12
yearschildren` speaking skills` development. Diagnostic techniques are aimed at examining all
components of speech, including grammar, sound, vocabulary and coherent speech. Here also areshown
the average arithmetic indicators for each component of speech. These results
can be used to select
correctional technologies aimed at developing the speech of children with the general underdevelopment
of speech.. Selecting correction technologies may in the future help to identify their effectiveness and
correct speech in children withthe general underdevelopment of speech. This information can help
children to learn school curriculum effectively.
Key words: general
underdevelopment of speech, correction technologies, residual-organic
dysfunction
of the central nervous system, methodology for determining connected speech,
methodologyfor sound and syllabic analysis of speech, methodology
of vocabulary detection ,
methodology for determining the grammatical structure of speech.
Сөйлеу тілі-бала дамуының негізгі көрсеткіші. Ана тілі балаға қоршаған ортада өз орнын
тауып, үлкендер мен қатарластарымен қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік береді. Тіл арқылы
бала айналасын таниды, өз ойын жеткізеді. Сонымен қатар сөйлеу тілінің қалыпты дамуы балаға
мектеп бағдарламасын жақсы игеруі үшін қажет.
Мектепке дейінгі жаста бала өз ана тілінің қалпын түсіне бастайды.
Бала дыбыс қатарларын
меңгеріп, сөйлем құрылымымен, антоним мен синонимдермен танысады. Монологты
құрастырудың заңдылықтарын түсініп, диалог жүргізудің алғышарттарын меңгереді. Балалардың
тілдік және тілдік емес құблыстармен таныс болуы кейінірек мектепте
оқу мен жазуды сәтті
меңгеруге көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі балада белгілі бір жетістіктермен қатар тілдік
дамуының қалпы анық байқала бастайды. Кез- келген дамудағы кешігу бала әрекеті мен мінезіне,
тұлғалық қалыптасуына әсер етеді.
Сол себепті коррекциялық технологияларды қолданбас бұрын біз сол технология қажет болатын
балалар контингентін біліп алғанымыз жөн. Сонда ғана біз кемістік ерекшелігіне қарай мақсатты
бағытталған жұмыс жүргізіп, сөйлеу тілінің жалпы дамымауын жеңуде жақсы нәтиже ала аламыз.
Сол үшін біз сөйлеу тілі жалпы дамымауын түзету үшін, коорекциялық технологияларды іріктеу
мақсатында анықтаушы эксперимент жасауды жөн көрдік.
Анықтаушы эксперимент барысы
Анықтаушы эксперименттің басты мақсаты - сөйлеу тілі жалпы дамымаған балалардың
сөйлеу тілінің бастапқы қалпын анықтау. Эксперимент жүргізу үшін
біз келесі әдістемелерді
іріктеп алдық:
1. Ушакова, Струнина бойынша сөздік қорын тексеру әдістемесі (4-5 жас)
2. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің дыбыстық құрылымының деңгейін тексеру әдістемесі.
(4-5 жас).
3. Стребелева бойынша сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеру әдістемесі.
4. Стребелева бойынша байланыстырып сөйлеу тілін тексеру әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: