімдер)  қысқа  фразаларды,  балаларға  таныс  мәтіндерді 

қабылдау. (естіп-көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  салем.  Аппаратты  тақ.  Дыбыс  бар  ма?  Сен  не  істейсің?  Сен  не 

істедің?  Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі  материалы:  «Отбасы», 

«Асхана»,  «Азық  түлік»  (азық-түлік  түрлері,  олармен  іс-әрекет  жасау)  «Қыс», 

«Жаңа жыл» т.с.с.; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: - Кітапты бер. – Кітапты ал. –Рахмет. (- Менде кітап 

бар. –Ал менде, кітап жоқ.- Менікін ал. – Рахмет.); 

4)  сөздерді,  сөйлемдерді  ажырату  –  бұл  бөлім  материалдары 

грамматикалық  сөйлеу  тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты. 

Оқу  құралдары,  ойыншықтар,  жіктеу  және  сілтеу  есімдіктерін  пайдалану 

(сенікі,  менікі,  оныкі  );  тапсырмалар:  ал,  бер,  қой,  жап,  оқы,  аш,  тарат,  жаз, 

жина, неше болады, неше болды; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин сөздерді пайдалану Мысалы: бірден ... онға дейінгі сандарды атау, 3+3, 

5-2  амалдарын  орындау.  Үш  алманы,  бір  қаламды  ал,  тағы  4  қалам  ал.  Неше? 

Неше болады? Мәселе есеп: 1 алманы ал. Тағы 3 алма ал. Неше алма болды; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  5-6  дейінгі  балаға  таныс  қайталанып  отыратын  қысқаша 

сөйлемдерді пайдалану. Арманда қарындаш бар. Айгүлде альбом бар. Жанарда 

кітап бар. Біз сурет саламыз. 

29. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) дыбыс шығаратын ойыншықтарды ажырату; 

2) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату; 

3) дыбыстық еліктеулерді ажырату.  

30. 3 тоқсан: 

1)  қарапайым  сөздерді  (баяндауыш,  толықтауыш  сөздер),  сөз  тіркестері 

(зат  есім,  есімдік,  сан  есімдер)  қысқа  фразаларды,  балаларға  таныс  мәтіндерді 

қабылдау. (естіп-көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  салем.  Апппаратты  тақ.  Дыбыс  бар  ма?  Амандас.  Қоштас.  Бүгін 

аптаның қай күні? Бүгін нешесі? Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі 

материалы:  «Қысқы  демалыс»,  (есеп,  қосу,  алу,  санау);  «Көктем»;  «Аналар 

мерекесі» «Наурыз»; 


3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін жұмыс түрі: - Салем. – Қайырлы күн. – Сенің атын кім? – Жанат. –

Сенің атын кім? – Асем.- Сен нешедесің?- Мен жетідемін; 

4)  сөздерді,  сөйлемдерді  ажырату  –  бұл  бөлім  материалдары 

грамматикалық  сөйлеу  тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты. 

Отбасы ана, әке, апа; мекенжай, жеті жас, менің атым, анамның аты; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану  Мысалы:  бірден  ...  онға  дейінгі  сандарды  атау,  2 

дәптер  сал,  1  шаршы  сал,  4  шеңберді  боя.  Неше?  Неше  болады?;  алма  көп, 

қалам аз; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  5-6  дейінгі  балаға  таныс  қайталанып  отыратын  есімдік  және  зат 

есім сөздерді қысқаша сөйлемдерде пайдалану. 

31. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) дыбысталудың ұзақтығын ажырату (ұзын, қысқа); 

2) дыбысталыудың жиілігін ажырату (жоғары, төмен); 

3) дыбыстың шыққан бағытын анықтау (оң жақ, сол жақ, жоғары, төмен).  

32. 4 тоқсан: 

1)  қарапайым  сөздерді  (баяндауыш,  толықтауыш  сөздер),  сөз  тіркестері 

(зат  есім,  есімдік,  сан  есімдер)  қысқа  фразаларды,  балаларға  таныс  мәтіндерді 

қабылдау (естіп-көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату: салем. Аппаратты тақ. Дыбыс бар ма? Амандас. Қоштас. Сыныпта кім 

кезекші? Жалпы білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы: «Асхана», 

«Сынып»,  «Ұйықтайтын  бөлме»  тақырыптары  бойынша  тапсырмаларды 

орындау. (қасықты апар, кітаптарды жина, жейдені іл, төсегінді жина, дәптерді 

сөмкеге  сал).  Жалпылама  түсініктерді  ажырату:  жемістер,  көкөністер, 

ойыншықтар, киімдер, жиһаздар; 

3)  диалог  жүргізу  -  (тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  Өткен  материал  бойынша  диалог  құру.  Отбасы. 

Сынып,  асханада  т.с.с.  Сөздерді,  сөйлемдерді  ажырату  –  бұл  бөлім 

материалдары грамматикалық сөйлеу тілі құрылымын қалыптастырумен тығыз 

байланысты.  Қарапайым  сөйлемдерді  ажырату.  Асан  күн  салды.  Жанат  доп 

салды; 


4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану.  Мысалы:  бірден  ...  онға  дейінгі  сандарды  атау, 

қосу,  алу,  қалды,  болды,  азайды,  көбейді,  аз,  көп.  1  шаршы,  2  шеңберді  боя. 

Неше? Неше болады?; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  5-7  дейінгі  балаға  таныс  қайталанып  отыратын  есімдік  және  зат 

есім сөздерді қысқаша сөйлемдерде пайдалану.  

33. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау:  

1) тұрмыстық және қоршаған орта дыбыстарын ажырату; 


2) дыбысталудың қаттылығын ажырату (қатты, ақырын, тыныш); 

3) музыкалық ритмдерді ажырату.  

34. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. 

35. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс: 

1) ұзақ тыныс шығаруды қалыптастыру; 

2)  қабысып  жарып  шығатын  дыбыстардан  құрылған  буындырды  бөлмей 

бірге  айтқызып  үйрету  (папапапа  және  тататата).  Буындық  құрамы  әртүрлі 

сөздерді айтқызу;  

3) қарапайым қысқа фразаларды бір тыныс шығарғанда айтқызу.  

36.  Дауыспен  жұмыс:  биіктігі,  күші,  тембрі  қалыпты  дауысты 

қалыптастыру. Дауыстың күшіне қарай (қатты, ақырын) өзгертуге үйрету.  

37. Дыбыстармен жұмыс:  

1)  негізгі  концентрдің  [а,  о,  у,  э,  и,  ә,  ө,  ү,  ы,  п,  т,  к,  с,  ш,  м,  н,  л]  және 

қосымша  берілген  [б,  қ]  дыбыстарын  буында,  сөзде,  сөз  тіркестерінде  дұрыс 

айтылуын  бекіту.  Дифтонгтарды  [йэ]-е,  [йа]-я  ашық,  жабық  және  тұйық 

буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтылуын бекіту; 

2) қазақ тіліндегі [і, ұ, д, й, г, ғ, ж, з, ң, в, р, х, ф, щ, ц, һ, ч] дыбыстарды 

ашық, жабық және тұйық буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтқызу; 

3)  дифтонгтарды  [йэ]-е,  [йа]-я,  [йу]-ю,  [йо]-ё  ашық,  жабық  және  тұйық 

буында, сөзде, сөз тіркестерінде дұрыс айтылуын бекіту; 

4)  айтылуы  жақын  дыбыстарды  буында,  сөзде,  фразаларда  бір-бірінен 

ажырату: а-о, а-ә, а-э, о-у, о-ө, у-ү, ұ-у, ұ-ү, ө-ү, ы-і, і-и, и-е, ә-е, м-п, н-т, л-н, р-

л, т-л, п-б, п-ф, с-з, ш-ж, д-т, к-қ, г-ғ, қ-х; 

5)  дыбыстардың  дұрыс  айтылуын  бекіту  барысында  артикуляциясы 

жақын дыбыстарды ажыратуға береді; 

6) дұрыс айта алмайтын дыбыстарды түзету. 

38. Сөздермен жұмыс:  

1) мұғаліммен қосарланып және еліктеу арқылы екі-үш буыннан тұратын 

сөздерді бірге, қалыпты дауыспен, буындық құрамын толық айтқызу; 

2) жұмысты жүргізу кезектілігі: 

еліктеу арқылы айтқызу; 

екі  дауыссыз  дыбыс  қатар  келгенде  қуыстан  шығатын  дыбысты  соза 

отырып бөліп айтқызу (мысалы: ас__паз); 

бөлмей айтқызу; 

суреттерді атау; 

3) орфоэпиялық ережелерін сақтап айтуға үйрету. 

39. Фразалармен жұмыс: 

1)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  4-6  буыннан  тұратын 

фразарды бір тыныс шығарғанда айтқызу; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  хабарлы,  сұраулы 

сөйлемдерді екпінмен айтқызу; 

3) эмоциямен сөйлеуге үйрету (қуану, таң қалу, қорқу, және т.б.).  

 

 

 


4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

40. Есту қабілетін дамыту.  

41. 1 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау. (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  Қай  сабақ?  Жеке  сабақ.  Сен  сабақта  не  істейсің?  Сен  сабақта  не 

істедің?  Біз  қандай  дыбыстарды  жақсы  айтамыз?  Сыныпта  қай  сабақ?  Жалпы 

білім беру пәндеріне сәйкес сөйлеу тілі материалы:  «Күз»,  «Отбасы»,  «Оқу  іс-

әрекеті.  Тапсырмаларды  орындау»,  «Оқу  құралдары»,  Диалог  жүргізу  -  (тіл 

дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын  пайдалана  отырып  мұғалім 

және оқушы арасындағы сұрақ жауап алмасу. Жүргізілетін жұмыс түрі: ал, сал, 

бер,  қой,  не  үшін  керек,  керек  пе,  мен  алдым,  не  істейміз  сөздерін  пайдалана 

отырып диалог құру; 

3) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі құрылымын қалыптастырумен тығыз байланысты. Қарапайым сөйлемдерді 

ажырату.  Құрамында  бірнеше  зат  есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату: 

мысалы:  Асанда қарындаш, желім, қағаз бар. Айдоста қайшы, дәптер, өшіргіш 

бар. Біртіндеп кескін сөйлемдерге көшу; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану.  Мысалы:  бірден  ...  20  сандарды  атау.  Қарапайым 

мәселе есептерде артық, кем терминдерін пайдалану. Неше? Неше болады?; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар мәтіндерді пайдалану.  

42. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану; 

2) жануарлардың дауыстарын ажырату және тану; 

3) қоршаған орта дыбыстарын ажырату және тану. 

43. 2 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі  сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату:  Қай  сабақ?  Жеке  сабақ.  Сен  сабақта  не  істейсін?  Сен  сабақта  не 

істедің? Біз қандай дыбыстарды жақсы айтамыз? Сыныпта қай сабақ? Сыныпта 

кім  кезекші?  Кезекші  не  істейді?  Реті  бойынша  нешінші  сабақ?  Жалпы  білім 

беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі  материалы:  «Күзгі  демалыс»,  «Жыл 

мезгілдері», «Біздің сынып», «Асхана», «Қыс», «Жаңа жыл»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  өз  өтінішін  білдіру,  тапсырмалар  мен  педагог 

өтінішін түсініп қабылдау, өз ойын білдіру. Өз бетінше немесе мұғалім сұрауы 



бойынша басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсінуге үйрету: Менде бар, жоқ; 

керек, ал, сал: сенде барма, жоқпа. Басқаларға сұрақ қою; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Өткен  тақырыптар 

бойынша  сөздікті  пайдалана  отырып,  қарапайым  сөйлемдерді  ажырату. 

Құрамында  бірнеше  зат  есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату.  Күрделі 

сөйлемдерді  ажырату.сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш 

сөздерді пайдалану; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  балаға  таныс  математикалық 

термин  сөздерді  пайдалану.  Мысалы:  ондықтарды  атау.  Қосынды,  қосылғыш, 

азайғыш, азайтқыш терминдерін ажырату.барлығы қанша? Нешеге көп? нешеге 

аз? Мәселе есептер шығару; 

6)  мәтінмен  жұмыс  барысында  баланың  –  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар мәтіндерді пайдалану.  

44. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану; 

2) жануарлардың дауыстарын ажырату және тану; 

3) қоршаған орта дыбыстарын ажырату және тану. 

45. 3 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау. (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату. Анаң қайда жұмыс істейді? Сен қайда тұрасын? Сенің досың бар ма? 

Досыңның  аты  кім?  Түскі  асқа  не  жедің?  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес 

сөйлеу  тілі  материалы:  «Қысқы  демалыс»,  «Аңдар»,  «Үй  жануарлары», 

«Көктем»; 

3)  диалог  жүргізу  -  тіл  дамыту  сабақтарындағы  сөйлеу  тілі  материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  өз  өтінішін  білдіру,  тапсырмалар  мен  педагог 

өтінішін түсініп қабылдау, өз ойын білдіру. Өз бетінше немесе мұғалім сұрауы 

бойынша  басқа  адамдармен  қарым-қатынасқа  түсінуге  үйрету.  -  Сен  не 

істейсін?  Не  істедің?  Не  жедің?  Қайда  бардың?  Не  істегін  келеді?  т.с.с.  сұрақ 

жауап алмасу; 

4) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Өткен  тақырыптар 

бойынша  сөздікті  пайдалана  отырып,  қарапайым  сөйлемдерді  ажырату. 

Құрамында  бірнеше  зат  есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату.  Күрделі 

сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш 

сөздерді пайдалану. Суретке сәйкес сөйлемді табу; 

5)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен  қосып  азайту.  Геометриялық  фигураларды  ажырату;  Мысалы: 



шеңберді  көрсет,  үшбұрышты  сал,  екі  шаршы  ал,  2  сопақшаны  боя.  Сен  неше 

қалам алдың? 2 артық қалам ал? Сенде неше алма бар?; 

6)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар мәтіндерді пайдалану.  

46. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) тілдік және тілдік емес дыбыстарды ажырату және тану; 

2) жануарлардың дауыстарын ажырату және тану; 

3) қоршаған орта дыбыстарын ажырату және тану. 

47. 4 тоқсан: 

1)  дыбысталуы  бойынша  таныс  және  таныс  емес  сөздерді,  қысқа 

фразаларды, қарапайым және күрделі  сөйлемдерді мәтіндерді қабылдау (естіп-

көруіне және естуіне сүйеніп қабылдау); 

2) күнделікті пайдаланатын сөйлеу тілі, сұрақ, өтініш, тапсырма сөздерді 

ажырату.  Сен  не  істегенді  ұнатасын?  Саған  қандай  сабақ  ұнайды?  Еңбек 

сабағында сен не істейсін? Қыста ауа райы қандай? Жыл мезілдерін ата? Саған 

қай  жыл  мезгілі  ұнайды?  Жалпы  білім  беру  пәндеріне  сәйкес  сөйлеу  тілі 

материалы:  «Көктемгі  демалыс»,  «Көктем»,  «Оқу  іс-әрекеті»,  «Жаз»,  «Жазғы 

демалыс». Диалог жүргізу - тіл дамыту сабақтарындағы сөйлеу тілі материалын 

пайдалана  отырып  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  сұрақ  жауап  алмасу. 

Жүргізілетін  жұмыс  түрі:  Есімдіктер  мен  зат  есімдерді  пайдалана  отырп 

диологты  ойын  түрінде  ұйымдастыру.  «Дүкенде»,  «Кітапханада»:  мысалы; 

«Дүкенде»  ойыны.  –  Сәлеметсізбе.  –  Сәлем.  –  Сізде  нан  бар  ма?  –  Маған  сүт, 

қант беріңізші? – Неше теңге тұрады? т.с.с.;  

3) сөйлемдерді ажырату – бұл бөлім материалдары грамматикалық сөйлеу 

тілі  құрылымын  қалыптастырумен  тығыз  байланысты.  Өткен  тақырыптар 

бойынша  сөздікті  пайдалана  отырып,  қарапайым  сөйлемдерді  ажырату. 

Құрамында  бірнеше  зат  есім  сөздері  бар  сөйлемдерді  ажырату.  Күрделі 

сөйлемдерді  ажырату.  Сөйлемдерде  бастауыш,  баяндауыш,  толықтауыш 

сөздерді  пайдалану.  Суретке  сәйкес  сөйлемді  табу.  2-3  ұқсас  сөйлемнен 

керектісін таңдау; 

4)  математикалық  материалды  ажырату  –  11-100  дейінгі  сандарды 

ажырату.  Балаға  таныс  математикалық  термин  сөздерді  пайдалану. 

Ондықтармен  қосып  азайту.  Геометриялық  фигураларды  ажырату:  Мысалы: 

шеңберді  көрсет,  үшбұрышты  сал,  екі  шаршы  ал,  2  сопақшаны  боя.  Сен  неше 

қалам  алдың?  2  артық  қалам  ал?  сенде  неше  алма  бар?  Өлшем  бірлік 

терминдерін  ажырату:  мысалы:  сантиметр,  метр,  грамм,  килограмм  т.с.с.  2  см 

кесінді  сыз.  Асанда  10  дәптер.  Анельде  5  дәптерге  артық.  Анельде  неше 

дәптер?; 

5)  мәтінмен  жұмыс  –  барысында  баланың  қабылдау  деңгейіне 

байланысты  жеті,  сегіз  сөйлемге  дейінгі  қарапайым  және  күрделі  сөйлемдері 

бар мәтіндерді пайдалану. Деформацияланған мәтіндерді пайдалану. 

48. Тілдік емес дыбысталуларды естіп қабылдау: 

1) дыбысталатын ойыншықтар мен саз аспаптарын ажырату және тану; 

2) былдыр сөздер мен жануарлардың дауыстарын ажырату және тану; 


3) тұрмыстық дыбыстарды ажырату. 

49. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру. 

50. Сөйлеу кезіндегі тыныспен жұмыс: 

1)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  бір  тыныста  бірнеше 

буындарды бірге айтқызу (папапапапа немесе тататата);  

2)  8-10  буыннан  тұратын  сөздер,  сөз  тіркестері  және  фразаларды  бір 

тынысты шығарғанда айтқызу. Мысалы: Балалар далада ойнады.  

51.  Дауыспен  жұмыс.  Сөйлесіп  отырған  адаммен  ара  қашықтыққа 

байланысты  дауыстың  күшін  өзгертуге  үйрету  (қатты  айту,  ақырын  айту, 

сыбырлап  айту).  Мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  сөйлемдерді 

хабарлы және сұраулы екпінмен айтуға үйрету.  

52. Дыбыстармен жұмыс: 

1)  дұрыс  айта  алмайтын  дыбыстарды  түзету  және  бекіту.  Алмастырып 

айтатын дыбыстардың орнына керек дыбыстарды айтқызу;  

2) сөздердегі дыбыстарды ажырату: 

дауысты дыбыстар: а-ә, о-ө, ұ-ү, ә-е, у-ұ; 

дауыссыз дыбыстар: қуыстан шығатын дыбыстар: с-з, ш-ж, с-ш, з-ж, ф-в; 

мұрындық дыбыстар: м-б, н-д, б-п, м-п, н-л;  

қабысып жарып шығатын дыбыстар: т-д, б-п, г-к, г-ғ, к-қ.  

53. Сөздермен жұмыс: 

1)  өз  бетімен  4-5  буыннан  тұратын  таныс  сөздерді  буындық  құрамын 

сақтай отырып, орфоэпия ережесіне сай айтқызу; 

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  еліктеу  арқылы  4-5  буыннан  тұратын 

таныс  емес  сөздерді  буындық  құрамын  толық  сақтай  отырып,  орфоэпия 

ережесіне сай айтқызу; 

3)  құрамында  екі  дауыссыз  дыбыс  қатар  келген  сөздерді  бірге  айтқызу. 

Мысалы: дәптер, қант; 

4) «Буын», «екпін» ұғымы. Екі, үш, төрт, бес буынды сөздердегі буынның 

санын анықтау; 

5) орфоэпия ережесін білу және сөйлеу кезінде өз бетімен қолдану: төсек-

төсөк, мектепке барады-мектепке барат, көмектес-көмөктес, аспаз-аспас. 

54. Фразалармен жұмыс: 

1) мәтінді оқу кезінде хабарлы және сұраулы екпіндерді қолдану;  

2)  мұғаліммен  қосарланып  және  өз  бетімен  қалыпты  сөйлеу  тіліне  тән 

темппен айтқызу. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет