Қала ҚонаҚтары! Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,65 Mb.
#6126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

«тӘуелсіздік пен 

елБасы - еГіз ұғым»

 

„

тәуелсіздіктің алғашқы жылдары 



президент нұрсұлтан назарбаевтың 

сарабдал саясатын қолдап, ел іргесінің 

бекітілуіне, жас мемлекеттің аяғынан 

нық тұруына өлшеусіз үлес қосқан атпал 

азаматтардың еңбектері ерен. Бұл ретте, 

Жамбыл облысынан Қр парламенті 

сенатына 1995-2002 жылдардағы екі 

бірдей шақырылымына депутат болған  

белгілі саясаттанушы, бүгінде облыстық 

қоғамдық кеңестің төрағасы Жандар 

кәрібайұлының алатын орны ерек. ұзақ 

жылдар егемен елімізге қалтқысыз 

қызмет етіп келе жатқан ел ағасымен 

мереке қарсаңында сұхбаттасқан едік.

-  Жандар  Кәрібайұлы,  биыл 

қазақстандықтар  төртінші  рет 

Тұңғыш  Президент  күнін  атап 

өтпек.  Ел  егемендігі  Елбасының 

есімімен етене байланысты десек, 

осы аз уақыт ішінде бұл айтулы дата 

жалпыхалықтық мерекеге айналып 

үлгерді ме?  

-  Әлбетте,  бұл  мереке  біршама 

уақыттың ішінде үлкен мерекеге ай-

налып отыр. Себебі Тәуелсіздік пен 

Елбасы - егіз ұғым.  Расында, тұғыры 

биік Тәуелсіздігіміз Ұлт көшбасшысы, 

Тұңғыш  Президентіміз  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың есімімен сабақтас. 

Біз тәуелсіздік дегенде, әуелі  1991 

жылғы 1 желтоқсанда өткен тұңғыш 

Президент сайлауынан айналып өте 

алмаймыз. Өйткені бұл бүкілхалықтық  

сайлау  Қазақстан  халқы  өз  басшысын  

өзі  таңдай  алатындығын,  қазақ елі енді 

Қазақстан басшысы тек орталықтың  

пәрменімен  тағайындалмайтынын 

көрсетті. Бұл - бір. Екінші, Елбасының 

тарихи дамуымыздағы рөлі жөнінде айт-

пас бұрын  мыналарды еске алайықшы.

Тәуелсіздіктің  алғашқы жылдары елдегі 

жағдай  аса күрделі еді. Дәл бүгінгі өмір 

өңіміз түгіл, түсімізге де кірмеген. Десе 

де, Елбасының сарабдал саясатының 

арқасында қазақстандықтардың өмірі 

тез өзгерді. Міне, бүгінде егемен еліміз 

әлемнің  озық елдерімен бәсекеге түсіп 

отыр. Қазіргі таңда дүние жүзі халқы 

әлем картасынан Қазақстанды, оның 

Президентін, елордасын  жазбай тани-

ды. Болашақты болжай білетін Елбасы-

мыз ә дегеннен экономика, әлеуметтік 

сала,  ішкі  және  сыртқы  саясаттағы 

іске асқан ренессанстық құбылыстар 

Қазақстан қоғамын түпкілікті өзгертіп, 

оның  әлемдегі  беделін  арттырды. 

Жас мемлекетіміздің қысқа уақытта 

қол жеткізген жетістіктері көптеген 

елдердің бір ғасырдан астам уақытта 

жетпеген  көрсеткіштері  деуге  негіз 

бар.  Мысалы,  табиғи  байлығы  мол 

Оңтүстік  Америка  құрлығындағы 

елдердің бодандықтан құтылған бір 

ғасырдан астам уақыттағы даму жолын 

Қазақстан 15-16 жылда  басып  өтіп, 

дүниедегі    озық  50  елдің  қатарына 

қосылды.  Бұл  Елбасы  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың дана саясаты мен сара 

басшылығының  арқасында  мүмкін 

болды.  Тәуелсіздігіміздің  алғашқы 

жылдарында    еліміздің  болашағын  

анықтайтын,  қоғамның  жан-жақты 

дамуының  басты  басымдықтарын  

зерделейтін  негізгі  заңымыз                                                               

Конституция  қабылданды,  қос  па-

латалы  Парламент  экономикалық- 

әлеуметтік дамудың негіздерін  қалады. 

Егемендіктің алғашқы елең-алаң жыл-

дарында  қазақ елін әлемдегі барлық 

мемлекеттер тәуелсіз ел ретінде та-

ныды, сексеннен астам халықаралық 

ұйымның мүшесі болды. Бұл Елбасы 

Н.Назарбаевтың қазақтың жаңа тари-

хындағы асқан  рөлін  дәлелдейді.

- Сіз тәуелсіздіктің алғашқы жыл-

дары  Қр  Парламенті  Сенатының 

депутаты  болып,  көптеген  заң 

жобаларының  қабылдануына 

атсалыстыңыз.  осы  жылдары 

Елбасының республикамыздың бас 

қаласын Алматыдан Астанаға көшіру 

жөніндегі  шешімін  қолдамаған 

азаматтардың көп болғанын білеміз. 

Ал сіз Мемлекет басшысының бұл 

идеясына қалай қарадыңыз? 

- Иә, Сенаттың алғашқы 1995-2002 

жылдардағы  екі  шақырылымына  

мені депутат етіп сайлаған  аудандық, 

қалалық,  облыстық  деңгейдегі  сол 

кездегі  мәслихат депутаттарына  шексіз 

ризашылығымды білдіремін. Тәуелсіз 

Қазақстан  дамуының  құқықтық 

негіздерін  қалайтын  заңнамаларда 

қолтаңбамыздың қалғанын тебірене 

еске  аламын.  Астананы  Ақмолаға 

ауыстыру жөніндегі шешім  қос пала-

талы Парламент  әлі өмірге келмеген 

кезде, яғни 1994 жылы 6 шілдеде Қазақ 

ССР  Жоғарғы  Кеңесінің  қаулысымен 

қабылданған еді. Несін жасырайын, 

алғашқы сәтте бұл шешімнің алдын 

ала ойластырылған тарихи маңызына 

мән бере  қоймағандардың  қатарында 

болдым. Тек бірнеше жылдан соң ғана 

Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сол  кезде 

ерлікке пара-пар  қадамға барғанына 

көзіміз жетті ғой. Қазақ елінің жүрегі 

Астана - жаңа тарихымыздың  баста-

уы,  Елбасының    «елім»  деп  соққан  

жүрегінде  аялаған  ақ  арманын, 

үкілі  үмітін  ақтаған  төл  перзенті. 

Ол Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей 

басшылығымен  Астана  қаласының 

Бас  жоспары  бойынша  дамып 

отыр.  Астананың  бас    сәулетшісі  - 

Елбасының өзі. «Бәйтерек» монументі, 

«Пирамида»,  «Отан  қорғаушылар» 

архитектуралық ансамблі, «Хан ша-

тыр», «Астана опера» «Мәңгілік Ел» 

кешендері және басқа да бірсыпыра  

ғимараттардың    үлгісін  сызып, 

кәсіби шеберлерге олардың бейнесі 

мен    идеясын  ұсынған    Нұрсұлтан 

Әбішұлының  өзі.  1999  жылы  Аста-

на  ЮНЕСКО-ның  «Әлем  қаласы» 

сыйлығына  лайық  деп  табылса,  ол 

бүкіл  қазақстандықтардың  ортақ 

қуанышы.  Алда «Болашақтың энер-

гиясы» ұранымен өтетін халықаралық 

«ЭКСПО-2017»  көрмесі  Тәуелсіз 

Қазақстанның  мерейін  асқақтатып, 

халықаралық дәрежеде  абыройын асы-

рып, беделін бекемдейтін игі шаралар 

деп білемін.  



-  Елбасының  өзі  сіздің  тәуелсіз 

еліміздің  дамуына  қосқан  сүбелі 

үлесіңізді  ескеріп,  «Құрмет» 

орденімен марапаттаған еді.  Жал-

пы, Ұлт көшбасшысының қандай 

қасиеттерін жоғары бағалайсыз?

- Бұл дүниеде көп жылдық еңбегіңнің 

елеусіз  қалғанынан  асқан  азап  жоқ 

шығар,  бәлкім.  Ал  Елбасының  өзі 

халыққа сіңірген еңбегіңді лайықты 

түрде  бағалап,  марапаттап,  құрмет 

көрсетсе,  ол    басыңа  қонған  зор  

бақыт емей немене? Мен сондай зор  

қуанышқа    1999  жылы  ие  болып, 

Елбасының  Жарлығымен  «Құрмет» 

орденімен,  одан  кейінгі  жылдары  

өзге де 7 медальді төсіме таққанымды  

мақтан тұтамын.  Ал сіздің  «Тәуелсіз 

еліміздің  Тұңғыш  Президенті 

Нұрсұлтан  Әбішұлының    қандай 

қасиеттерін  жоғары  бағалайсыз?» 

деген  сауалыңызға  хәкім  Абай 

Құнанбайұлының  «Адамды  қандай 

іс    атқарғанына    қарап  бағалау  ке-

рек»  деген  сөзімен  жауап  бергім 

келеді.  Қандай әділ баға десеңізші?!  

Қазақ  елінің    қол  жеткізген  табы-

сын  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  ерен 

еңбегімен  байланыстырмау  мүмкін 

емес. Бақыт құсы болып басымызға 

қонған тәуелсіздігіміздің  сәулетшісі 

Нұрсұлтан Назарбаев жаңашыл, то-

сын  идеялар  мен  орнықты  ойға  ке-

мел,  әлемдік  деңгейдегі    саясаттың 

кемеңгері  екендігін  уақыттың  әрі 

тарихтың өзі көрсетіп отыр.  

- Биыл барша отандастарымыз 

тұғыры биік Тәуелсіздік мерекесінің 

25  жылдығын  кең  көлемде  атап 

өтуде.  Сіздің  ойыңызша,  ата-

бабаларымыздың білегінің күшімен, 

ақ  найзаның  ұшымен  келген 

азаттықтың  қадірін  жете  түсініп 

жүрміз бе?

- Тәуелсіздіктің алтын діңгегі, уық 

болып шаншылған тіреуі  азаматтық 

намысын  жалаулатып,  егемен  ел 

мен  қасиетті  жерін  аппақ  арындай 

қорғайтын да - жастар.  Өркениетке 

бет алған жолдағы бар қиындық пен 

ауыртпашылық,  болашақтағы  бере-

ке  мен  ырысқа  кенелетін  заман  да 

солардың еншісінде. Бүгінде елімізде 

14- 29 жас аралығындағылар 4 милли-

он, ал 14 жасқа дейінгілер  3 миллион-

ды құрап отыр. Бұл - халқымыздың тең 

жартысына жуығын жастар құрайды 



Жандар КӘрІБАЙҰЛЫ, қоғам қайраткері:

деген сөз. Олай болса, олардың ертең 

шығар биігін аласартпауға бүгін қам 

жасауға  міндеттіміз. Және бұл жағдай 

жасалып та жатыр. «Жастар туралы» 

арнайы заң қабылданды. 

Ат а   З а ң ы м ы з д а   ж а з ы л ғ а н 

д е м о к р ат и я л ы қ ,   ә л еум е т т і к , 

құқықтық, зайырлы жаңа қоғам орнату 

жастардың бойына адалдық, әдептілік, 

жауапкершілік,  қайырымдылық, 

әділдік,  имандылық,  адамгершілік, 

отаншылдық сияқты ізгі қасиеттерді, 

аға  ұрпақтың  әлеуметтік-мәдени 

тәжірибесін,  әлемдік  өркениет 

құндылықт арын  қаншалықты 

дәрежеде сіңіре алдық, міне осыған 

байланысты.  Уақыт  алға  жылжып, 

замана  өзгерген  тұста  бұл  оп-оңай 

шешілмейді.  Өйткені  адамның 

қадір-қасиетін,  азаматтық  беделін 

байлықпен  өлшейтін  дерт  бұрынғы 

дәстүрлі  құндылықтар  жүйесін 

жүдетіп, жас буынның қоғамдық-саяси 

белсенділігін төмендеткені шындық.

Қазан төңкерісіне дейін жетімдер үйі, 

абақты, қарттар үйі атымен болмаған 

елде  қазір ұлттық кейпімізге кінәрат 

салып,  намысымызға  дақ  түсіріп 

жүрген  «көкек  аналар»,  «тастанды 

балалар», «түнгі көбелектер» сияқты  

касиетсіз  әдеттер  неге  етек  жайып, 

белең алып барады?  Осы сұрақ жеке 

адамды ғана емес, бүкіл қоғамды ой-

ландырып, қамықтырып отыр.

«Қызға кырық үйден тыйым» деген 

халықтық кағида ғасырлар бойы қалың 

қауымға ар жүгінің ауырлығын мойын-

датып, алып дүниенің панасы - болашақ 

ананың сүттен ақ, судан таза пәктігін 

ғұмыр  бойы  қадірлеп-қастерлеудің 

қажеттігін  сан  ұрпақтың  санасына 

сыналап сіңіріп келмеп пе еді?! Ұлт 

ретінде қалыптасып, мемлекет болып 

отырғанымыз  соның  нәтижесі  ғой. 

Ертедегі Акжүніс, Баян, Қыз Жібек, 

Қамарлардың  ұрпаққа  ұран  болған 

алдырмайтын қамалдардың, майданға 

аттанған Құдай қосқан қосағын өле-

өлгенше  тосып,  ақ  төсегін  аялап, 

сағынышын саялап, адалдығын бақиға 

ала  кеткен  еді  ғой.  Міне,  осындай 

аппақ арына дақ түсірмеген қазақтың 

қыз-келіншектері  ғана  ұлықты  ұл, 

қылықты қыз өсіріп, немере, шөбере 

сүйіп,  уыздай  ұйыған  шаңырақтың 

шырақшысы бола алады. 

Адалдық, әдептілік, имандылық, арды 

сақтау секілді адами құндылықтардың 

арзандауын бәзбіреулер көбінесе  нарық 

заманы алып келген тұрмыс-күйдің 

ауыртпалығымен түсіндіргісі келеді. 

Әрине, оны жоққа шығаруға болмас. 

Бірақ  халқымыз  қандай  қиындық 

басқа  түссе  де,  тіпті  ашаршылық, 

жаугершілік кезінде де  қадір-қасиетін 

жоғалтпай,  ар  мен    ұятын  бәрінен 

биік ұстамап па еді?! Мәселе кеселге 

шалдыққан сананы  емдеуде  болып 

отыр. Бұған қоғамдық пікірді, сананы 

қалыптастыратын БАҚ қызметкерлері 

белсене  қатысса  нұр  үстіне  нұр. 

Мағжан  ақын  айтқандай,  аға  ұрпақ 

«Арыстандай айбатты, Жолбарыстай 

қайратты»  егемен  еліміздің  ертеңі 

жастарға  сенеді.  Басқаша  болуы 

мүмкін  емес.  Себебі  ол  -  бабалар 

аманаты.


 - Өткен аптада Қр Парламенті 

Мәжілісінің  депутаты  Қуаныш 

Сұлтановтың  елордамыз  Астана 

қаласына Тұңғыш Президентіміздің 

есімін беру туралы ұсынысы қоғамда 

қызу талқыланып жатыр. Сіз бұған 

не дейсіз?    

  -  Астана  атауын    Елбасының 

есімімен  атаудың  еш  әбестігі  жоқ.  

Бірақ  ондай қадамға бару Елбасының  

келісімімен, шешімімен жүзеге асаты-

нын ұмытпаған жөн. Дейтұрғанымен, 

мұны тек уақыт көрсетеді.

-  Мереке  қарсаңында  газет 

оқырмандарына  өзіңіздің  жүрек-

жарды лебізіңізді білдірсеңіз...

-  Газет  оқырмандарын  алдағы 

1  желтоқсан  Тұңғыш  Президент 

күнімен және Тәуелсіздігіміздің ши-

рек  ғасырлық  тойымен  құттықтай 

отырып, байтақ жеріміз, асқақ еліміз 

аман болсын, әр шаңыраққа шаттық, 

бақыт нұрын шашатын заман болсын 

деп тілеймін.

- Әңгімеңізге көп рахмет!

Сұхбаттасқан Индира 

БАЙҚоНЫС.


Нұржан СЕрІКХАНҰЛЫ

Күрделі істің күрмеуін шешу мақсатында облыстық 

прокурорлар  «Жастар  және  дін»  атты  жобасын 

жүзеге асырған болатын. Нақты уақытта ол жоба 

өз нәтижесімен қуантуда. Мамандардың айтуынша, 

осы күнге облыстың 23 тұрғыны шетелдік діни оқу 

мекемелерінде, дінге деген көзқарастары дәстүрге 

жат  елдерде  білім  алып  жатыр  екен.  Ал  олардың 

Отанға  оралуы  жергілікті  халық  арасында  теріс 

ойлардың  тарап  кету  қаупіне  себеп  болуы  әбден 

мүмкін.  Жоғарыда атап өткен жоба аясында шетел-

ден 11 студент қайтарылыпты. Және ел арасында 

дәстүрлі емес діни ағымдардың тарап кетуіне тұсау 

салу мақсатында сырттан сауат алып келген студент-

терге өзіміздегі теологиялық оқу орындарында қайта 

білім алу мүмкіндігі ұсынылып, олар жұмыспен де 

қамтамасыз етіліпті. Осы секілді өзекті мәселелер 

қаузалған облыстық прокуратурадағы алқа отырысына 

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат 

Орынбеков,  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық 

филиалы  төрағасының бірінші орынбасары  Берік 

Масат, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі 

апелляциялық сот алқасының төрағасы, кеңес пен 

коллегия мүшелері,  уәкілетті және құқық қорғау 

орындарының басшылары, облыс, қала және аудан 

прокурорлары қатысты. Басқосу барысында арнайы 

дайындалған бейнеролик көрсетілді. Онда 18-25 жас 

аралығындағы Пәкістан, Малайзия елдеріне діни білім 

іздеп барған, прокурорлардың ықпалымен елге оралып, 

отандық оқу орындарында білімін толықтырған азамат-

тар жөнінде деректер көрсетілді. Жалпы мамандардың 

айтуынша, әлемдік әдіс бойынша діни білімді сырттан 

іздеудің қажеті жоқ. Себебі жоғары деңгейде сауат ашу 

жолдары өз елімізде де бар. Сол себепті қазіргі уақытта 

сыртқа кеткен жастардың ата-аналарымен де тығыз 

жұмыс жасалуда. Нәтижесінде келер жылы тағы 4 

азаматымыз тегін әрі сапасыз білім беруге дағдыланған 

шетелден өз өңірімізге оралады деп күтілуде. Басқосу 

жиынына еліміздегі діни білім беретін іргелі оқу 

ордасы «Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры  

Шәмшадин Керім де арнайы шақырылыпты. 

-  Біздің университет Қазақстанда имам кадрла-

рын, оның ішінде имамдарды даярлау мақсатында 

Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Биыл 

университеттің ашылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт 

аралығында оқу ордамыз толыққанды аяғынан тұрып, 

жан-жақты жетілді. Қазіргі уақытта бізде дайындық 

курсынан бастап, докторантураға дейін білім алуға 

болады. 2 дайындық курсы бар. Онда студенттер тегін 

жатақхана, тамақпен қамтылады. Оқу базасында бака-

лавр, магистратура да бар. Бүгінде 1200-ден аса студент 

білім алуда. Олардың  65 пайызы мемлекеттік грантпен 

оқиды. Білім ордасы Египет мемлекетімен бірлесіп 

құрылғандықтан, Египеттен келген ғылым докторлары 

сабақ береді. Нақты уақытта  14 ғылым докторы араб 

тілінде сауат ашумен айналысуда. Сондықтан бізде 

мүмкіндіктер өте көп. Жалпы ТМД елдері арасында 

діни оқу саласы бойынша көш бастап тұрмыз. Өткен 

жылдан бастап теологтар даярлау жоспарын жүзеге 

асырып отырмыз. Яғни алдағы уақытта елімізде үлкен 

теологиялық база қалыптасады. Бізде 2 жыл сырттай 

оқуға да болады.  Осымен 2-ші жыл қатарынан орыс 

тілділерге де  білім беру жобасын жүзеге асырдық. 

Жастар неге шетелге ұмтылады? Себебі ол жақта 

діни білім тегін беріледі. Әрі сапасы өте төмен. Бұған 

мысал ретінде Қырғызстанды айта аламыз. Ал бізде 

грантқа ілікпеген  студенттерді өз облыстары қолдап, 

арнайы стипендия бөліп отыр. Қазіргі таңда мұндай 

игі істі  Қызылорда, Көкшетау өңірлері мықтап қолға 

алған.Олар өз шәкірттерін стипендиямен қамтуда. 

Жамбыл өңірі де осы жайтқа жіті мән берсе,-деді ол өз 

сөзінде діни мәселені жеңуде ұтымды ұсыныс жасап. 

Бұдан бөлек жиын барысында түзету мекемелерінен  

босатылған  тұлғаларды  жұмыспен  қамтуға 

бағытталған «Төленетін еңбек – әлеуметтендірудің 

табысты кепілі», «Кепілгерлік – жаңа институтын 

жүзеге асыру арқылы жаңа қылмыстардың алдын 

алу» және ұрлықпен күресуде тиімді нәтиже көрсетіп 

отырған «Қылмыстық қол сұғушылықтан мүлкімізді 

сақтайық»  атты  маңызды  жобалар  талқыланды. 

Аталған соңғы жобаның іске асырылуынан өңірде 

ұрлық пен мал ұрлығы 4,4 пайызға төмендеп отыр 

екен.   

 

„

Әлемді алаңдатып отырған басты үш мәселенің екеуі экономика мен экология болса, 



үшіншісі – дін мәселесі.  нақты уақытта тегін білім іздеп тентіреп, өңірден діни сауат ашу 

мақсатында сыртқа сандалғандардың саны аз емес. оның барлығы да жастар. Бүгінде 

оларды елге қайтару мәселесі билікті де, бұқараны да алаңдатып отыр. 

ЖоБалар Қауіпке ҚұрыҚ салады

 

„

Қыздың жолын жіңішке санап, ананың аяғының 



астынан жұмақ іздеген халықпыз. Жаны гүлдей нәзік, 

жанары мейірімге толы ақ жаулықтылар қашанда 

отбасы, ошақ қасының ұйытқысы бола білген. ағысы 

түзу, арнасы кең, жағасы жасыл-желекке толы жанұя 

болуы үшін Жамбыл облыстық зорлық-зомбылық 

немесе зорлық-зомбылық қаупі салдарынан қиын 

өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған 

дағдарыс орталығының қамқорлығына жүгінген 

әйелдер де жанұя жылылығын сақтап қалу үшін 

барын салғанын айтады.

отыңды өшіріп алмашы

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Бірақ бірінің күйеуі ащы суды ермек етіп, күн бермесе, енді бірі бірде 

қызғаныштың күйігінен жұдырық жұмсап, енді бірде әрнені бір себеп етіп, 

қамшының астына алыпты. Ал ең сорақысы, дағдарыс орталығына келген 

әйелдің бірін дін жолына күйеуі күштеп кіргізбек болып, көк-ала қойдай сабаса, 

төрт баласын жетектеп келген бір келіншек, әрі-сәрі күй кешіп, әркіл-тәркіл 

сөз айтып, бөлмесіне күн ұзақ қамалып, өз ұстанған діні бойынша ешкіммен 

көрісуге болмайтынын айтады. 



 

„

сыбайлас 



жемқорлықтың алдын 

алу мақсатында 

«нұр отан» 

партиясының төрағасы 

н.Ә.назарбаевтың 

тапсырмасымен 

2015-2025 жылдарға 

арналған сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл бағдарламасы 

қабылданды.

Жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл 

батыл жүргізіледі

Осы  мақсатта  «Нұр  Отан»                           

партиясы Тараз қалалық филиалы 

жанынан  Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  әрекет  жөніндегі  қоғамдық 

кеңес құрылды. Қазіргі таңда бұл 

қоғамдық кеңес нәтижелі жұмыстар 

жүргізуде.  Қоғамдық  кеңестің 

құрамында тоғыз мүше бар, оның 

4-і  Тараз  қалалық  мәслихатының 

депутаттары.

Тек  ағымдағы  жылдың  өзінде 

қалалық партия филиалы жанындағы 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы 

әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің 

мүшелерімен 7 қабылдау өткізіліп, 

онда 15 азамат жеке өтінішпен келсе, 

оның  15-і де шешімін тапты. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 

жұмысын  ақпараттық  қолдау 

мақсатында  Жамбыл  облыстық 

және Тараз қалалық басылымдарда 

7  мақала  жарық  көрсе,  интернет-

ресурстарда 3 материал жарық көрді. 

«Өзіңнен баста!» республикалық 

акциясы аясында қалалық мекеме-

ұйым басшыларынан арнайы сауал-

нама жүргізу арқылы жеке табыста-

ры туралы мәліметтер жинақталып, 

олар  қалалық  «Жамбыл-Тараз» 

газетінің  бетінде  жарияланды. 

Есепті кезеңде 7 мекеме-ұйым бас-

шылары  табыстары  туралы  ашық 

мәлімдеді. Ал әлеуметтік желілерде 

21  мемлекеттік  орган  басшылары 

мен  орынбасарлары,  сондай-ақ 

15  депутат  жеке  табысы  туралы 

ақпараттарын жариялады.

Қоғамдық  кеңестің  жұмыс                       

жоспарына  сәйкес  «Карикатура-

лар  байқауы»  бойынша  бастауыш 

партия  ұйымдарында  байқаулар 

ұйымдастырылып отырады.

«Нұр  Отан»  партиясы  Тараз 

қалалық филиалы жанындағы Сы-

байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 

жөніндегі қоғамдық кеңес қалалық 

құқық қорғау органдарымен бірлесе 

отырып,  партияның  «Сыбайлас 

жемқорлықсыз ел – гүлденген ел» 

жобасы аясында Әділет басқармасы, 

Халыққа қызмет көрсету орталығы 

және  өзге  де  мекемелермен  бірге 

бастауыш  партия  ұйымдарында 

«Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес- 

ортақ  парызымыз»,  «Қоғамда 

сыбайлас  жемқорлыққа  төзімсіз 

көзқарас  қалыптастыру»,  «Жастар 

жемқорлыққа қарсы», «Жемқорлық-  

жегі  құрт»  тақырыбында  түрлі                                                                           

акциялар  мен  дөңгелек  үстел, 

семинар-кеңестер ұйымдастырылды. 

Аталған  шаралар  барысында 

жемқорлыққа  қарсы  шараларды 

мекемелерде  өткізу,  үнемі  назарда 

ұстау, мекемелердегі мамандар мен 

жастарға жемқорлықтың келтіретін 

залалдары,  болашаққа  кері  әсерін 

тигізетіндігі  жөнінде  кеңінен 

түсіндіру  жұмыстары  жүргізіліп 

келеді.


Қайрат ЖЕТІБАЕВ, 

«Нұр отан» партиясы Тараз 

қалалық филиалы жанындағы 

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет