Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет31/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113
сына жазуы [42]


90
беруге деген сұранысын тастарға салынған суреттері көрсетеді. 
Әрине, шумерлерге дейін, алғашқы қауымдық құрылыс деңгейінде 
тасқа суреттер салынғаны туралы айтуға болады. Сондай-ақ, белгілі 
бір дерекке сүйенген адам, жазу өнерінің алғаш басқа бір елдерде 
пайда болғаны туралы уәж де келтірер. Әлемдік мәдениет дамуы, 
жазу өнерінің пиктограммадан идеограммаға, одан фонограмма 
бағытында дамығанын көрсетеді. 
Пиктограммада тасқа салынған суреттен белгілі бір түсінік 
(қашып бара жатқан аң, жүгіріп келе жатқан адам және т.б.) 
қалыптасады. Уақыт өте келе пиктограмма орнына, мазмұны 
суреттік бейнеге сәйкес келмейтін идеограмма келеді. Мысалы, енді 
аяқтың суреті тек аяқты ғана білдіріп қоймай, аяқпен байланысты 
қимыл-әрекеттерді де береді. Алғашында сына жазулары кішігірім 
(ұзындығы 4-5 см және ені 2,5-3 см) піскен бауырсақ тәрізді томпиған 
сазға ойып жазылса, кейін кітапшалар жалпақ түрге ие болып, 
көлемі де ұлғайған (11 × 10 см). Абстрактілі түсініктерді, әрекеттерді 
бейнелейтін идеограммалар белгілі бір ой қорытындысын қажет 
етеді. Арнайы әдебиеттерде алғашқы қауымдық құрылыс адамының 
«жүгіру», «ішу» тәрізді етістіктерді су ішіп жатқан адам немесе жа-
нуар суретін салмай бере алмайтыны айтылады. Зерттеу жұмыстары 
шумер жазу өнерінің аз уақыт ішінде өз дамуында бірнеше са-
тыдан өтіп, айтарлықтай жетілгенін көрсетеді. Уруктің төртінші 
қабатына жататын (б.д.д. 2900-2600 жж.) саз кітапшаларда адам, 
оның дене бөліктері, еңбек құралдары және т.б. бейнеленген. Бұл 
бейнелер адамдар, жануарлар, өсімдіктер, құрал-жабдықтар туралы 
мәліметтер береді.
Саз кітаптардың мазмұнынан соқаның, жүк арбасының, 
қайықтың, әртүрлі қарулар мен тұрмыстық заттардың шумерлерде 
болғанын көреміз. 
Алғашқы жазу өнерінде қолданылған суреттер күрделі 
түсініктерді беруге тиімсіз болған, сондықтан ол сөз дыбыстарын 
беретін белгілерге ауыстырылған. Тарихи дамудың бір кезеңінде 
идеограммалар фонограммаларға өтіп, енді жұлдыз белгімен 
белгіленіп, ол «а» деп оқылды. Осылайша, фонетикалық жазу өнері 
өмірге енеді. Шумерлер жазу өнерін жүйеге келтіріп, оны біздің 
түсінігіміздегі жазу өнеріне жақындатып қана қоймай, мыңдаған 
жылдарға созылған күрделі өмірлерінде мәдениет жетістіктері мен 


91
жазу өнерін Алдыңғы және Кіші Азия жеріне таратушылар да бол-
ды. Оған мемлекеттер арасында жүргізілген елшілік, сауда-саттық 
қатынастарының үлкен әсер еткені белгілі. 
Археологиялық жұмыстар кезінде шумер суретшілерінің 
шеберлігін көрсететін көлемі әртүрлі, биіктігі 8 см, диаметрі 5 см ци-
линдр мөрлер табылған. Осындай, ұзындығы 16 см болатын мөрдегі 
бейнелер өмір, тіршілік салттарын, сенім нышандарын білдіреді. 
Ерте пайда болған цилиндр мөрлер мен пиктограмма жазуының бай-
ланысты болғаны күмән тудырмайды. 
Ағылшын археологтары Г. Лэйярд пен Х. Рассама Лондонға 
қазба жұмыстары жүргізілген жерден Қосөзен елдерінің мәдениеті 
туралы мәліметтерді беретін, мыңдаған жылдар бойы көмулі жатқан 
30 мыңға жуық «қыш кітаптар» жібереді. Осы жазу өнеріне сына жа-
зуы (клинопись) деген атауды 1700 жылы Оксфорд университетінің 
профессоры Т. Хайд берді. Міне, осы сына жазуларының сырын 
ашуға ұмтылыс Шумер мәдениетімен танысудың алғышарты болды. 
1616 жылы Шығысқа саяхат жасаған итальяндық Пьетро делла Вал-
ле сол кездегі Парсы жерін толық аралап, еуропалықтарға ежелгі 
қала орындары, әсіресе Вавилон мен Персеполь туралы мәліметтерді 
жеткізеді. Өзінің туыстары мен достарына 1625 жылғы 6 тамызда 
жазған хатында ол арабтардың Мукайяр деп аталатын құм төбесінен 
түсініксіз таңбалары бар саз кесектер тапқанын мәлімдейді. 
Арабтар шайтандар мен жындардың іздері деп түсіндірген 
белгілері бар саз кітапшалар қираған Персеполь мен Вавилон орын-
дарында да болады. Ал Валле болса, мұны құпия жазу өнерінің үлгісі 
дегенге, жазудың солдан оңға қарай оқылу мүмкіндігіне назар ауда-
рады. Күнге кептірілгендей әсер қалдыратын саз кесектердің сырын 
түсіну үшін ол төбені бірнеше жерден қазып, құрылыс негіздерінің 
осы кесек өлшемімен бірдей қыш кесектерден қаланғанына көз 
жеткізеді. Атап айтқанда, Мукаяр төбесінің астындағы шумерлердің 
ежелгі қаласы Урды басқан құм төбеге күрек салып, сына жазуларын 
ғалымдарға көрсеткен, оның оқылуына, сырының ашылуына жол 
ашқан алғашқы адам Пьетро делла Валле еді. 
Күнделікті өмірде шаруашылықты жүргізу ісі көптеген қызметші 
мен жұмыскердің болуын, нақты жазбаша есеп беруді талап етеді. 
Сондықтан арнайы зерттеулерде жазу өнерінің екі түрлі бағытта 
жүргізілгені айтылады: біріншісі күнделікті, ағымды тірлікте пай-


92
даланылады. Бұлар қарапайым саздан жасалды және ұзақ уақыт 
сақталмайды. Екіншілері – ұзақ сақталатын саз кітапшалар. Олар 
отқа күйдіріліп, ғибадатхана мұрағаттарына жіберілген. Міне, 
осындай алғашқы саз кітаптар б.д.д. ІV мыңжылдық соңы мен ІІІ 
мыңжылдық басында пайда болса да, күні кеше ғана жазылғандай 
әсер қалдырады.
Күрделі жазу өнерін үйрету мектептер мен оқытушының болу-
ын талап етті. Осыдан шумерлердің баршаға танымал болған «эдуб-
тар» (сына жазулар үйі) мектебі өмірге келеді. 
Көшірмешілік білім отбасында, әкеден балаға мирас болса да, 
жазу өнерін игергендердің басым бөлігі мектептерде оқиды. Уақыт 
өте келе, Қосөзен аймағына орналасқан барлық елде шумерлер 
үлгісінде пайда болған мектептер мемлекет пен ғибадатханалар 
үшін мамандар дайындаған. Білім беру мен мәдениет орталықтарына 
айналған мектеп тәрбиесіне діни білім беретін пәндер кірмей, онда, 
негізінен, шумерлер тілі және әдебиеті оқытылғанын тарихи дәуір 
мәтіндері көрсетеді. 
Оқушылар емле, математика, астрономия, құқық, емдеу 
білімдерін алған. Мектеп өмірі білім, кеңес беретін сипатта дамыған. 
Дегенмен, мұнда оқушы мен оқытушыға қатысты мысқыл, әжуа 
да кездеседі. Мысалы, «Бұзақы ұл туралы» атты шығармада әкесі 
жалқау ұлын көше кезіп сенделмей, жақсы оқушылардан үлгі алуға, 
ынта қойып білім алуға үгіттейді. Нашар үлгерімі үшін мектепте 
жиі жазаға тартылған баланың өтініші бойынша әкесі мұғалімді 
көңілдендіру мақсатында қонаққа шақырады. Құрметті орынға 
отырғызып, бар дәмді тағамын қояды және бағалы сыйлық береді. 
Осыдан кейін оқытушы баланы қабілетті, ынталы оқушы ретінде 
мақтай бастайды.
Қала орындарына қазба жұмыстарының жүргізілуі және 
шумерлердің жазба деректері сырының ашылуы олардың өркениет 
дамуының алғашқы сатысында тұрған, мәдениеті дамыған халық 
болғанын көрсетті. Шумерлер тарих сахнасынан кеткенімен, 
олардың мәдениет саласындағы қол жеткізген табыстары ізсіз қалған 
жоқ. Мысалы, шумер жазу өнерін, шумер тілін оны жаулап алушы 
ассириялықтар мен вавилондықтар қабылдады. Д. Веллард шумер 
тілі Вавилонда барлық мақсатта қолданылғандықтан, оның құқық, 
дін және халықаралық қатынастар тілі болғанынан дерек береді [43].


93
Сыры ашылған сына жазулар – «саз кітаптардың» бірінде: «Кім 
де кім осы саз кітаптарды алып кетер болса, соған Ашшур мен Бел-
лит кәрін төксін. Оның өзінің және мұрагерлерінің аты бұл елде 
ұмытылсын», – деген, тарихи дәуірдің өктем сөзі жазылған. Әрине, 
Ассирия патшасы Ашшурбанипалдың қатал ескертпесі О. Тихсен, 
Ф. Мюнтер, Г. Гротофенд, Г. Роулинсон сияқты зерттеушілерді 
сескендірді деп айта алмаймыз. Біз бұл адамдардың сына жазу-
лар сырын ашқанын, саз кітапшалардың даналық мазмұнымен 
таныстырғанын мойындаймыз. Жазылуы мен оқылуы өте күрделі 
бұл деректер сол тарихи дәуір тұлғаларына да үлкен қиындықтар 
туғызған. Өзінің осы жазу өнерін игергенін және оқи да алатынын 
мақтаныш қылған Ашшурбанипал патша: «Мен, Ашшурбанипал 
патша, Набудың (Набу – ғылым мен жазу құдайы) даналығына қол 
жеткіздім. Барлық шебердің білімін, көшірмешілердің күллі өнерін, 
олар қанша болса да, игердім... Жазу өнерінің құпия сырларын 
білдім», – дейді.
Мәдениет жетістіктеріне қол жеткізген Қосөзеннің ежелгі 
тұрғындары – шумерлер жазу өнерін игеру үшін қандай зат қолайлы, 
нені қолдану керектігі жайлы бұрыннан ізденген. «Саз кітапшалар» 
таңдаудың сазға түскенін көрсетеді. Зерттеушілер ғасырлар 
бойы сақталған саз кітаптардың жасалу технологиясын былайша 
көрсетеді: өзен жағалауынан алынған сазды суға салып жібітіп, ері-
теді; оған араласқан әртүрлі қоқыстар су бетіне қалқып шығып, та-
стар су түбінде қалады; тас пен қоқыстан тазартылған саз су түбіне 
шөккен соң, суын төгеді; сосын тұнған таза сазды кептіріп, жазу 
үшін пайдаланатын болған.
Шумерлердің кім екені, Қосөзен аралығына қайдан келіп 
қоныстанғаны белгісіз болса да, қалдырған жазба деректерінде 
олардың қандай өмір салтын ұстанғаны, сенім нысандары, билік 
жүйесі жайлы мәліметтер жеткілікті.
Қосөзен мәдениеті деректерінің сырын ашу оңайға түспейді, 
зерттеу жұмыстары ұзаққа созылады. Жазу өнерінің бір таңбасы 
бір буынды және тұтас сөзді ғана білдіріп қоймай, сол таңба 
бірнеше буын мен бірнеше сөзді де берген. Мысал үшін, «р» ды-
бысы бар буын дауысты дыбыспен байланысуына орай (ра, ар, ри, 
ру, ур деп), түрлі таңбамен беріледі. Дауыссыз дыбыстар тек буын 
құрамында көрінсе, ал дауысты дыбыстар жеке, дара таңба ретінде 


94
де тұрады. Оқылудың осы «екі жақтылығын» Набукудурриуцир 
(Навуходоносор) патша атын білдіретін сына жазулары тобынан 
көруге болады. Жеке белгілерді оқығанда шығатын дыбысқа сай, 
оның ан-па-ша-ду-шеш деп оқылуы керектігін арнайы әдебиеттер 
көрсетеді [44].
ХІХ ғасырдың ортасына қарай тіл білімі үлкен жетістіктерге 
жетіп, ежелгі тілдердің құрылымын зерттеген лингвистердің 
тәжірибесі артады. Айтыс-тартыстар сына жазуларының үшінші
түрі – аккад тілінде жазылған деректер, оның пайда болуы және тіл- 
дік сипаты төңірегінде жалғасады. Зерттеушілерді сына жазуының 
өте көнелігі және көптеген ғасырға созылған ғұмырында қандай 
өзгерістерге ұшырағаны толғандырады. Осылайша, ХІХ ғасыр орта-
сында ассириология ғылымы пайда болды. Осыдан ежелгі дәуірдегі 
семит халықтары (вавилондар, ассириялықтар) пайдаланған жазу 
өнерінің басқа бір, шығу тегі семиттік емес халықтан алынғаны жай-
лы болжам өзінен-өзі туындайды. Кейін зерттеушілер тарапынан 
қолдау тапқан мұндай қортындыға Эдвард Хинкс «Хорсабадтағы 
жазулар туралы» еңбегінде келеді.
Жазу өнерінің сыры ашылғаннан кейін ғана адамзат ежелгі Шу-
мер мәдениеті туралы деректерге ие болды. Мәдениет жетістіктері, 
қираған сарайлар мен діни ғибадатханалар, қала орындары ұзақ 
жылдар бойы төбе-төбе болып, топырақ астында көміліп жатты. 
Керемет тарихи жетістіктерді ішіне бүккен Мукаяр, әл-Ухаймир, 
Варка және т.б. төбелер шығыстанушы зерттеушілер үшін тап-
тырмас құндылықтар көзіне айналды. Міне, осы төбелер астында 
сақталған шумер әдебиеті, эпостар сыры алғашында ғалымдарға, 
кейінірек жалпы жұртшылыққа мәлім болды. Бұрын тек еврейлер-
ге тиесілі деп қарастырылып келген рухани құндылықтардың «Ескі 
өсиетке» негіз болғаны айғақталды. Археологтар ежелгі мәдениетті 
қалыптастырған тұрғындардың күнделікті өмірі, тіршілігі, рухани 
құндылықтары, қуанышы мен қайғылы сәттері, бос уақытты қалай 
өткізгендері жайлы дерек беретін құнды мәліметтер тапты. 
Қосөзен аймағында қалыптасқан мәдениеттердің шумерлерден 
қабылдаған мұралары: қыш құмыра, дөңгелек, соқа тісі, қыш ке-
сек өндіру, сәулет өнері мен металл құю, суландыру жүйелерін жа-
сау, есептің ондық жүйесі, ай күнтізбесі, сағат шеңбері, шеңбердің
360 градусқа бөлінетіні, жазу өнері, билік жүйесі, құқық, мұрағат 


95
ісі, математика, астрология, әдебиет, білім берудің мектептік 
жүйесі және т.б. болды. Міне, осы келтірілген әрбір құнды мәдениет 
жетістігі өзгелердің өркениет жолына түсуіне ықпалын тигізгені 
даусыз. 
Қосөзен мәдениеті христиан дінінің негізін қалаушыларға 
да үлкен әсерін тигізді. Христиандық пен оның қасиетті кітабы – 
Інжілдің аспаннан түскендігі, адамға берілгендігі, яғни құдайлық 
табиғаты дін тарихында дәлелденіп, дәріптеледі. Алайда, ежелгі 
Қосөзен мәдениеті жазба деректерінің сыры ашылған соң, Інжіл 
мазмұнында шумер аңыздарының бары белгілі болды. Інжілдің 
аспаннан ешқашан түспегендігі, яғни құпия, ғажайып қасиетінің 
жоқтығы, оның кәдімгі «күнәһар жерде», «лас жерде» адамзат ойы 
жетістігінің көрінісі ретінде пайда болғаны анықталды. 
Алдыңғы қатарлы, дамыған, бай елдерге қызыға көз тігушілердің 
көп болатыны белгілі. Сирия даласындағы аморейлер мен ирандық 
эламит тайпалары ежелгі Шумер мәдениетінің басты жаулары 
болды. Міне, осы тайпалар ақыры шумерлерді тарих сахнасынан 
кетіріп тынды. Әрине, Шумердің сыртқы ел шапқыншылығына 
қарсылық көрсеткені түсінікті. Деректер азаттық үшін жүргізілген 
күреске Урук, Ур қалалары билеушілерінің басшылық жасағанын 
көрсетеді. Нәтижесінде, б.д.д. 2112 жылдар шамасында теңдікке 
қол жеткізіліп, ол б.д.д. 1997 жылдарға дейін созылады. Жеңіске 
жеткен аморейлер Вавилон мемлекетінің негізін қалайды. Осыдан 
кейін шумерлердің қайтадан ел болу мүмкіндігі жойылады да, тек 
олар жайлы түрлі мәліметтер ғана қалады. Бізге жеткен деректер 
шумерлердің вавилондықтармен, аморейлермен, аккадтықтармен 
сіңісіп, араласып, бір халыққа айналғаны туралы ой түйіндеуге 
итермелейді.
Жаулап алушылардың қашан да адами қызметтің барлық түрі 
бойынша өздерінен әлдеқайда артық тұрған елдермен кезігетіні 
тарихтан мәлім. Аккад жаулап алушылары шумер мәдениетінің 
жетістіктерін – жазу өнерін, заңдар жинағын, құрылыс технологи-
ясын, егін шаруашылығын және саяси-әлеуметтік құрылымын ғана 
емес, тілін де қабылдап, солардың мәдениетін жалғастырды.
Қосөзеннің оңтүстігіндегі ежелгі мәдени мұраларды, 
әдетте, Вавилондікі деп атайды. Дегенмен, мұнда Вавилон ба-
сын біріктірген шумер-аккад елдерінің де өнер туындылары бар 


96
екені даусыз. Өйткені, Вавилон шумер-аккад мәдениетінің тікелей 
жалғастырушысы болғанын дәлелдейтін арнайы әдебиеттер 
жеткілікті. Ежелгі дәуірлерден жеткен бұйымдар бір-бірінен ажыра-
тылып, қолөнер жетістіктеріне талдау жасалады. Сыртқы пішін, жа-
салу тәсілдері, өрнектеу, нақыштау және т.б. мәліметтерге сүйеніп, 
жеке мәдениеттер дамуындағы бірізділік анықталады. Пайда болған 
өзгерістер уақытына, өзара тәуелділік сипатына қарап, түйіскен, 
тоғысқан екі мәдениеттің қайсысының жеңіске жеткені туралы 
мәлімет алынады.
Зерттеу жұмыстарында б.д.д. 2000 жылдар шамасы шумерлер 
қоғамының соңғы өмір сүрген кезі деп аталады. Б.д.д. 1900 жылдар 
шамасында сауда және күнделікті істерде аккад тілі шумерлер тілін 
қолданыстан ығыстырып шығара бастайды. Жүргізілген реформаның 
соңы шумерлер құдайының 
ежелгі Вавилон құдайы Мардук-
пен ауыстырылуына ұласады. 
Шумерлерден жеткен жазба 
жәдігерге назар аударсақ, онда 
ол аты аңызға айналған патша 
Шуруппактың атымен байланы-
сты. Ол «Патшалар тізімінің» бір 
нұсқасында Убартутудың бала-
сы және Зиусудра әкесі ретінде 
беріледі. Арнайы әдебиеттерде 
Шуруппак «Ғибраттар» атты 
шығармасымен танымал деп 
көрсетіледі. Осы ежелгі сына 
жазуының мәтіні Абу-Сала-
бих (Ирак) қалашығына қазба 
жұмыстары жүргізілген кез-
де табылған. Жазудың пайда 
болған уақыты б.д.д. 2600 жыл-
дар шамасына жатады. «Шуруп-
пак ғибраттарынан» үзінділер: 
* Баяғы, баяғы күндерде, 
бұрынғы, бұрынғы заманда, 
ежелгі, ежелгі түндерде, өте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет