жөніндегі қоғамдық кеңесінің
төрағасы, Тараз қалалық
мәслихатының депутаты,
Жамбыл облыстық туберкулезге
қарсы диспансерінің бас дәрігері.
Мәселе ортақ. суретті түсірген н.тұрғынбек.
Осы орайда мұндай келеңсіз көріністердің алдын алу мақсатында «Жамбыл
облысында 2016-2018 жылдары экстремизм және терроризмге қарсы арналған
кешенді іс-шаралар» жоспарының негізінде орталық директоры Жамал
Қалыбекова «Діни экстремизмнің қаупі мен салдары» тақырыбы бойынша
дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Оған Дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Алмас
Құлымбетов, Жамбыл облысы әкімдігі Оңалту орталығының психологы
Бақдәулет Тілеухан және осы орталықтың инспекторы Зейнеп Үсенова, ОІІД
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі Асылхан
Сейітбекұлы қатысты.
- Жат ағымға еріп, адаспаудың жолын тауып, діни сенімнің ақиқатын дағдарыс
орталығында жатқан қызмет алушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізу
үшін, біздің орталық Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу
орталығымен келісімшарт жасасып, жұмыс істеп келеді. Орталықта дәстүрлі емес
ағымға кіріп кеткен күйеуінен балаларымен бірге қашып келген қызмет алушы
тұрады. Күйеуі өзін және балаларын сол дінге кіруге мәжбүрлеп, ұрып-соғып,
зорлық-зомбылық көрсеткен. Осы орталықтың мамандары сол қызмет алушымен
жұмыс жүргізуде,- деді орталық директоры Жамал Қалыбекова.
Отырыста орталық қызметкерлері дайындаған бейнебаянда діни экстремизмнің
салдарынан қаны төгілген бейкүнә жандардың жантүршігерлік аянышты сәттері
көрсетілді. Сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу, себептері пен принциптері,
алдын алу жөнінде жан-жақты әңгіме өрбіді. Орталық психологтары Ләйлә
Өтепбергенова баяндама жасап, А.Усербаева тақырыптық тренинг өткізіп, адам
бойындағы ізгі қасиеттерді дамытып, сананы жат пиғылдан аулақ ұстаудың
жолдарын қарастырды.
- Халықты үркітіп ұстаудың бір жолы - терроризм. Адамда ұлттық рух, ұлттық
сана, ұлттық идеология болмаған жағдайда Отанын сатып, опасыздық жасауға
барады. Егемен елде жүріп, Отанның қадірін білмей, шетелдің идеологиясын
алып, өз дәстүрін, құндылығын аттап кетуге дайын тұрады. Бесіктегі баланың
санасына ар, ұят, сауап, обал деген қазақи ұғымдарды сіңіріп отырсақ, есейгенде
ол баладан сорақы қылық шығуы екіталай, - деді Зейнеп Үсенова.
10
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
орта
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
руханият
11
ӘЖеден алсам ӨнеГе
Индира БАЙҚоНЫС
Қала әкімдігінің қолдауымен алғаш
рет ұйымдастырылған сайысқа өмірлері
өнегелі, әр салада ұзақ жылдар жемісті
еңбек еткен, бүгінде бейнеттерінің зейнетін
көріп, саналы ұрпақтарының қызығына
бөленіп отырған жеті әжеміз өзара бақ
сынасты. Олардың қатарында театр актри-
сасы, кітапханашы, медицина саласының
қызметкері, ұстаз, мәдениет және тағы
басқа салаларда жемісті еңбек еткен жан-
дар болды.
Сайыстың шымылдығын ашқан қала
әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай
жиналған көпшілікті Тұңғыш Президент
күнімен және Ұлы Даланың ұлық мерекесі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтай
келе, әр отбасының шырақшысына бала-
натын асыл әжелеріміздің адам өміріндегі
айрықша орнына тоқталып, ақылдың
кеніндей, көненің көзіндей болған абзал
жандарға зор денсаулық тіледі.
Мұнан кейін қазақтың киелі кимешегін
киген әжелеріміз сахна төріне шығып,
сайыстың шартына сәйкес өнерлерін
ортаға салды. Әуелі олар қазылар алқасы
мен көпшілік қауымға өздерін ән, жыр,
бейнеүзік арқылы таныстырып, ұшқыр ой,
тілге шешен екендіктерін паш етсе, келесі
кезеңде әжелеріміз білім көкжиектерінің
кеңдігін интеллектуалдық сұрақтарға
мүдірмей жауап беру арқылы көрсетті.
«Өнерлі өрге жүздіреді» демекші, өнер
сайысында қатысушылардың бірі қазақтың
халық әндерін нақышына келтіре орын-
даса, енді бірі заманауи биді мың бұрала
биледі. Ал «Асыл мұра - асыл қазына»
кезеңінде қатысушылар өз қолдарынан
шыққан тоқыма, құрақ, ою-өрнек сынды
қолөнер бұйымдарын көрсетсе, соңғы
«Қонақжайлық - ата дәстүріміз» деп ата-
латын үй тапсырмасында асыл әжелеріміз
ха лқымыздың ұлттық т ағамдарын
қолдарымен жасап, қазылар алқасының
назарына ұсынды.
Осылайша, барлық сайыс шарттары-
нан сүрінбей, айшықты өнер көрсеткен
қатысушылар қазылар а лқасымен
қоса, залда отырған көпшілік қауымға
да ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдеп-
ғұрпынан мол ғибрат берді деуге негіз бар.
Әне-міне дегенше, бірнеше сағатқа
созылған мәні мен сәні келіскен әжелер
сайысы да өз мәресіне жетіп, қазылар
алқасы өз шешімдерін шығарды.
Бір қызығы, олар бұл сайыстың нақты
жүлдегерлерін анықтамай, сайысқа
қатысқан 7 әжені 7 түрлі номинация бойын-
ша марапаттады. Мәселен, 40 жылдан астам
мәдениет және химия өнеркәсібі саласын-
да еңбек сіңірген Тұраркүл Жанұзақова
«Сүйкімді әже» атанса, ұлағатты ұстаз,
«Асыл ана» ансамблінің белді мүшесі
Тұрсынкүл Бекова «Өнерлі әже», ал
облыстық драма театрының актрисасы, ҚР
Еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетова
«Зерек әже» және өзге де қатысушылар
осындай аталымдар бойынша марапат-
талды. Бұған қоса, асыл әжелерімізге
қала әкімі Нұржан Календеровтің арнайы
дипломы және демеушілердің ұсынған
бағалы сыйлықтары табыс етілді.
І с - ш а р а с о ң ы н д а с ө з а л ғ а н
Кенжебек Олжабай қаламызда тұңғыш рет
ұйымдастырылған әжелер сайысы алдағы
жылдары да жаңа форматта өз жалғасын
табатынын айтты.
тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына орай, қалалық мәдениет үйінде
қалалық ардагерлер кеңесінің және «Әулие-ата» қазақ мәдени орталығының
ұйымдастыруымен «ақ босағаның алтын діңгегі» атты қалалық әжелер сайысы
өтті.
кең даланы үкілі домбыраның үнімен тербетіп, шабытының шаттығын шанағына
сыйдырған күй әлемінің құдіретін түсінудің өзі бір ғанибет.
ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына және
музейдің 85 жылдығына орай облыстық
ардагерлер кеңесінің мүшелері музейде
дөңгелек үстел өткізді.
күй дарабозы
Өткен тарих - бүгін үшін
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Баласағұн» мәдениет
үйінде күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Туған елім –
тұғырым» атты шығармашылық кеші өтті. Көңіл көкжиегін қоңыр
әуенмен тербетіп, сиқырлы саздың сырына бөлеген кешті ақын
Алик Бекмұсаев жүргізді. Әрбір сәті сиқырлы саз, ғажап әуенмен
өрілген кеш шымылдығы жүргізуші ақын мен дәулескер күйшінің
арасында кеше мен бүгінді үйлестіре жалғаған ғажап үндестігімен
түрілді. Тағылымы мол туындыларға тереңінен үңіліп, тарихынан
сыр шертісті.
- Бабалары абызға, аналары аңызға айналған егемен елдің
ұрпақтары, өнерсүйер қауым. Тәуелсіз Қазақ елінің 25 жылдығына
орай халқыммен жүздесіп, күй өнерінің құдіретімен бөліссем
деп отырмын. Ананың тіліндей қуатты да құдіретті күй өнері
қашанда бағалы. Тіл жеткізе алмағанды жеткізер қуаттың көзі
де осы күй,-деді күйшілігімен қазақ даласына танымал болған
Әбдімомын ақсақал.
«Жетісу сазы», «Самғау», «Толғау», «Өмір дастаны»,
«Ерке сылқым», «Көкшолақ», «Төле би» сынды күйлердің
ерекшеліктеріне тоқталып, маңызына мән берді. Жамбыл облыстық
филармониясының сүйемелдеуімен орындалған күйлерінің
ішінен автор «Ерке сылқымға» тебірене тоқталды. Себебі жүрек
түкпіріндегі көңілін домбыраның пернесімен дөп басып, сезім
иірімдерін ұршықтай иірген ғажап күй, расында, күйшінің жан
дүниесін асқақтата танытып, тереңінен тебіренгенін айғақтап
тұрды. «Ерке сылқым» - жастық пен сұлулықтың, уақыт пен
бақыттың шанағынан бірде шашу болып шашылса, енді бірде
шуақ болып төгілердей көңілдің, өмірдің, мәңгілік жастықтың
символындай асқақтап тұр.
Күйшінің келіні, сандуғаш үнді Сәуле Желдібаева мен немересі
Нұрғиса Желдібаев өнерге деген махаббатын, әкеге деген ыстық
ықыласын әнмен жеткізді.
- Күй құдіреті қазақ даласына кеңінен тарады. Қазақтың дом-
бырасы бар әрбір шаңырақта Әбдімомын Желдібаевтың күйі
шертіледі. Сізді ұлттың маңдайына біткен мақтанышы деп айтсақ
артық болмас,-деді кеш соңында сөз алып, жүрекжарды лебізін
білдірген облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек
Солтыбаев. Ол облыс әкімінің ықылас гүлін табыс етіп, күйшінің
иығына шапан жапты. Сонымен қатар Шу ауданының әкімі Рүстем
Дәулет те қарт күйшіге ыстық ықыласын танытып, сый-сияпат
көрсетті.
Арайлым ШАБДЕНоВА
Киелі орынға ат басын бұрған Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне
әуелі музейдің фойесінде ширек ғасырдағы еліміздің жеткен
жетістіктері мен облыстық музейдің тарихы баяндалды. Содан
кейін кинозалда музей туралы тұңғыш рет жарық көрген 14
минуттық көркем фильмді тамашалаған ардагерлер музейдегі
жәдігерлермен толық танысып шықты.
Жалпы бүгінгі таңда музей қорында 60 мыңнан астам жәдігер
сақтаулы. Облыстық музейдің өзінде 14 зал бар. 2002 жылы
қаланың 2000 жылдық мерейтойы қарсаңында 3 музей ғимараты
қосылған. Сондай-ақ аудандарда музейдің 5 филиалы бар.
Дөңгелек үстел барысында ардагерлерге облыстық музейдің ди-
ректоры Үртай Сапақова тарихтан сыр шертіп, музейге қойылған
жәдігер мұралардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталды. «Былтыр
музейге 600-ден астам экспонат қойылса, биыл бұл көрсеткіш
700-ден асты. Аймақтағы белді азаматтардың бұрышын жасап,
келер ұрпаққа өнеге қалдырған азаматтарымызды насихаттау
барысында жұмыстар жасап жатырмыз. Алдағы уақытта сіздер
де өз құжаттарыңызды, құнды дүниелеріңізді музейге өткізеді
деп сенемін» - деді музей директоры.
Ардагерлер де түрлі ұсыныстар айтып, алдағы уақытта Арда-
герлер кеңесінің бұрышын ашуды жоспарласақ деген ой тастады.
– Көненің көзін, асылдың сынығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп,
тарихтан сыр шертіп отырған облыстық музейдің еңбегі орасан
зор. Ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырдан бергі уақытында музейге
түрлі экспонаттар алынып, Елбасымыздың өзі келген музейдің
жасап отырған іс-шарасы жастарға үлгі болады деп білемін.
Музей – тарихы, байлығы шексіз орта. Тарихтың тереңінен
орын алған музейді жастар арасында насихаттау арқылы біз
болашақ ұрпақты тарихқа жетелейміз, – деді облыстық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.
Ұйымдастырушылар тарапынан келушілерге «Музей–тарих
айнасы» атты альманах және бүктемелер сыйға берді.
тараз қаласы әкімдігінің мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімінің
ұйымдастыруымен оралхан Бөкей
атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің
қалалық байқауы өтті.
кие қонған текті өнер
Диляра ДАрХАН
Байқау прозалық шығармадан үзінді, драмалық шығармадан моно-
лог және мәнерлеп өлең оқу сынды үш кезеңнен тұрды. Сайысқа 15-30
жас аралығындағы 10 үміткер қатысты. Шарада Оралхан Бөкейдің «Өз
отыңды өшірме», «Апамның астауы», «Қар қызы» және тағы басқа да
үздік әңгімелерінен үзінділер оқылды.
Бірінші кезеңнен-ақ прозалық мәтінді оқу шеберлігі, дауыс
мәнері, тіл тазалығы сияқты сан алуан сын тезінен мүдірмей өткен
талапкерлердің өнерге деген құлшынысы бірден байқалды. Әсіресе,
Елдар Боранбек, Сүйіндік Кәрім, Әйгерім Хожанепесовалардың жазушы
қаламынан туған туындыға өзіндік өң беріп, ерекше стильде образға
еніп өнер көрсетуі көрерменнің көңілін көтеріп-ақ тастады. Екінші кезең
бойынша сайысқа қатысушылардың драмалық шығармадан оқыған
монологтары да көңілден шығып жатты. Дауыс құбылтып, әр сөзге
өзіндік рең беріп, әртістік қабілетімен ойнап шыққан қатысушылар
монолог оқуда да шебер екендерін көрсетті. Үшінші кезеңнің талабы
бойынша қазақ ақындарының тіл туралы жазған туындыларын мәнерлеп
оқуда қатысушылар ақын өлеңдерін жатқа оқудан бөлек, өз жүрегін
жарып шыққан жыр шумақтарын да қоса оқыды.
Сайыс соңында текті өнердің әр сөзіне кие қондыра жазған
жазушының шығармасына рух дарытып орындаған жас талапкер
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенті Елдар Боранбек өз қабілетінің
өзгеден оқ бойы озық екенін көрсеткен өнерінің арқасында бас жүлдені
қанжығасына байлады. Ал 1-орын Жамбыл медициналық колледжінің
студенті Сүйіндік Кәрімге бұйырды. 2-орынды Жамбыл қазақ-түрік
есеп-экономикалық колледжінің студенті Талшын Омарова иеленсе,
3-орын «Парасат» колледжінің студенті Әйгерім Хожанепесоваға
бұйырды.
байқау үздіктері. суретті түсірген н.тұрғынбек.
көненің көзі, асылдың сөзі. суретті түсірген н.тұрғынбек.
12
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
әлеуМет
Жаны Жайсаң
азамат
Жастар тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып жүрген канал
Берденұлы облыстық ардагерлер кеңесінің белді мүшесі.
Біздің кейіпкеріміз еңбек жолының саналы жылдарын білім
саласына арнаған азамат.
мемлекет тарихындағы
мерейлі күн болып саналатын
тұңғыш президент күніне
орай ы.сүлейменов атындағы
№37 орта мектебінде «ел
және елбасы» тақырыбында
10-11 сынып оқушылары және
тарих пәні мұғалімдерінің
ұйымдастыруымен
конференция өткізілді.
дәрігер нұрбөбек садықұлы
Әбдірайымовты тараз қаласының
«Қант зауыты» деп аталатын
аймақтың тұрғындары жақсы
біледі. ол ұзақ жылдардан бері
№7 қалалық емханада еңбек етіп
келеді.
Жамбыл облысында төлем карточкалары нарығының дамуы
елбасымен
мақтанамын!
емі шипалы дәрігер
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі - төлем
карточкалары арқылы қолма-қолсыз есеп
айырысу. Яғни бұл ақпарат төлем карточ-
калары не үшін керек, тиімділігі неде деген
сұрақтарға жауап береді. Ел болған соң
әлем елдерімен қарым-қатынасқа түсеміз.
Бұл қарым-қатынас саласына мың сан
міндеттер, қаптаған тірліктермен қатар,
азаматтардың бір елден бір елге ақша
аударуы, шаруашылық қаржылық байла-
ныстар жасауы да кіреді. Бүгінде төлем
жүйесі нарығында қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуға аса көңіл бөлініп отыр.
Қазір есеп айырысуда, жалақы, зейнетақы
төлеуде, коммуналдық төлемдерді төлеуде
үйреншікті қолма-қол ақшамен есеп ай-
ырысатын кезеңнің дәуірі өткен, себебі
нақты есеп айырысудың түрін бірте-бірте
қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
түріне алмастыру үрдісі кеңінен қолға алы-
нуда. Аймақтарда төлем карточкаларының
нарығын дамыту әлеуеті көптеген
факторларға байланысты болып отыр,
оның ішінде: аймақтардағы халықтың, сауда
кәсіпорындарының жаңа технологиялардан
сескенуі, сондай-ақ осы аймақтарда сауда
терминалдарын орната алатын және төлем
карточкаларын ақы төлеуге қабылдай
алатын сауда кәсіпорындарының жоқтығы
болып отыр. Cонымен қатар банк карта-
лары нарығының дамуы үшін мемлекетті
қоса алғанда, қолма-қол ақшасыз төлемнің
барлық қатысушылары мүдделі. Мемле-
кет банктерге қаражатты кеңінен тартуға,
тауарлар мен қызметтерді сатып алу са-
ласында қолма-қол ақшасыз төлемдерді
дамытуға, қолма-қол ақша көлемін, оны
дайындауға кететін шығындарды азайтуға,
көлеңкелі экономикалық айналым ауқымын
қысқартып, тұтынушылық кредиттеу
ауқымын ұлғайтуға мүдделі.
Сандарға тоқталатын болсақ, 01.10.2016ж
жағдай бойынша республика көлемінде
банктер 15,4 млн. төлем карточкаларын
шығарса, олардың ішінде ең көп таралған
карточкалар дебеттік карточкалар болып
отыр, олардың үлесі 80,6%, кредиттік
карточкалардың үлесі – 15,7%.
Карточка ұст аушылардың с аны
01.10.2016ж жағдай бойынша 14,0 млн адам.
Қолданылған карточкалардың саны 7,8 млн
болса, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 7,1
млн. болған және 9,8 % өскен. Банкоматтар
саны 9428 бірлікті құраса, өткен жылдың
ұқсас кезеңінде 8925 бірлікті құраған, яғни
5,6% көбейген.
Облыс шеңберінде 2016 жылғы 1
қазандағы жағдай бойынша айналымдағы
карточкалар саны 529,9 мың бірлікті құраған.
Карточка ұстаушылардың саны 505,6 мың
бірлікті құраған. 2016 жылғы 1 қазанға
POS – терминалдардың саны 1794 бірлікті
құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 1413
бірлікті құраған. Ал банкоматтар саны биыл
16 бірлікке өсіп, 344 бірлікті құраған.Соны-
мен қатар, облыс шеңберінде 2016 жылдың
қаңтар–қыркүйек аралығында қолма–қолсыз
ақша төлемдер cомасы өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 331 млн. теңгеге
өсіп, 12 831,4 млн. теңгені құрады.
Банктік пластикалық карта қарапайым
азаматтың көзқарасында, ең алдымен,
қолма-қол ақшаны алу құралы ретінде
қабылданып, өзінің негізгі төлем функция-
ларын толық орындамайды.
Төлем карталарының толыққанды төлем
құралы ретінде жеткіліксіз қолданылуы
бірнеше факторларға негізделген, оның
ішінде: адамдардың қаражатын қолымен
ұстап жұмсай алмауы, операциялардың
қауіпсіздігіне және де тұтастай алғанда төлем
құралының осы түріне деген сенімсіздігі,
сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп
айырысулардың артықшылықтары туралы
халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы.
Ақша төлемі мен аударымы туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы
26 шілдедегі № 11-VI Заңының 39-бабы-
на сәйкес Қазақстан Республикасының
салық заңнамасына сәйкес бюджетпен есеп
айырысудың жалпыға бірдей белгіленген
тәртібін қолданатын дара кәсіпкерлер және
(немесе) заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге
асыратын орындарда төлем карточкаларын
пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға
арналған жабдықтарды (құрылғыларды)
орнатуды және қолдануды қамтамасыз етуге,
сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана
отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.
Қолма-қол ақшасыз төлем құралының
қалың бұқараға әлсіз енуінің негізгі про-
блемасы – халықтың, сондай-ақ сауда
кәсіпорындарының жаңа технологияларды
пайдаланудан сескенуі, сонымен бірге сауда
нүктелерінің POS-терминалдармен қажетті
көлемде қамтамасыз етілмеуі.
Келешекте төлем карточкалары нарығы
ерекше қарқынмен және жаңа сипатпен
дамиды деген ойдамыз, өйткені төлем
карточкалары жеке тұлғаларға ең ыңғайлы
және банктік қызметтің көптеген түрлерін
пайдалануға жол ашатын өте оңтайлы құрал
болып табылады.
Мақсат СЕңгІрБАЕВ,
Қр Ұлттық Банкі Жамбыл
филиалының бөлім бастығы.
Конференцияда еліміздің еңсесін тіктеп,
халқымызды әлемге танытқан Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, Тәуелсіз
еліміздің жеткен жетістіктері насихатталып,
жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім
сіңіру мақсат болды. 10-сынып оқушысы
Б.Темірхан «Елбасының еңбек жолы»
тақырыбында, 11-сынып оқушылары
Ұлт көшбасшысы, ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясы
қазақстандықтардың біртектілігі мен
бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық
бағдарламасы шеңберінде баяндамалар
оқыды. Тәуелсіздіктің 25 жылын мақтаныш
сезіммен баяндаған 11-сынып оқушысы
Е.Әлімқұл: «Менің түсінігімде, ұлт жана-
шыры, жас ұрпақтың болашағын ойлайтын,
нағыз халықтың қамқоршысы бар десек, ол-
менің Президентім!»-деп тұжырымдады.
Тәуелсіздік жылдары халықтың басын
біріктіріп, ар-намысты ту еткен Елбасымыз
бен Үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен
ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы
нұрлы күндерге жеткізді. Мемлекетіміздің
даму бағытында ұйымдастырылған кон-
ференция оқушыларға, жас мамандарға
өнегелі ой салды.
Ақтолқын САЛЫБАЕВА,
Динара ҚоЙШЫБАЕВА,
Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта
мектептің тарих пәні мұғалімдері.
Нұрқуат рЫСДӘУЛЕТ
Еңбек жолын осы ұжымда бастаған ол облыстық
аурухана бас дәрігерінің орынбасары, емханалар
меңгерушісі, Байзақ аудандық ауруханасының бас
дәрігері қызметтерін атқарады. Қазір денсаулығына
байланысты еңбек жолын бастаған емханаға
қайта оралып, терапия бөлімін басқарады.
Нұрбөбектің қарапайымдылығын, біліктілігін,
көмек беруден ешқашан тартынбайтынын жақсы
білетін тұрғындар күн-түн демей шипалы қолды
дәрігерге жүгінеді. Ол Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау ісінің үздігі, білікті дәрігерлерге
ғана берілетін «Алтын Дәрігер» медалінің, «Гип-
пократ» орденінің иегері. Қазір ұзақ жылдар бойы
жинаған тәжірибесін жастарға үйретуде.
Ерман ӘБДИЕВ
1946 жылдың 1 желтоқсанында Талас ауданы,
Бостандық совхозы, Қызылтаң ауылында дүниеге
келген Канал Берденұлының әкесі Берден қария
ескіше хат таныған, сауатты кісі болған екен.
Соғыс жылдары еңбек майданының көрігін
қыздырған Берден ауыл-аймаққа сыйлы жан
болған. Емшілігі де болыпты. Содан болар, үйге
көп келетін адамдармен арақатынасын сырттай
бақылап, бағалай жүрген Канал әке өнегесін
жасынан көңіліне түйіп өсті. «Тазалықты жаны
жақсы көруші еді. Ағайындармен араласудың да
жолын білді. Әрдайым өзгенің ала жібін аттамай,
таза еңбекпен жеткен жеңіс абыройыңды артты-
ратын деп отыратын, жарықтық!» - деп еске алады
Канал аға әкесін. Ата-ананың үмітін ақтау - әр
перзенттің парызы. Канал аға сол парызын адал
атқарғандығына сенімді.
- Мектепте математика пәніне қызығу-
шылығым басым болды. Кейін Жамбыл
зооветеринарлық техникумына «Зоовет»
мамандығы бойынша оқуға түстім. Техникумды
бітірген соң Қостанай облысы, Ленин ауданы,
Камышловка деген елді мекеніне біраз жыл вет-
техник болып еңбек еттім. Әкем ауыр науқастан
қайтыс болған соң, ауылға келдім. Ауылда
ыңғайлы жұмыс болмаған соң, Бостандық со-
вхозында спорттық нұсқаушы болып жұмыс
жасадым. Өзім жастайымнан жаныма спортты
серік еткендіктен, бұл жұмыс менің оң жамбасы-
ма келе кетті. Әйтеуір сол жылдары ұстаздардың
беделі жоғары болатын. Оларды ел сыйлайтын.
Тіпті, жасы үлкендер «Мұғалім бол!» деп бата
беруші еді ғой. Ұстаз болуды армандап, Жамбыл
педагогикалық институтының «Физика-мате-
матика» мамандығына оқуға түсіп, оны бітіріп
алдым. Сөйтіп, қаланың іргесіндегі Жамбыл
ауданы Жасөркен ауылындағы орта мектепке
ұстаз болып орналастым. Осы білім ордасында
17 жыл сыныптан тыс жұмыстарына басшылық
жасадым. Ол кезде, яғни Кеңес үкіметі тұсында
сауаттылықты жою науқанмен жүретін. Мен
осы мүмкіндікті пайдаланып, кешкі мектептің
ашылуына себепші болдым. Және өзім сол
кешкі мектепті бес жылдай басқардым, - дейді
Канал аға. Кейін зейнетке шыққан соң облыс
орталығындағы №1 кәсіптік мектепте аға шебер
болып жұмыс жасаған Канал Берденұлы қала
әкімдігі жанынан құрылған Ақсақалдар кеңесінің
белді мүшесі бола жүріп қоғамдық жұмыста да
белсенділік танытады.
- Аға буын өкілдерінің көргені көп қой.
Сондықтан ақсақалдардың қоғамдық ортада
атқарып отырған жұмыстары көп. Бір кездері
Тараздың оқушыларын «бұзық», «тентек»
деп айыптағандар көп болды. Бала болған соң
бұзықтықты бәрі жасайды. Ақылды бұзықтар
мен тентектер де бар. Біз біраз жыл облыс
орталығындағы бірқатар мектептерде балалар-
мен жұмыс жасадық. Нәтижесінде, сол кездегі
статистика бойынша жасөспірімдер арасындағы
бұзықтық пен қылмыстың төмендегенін байқадық.
Әрине, балаларды кінәлай бергеннен түк
шықпайды. Олармен ашық сөйлесіп, пікірлесу
керек. Ойларын ашық айтуға, батылдыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу керек. Кейде ата-аналар
ұстаздарды кінәлап жатады. Бұл дұрыс емес. Бала
тәрбиесіне ең көп күш салатын ата-анасы. Соны
ұмытпаған абзал, - дейді еңбек ардагері Канал
Берденұлы. Канал аға өмірлік жары Қыздаркүл
Оразалиева екеуі төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп
өсірді. Ұл-қыздарының барлығы - жоғары білімді
азаматтар. Әр салада еңбек етіп жүр. Кіндігінен
тараған ұрпақтан 12 немере, 2 шөбере сүйіп
отырған ел ағасы Канал Берденұлының жастарға
әлі де айтары бар. Жетпіске толып отырған Канал
ағаның қаланың қоғамдық өміріне берері әлі алда.
Спортты серік еткен ақсақал саламатты өмір сал-
тын насихаттауда да көп жұмыстар атқарып отыр.
н.әбдірайымов жастармен тәжірибесін бөлісуде.
// «Жамбыл - Тараз» // №48 (1336), 30 қараша 2016 Жыл //
кӨкжиек
13
Достарыңызбен бөлісу: |