ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Əбу Дулаф
Қызыл теңіз жағалауында дүниеге келген араб саяхатшысы Əбу Дулафтың X ғасырда
жүрген жолы қазақ жері арқылы өткен. Ол Бұхара қаласындағы Самани əулетінің
билеушісі Наср ибн Ахмед (914 – 942) тұсында сарай қызметкері болған. Сол дəуірдегі
бірнеше түркі елдерін, мысалы, оғыз, печенег, кимек, шігіл, қарлұқ мемлекеттерін
аралаған. Біріккен тайпалардың шаруашылығы, қоныстануы, діні, салт-дəстүрі жайлы
құнды мəлімет жинаған. Оның жазбаларындағы тағы бір қызықты дерек – кимектердің
қамыс қауырсынмен жазуы.
Махмұд əл-Қашқари
Махмұд əл-Қашқари
– бірнеше түркі тілдерін
жақсы меңгерген əйгілі түрік
саяхатшысы. Ол Ыстықкөлдің
оңтүстік жағалауында
орналасқан Барсхан қаласында
дүниеге келген. XI ғасырда
Махмұд əл-Қашқари өзінің
құнды еңбектерін жазу үшін
түркі халықтары мекендейтін
барлық аймақты шамасы
келгенше аралайды. Саяхатшы
түркі халықтарының жартылай
отырықшылық жəне жартылай
көшпелілер екендігі туралы,
түркі қалаларының орналасуы,
шаруашылығы жайлы жазған.
Махмұд əл-Қашқари түрлі
тарихи жəне мифологиялық
аңыз-əңгімелерді келтіріп,
түріктердің ру-тайпалық
бөліну дəрежелері, металдар
мен минералдар, ауру
жəне дəрі-дəрмектер, салт-
дəстүрлер, балалардың ұлттық
ойындары туралы мол деректер
қалдырған.
325
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
ƏЙГІЛІ ЕУРОПАЛЫҚ ҒАЛЫМДАР
МЕН САЯХАТШЫЛАР
Геродот
Скифтердің тұрмыс-тіршілігімен етене
жақын танысқан – тарих атасы Геродот.
Грекияның Га ликарнасынан шыққан Геродот
біздің заманымызға дейінгі 455 – 445 жылдар
шамасында Эгей теңізіне, Парсы еліне,
Мысырға, Италияға, Скифияға, Македонияға
саяхат жасайды. Дарынды ғалым са
пардан
оралған соң өзі болған елдердің тарихына
байланысты көлемді еңбектер жазады. Оның
бұл еңбектерінің ішінде скиф елі туралы
жазғандарының маңызы зор. Грек-эллиндер
скиф деп атағанымен, олар өздерін сколат, ал
Мидия, Ассирия, Лидия елдері ишкуз (эшкуз)
деп атағанын айтады. Ұлы тарихшы скифтер
тарихына терең зер сала отырып, олардың
өжет, жауынгер ел екенін баса айтқан. Геродот Дарий Гистасптің скифтерге жорығы,
скифтердің Месопотамияны, Сирияны, Палестинаны жаулап алып, Кіші Азияда 90 жыл
үстемдік құрғаны жəне т.б. жөнінде көптеген қызғылықты мəліметтер қалдырған.
Антоний Дженкинсон
Қазақ жерінде болған саяхатшының бірі – ағылшын Антоний Дженкинсон. Ол қазақ
жерін мекендеген жергілікті тайпалар туралы маңызды жазба деректер қалдырған.
1557 – 1572 жылдары төрт рет Ресейде болып қайтқан. Ресей патшасынан қолдау
тапқан Дженкинсон 1558 жылы Мəскеуден шығып Бұхарға келеді. Бірақ дəл сол кезде
соғыстың кесірінен Бұхар мен Қытайдың арасындағы қатынас үзіліп, Бұхарда төрт
ай тұрған Дженкинсон 1559 жылы наурызда кері қайтады. Сондықтан ол Орта Азия
елдерімен байланысын қайта жалғау үшін 1561 жылы Елизаветаның өтінішімен Россия
патшасының рұқсатын алып, 1562 жылы Парсы еліне сапар шегеді. Онан 1563 жылы
оралады. Ол осы сапарына арнап Орта Азия мен Қазақстан жайлы үлкен еңбек жазады.
Еңбегінде қазақтарды мал жайымен үнемі көшіп жүретін жауынгер халық ретінде
суреттеген.
326
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Томас Уитлам Аткинсон
Аткинсон Томас Уитлам – ағылшын саяхатшысы əрі суретші.
1799 жылы Англияның Йоркшир қаласында дүниеге келген.
Аткинсон қазақ жеріне 1848 – 52 жылдары саяхат жасап,
түрлі зерттеулер жүргізген. Ол «Шығыс жəне Батыс Сібірдегі
зерттеулер» атты екі томдық еңбек жазған. Еңбек 1858 жылы
Лондонда жарық көрді. Онда Семей, Аягөз, Қапал, Алматы
қалалары мен бекіністеріндегі тұрғындардың шаруашылығы,
қазақтардың тұрмыс-салты, əдет-ғұрпы, билеуші топтар
арасындағы талас-тартыс, т.с.с. көптеген деректер бар. Алатаудың
солтүстік беткейіндегі, Зайсан мен Балқаш аралығындағы
кездескен түрлі обалар мен зираттардың құрылымдарын
сипаттап жазған. 1848 жылы маусымда «көкжал» атанған Барақ сұлтан Шүрекұлымен
кездеседі. Аткинсон дала тұрғындарының ақындық рухына, дəстүрлі таным-түсінігінің
жоғарылығына, түрлі жер аттарына (Қаркөл, Қалмақтау, Ақтас, Ертіс т.б.) байланысты
аңыз-əңгімелерді баяндап, қазақтардың рухани мəдениетіне ерекше баға береді.
Плано Карпини
Ертедегі қазақ жері туралы италиялық саяхатшы Плано
Карпинидің еңбегінде аса құнды мəліметтер келтірілген.
Шыңғыс хан əскерінің Еуропаға басып кіруінен қауіптенген
Рим папасы Иннокентий IV 1245 жылы Карпини бастаған
миссионерлерді Шыңғыс хан империясына жібереді.
Олардың мақсаты түрлі мағлұматтар жинау жəне христиан
дінін уағыздау болды. Карпини Еділ өзені бойындағы
Бату хан ордасына соғып, одан ары Хорезм, Жетісу жəне
Тарбағатай арқылы Моңғолиядағы Ұлы хан ордасына
жетеді. Онда төрт айға жуық болып, Күйік ханның таққа
отыру салтанатына қатысады. Карпини Орталық Азия
халықтарының тарихы, тұрмыс-салты, əскери күші, т.б.
жөнінде маңызды мағлұматтар қалдырған. 1247 жылы кері
оралған Карпини Күйік ханның хаты мен өзінің сапары
жөніндегі есебін Иннокентий IV-ге тапсырады. Бұл латынша жазылған «Libellus his-
toricus» аталатын шығармасында Сырдария жазығындағы Отырар, Сауран, Бар кент,
Янгикент, Жент, Ашнас т.б. қалалар туралы, жалпы Қазақстанға қатысты құн ды
деректер бар.
327
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Гильом Рубрук
1253 жылы француз королі Людовик IX жіберген
фламандтық монах Рубрук басқарған елшілік
Моңғолияға сапарға шығады. Бұл миссияның
мақсаты: моңғолдар арасында христиан дінін
уағыздаймыз деп, оның астарында Ұлы хан мен
ислам дінін ұстанған елдерге қарсы одақ құру жолын
қарастыру үшін барлау жүргізу болды. Рубрук
Франциядан шығып, Палестина, Константинополь,
Қырым, Дон далалары арқылы өтіп Бату Сарайына
келеді. Одан кейін Орталық Азия аумағы арқылы
Орталық Моңғолияға жетеді. 1254 жылы көкек
айында Қарақорымға табан тірейді. Рубруктың
христиан дінін уағыздау мақсаты іске аспағанмен,
ол көптеген құнды ақпараттар жинастырады. Кері
қарай Кавказ бен Кіші Азия арқылы оралады.
Рубрук шығармаларында өзі болған аймақтардың
географиясы, соның ішінде түркі халықтарының,
ежелгі қазақтардың тарихы, этнографиясы туралы
жан-жақты деректер бар.
ҚЫТАЙ, АРМЯН САЯХАТШЫЛАРЫ
Чжан Цянь
Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі ру-тайпалық
одақтар мен ертедегі мемлекеттердің əлеуметтік-саяси
құрылымы, олардың өзара жəне Орталық Азиядағы көне
иеліктермен байланысы жөніндегі алғашқы деректерді
бізге Чжан Цянь жеткізді. Чжан Цянь бұл елдерге б.з.б.
138 жылы жəне б.з.б. 115 жылы екі рет саяхат жасаған.
Қытайлықтар ғұндарға қарсы Орта Азия тұрғындары
– юэчжилермен жəне Жетісу үйсіндерімен одақтасу
мақсатын көздеген еді. Чжан Цянь, əсіресе, өз саяхаты
барысында жатжерліктердің шаруашылығының жай-күйіне, əскерлерінің санына, қа-
ру-жарақтарына баса назар аударған. Сондай-ақ олардың əдет-ғұрпының, мінез-құл қы-
ның, киім-кешегінің ерекшеліктерінің бəрін жазып алып отырған.
328
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Сюань Цзянь
Қазақ жерінде болған Қытай елінің
саяхатшыларының бірі – Сюань Цзянь.
Ол будда дінін уағыздау мақсатында
Орта Азия, Үндістан, т.б. елдерде болып,
бірқатар мемлекеттерді аралайды. Сюань
Цзянь өзі нің жүріп өткен жерлері туралы
көптеген құнды жазбалар қалдырған.
Соның бірі «Ұлы Тан əулеті кезіндегі
Батыс өлкесі туралы жазбалар» («Да
Тан Сиюйцзи») деп аталады. Ол Түркі
қағандығының астанасы Суяб қаласына
да келіп, түрік қағанымен кездескен.
Ол өз шығармасында осы кездесуді,
кездесу кезінде алған əсерін, көрген-
білгендерін, түрік қағанының сарайын,
түрік ақсүйектерінің киімдерін, түрік
тайпалары мен басқа да тайпалардың
кəсібін, əдет-ғұрпын суреттеген. Сюань
Цзянь Суяб, Навакет, Талас қалалары
арқылы жүріп өткен.
Гетум елшілігі
1254 жылы 13 қыркүйекте Қарақорымдағы ұлы хан Мөңке ордасына Кіші Армения
патшасы Гетум І-нің өзі басқарған елшілік келеді. Ол Мөңке ханнан салықты жеңілдетуге
жəне оны армяндардың өздерінің жинауына рұқсат алу мақсатын көздеген болатын.
Гетум елшілігі Еділ бойындағы Бату ханның ордасынан Жайық өзені арқылы шығысқа
қарай бет түзеп, Сарыарқаның үстімен Ертісті кесіп өтіп, Қарақорымға жеткен еді.
Қайтар жолында Гетум елшілігі Шығыс Түркістанның Алмалық, Ілебалық қалаларын
басып өтіп, Оңтүстік Іле жолымен Таразға соғып, Қаратау сілемдері арқылы солтүстікке
бағыт түзейді де, Сығанақтың солтүстігінде орналасқан Сартақ ордасына келеді. Оған
жолыққаннан кейін Сығанаққа кері қайтып, Сауран мен Иасы (Түркістан) арқылы
Отырарға жетеді де, Сырдариядан өтіп, 1255 жылы Арменияға қайтып оралады. Ол
сапар барысында жазған жолжазбаларында Қазақстанның сол кездегі тарихы мен
географиясына қатысты құнды мəліметтер қалдырған.
▲Сюань-Цзянь
(VII ғ.)
Сюань-Цзянь – будда дінін на си хаттаушы
монах, дін жолын қуған адам. 30 – 40 жыл-
дары Үнді жеріндегі буддалық əулие орындарды
қасиет тұтып, ара лап шығады. Оның жолы
Шы ғыс Түркістан, Орта Азия ар қы лы өтеді.
Ол өз саяхаты барысында көрген-білгендерін
«Батыс елдері нің сипаттамасына» енгізеді.
Сюань-Цзянь аталған еңбегінде Қа
зақ-
стан терри ториясында ғы қала лардың арасында
Тараз бен Исфиджаб қа лаларын атап өтеді. Сон-
дай-ақ өзі нің түр кі қа ғаны мен кездесуін суреттеп
жазады.
329
ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН
ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
РЕСЕЙ САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ
ҚАЗАҚ ЖЕРІН ЗЕРТТЕУІ
Григорий Николаевич Потанин
1835 – 1920 жылдары өмір сүрген орыс географы,
этнографы, саяхатшысы Потанин Григорий Николаевич
түркі-моңғол халықтары мəдениетін зерттеумен
айналысқан. Потанин қазақ даласын, көшпенділердің
тұрмыс жағдайларын, тарихын танып-білуге əуестенген.
Ол ауыз əдебиетіне, этнографияға қатысты көптеген
материалдарды жазып алып отырған. Ш.Уəлихановтың
Николай Петрович Рычков
1746 – 1784 жылдары өмір сүрген орыс ғалымы,
тарихшы əрі географ Рычков Николай Петрович
Қазақстанға саяхат жасап, көптеген маңызды мағ-
лұматтар қалдырған. Ол əскерде қызмет атқарып, 1767
жылы капитан шенінде отставкаға шыққаннан кейін
П.С. Паллас басқарған Орынбор экспедициясының
құрамында болады. Жайық бойымен Оңтүстік
Орал жəне Батыс Қазақстанға саяхат жасап, зерттеу
жұмыстарымен айналысады. 1771 жылы Рычков Жоң-
ғарияға қашқан қалмақтарды қайтару үшін Орскіден
аттанған əскери жасақтың құрамына еніп, жолшыбай
табиғи-географиялық жəне этнографиялық мəліметтер
нұсқауымен Орта жəне Ұлы жүз қазақтарының жəне жоңғарлардың Ресеймен қарым-
қатынастарына байланысты мұрағат материалдарымен танысады. «Қазақтардың жəне
алтайлықтардың аңыздары, аңыз-əңгімелері жəне ертегілері» (1916) атты жинақ жəне
«Қазақтың соңғы ханзадасының үйінде» (1896) атты мақала бастырып шығарды.
жинауға П.С. Палластан арнайы тапсырма алады. Осы сапардың негізінде 1772 жылы
«Н.Рычковтың 1771 жылы қырғыз-қайсақ даласына сапары кезіндегі күнделігі» атты
еңбегі жарық көрді. Мұнда қазақтардың əскери өнері мен қару-жарақтарына көп көңіл
аударылған. Онда қазақ жүздері, халық саны мен этнографиялық аймағы, əдет-ғұрпы,
шығу тегі жөніндегі аңыз-əңгімелерді де табуға болады.
330
ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ
Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық жəне рухани даулы
мəселелерін, қылмысты істерінің бəрін шешетін ежелгі əдет заңы, ережесі болған.
Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың ІІ жартысы)
билердің үкімімен шешіліп келген.
Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал жəне ар дауы
деп беске бөлуге болады. Екі рулы ел жерге, жесіріне немесе ұрланған малы мен малын
жоқтап қапыда қазаға ұшыраған ерінің құнын жоқтап таласқанда тоқтам айтысып,
бітісер жері билер соты болған. Даулы мəселені екі рудың билері жоқтап өзара
айтысқа түскенде, ара би əділ қазылық айтып, тоқтамға келтіріп құн кескен. Ердің
құнын, нардың пұлын тауып айтқан тобықтай сөзбен бітістіру – сөз қадірін бағалай
білушілік халық дəстүріне негізделген. Сөзге тоқтау, «Аталы сөзге тоқтамағанның
əкесі өледі» деп сөз қадірін құдірет тұту, «Тура биде туыс жоқ» деп əділ билік айтқан
билердің үкімін екі етпей, мүлтіксіз орындау парасаттылықты байқатады. Халықтың
осындай қарапайым тəжірибесінен туындаған қазылық институт, билік-төрелік
айту əдеті қалыптасқан.
Қазіргі кездегі еліміздің құқықтық жүйесі – римдік құқыққа негізделген. Бірақ
қазақтардың əдет-ғұрып құқығы «Əдет» ережелері – халықтың күнделікті өмірінде
жастар мен қарттар арасындағы қарым-қатынасын, жерлеу, ас беру, құда түсу,
шаңырақ көтеру, бала тəрбиелеу жəне т.б. істерді реттеп, өз өміршеңдігін танытып
келеді.
ДАЛА ЗАҢДАРЫ
«Əдет»
Ежелгі Алтай адамзат мəдениетінің даму орталықтарының
бірі болғаны туралы тарихшылар зерттеп дəлелдеген. Ол өзінің
ұлылығымен Мысыр жəне Месопотамиядан кем түспеген.
Алтайда əлемге көшпелі өркениет сыйлаған, кейіннен
Моңғолия, Шығыс Түркістан, Қазақстан, Орталық Азия жəне
Кавказ жерлерін қамтыған біздің ата-бабаларымыз – түркілер
өмір сүріп, қанат жайған. Қазақстанның қазіргі аумағы жəне
қазақ халқы осы өркениеттің тікелей мұрагері болып табылады.
Бізге жеткен ең ежелгі шынайы əділеттілік ілімі Дала заңдары
– «Білік», Арыс би дананың өсиеттері. Арыс би үш мыңдай жыл
бұрын өмір сүрген. Оның құрметіне Оңтүстік Қазақстандағы
Арыс өзенінің атауы берілген.
331
ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ
Арыс бидің «Білігімен» немесе Даланың əдет-ғұрып құқығы – «Əдетпен» (Адат)
ежелгі түркі мемлекеті – қағанат өмір сүріп дамыған.
Барлық өзге құқықтық қағидалардың қайнар көзі болған «Əдеттің» ең басты ережесі
түркілердің жалғыз құдайы Тəңір алдында теңдігін мойындауы болды. Осыдан «қанға
– қан, мертіктіруге сондай мертіктіру» деген кек алу заңы шыққан.
«Жасақ»
Дала өмірінің барлық қыр-сырларын реттейтін
заңдарының келесі кезеңі – ұлы қолбасшы, түркі
халықтарының басын қосқан Шыңғыс ханның «Ұлы
ережелер жинағы» – «Жасақ» (Яса) болды. Ол 1206
жылы жарияланған еді.
«Əлемді дүр сілкіндіруші» Шыңғыс ханның
жарлығы бойынша жəне оның басшылығымен
«Жасақты» ханның əскери қолбасшысы əрі кеңесшісі
Майқы би жазды. Ол – қарапайым өмірдің қағидалары
мен заңдары – Білікті, билік пен мемлекет соты –
Төрелікті, əскери тактика мен стратегия – Жасақты
қамтыды.
«Ұлы Жасақта» мемлекетті нығайтуға, соғыс
жүргізуге басты назар аударылды. Бұл жерде
қатаң тəртіп қажет еді. Сол себепті өзін-өзі хан
деп жариялау, əдейі алдау, үш рет барынан айрылу,
қашқын тұтқынды немесе құлды жасыру, соғыста
жəрдем бермеу, майданнан қашу, сатқындық, ұрлық
жасау, жалған куəлік беру, үлкендерге құрмет
көрсетпеу секілді қылмыстар өлім жазасына
тартылды.
Ұлы Далада 400 жылға тыныштық орнады.
Қолөнер мен сауда-саттық қатынас өркендеді.
▲ Шыңғыс хан шығарған
«Жасақ» заңынан үзінді
332
ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ
«Қасым ханның қасқа жолы»
XIV ғасырдың аяғында Шыңғыс хан ұрпақтары Жəнібек пен Керей Қазақ хандығын
құрды. Ал 1511 жылы билік басына Жəнібектің ұлы Қасым келді. Əскери қабілеті мен
халықты соңынан ерте білу дарынымен танылған Қасым хан мемлекеттің нығайып,
кеңеюіне бар күшін жұмсады.
Ыдыраушылықты жою үшін қатаң тəртіп пен бағынушылық қажет еді. Қасым хан
жаңа мемлекетті басқару аясында «Əдет» пен «Ұлы Жасаққа» негізделген заңдар
жинағын жасады. Бұл заң бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде жер жəне жесір
дауына орай құн төлеу, салық төлеу мəселелері қарастырылған. Екіншіде – қылмыс
пен жаза өлшемдері белгіленген. Үшіншісінде – əскери тəртіп пен оны бұзушы -
ларға қолданылатын жаза түрі, ал төртінші бөлімде – елшілік қарым-қатынастар
айқындал ған. Бесінші бөлім халықтың ата-дəстүріне арналған.
«Есім ханның ескі жолы»
Халық əр түрлі діни нанымдарына қарамай, бір-бірімен тату-тəтті өмір сүрді.
Мұсылмандардың мешіттері мен христиандардың шіркеулері, Тəңірге табынушылардың,
буддашылар мен зороастрийлердің қасиетті мекендері қатар тұрды. Алып елдің ұлан-
ғайыр жерінде байланыс (пошта) қызметі жақсы жолға қойылды. Хат жеткізушілер мен
жиһанкездердің белгіленген орынға хабар не хат жеткізу жылдамдығы XX ғасырдың
басындағы теміржол қызметімен бірдей болды.
Өкінішке орай, ішкі келіспеушіліктер біртіндеп Шыңғыс хан империясының
тамырына балта шапты. Империя бірнеше шағын мемлекеттерге ыдырап, олардан да өз
кезегінде шағын мемлекеттер бөлініп шықты.
Мемлекетті нығайтып, заң үстемдігін күшейткен келесі адам – Есім хан. Оның билігі
тұсында XVI ғасырдың аяғында Қазақ хандығының жағдайы айтарлықтай күрделенді.
Сырдария маңындағы қалаларға иелік ету үшін Бұхара хандығымен болған соғыс
ұзаққа созылды. Қоғамда билікке деген сенім мен құрмет айтарлықтай төмендеді.
Осындай жағдайда мемлекеттің ыдырауының алдын алу жолы – халықты ортақ мүддеге
жұмылдыру, біріктіру еді. Есім хан халық жадында «Есім ханның ескі жолы» деген
атпен танымал өзінің құқықтық ережесін жасады.
Бүгінде Қасым хан мен Есім ханның заңдар жинағы Тəуке ханның «Жеті жарғысынан»
орын алған.
►
«Есім ханның ескі жолы»
333
ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ
Ата-дəстүр мен салт-санадан алынған
бұл заңның негізі қазақтарды тура жолмен
жүруге шақырды. Əділдігіне орай «Қасым
ханның қасқа жолы» деп аталған осы заң
қазақ тарихындағы алғашқы заң еді.
«Жеті жарғы»
Дала халқы – түркілерде əрдайым білім мен даналықтың шырақшылары – билер
болған. Олар ар мен əділеттілік өсиеттерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Адамдар
даулы істерді шешу үшін билерге жүгінген. Билер сотты əділ түрде жүргізген. Олар
тұрақты жалақы алу құқығына ие болмай, табыстары сот істеріндегі ұтыстан құралған.
Шағын дауларды ру билері, ал аса күрделі істер мен аумақтық келіспеушіліктерді тайпа
мен жүздер билері шешкен. Тəуке хан тұсында Билер кеңесі Қазақ хандығының ең
маңызды мемлекеттік құрамына айналды. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек
би, Кіші жүзде – Əйтеке би төрелік етті.
Тəуке хан (1680 – 1718) билік құрған кезең қазақ тарихында «қой үстіне бозторғай
ұялаған заман» атымен белгілі. Үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой
дала көркі еді. Кедейлер болған емес. Халық оны Əз-Тəуке, яғни даналардың данасы
Тəуке деп атаған.
Қазақ даласында XX ғасырдың басына дейін басшылыққа алынған Тəуке ханның
тұсында жазылған заңдар жинағы – «Жеті жарғы». «Жеті жарғының» үзінділері бізге
этнограф А. Левшин жазбалары арқылы жетті.
«Жеті жарғыдағы» ең ауыр қылмыстар: адам қанын төгу, тонау, ұрлық, зорлау,
зинақорлық, жақынына үйлену, біреудің əйелін оның келісімінсіз алып қашу өлім
жазасына бұйырылған. Жеті куəгер болған жағдайда Құдайды əшкерелеген адамның
жазасы да – өлім.
Өлім жазасы билердің шешімімен немесе талапкердің келісімімен жеңілдетілуі
мүмкін болған. Мұндай жағдайда қылмыскер əр қылмысы үшін белгіленген құн төлеген.
Өлтірілген ер адам құны – 1000, əйел құны – 500 қой. Сұлтан өлтірілсе, жеті кісінің
мөлшерінде, яғни 7000 қой берілген.
►
«Қасым ханның қасқа жолы»
334
ДАЛА ЖАРҒЫЛАРЫ
Күйеуін өлтірген əйел өлім жазасына кесілген. Ондай əйелді тек күйеуінің
туысқандары кешірген жағдайда ғана болмаса, ешқандай құн төлеуі құтқара алмаған.
Бірақ бұл ереже аяғы ауыр əйелдерге жүрмеген. Олар жазаланбағанымен, өмір бойы
шеттетіліп, қарабет ретінде танылған.
Қазақ заңына сəйкес, мал ұрлап əшкереленген ұры алдымен малды қайтарып берген
жəне оның үстіне 3 «тоғыздан» тұратын айып тағылған. Мысалы, түйе ұрлағаны үшін
бірінші тоғыз – 9 бас түйе, екінші тоғыз – 9 бас ат, үшінші тоғыз – 9 бас сиыр, барлығы
27 мал айып төленуі тиіс болған.
«Əдет» бойынша əйел адам құқықтан мақрұм қалған. Əдет-ғұрыпта «əйел тек өзін
билей алады, өзі үшін жауап береді» делінген. Əйелдер қазақтардың қоғамдық өміріне
қатыспаған, тіпті сот ісін қарау кезінде куəгер де бола алмаған.
Отбасында үй иесі балаларына толық билік жүргізген.
Халықтық жиындарға əр қазақ қарумен келуі тиіс болатын. Қарусыз келген адам
дауыс беру құқығына ие бола алмаған жəне оған жасы кішілер орын бермеген. Кез
келген ұрпақтың, рудың, тайпаның өз таңбасы белгіленген.
Сондай-ақ қылмыс жасаған адамды қара сиырға теріс қаратып отырғызып, ауыл-
ауылды аралатқан жазаның түрі де кездеседі.
▲
«Жеті жарғы». Суретшісі Қ.Ажібекұлы
335
Достарыңызбен бөлісу: |