Ал, жолдас, сізді студент болуыңызбен құтгыктаймыз, деді көмірдей қара шашты, жазық мандай, қызыл шырайлы, күлімкөз қыз менің қасыма келіп. Маған ол сондай сұлу боп көрінді



Дата12.10.2024
өлшемі34 Kb.
#147874
Байланысты:
Махаббат 3


III
Оқытушы кеткеннен кейін екеу-екеуден қатар отырған қыздар бір-бірімен күбірлесе күлісті де, командамен бұрылған бір взвод солдаттай болып, тегіс кеуделерін қозғап, жүздерін аудиторияның ең артында отырған маған қарай бұрды. Түнде далада машинамен келе жатқаныңызда алдыңыздан жайылып жүрген қоян кездеседі. Қоянды көре сала оған машинаның фарын бағыттай қойса, қашудың орнына ол байғұс: «мені ат!» дегендей болып, артқы екі аяғымен тікиіп, құлағы селтиіп тұра калатын. Машина жарығына бір ілінгеннен кейін қоян сорлыны бір атсаң да, бес атсаң да сол орнынан қозғалмайды. Тек оқ тигенде ғана тұрған жерінде жалп етіп құлай кетеді... Қыздардын бәрі маған қарай бұрылғанда мен де сол қоянға ұқсап, орнымнан апалақтап атып тұрдым. Егер сол сәтте қыздардың бәрі мені көздеп, махаббат мылтығының шүріппесін басып кеп қалған болса, солардың бірсыпыра бытырасы дәл осы күнге дейін өне бойымда жүрген болар деп ойлаймын. Орнымнан атып тұрғаннан кейін әскери машық бойынша жалма-жан гимнастеркамның етегін төмен қарай тартқылап, қыртысын белбеуге сұққан бармақ арқылы кейін қарай сырғыта бастадым.

- Ал, жолдас, сізді студент болуыңызбен құтгыктаймыз, - деді көмірдей қара шашты, жазық мандай, қызыл шырайлы, күлімкөз қыз менің қасыма келіп. Маған ол сондай сұлу боп көрінді. Бұл жанағы, мен аудитөрияға алғаш кіріп, рұқсат сұрағанда мырс етіп күліп: «Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді?» деген қыз болар деп мелш ерледім. Мен: «Рақмет», - деп басымды идім.


Қыз тағы да мырс етіп күліп жіберді де, құттықтау үшін бе, әлде амандасу үшін бе, маған сүйріктей саусақтарын созды. Алдымен қолды өзім бермегеніме екі бетім ду ете қалып, мен де алақанымды ұсындым. Қыздардың қол ұсынып, амандасқанда алақанын су құятындай шұнқырайта қойып, саусақтарының ұшы жігіттің қолына тиер-тиместен тартып әкететін әдеті емес пе. Мен өзіме төрт жыл соғыстан кейін алғаш ұсынылған қыз қолының алақанын алақаныма төсеп қойып, солдатша құшырлана бір қысармын деп ойлаған едім. Тот басқан темір іспеттес күсті алақаныма қыздың қолы емес, ұстай бер-генде ұша жөнелген торғай қанатының ұшы тигендей болды. Мен бұған мүлде абыржып қалдым. Өйткені солдаттар бірінің қолын бірі қатты қысып амандасады. Олар үшін қол беріп амандасу ләззатының өзі сонда. Бәлкім қыз қолын жаңа маған бермеген шығар, бәлкім ол қайта ұсынатын болар, сонда дұрыстап қысармын деп үміттендім. Бірақ қыз енді қолын қайта беретін белгі танытпады. Менім. білегім жау танкісіне қарай көзделген зеңбірек стволындай серейіп, созылды да қалды. Қайта әкетуді қолайсыз көрдім. Менің осы күйімді аңғарған екінші қыз шапшаң ілгерірек шықты да:
- Ағай, сәлеметсіз бе, құттықтаймын, - деп қолын берді. Мен бұл қызға сонша разы болдым. Биік қабақ, бота көз осынау ақ сары қыз маған барлық қыздардың сұлуы сияқты боп көрінді. Бағанадан қысылып, не істерімді білмей сасқалактап тұрғанмен қыздың қолын қатты қыспай, демеп ұстап, тез босатып жібердім. Мен оның өзімді қолайсыз күйден құтқарғанына қуандым.

Тағы да еден тықылдады. Тізеден келетін юбкадан шыққан түп-түзу екі сирак киіктің лағындай қаздандап, қасыма және тақай берді. Үстіне киген ак кофтасы ақ мамықтай үлпілдеген, қаз кеуде, қызыл ерін, аққұба қыз жымиғаны жанынды майдай ерітіп, иіліп келіп, ол қолын берді. Одан соң қос бұрымы жер сызған, биік өкше етігінің аттағанынан аялдағаны көп, балдай шұбатылып, жібектей ширатылған сұрша қыз екі аттам жерге буыны құрығандай былқ-сылқ етіп әрең жетіп, қарлығаш қанат қасын кере, қаймыжықтай жұқа еріндерін жай ғана жыбырлатып, кер маралдай керіліп, ол қолын созды. Оның артынан жасында балалар үйінде тәрбие алып өскендерін таныта шаштарын иықтарына түсіре қидырып, сол әдемі қолаң шаштарын жауырындарын жаба жайып жіберулерінің өзі жігіттің жүрегін бірден бүлк еткізетін қыр мұрын, қыпша бел, бірі нәзік, бірі толықша екі әдемі қыз ақ тістерін жарқырата көрсетіп, бірінен соң бірі амандасты.


Қойшы, не керек, сөйтіп мен қыздардың жұп-жұмсақ, ып-ыстық қолдарын ауыртып алмайын деп еппен ұстап, бірінің соңынан бірін қыса бердім, қыса бердім. Олардың қолдарын алып жатып, ақырын ұрланып жүздеріне, көздеріне қараймын.


Менің бақытыма қарай алғашқы амандасқан қыз қайтадан тіл қатты.


— Жә, өзгелерің отыра беріндер, - деді ол басқа қыздарға қолын сермеп. - Қалғандарың кейін амандасасыңдар. Қазір басқа шаруа бар.
Басқалар күле түсіп, орындарында отырып қалды. Бірсыпыра қыз мені қоршай түрегеп тұрды.
— Ал, жолдас, сөйлеңіз, - деді әлгі қыз дауысын әндете созып, мен бір оған баяндама жасап беремін деп уәде қылғандай-ақ.
— Не сөйле дейсіз? - дедім сәл ыржия түсіп.
— Қайдан келдіңіз? - деді қызыл шырайлы қыз көзін ойнақшытып.
— Германиядан.
— Соғыстан қайтқандардың бәрі Германиядан келеді, иә, қыздар? - деп қызыл шырайлы қыз достарына қарай бұрылды. Олар қыздын мені әзілмен қағытып тұрғанын сезіп, ақырын ғана жымиысып қойды. Оны мен де сездім, сондықтан да жаңағы жауабымды қайта толықтырып:
— Берлин түбінен қайттым, - дедім.
— Түбі деген қай жер? - деді қыз мүләйімсіп.
Қыздар мырс етісіп қалды.
— Шпрее деген өзеннің жағасынан, - дедім мен де сәл қысыла түсіп. - Берлинге тақау жер.
— Ә, - деді қыз менің жауабымды түсінген болып.
— Берлинде болдыңыз ба?
— Болдым.
— Рейхстагты көрдіңіз бе?
— Көрдім.
Қыз қайта сұрақ қойды.
— Соғыста командир деген болады дейді, рас па?
— Рас, - дедім мен басымды көтеріп.
— Ә-ә-ә, - деді қыз даусын соза аңқаусып. - Сіз командир болдыңыз ба?
— Жоқ, - деп қалдым да артынан: - Иә, болдым, - деп басымды изедім.
Қыз сықылықтап күліп жіберді. Оған өзге қыздар күлкісінің күміс сыңғыры қосылды.
— Жоғыңыз қалай, иә, болдымыңыз қалай? - деді қыз күлкісін сәл басып, қара көздерін одан сайын ойнақтата түсіп. Мен жайымды айттым.
Кіші командир болған едім, - дедім.
«Кіші» деген сөзді бекер айтқанымды кеш біліп қалдым. Бірақ «айтқан сөз - атқан оқ» деген. Өкінгенмен оқты кері қайтара алмайсың. Не де болса ақырын күттім. Ақыры былай болып шықты.
Жазық маңдайы жарқырап, қыз тұрған жерінен сәл кейін шегінді де, менің бұзау бас керзі етікті аяғыма бір, әлі шаш есе қоймаған тықырлау басыма бір қарап, шомбалдау боп біткен қысқа бойымды лезде шолып етті де: Көрініп тұр, - деді ақырын, бірақ барлық қыздарға естірте айтты.
Әскерде кіші командир, үлкен командир болатынын оның білетін, білмейтіні маған беймәлім. Алайда ол менің кіші командир болдым дегенімді бойымның кішілігіне апарып сайды. Әдейі сөйтті ме, жоқ білмегендіктен солай ойлады ма, оны да аңғара алмадым. Әйтеуір қыздар оның «көрініп тұр» дегеніне ду күліп жіберді. Басымды қайта-қайта сипалап, өзім де күлдім.
— Қыздар, күлмеңдер, - деді ол түсін суытқан болып. - Күлкен, анау журналды алып келші.
Гүлдей майысқан бір қыз оқытушы столының үстінде жатқан журналды алып келді. Мені тергеуші қыз оны қолына ұстап тұрды да:
— Мұнда, курста староста болады, білесіз бе? - деді.
Ішімнен: «мені тым тақымдап тұрғаның староста екенсің ғой»
деп ойладым да, басымды изедім. Қыз сөзін қайта жалғады.
— Староста студенттердің бәрін тізімге алады.
Мен тағы басымды изедім.
Қыз енді маған маңғаздана қарады.
— Мен староста емеспін. Бірақ бүгін староста жоқ. Сондықтан сізді тізімге алу құрметі маған тиіп отыр. - Осылай деп ол журналды ашты. - Фамилияңыз кім?
— Есенов.
— Атыңыз?
— Ербол.
Қыз саусақтары майысып отырып, журналдың ең соңына «Есенов Е.» деп жазды да, қайтадан бетіме қарады.
— Ербол?.. Сіз соғыста ер болдыңыз ба?
Бұл сұраққа не айтарымды білмей және бөгеліп қалдым.
— Жоқ, жұрт қатарлы, - дедім ақырын.
— Бәсе, кеудеңіз сылдырламайды, - деді қыз.
Мұны да оның қай мағынада айтқанын аңғармадым. Кеудеңде орден, медальдарың жоқ дегені болар деп түйдім. Ал менің орден, медальдарым жеткілікті болатын. Тек оларды студенттер арасында мақтанған сияқты боп көрінбейін деп таңертең университетке келерде кеудемнен бір-бірлеп ағытып, түскен үйімде қалған зат қапшығымнын ішіне салып кеткенмін. Бірақ кызға ештеңе демедім.
Қыз журнал бетіне үңіліп, тағы да сұрақ қоя бастады. Осы кезде сыртқа шығып кеткен бірен-саран қыздар да аудиторияға қайта кіріп жатты.
— Қай жылы туғансыз?
— 1922 жылы, - дедім күбірлеп.
— Қаттырақ айтыныз, - деді қыз менің жауабымды ести тұрса да. - Семья жағдайыңыз қандай - әйеліңіз бар ма?
— Жоқ.
— Сүйген қызыңыз бар ма?
Мен басымды шайқадым.
— Қыздар естіп отырсындар ма? - деді ол жан-жағына қарап.
Ешкім үндемеді.
— Түу, қойсаңшы, Қанипа, - деді осы кезде отырған қыздардың біреуі орнынан тұрып, бізге қарай аяңдап. - Ағайды, соншама әурелегенің не, тергеушідей жауап алып.



1. ………………………….. ғой дедің – ау, жаным маған…
……………. көрдің бе таулардан мамырлаған?
Сол менің ақ жанымның ақ ……………………..,
Аулақта ауылымнан дамылдаған.

Қайырмасы:

Мен деп ойла ……………... боп есiп өткен,
Мен деп ойла ………………… есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн ……………………..,
Мен деп ойла, ……………………..., мен деп ойла.



2. Естідің бе аспанның ………………………...?
Сол менің саған деген …………………….. демім.
Ұйықтап жатса оянсын, ………………. болса,
…………………………….. жанымды білсін дедім.

Қайырмасы 2 рет:

Мен деп ойла …………………. боп есiп өткен,


Мен деп ойла …………………….. есi кеткен,
Мен деп ойла өзіңді әр күн ……………………..,
Мен деп ойла, ……………………., мен деп ойла.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет