Қала ҚонаҚтары! Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,65 Mb.
#6126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Нұржан СЕрІКХАНҰЛЫ

Қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен 

өткен  шаһар  басшылығы  жанындағы  Үкіметтік  емес  ұйымдармен 

өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысына ҮЕҰ басшылары мен 

қалалық бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі бірінші тұрған ел 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай кешенді іс-шаралар ұйымдастыру 

мәселесі бойынша «Қазақстанның болашағы үшін» студенттер мен 

жастардың Тараз бірлестігі» ҚБ төрағасы Ғабиден Исатай сөз тізгіндеді. 

- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республи-

касы  Тәуелсіздігінің  25  жылын  мерекелеу  туралы»  Жарлығының 

аясында  «Бірлік  пен  Жасампаздықтың  25  жылы»  атты  мерекенің 

тұжырымдамасын бекітті. Осыған орай  ырысы мен ынтымағы жарасқан 

қуатты қоғамымызда мерекенің желілік кестесі әзірленіп, қала көлемінде 

де мәдени-көпшіліктік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Биыл Тараз қаласы 

әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының 

қорытындысы бойынша біздің қоғамдық бірлестік Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығына кешенді шаралар ұйымдастырудан жоба жеңімпазы атанды,- 

деп жергілікті оқу орындарында ұйымдастырылған жиындарды жіпке 

тізіп өтті.  Яғни қоғамдық бірлестік осымен ғана шектелген. Және тағы 

ҮЕҰ саны мен оған қарастырылатын қаржыны арттыруды сұрап отыр. 

Кенжебек Мамашбайұлы қалада тіркелген 458 ҮЕҰ-ның тіпті тең жарты-

сы да белсенді жұмыс жасап отырмағандығын баса айтып, ел тәуелсіздігі 

баршаға ортақ болғандықтан кәсіпкерлік нысандары, ірі сауда орындары 

мен базарларда да тәуелсіздік шараларын жүзеге асыруды тапсырды. 

Сондай-ақ «Ақтөс» қараусыз қалған жануарларды қорғау фонды» ҚҚ 

төрағасы Ирина Келлер де қаржыландыру мәселесін алға тартты. Ал 

өзекті мәселенің бірі арнаулы оқу орындары студенттерінің арасында 

дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу бойынша «Жаңа-Ру» жастар 

коалициясының қауымдастығы» ЗТБ өкілі Серікбол Берікқожа айтып өтті. 

- Өңірде діни ахуал бірқалыпты дамуда. Бұл қала басшылығының дін 

саласындағы саясатының, оны жүзеге асырудағы оңтайлы жолдарды 

жүзеге асыра білуінің нәтижесі екендігі анық. Осы бағытта «Жаңа-Ру» 



 

„

мемлекеттік тапсырыстарды орындауда 



қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы 

әлі де жетілдіруді талап етеді. себебі жыл сайын 

олардың жұмысына қыруар қаражат бөлінеді. ал 

нәтиже көңіл көншітпейді.

үеұ-ларға жаңашылдық қажет

жастар коалициясы өткен жылы 9 ауқымды іс-шара ұйымдастырса, биыл 

ондай шаралар саны 15-ке артып отыр. Және коалиция 5 жыл қатарынан 

аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын тұрақты түрде өткізіп 

келеді,-деді ол. Серікбол Берікқожа заманауи форматта  ұйымдастырылған 

пікірсайыс  турнирлері,  флешмобтар  мен  пикеттерді  алға  тартып, 

бұл бағытта қала көлемінде кәсіби мамандардың жетіспеушілігін, іс-

шаралардың барлығы бір аудиторияда өтетіндіктен қатысушылардың 

қайталанатындығын, жобаны әр жылы әртүрлі бірлестіктердің өткізуінен 

туындаған мәселелер туралы да тарқатып айтты. Жиын барысында 

қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова  халықты бір 

аудиторияға жинап, баяндама оқу форматының ескіргенін әрі тиімсіздігін 

баса айтып, дін мәселесіне келгенде ҮЕҰ жұмыстарының жүйелілігін 

арттырып, сапасыз басқосулардың санын төмендетуді ұсынса, қалалық 

мәслихаттың депутаты Эльмира Мырза-Ғали діни мәселеге қатысты 

жиындардың  салмағын  арттырып,  ауқымын  кеңейтіп,  республика 

көлеміндегі жоғары санатты мамандарды шақыртып, келелі кездесу-

лер ұйымдастырудың нәтижесі жоғары болатындығын айтты. Ал қала 

әкімінің орынбасары әр бөлім басшыларына өз саласы бойынша лот 

тағайындауды тапсырды. Сонымен қатар, жиын барысында 2017 жылға 

арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың аясында жоспарланған лот 

тақырыптары талқыланып, кеңестің келер жылға арналған жұмыс жоспа-

ры бекітілді. Басқосу соңында  Кенжебек Мамашбайұлы Тәуелсіздіктің 25 

жылдық мерекесіне орай бірқатар ҮЕҰ жетекшілері мен БАҚ өкілдеріне 

шаһар басшысы және қалалық мәслихаттың  Құрмет грамотасы мен Алғыс 

хаттарын салтанатты түрде табыс етті. 

салтанатты сәт.   суретті түсірген н.тұрғынбек.

жаса, менің тәуелсіз елім!   суреттерді түсірген н.тұрғынбек.



Мәңгілік ел

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //



ұлттыҚ ынтымаҚ - ұлыҚ

 

„

Қалалық мәдениет үйінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы 



қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса 

ерекше тұлға, ұлт-азаттық және алаш қозғалысының жетекшісі, алашорда 

автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан 

нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың биік рухына арналған әдеби-сазды кеш өтті.

Нұржан СЕрІКХАНҰЛЫ

«Ұлттың  ынтымағы  ғана  бостандыққа 

жеткізетін жалғыз жол» деп баса айтқан Алаш 

арысының бір жарым ғасырлық белесі биыл 

ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Бұл -  күллі 

қазақ халқы үшін үлкен абырой. Кешегі Алаш 

зиялыларын әлем мойындағанының дәлелі. 

«Талас-тартыс жоқ болса, өмір абақтыға ай-

налар еді» һәм «Тірі болсам, қазаққа қызмет 

қылмай қоймаймын» деп серт еткен қоғам 

қайраткерінің мерейтойы қарсаңында оның 

өткір де өнегелі қырларын айта кетуді жөн 

көрдік. Әлихан - ата тегі Шыңғыс ханның  үлкен 

ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы 

атасы - атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы 

хандарының бірі Бөкей осы Барақ сұлтанның 

баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, 

одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Бөкейдің 

1816 жылы хан тағына отыруынан тура 50 

жыл өткен 1866 жылы 5 наурызда Әлихан 

дүниеге келген. Ұлтының тарихын зерттей 

келе,  әйгілі энциклопедист-ғалым Әлихан 

Нұрмұхамедұлы алты алаштың бірлігінің 

болмауы, соның салдарынан тәуелсіздігінен 

айырылуының ең басты сыры - бұрынғы хан-

сұлтандардың Ресей империясы тарапынан 

отарлау қаупі төнген сәтте де өз билігіндегі 

ру-жүздерді біріктіре алмауы екенін біледі. 

«Бұрынғының көбі күш-қуатты тиісті орнына 

жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты 

артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым 

болды, қылғанының бәрі зорлық-зомбылық 

еді» деп жазды Әлихан Нұрмұхамедұлы 1913 

жылы «Қазақ» газетіндегі «Қазақ тарихы» 

мақаласында. Сол себепті де Әлихан туған 

халқы алдында бұрынғы хан-сұлтандардың 

тікелей ұрпағы ретінде өзін айыпты сезінді, 

кең  сахара  даласында  емін-еркін  ғұмыр 

кешкен, өзіндік салт-дәстүрі, мәдениеті бар 

халқын еш қарсылықсыз отарлыққа жегіп 

жіберген  алдыңғы  хан-сұлтандардың  бар 

кінәсі  мен  халқының  келешек  тағдыры 

үшін бар жауапкершілікті өз мойнына алды. 

Әлихан  1914  жылы  жазған  мақаласының 

бірінде: «Хан баласында қазақтың хақысы 

бар еді, тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай 

қоймаймын» деп жазды. Әлихан соңғы демі 

біткенше  осы  сертіне  адал  болып  қалды. 

Оның басты  идеялары мыналар еді: бірінші                                    

ұстаным - жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. 

Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша, 

«Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар 

өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп 

толық игермейінше, жер жеке меншікке де, 

қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші 

ұстаным  -  жердің  астындағы,  үстіндегі, 

аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне 

қызмет етуі керек. Ә.Бөкейхановтың айтуын-

ша, «Оның әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне 

түйме болып қадалу керек» болатын. Үшінші 

ұстаным - Ә.Бөкейхановтың жобасы бойын-

ша, «Қазақтың жерінде өндірілген бір уыс 

жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне 

тоқыма болып киілуі керек», яғни толықтай 

экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге 

ұмтылуы тиіс еді. Төртінші нысана - Қазақ 

мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, 

дін, діл үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі 

мақсат  -  ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге 

негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның 

үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет 

құру  еді.  Ал  бұл  идеялардың  ұйытқысы- 

Әлихан  Бөкейханов  болатын.  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын, 

еліміздің әлемдік қауымдастықтағы орнын, 

экономикалық  зор  табыстарын  насихат-

тау,  тарихи  құндылықтарымыздың  мәнін 

терең  түсіндіру,  жас  ұрпақтың  бойына 

отансүйгіштік, ұлтжандылық дағдыларын 

қалыптастыру мақсатында қала әкімдігінің 

білім  бөлімі  ұйымдастырған  «Алаштың 

асыл арысы» атты кеш сахнасында ұлттық 

тұлғаның жоғарыда атап өткен барлық қасиеті 

сомдалды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен 

тұспа-тұс  келген  Алаш  арысының  150 

жылдығы барысында оның ұлт үшін жасаған 

жанқиярлық, тарихи тағылымды еңбектері, 

«Алаш» партиясын, Алашорда мемлекетін 

құру жолындағы ерен еңбегі, трагедиялық 

тағдыры және тәуелсіздік кезеңіндегі еліміздің 

қол жеткізген толағай табыстары қамтылған 

қойылымның  сценарийін  ақын,  драма-

тург Сәнтөре Пірмәнұлы жазса, шараның 

көркемдік жағына ҚР Халық әртісі Мәкен                                                                                  

Рахымжанова жетекшілік етті. Жалпы жиын 

барысында қалалық білім бөлімінің Мектеп-

тен тыс жұмыс және балалар шығармашылығы 

орталығы,  Техникалық  шығармашылық 

орталығы және балалар көркемөнер мектебі 

оқушыларының  қолөнер  туындыларынан 

арнайы көрме ұйымдастырылды. Одан  әрі 

шараға арнайы шақырылған облыстық және 

қалалық  ардагерлер  кеңесінің  мүшелері, 

білім  бөлімінің  қызметкерлері,  мектеп 

басшылары мен ұстаздар, ата-аналар мен 

оқушылар  сахнадағы  бейнеэкран  арқылы 

Ә.Бөкейхановтың тар жол, тайғақ кешкен 

тағдыры  жөнінде  деректі  фильмді  тама-

шалады.  Әсерлі  көріністер  сахналанып, 

көрерменнің көңілін тебірентті. Жалпы бұл 

әдеби  қойылымға  қалалық  мектептердің 

қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің 

мұғалімдері, Жамбыл атындағы №5 мектеп-

гимназияның  30-дан  астам  оқушысы 

қатысты. Арыстардың болмысын аталмыш 

мектеп-гимназияның 10-сынып оқушылары 

озық ойнап шықты. Мәселен, Әлиханның 

бейнесін  Бәйдібек  Тойшыбеков  сомдаса,  

Нұрлан  Нұрмаш  Ахмет  Байтұрсыновтың, 

Арнұр  Арынов  Міржақып  Дулатұлының, 

Әсет Төлжан Мұхамеджан Тынышбаевтың 

табиғи  болмысын  көрерменнің  көз  ал-

дына  айнытпай  бейнеледі.  Бұл  жерде 

оқушылардың арыстармен түр ұқсастығы, 

актерлік  қабілеті,  олардың  сахнада  еркін 

сөйлеп,    ұлылардың  сезгенін  сезініп, 

олардың ойын, басындағы зарын дәлме-дәл 

жеткізуін ерекше айта кеткен жөн. Сахна-

да  Мағжан  Жұмабаев  пен  Сұлтанмахмұт 

Торайғыровтың жалынды жырлары оқылып, 

жиналғандардың рухын бір көтеріп тастады. 

Ұстаздар ұжымы көрерменге елдің басы-

нан  өткен  нәубетті  де  тарихи  кезеңдерді 

педагогикалық  парасатпен  жеткізе  алды. 

Кештің  сазына  жүрек  желкенін  жайып 

келген жұрт тағылым көкжиегін кеңейтіп, 

тереңнен тебіреніп қайтты. 

кешегіден қалған із. 

   суреттерді түсірген  н.тұрғынбек.

ұрпақ алдындағы парыз

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Декларацияны ерекше 

тарихи маңызы бар құжат деп танимыз. Өйткені ширек ғасырлық 

мерзімде  көптеген  қиындықтарды  артқа  тастай  отырып,  та-

лай  асу  бермес  биіктерді  бағындыра  білдік.  Халқымыз  мол 

табыстарға қол жеткізді. Әрине, қазақ елінің Тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев үшін де, бар үмітін Елбасына артқан барша 

қазақстандықтар үшін де тәуелсіздік жылдарындағы жетістігіміз 

оңайлықпен келе қойған жоқ.

Бұл дегеніміз еліміздің халықаралық беделін көтерген Елба-

сы Н.Ә.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы парызы және                            

жауапты  басшылығымен  жасалған  серпінді  жобалар  мен 

ғаламдық бастамалардың 25 жемісті жылдары дер едік.

Елорданы Арқадағы Астанаға көшіріп, өзге мемлекеттердің 

түсіне де кіре бермейтін іргелі де ірі іс тындырғанын төрткүл 

дүние түгел біліп отыр. Әрине, бұл Елбасының ерен еңбегінің 

нәтижесінде. Сондықтан да Ұлт көшбасшысы ретінде қандай 

құрмет болса да лайық.

Енді  бұл  құжаттың  тарихи  тағылымын  ел  ішінде,  әсіресе 

жастар  арасында  кеңінен  насихаттауға  біздер,  ардагерлер 

қауымы атсалысудамыз. Бұл орайда 

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің 

ұйымдастыруымен  жастармен, 

оның  ішінде  оқу  орындарының 

студенттерімен тағылымды кездесулер 

өткізу дәстүрге айналған.

Тұңғыш  Президент  күні  мен 

Тәуелсіздік күнін «Қазақ елі - Мәңгілік 

Ел» идеясы аясында жоғары деңгейде 

атап өтетініне сенімдімін.



Алдаберді МАҚАШЕВ, 

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі. 

тарихи кезеңнің маңызын арттырды

«ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» Декларациясы мемлекет 

дамуының негізгі кезеңдерін және қалыптасуын қамтитын  өте 

маңызды саяси құжат болып отыр. 

Декларацияда  тәуелсіздіктің  жетістіктері  –  Қазақстанның 

Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

көшбасшылығы, жалпыұлттық бірлік, барша қазақстандықтардың 

жанкешті еңбегі мен ынта-жігері атап көрсетілген. 

Президентіміз қалыптастырған Қазақстанның бірегей даму 

жолын бүгінде әлемнің көптеген елдері үлгі ретінде қабылдайды. 

Еліміз  посткеңестік кеңістікте шетел инвестицияларын тартуда 

негізгі орталыққа айналды. 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстанды  өңірдегі 

интеграциялық  үдерістердің  басты  локомотивіне  және  Шан-

хай Ынтымақтастық Ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ, 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Ұлы Жібек жолын жан-

дандыру сияқты ірі халықаралық жобалардың  белді мүшесіне ай-

налдырды. Одан бөлек, Мемлекет басшысының жоғары беделінің 

арқасында еліміз ТМД елдерінен бірінші болып Еуропадағы 

Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына жемісті төрағалық 

етті және Астанада аталған ұйымның тарихи саммитін өте жоғары 

деңгейде өткізді.

Ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, Семей полигонындағы 

сынақтарды тоқтатқан Мемлекет басшысы елімізді халықаралық 

ядролық қаруға қарсы қозғалыстың көшбасшысы ретінде таныт-

ты. Елбасымыздың «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін әлемдік 

қоғамдастық жаһандық  дамудың жаңа парадигмасы деп мойындап, 

БҰҰ-ның ресми құжаттарының қатарына қосты. Нәтижесінде, 2017 

жылдың 1 қаңтарынан бастап ел тарихында алғаш рет Қазақстан 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болмақ. 

Бұл – Елбасы жүргізіп отырған сыртқы саясаттың басты жеңісі.

Нұрсұлтан  Назарбаев  Еуразияның  жауһарына  баланған 

Қазақстанның жаңа елордасын салды. Сарыарқаның төсіндегі 

осынау әсем қала бүгінде әрбір қазақстандықтың мақтанышына 

айналды. Келесі жылы «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесін 

өткізу арқылы еліміз бен Астана дамудың жаңа кезеңіне аяқ басады. 

Қазіргі  таңда  еліміз  сенімді  түрде  алға  жылжып  келеді. 

Қазақстан халқының әл-ауқаты артты. Тәуелсіздік жылдарын-

да мемлекетіміз қоғамдық келісім мен татулықты нығайтуда, 

тұрақтылықты қамтамасыз етуде айрықша табыстарға қол жеткізді. 

Бұл экономиканың дамуына, мәдениет 

пен ғылымның өркендеуіне жол ашты. 

Тәуелсіздік  біздің  ең  басты 

ұйыстырушы құндылығымыз болған, 

қазір де солай және бола да бермек.   

Сондықтан Жамбыл политехникалық 

колледжінің еңбек ұжымы Парламент 

палаталарының бірлескен отырысында 

қабылданған «Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» Деклара-

циясын толық қолдайды.

Жанар орЫНБАЕВА,

Жамбыл политехникалық колледжінің директоры. 

 

„

парламент палаталарының бірлескен 



отырысында қабылданған «Қр тәуелсіздігінің 

25 жылдығы» декларациясы – тарихи жарқын 

жолдың жасампаздығы көрсеткен құжат. еліміз 

үшін аса маңызды мерекелер қарсаңында 

қабылданған тәуелсіздік декларациясына 

тараздықтар да үн қосып отыр.

Жасампаздықтың 

жарқын жолы

 

„

Ядролық қарусыз әлем құрудағы Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы рөлі студенттер 



арасында талқыланды. 

Қазақ елі әлемге үлгі

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің тәрбие бөлімінің 

ұйымдастыруымен  «Манифест:  Әлем.  ХХІ  ғасыр»  тақырыбында 

дөңгелек үстел өтіп, шараға оқу орнының ұстаздары, студенттері қатысты. 

Басқосуды ашқан тәрбие бөлімінің басшысы Роза Назарқызы ядролық 

қарудан бас тарту мәселесі қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің 

бірі екендігіне тоқталды. Сондай-ақ ол әлемде 2025 сынақ жүргізілген 

қазақ халқындай  азап шеккен  бірде-бір халық  болмағанын алға тартты. 

Жиында ТИГУ 3-курс студенті Айдана Алдаберген «Ядролық қарусыз 

әлем» тақырыбында хабарлама жасап, Семей полигонында 500-ге жуық 

атом, сутегі бомбалары сыналып, олардың саны барлық сынақтардың 

4/1 бөлігін құрағанын, ал қауқары жағынан Хиросима мен Нагасакидегі 

жарылыстардан 40 мың есе асып түсетінін алға тартты. 

-  Семейдегі жарылыстардан жеті атасына дейін қыз алыспай, қан 

тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын 

құбыжық нәрестелер келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында 

ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру 

жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен 

саясаткерлердің, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері 

бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғары деңгейіне 

жеткен. Сондықтан ядролық мәселе көтерілгенде, мемлекетіміз бейжай 

қарай алмаған болатын. Оның дәлелі ретінде еліміз ерікті түрде әлемдегі 

төртінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін 

маңызды тарихи оқиға  болды. Осыдан 20 жыл бұрын Семей ядролық 

сынақ полигонын жабу туралы шешімді қабылдау – болашақтан ойлаған 

қадам. Бұл Президентіміздің ерен еңбегі деуге болады, - дейді Айдана 

Алдаберген. Сондай-ақ студент Айнұр Еділбаева 1991 жылдың 29 та-

мызында іс жүзінде жаһандық ядро тарихында жаңа дәуір басталғанын 

тілге тиек етіп, бүкіл әлем жаппай қырып-жоятын қарудан өз еркімен, 

саналы түрде және біржақты негізде бас тартқан Қазақстанды үлгі 

еткеніне тоқталып өтті.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №48 (1336), 30 қараша  2016 Жыл  //

5

қоғаМ



отанымды қорғауға ант етемін! 

   суретті түсірген  н.тұрғынбек.

Өнер өрге жүздіреді.

   суретті түсірген л.Губашева.



 

„

Қаладағы төле би көшесі, №56 



мекенжайындағы «altyn adam» 

ерлер мен әйелдерге арналған 

киім дүкенінде қазақстандық 

жейделер мен аяқ киімдер 

сатылуда.

 

„

Қр тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 



«ұлы дала елі – тәуелсіздіктің 25 негізі» 

25 жұлдызды күн ішінде атқарылатын игі 

істердің аясында «grand royal» мейрамханасында 

5-ші мөлтек ауданы, «Химпоселек» аймағының 

тұрғындары және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген

сондай-ақ көп балалы отбасыларға қайырымдылық  

дастарханы жайылды.

 

„

Қалалық мәдениет үйінде тәуелсіздіктің 



25 жылдығына орай «үздік мекеме-2016» 

байқауы өтіп, онда білім мен өнерден таласы бар 

командалар жеңіс тұғырына көтерілді. 

озық үлгідегі 

отандық бренд

ізгі істің алғысы мол

«Жастар» - үздік мекеме

Нұржан СЕрІКХАНҰЛЫ

Тәуелсіздіктің  25  жылдығына  орай  отандық 

өнімдерді қолдау мақсатында Тараз қаласы әкімдігі 

ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» 

коммуналдық  мекемесінің  ұйымдастыруымен 

аталған  дүкен  ауласында  флешмоб-акциясы 

өтті.  Шара  барысында  жастар  би  билеп,  қала 

тұрғындарына  қазақстандық  өнімдерді  барын-

ша насихаттады. Айта кетсек, былтырғы жылы 

11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында                                                                                                                   

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстан-

дықтарды отандық тауар өндірушілерді қолдауға 

шақырған  болатын.  Онда  Мемлекет  басшысы 

«Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын 

мықтап қолға алуды ұсынған еді. Осы мақсатта 

Тараз қаласында бірнеше дүкендер желісі ашылған 

болатын. Соның бірі  - «Altyn Adam» бренд киім 

дүкені.  Мұнда  ерлер  мен  әйелдерге  арналған 

костюмдердің сан түрі бар. Баға да көп төмендеген. 

- Ашылғанымызға 1 ғана жыл уақыт өтсе де, 

жергілікті тұрғындар тарапынан отандық киімдерге 

сұраныс артып, өз тұтынушыларымыздың сеніміне 

ие болдық. Қазіргі таңда тауар бағасына өзгерістер 

еніп,  әртүрлі  жеңілдіктер  де  қарастырылуда. 

Мәселен, туған күн және мерейтой иелеріне 15-20 

пайызға дейін жеңілдіктер ұсынамыз. Жалпы баға 

да арзандады. Жыл басында 35 мың теңгеге саты-

лып келген  костюмдерді қазір 25-27 мың теңгеге 

алуға болады. Және халықтың талғамына қарай 

қазақстандық жейделер, аяқ киімдерді де саудаға 

шығарып отырмыз. Отандық киім өндірушілермен 

тығыз  әріптестік  байланыстамыз,-дейді  дүкен 

сатушысы Асел Ибраимова.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Жиынды  ашқан  қала  әкімінің  орынбасары  Кенжебек  Олжабай:  «25 

жұлдызды күн ішінде 25 мейрамхана аз қамтылған отбасылар, жатақхана 

азаматтары мен көп балалы жанұя, Ауған соғысына қатысқан азаматтар 

сияқты  түрлі  категориядағы  тұрғындарға  құрмет  көрсетіп,  дастархан 

жаймақ. «Grand Royal» мейрамханасында осынау игі іс бастау алды. Мұндай 

іс-шара мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылып отыр. 

Тәуелсіздіктің кең көлемде аталып өтіп жатқан ұлы мерекесі 25  күн бойы 

жалғасады» - деді.

Кеш барысында әуелеген ән құшағында тербеліп, мейрамхана ішіндегі 

бақтың әсем көрінісін қызықтап, жапырағы жайқалған жасыл алқабында 

суретке түскен тұрғындар мәре-сәре күй кешті.

- Дастархан жайып, ән-күймен көмкерілген кеш сыйлаған ел ағаларына 

алғысымды білдіремін. Қарапайым халықтың қамын ойлап, қазан көтеріп, 

дастархан жаюдың ілтипаты ерекше. Мұндай іс-шаралар қонақжай қазақтың 

ізгі ниетін білдірсе керек,- дейді төрт баланың анасы  Дариға Төлешева. 

Сонымен қатар мұндай игі іс Чернобыль апаты, Семей полигоны сынақ 

алаңына  қатысқан    және  Ауған  соғысының  ардагерлерінің  құрметіне 

«Тойқазан»  мейрамханасында  жалғасын  тапты.  Жұмыспен  қамту  және 

әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаева жиынды 

ашып, қонақтарға деген ақжарма тілегін жеткізді. 

Жиын  барысында  сөз  алған  Семей  полигонына  қатысушы  Тәңірбек 

Оразов:

-  Семей  полигонында  1966  жылдан  1969  жылға  дейін  болып,  сол 



жылдардың  зардабын  тарттық.Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына  орай 

өткізіліп отырған түрлі іс-шаралар кешегі қиын күндерді ұмыттыратыны 

анық. Бізді болашақта жарқын да жақсылыққа толы жұлдызды жылдар күтіп 

тұрғанына сенемін, - деді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет