ҚАЛАС ЖАМАЛОВ
ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТ
ІЗДЕРІ:
ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС
Сөздік-Словарь
Алматы, 2015
ӘОЖ 930.85
КБЖ 71. 05
Ж 24
ӘОЖ 930.85
КБЖ 71. 05
ISBN 978-601-7809-00-3
© Жамалов Қ., 2015
© «Сөздік-Словарь», 2015
Белгілі географиялық аймақта пайда болған, әлемдік өркениеттер дамуының
алғы шебінде, ізашар ретінде кейінгіге өшпес мұра, үлгі қалдырған Шығыс
елдерінің аңызбен астасқан материалдық игіліктерді өндіру, жасау жолдары мен
діни, адами ұстанымдары, рухани құндылықтары кітапқа арқау болды. Өзара
ықпалдасқан мәдениет жетістіктері арнайы әдебиеттер, археологиялық қазба
жұмыстары, жан-жақты, кең көлемді зерттеу мәліметтеріне сүйенеді. Кітап ежелгі
Шығыс елдерінің, соның ішінде көшпенді өмір салтын ұстанған халықтардың
да өзіндік ерекшеліктерімен дамыған мәдениеті жетістіктеріне қызығушылық
білдіретін оқырман қауымға арналған.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді.
ISBN 978-601-7809-00-3
Әлемдік өркениет іздері: Ежелгі Шығыс/Қалас Жамалов. –
Алматы: «Сөздік-Словарь», 2015. – 360 бет.
Ж 24
Жамалов Қ.
3
АЛҒЫ СӨЗ
Мазмұны, мәні грек-римдік антикалық кезеңді меңзеген
«Ежелгі» немесе «Көне» уақыт түсінігі Қайта Жаңғыру кезеңінде
қолданысқа енді. Осы мәдениеттің негізін қалаушылар өздері өмір
сүрген уақытты «Ежелгі» дәуірдің қайта түлеуі, жаңаруы ретінде
қарастырды. Христиандықтың пайда болуы немесе варварлар
шапқыншылығы нәтижесінде Рим империясының құлауы (б.д.V ғ.)
еуропалық санада «Ежелгі дәуірдің соңы» деп пайымдалады. Осы-
дан кітапқа Еуропа халқы ежелгі деп есептейтін антика мәдениетінен
бұрын өмір сүрген, байырғы Шығыс өркениеттерінің адамзат
қауымының дамуына тигізген ықпалы арқау болады.
Шығыс елдерінің шынайы зерттелуі Пекинде өмір сүрген
иезуиттердің еуропалықтарды Конфуций ілімдерімен, таң қаларлық
«қытайдың салтанатты рәсімдерімен» таныстырған ХVІІІ ғасырдан
басталды.
Отарлау саясатының етек алуымен Шығыс елдеріне қызы-
ғушылық арта түседі. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың ба-
сында Наполеонның Мысырға жорығы нағыз ғылыми экспедиция
ретінде ерекше дайындықпен жүргізіліп, әскермен бірге іссапарларға
арнайы жіберілген суретшілер ескі бедерлерді, сыры беймәлім иеро-
глиф, таңбаларды көшіреді. Тарихи дәуірде Мысыр өнерінің болмы-
сы, әуені, сазы жалпыеуропалық үлгілерге айналады. Мұражайлар
өз коллекциясында ежелгі Мысыр жәдігерлері болғанын мақтаныш
тұтады. Зерттеушілер осы орайда Францияның Лувр, Италияның Ту-
рин мұражайлары жинағын ең бай деп айтуға болатынын көрсетеді.
ХХ ғасыр басында француз экспедициясы Элам астанасы Суз
қаласында (Оңтүстік-Батыс Иран) жүргізген қазба жұмыстары
кезінде қара базальт (жанар таудан шыққан тау жынысы) бағанаға
ойып жазылған, б.д.д. ХVІІІ ғасырда өмір сүрген Вавилон патшасы
Хаммурапи заңдарын тапты. Інжілде айтылатын Моисей заңдары-
4
нан да ескі Хаммурапи заңдарының ежелгі Шығыстағы ең жетілген
құжат болғаны анықталды.
Зерттеу жұмыстарының қарқыны артқан сайын, ежелгі Шығыс
мәдениетінің ғасырлар қойнауына сіңген тамыры тереңдеп, б.д.д.
І мыңжылдыққа жататын жаңа Ассирия сарайларының орындары
аршылады. Қосөзен аңғарындағы (Тигр мен Евфрат өзендері ара-
сы) ежелгі мекендер орнын зерттеу нәтижесінде археологтар Шумер
мәдениеті туралы деректерге кезігеді. Леонард Вулли (1880-1960)
Ур қаласындағы шумерлер қабірінен б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың ла-
зуриттен жасалған керемет зергерлік өнер ескерткішін: жорық,
той салтанаты көрсетілген «штандартты» (ескіше штандарт – жа-
лау) және сақалы бар бұқаның басы түрінде бейнеленген алтынмен
безендірілген арфаны табады.
Солтүстік-Батыс Үнді жерінен ірі Хараппа және Мохенджо-Да-
ро қалаларының орындары аршылады. Зерттеу жұмыстары олардың
көнелігі, ежелгілігі жағынан Ур қабірлерімен және Мысыр пира-
мидаларымен қатар тұратынын көрсетеді. Әсіресе, археологтарды
қыш кесектен тұрғызылған үйлердің жоғары дәрежеде жабдықталу
деңгейі және қолданыстан шыққан лас су мен нәжісті қала сырты-
на шығаратын құбырлардың, жетілген кәріз жүйесінің болғаны
таңдандырады.
Сондай-ақ, Солтүстік Қытайдың Аньян қаласы төңірегінде
жүргізілген қазба жұмыстары Хуанхэ өзенінің бойында Шан-
Инь мемлекетінің болғаны, ежелгі Қытай мәдениетінің б.д.д.
ІІ мыңжылдықтың екінші жартысында өмір сүргені жайында
мәліметтер береді.
Адамзат тарихы бастауының өте тереңге кететінін алғашқы
қауымдық құрылыстан соң өмірге енген мәдениет, меншік сипатының
өзгеруі, көпшілікке танымал билік жүйелерінің қалыптасуы
көрсетеді. Осы кезде адам санасы мен әлеуметтік қатынастардың
түпкілікті өзгергенін айғақтап, дүниеге жазу өнері енеді...
...Кітапта келтірілетін ежелгі Шығыс жазба деректерінің,
мәліметтерінің мазмұны бізге де жат емес. Ол рухани
құндылықтарымыздың ортақтығын көрсетеді. Батыс ойшылдары өз
рухани қазынасын сақтаған Шығыстың оянып келе жатқанын, бұл
елдердің болашақта өркениет үлгісіне айналуы мүмкіндігін мойын-
дайды. Осы дамуға, жетістіктерге зер салады, қадағалап зерттейді.
5
Қашаннан өзіндік келбеті бар, дініне берік Шығыс елдерінің
жетістіктерін білу, олармен жақын араласу мәңгүрттіктен құтылудың
жолы боларына күмән болмас.
Рухани мұралар өмір тұтқасына айналса, шығыстық құндылықтар
бізде жеткілікті. Қазақ халқы кешегі кеңес империясының зорлық-
зомбылығы, аштығы мен кемсітулерінің неше атасын көрсе де, «Жа-
ным арымның садағасы» деген ұстанымынан айрылған емес. «Қой
үстіне боз торғай жұмыртқалаған» жайлы заманды аңсап қоймай,
оның жолында малын да, жанын да пида еткен бабалар рухы бойы-
мызда әлі бар. Одан күдерімізді ешқашан үзбек емеспіз. Рухы асқақ
көшпенді бабалары бір орталыққа бағынған мемлекет құрғанына
550 жыл толған Қазақ елінің асқаралы болашағына деген сенім нық...
Кітаптан шығыстық ұстаным, әлеуметтік болмыс туралы түп-
нұсқалық мәліметтерді, мамандардың зерттеу жұмыстарын табуға
болады. Ежелгі мәтін түпнұсқасына барынша жақын болу үшін,
аудармаларда оның өзіндік ерекшелігі, тіл оралымдарын сақтау
мақсат етілді. Сондықтан оқырман кейбір төл сөз ретінде берілетін
түпнұсқалық мәтіндер аудармасына түсіністікпен қарар деп үміт-
тенеміз. Деректерде хронологиялық даталардың болжаммен алы-
нуына орай, зерттеушілер еңбектерінде әртүрлі көрсетілетіне және
құдайлар аттарының да өзгеріп отыратынына назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: |