Акушерия және гинекологиядағы таңдау сұрақтары бойынша Аралық бақылауға дайындалу сұрақтары



бет1/2
Дата25.11.2023
өлшемі96,82 Kb.
#125979
  1   2
Байланысты:
6 курс АБ каз для подготовки


Акушерия және гинекологиядағы таңдау сұрақтары бойынша Аралық бақылауға дайындалу сұрақтары

35 жасар әйел, үш баланың анасы, мүлдем жүкті болғысы келмейді. Қандай контрацепция әдісі көрсетілген:


хирургиялық стерилизация.
жатырішілік контрацептив.
комбинирленген оралды контрацептивтер.
таза гестагендер.
тосқауыл әдістер.
***
Жүкті əйел 32 жаста, босану үйіне мерзімі жеткен жүктілікпен жəне толғағы басталуымен түскен. Төртінші босану, алғашқы үш жүктілікктен мерзімі жеткен тірі балалар туылған. Үшінші босануы туудан кейінгі кезеңде қан кетумен асқынған, плацентаның тығыз жабысуы əсерінен нəресте жолдасын қол көмегімен бөліп алған. Түскеннен соң 4 сағаттан соң босанған, салмағы 3200, бойы 52 см қыз бала туылған. Босанудың белсенді үшінші кезеңі 3 минуттан соң плацента ажыраған, нəресте жолдасы шыққан, бүтін. Қабығының бəрі бар, жатыры жақсы жиырылады, тығыз. Қан жоғалту 250 мл. 10 минуттан соң жыныс жолынан тағыда ұйындылар мен 150 мл қан шыққан. Жатыры босаңсыған. Қан кету жалғасуда. Қандай əрекет жасалады:
А.гемостаз жағдайы бұзылуы мүмкін, шұғыл түрде лаборантты шақырып қанның ұйығыштығын анықтау
В.босанушының жағдайын бақылау, қан кету жалғасқан жағдайда xирургиялық гемостаз туралы сұрақты шешу керек
С.қуық катетеризациясы, жатырға сыртынан массаж жасау. Босану жолдарын айнаның көмегімен қарау. Утеротоникалық терапия
Д.жатырға жұдырықпен массаж жасау жəне простогландиндер енгізу
Е. ішіне метилэргометрин енгізу
***
Босанушы әйелде толғағы 10 сағат жалғасуда. Қағанақ суы бүтін. Әйел кенеттен бозарып кетті, ішінде күшті кернеген ауырсыну пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы 100-110 рет минутына. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қабы бүтін, керілген, ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас қуысында. Дәрігердің тактикасы:
А.жедел кесар тілігі
В.ұрықтың жедел гипоксиясын емдеу
С.амниотомия
Д.амниотомия, окситоцинмен босануды күшейту
Е.амниотомия жасау
***
Алғаш босанушы А., 24 жаста перзентханаға келіп түсті. Түскен кезде жағдайы қанағаттанарлық. Тамыр соғуы ретті, 86 рет/мин. АҚҚ 115/60 мм с. б. Жамбас өлшемдері қалыпты. Босанды тірі ұл жынысты нәрестемен, салмағы 3950 грамм. Нәресте туғаннан кейін қан кету басталды. Бұлшық етке 1 мл окситоцин енгізілді. III кезең асқынусыз өтті. Бала жолдасы бүтін. Жатыр тығыз. Қан кету тоқтамайды, қан ұйып қалды. Аралығы бүтін. Айнамен қарау кезінде оң жақтан жатыр мойнының жыртылуы анықталды, қынаптың күмбезінің оң жағына дейін жетеді. Акушерлік тактика және неге?
А.жатыр мойнын тігу, өйткені жатыр мойнының жыртылуы бар
В.қан ұйындыларын алу үшін жатыр қуысын қолмен тексеру
С.жатыр қуысын саусақпен тексеру және жатыр жыртылуын жоққа шығарғаннан кейін, жатыр мойнын тігу
Д.жатырдың қынапүстілік ампутациясы, өйткені қан кету тоқтамайды
Е.жатыр экстирпациясы, өйткені қынап күмбезіне дейін жететін жатыр мойнының жыртылуы бар
***
Ауыр артериалды гипертензияға тән:
А.диастолдық қан қысымы ≥110 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес
В.систолдық қан қысымы ≥140 мм.с.б.б.
С.диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 90 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес
Д.диастолдық қан қысымы (V тон Короткова) ≥ 70 мм.с.б.б. екі рет өлшегенде арасы 30 минуттан кем емес
Е.систолдық қан қысымының 40 % жоғарылауы бастапқысынан
***
27жастағы əйел жыныс ағзалары аймағындағы қышуға жəне ашуға, иісті бөлінулерге шағымданады.Айнада: жатыр мойны жəне қынап сілемейі гиперемиялы, бөлінділер сары түсті,көпіршікті, сасық иісті.Қынаптық тексеруде жатыры мен қосалқылары қалыпты.Қынаптың тазалық дəрежесіне жасалған жағындыда 3 дəрежеде.Сіздің болжам диагнозыңыз:
А.хламидиялық кольпит
В.соз
С.вагиноз
Д.ашытқы туындатқан кольпит
Е.трихомониаз
***
Науқас 30 жаста ішінің төменгі жағының тартып ауыруына шағымданады,ауырсыну етеккір келер алдында жəне етеккір уақытында күшейе түседі.7 ж бері жүкті бола алмаған: өзін 4 жылдан бері ауру санайды.Анамнезінде 5-6 апталық жүктілік мерзімінде өздігінен түсік болған.Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнында эрозия жоқ, жатыры дұрыс орналасқан, қозғалысы шектелген, көлемі қалыпы ауырмайды, жатырдың оң жағында жəне артында өлшемі 7,5|7,5см ісік тəрізді түзіліс пальпацияланады, аз қозғалады.Жатырдың артқы бүйір беткейімен жабысқан,сол жақ қосалқылары
үлкеймеген, жыныс жолдарынан шырышты бөлінділер бөлінеді.Сіздің болжам диагнозыңыз жəне жасайтын əрекетіңіз:
А.түйіннің бірінің ішперде асты орналасуымен жатырдың миомасы, консервативті миомэктомия
В.оң жақ аналық безінің эндометриоидты кистасы, хирургиялық емдеу
С.оң жақ аналық безінің абсцессі, овариоэктомия
Д.дисгерминома, жоспарлы түрде операция жасау
Е.аденомиоздың түйінді түрі,гормонотерапия
***
23 жасар жүкті әйел, дәрігерге дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына, оң жақ бел аймағындағы ауру сезімі пайда болып, шап аймағына және іштің төменгі бөлігіне берілуіне шағымданып келді. АҚҚ 110/65 мм с б.б., тамыр соғуы 90 рет минутына. Қағу симптомы оң жақтан «+». Жалпы қан талдауында: аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Жалпы зәр талдауында – протеинурия. Диагнозыңыз:
А.гестационды пиелонефрит
В.зәртас ауруы
С.созылмалы пиелонефриттің қайта өршуі
Д.созылмалы гломерулонефриттің қайта өршуі
Е.гломерулонефрит, нефротикалық түрі
***


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет