Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС


Ежелгі еврейлер қаласы Шхем орны



Pdf көрінісі
бет94/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113
Суретте: Ежелгі еврейлер қаласы Шхем орны [113]


258
«...Ежелгі дәуірде ханаандық және сириялық малшылардың 
құрғақшылық, жұт болған жағдайларда жиі-жиі Мысыр жерінен 
қорған табатыны» жайлы деректер жеткілікті [40, 4 б.]. Осын-
дай үрдіс ежелгі Мысыр бейнелеу өнерінде сақталған. Мысырдың 
мәйітхана қабырғасы суреттерінде еврейлердің бір тобы бейнелен-
ген. Зерттеушілер пікірінше, осы оқиғалар б.д.д. ІІ мыңжылдықтың 
бірінші жартысында Сириядан шыққан жауынгер-гиксостар 
тайпасының Мысырда билік құрған уақытында болған. Жергілікті 
халықты бағындырып, құдіретті, қуатты Мысырды 120 жылдай 
басқарған олар осынау елдің тарихында перғауын тағына отырған 
алғашқы жатжұрттықтар еді. Сол уақытта Иосифтің сырттан кел-
ген қуатты билік иелерінің бірінің сарайында үлкен лауазым иесі 
болғаны жайлы болжам айтылады.
Гиксостар билігінен құтылған кездегі Мысырдағы еврейлердің 
жағдайы туралы «Інжілде» жаңа перғауын «Иосифті мойындаған 
жоқ» деп жазылған. Демек, бұл тарихи дәуірде еврейлер мәртебелі 
ата ұрпағы ретінде қастерленбей, Мысыр жерінде өмір сүріп жатқан 
басқа халықтар сияқты құлдыққа түседі. Үлкен аумаққа билік 
жүргізген перғауынға Сирия мен Ханаан салық төлеп тұрады. Мы-
сыр саудагерлері ерте кезден Ханаанның атын шығарған қымбат 
тоқыма бояуларын және солармен боялған өнімдерді алған.
Қай уақытта да халықтың езгіге қарсы шығатыны, азаттық үшін 
күресетіні белгілі. Езілгендер қарсылығын, бүлікшіл рухты сезінген, 
құлдар көтерілісінен сескенген Мысыр перғауыны көптеген қатал, 
алдын алу шарасын жасайды. Ол әрбір еврейдің дүниеге жаңа кел-
ген ер баласын өлтіру туралы жарлық шығарады. «Інжіл» мұндай 
жарлықты шығарған перғауынның атын атамайды. Сондықтан 
кейбір деректерде жарлықты шығарушы Рамсес болуы мүмкін деген 
болжам жасалады.
Қабылданған қатал шараның еврейлер отбасына ауыр тигені 
белгілі. Осы жазадан баласын сақтауға ұмтылған Леви руы-
нан шыққан Иохевед пен оның күйеуі Амрама сәбиін майланған 
себетке салып, Нілдің қамысты қопасына жасырады. Баланы 
қызметшілерімен бірге суда шомылып жүрген перғауын қызы тау-
ып алады. Інісін патшайымның тауып алғанын көрген Марьям оны 
анасына жеткізеді. Кейінірек Иохевед баланы емшек сүтімен емізуші 
ретінде сарайға қызметшілікке орналасады. Патшайым тауып алған 


259
бала құлдық ауыртпалығынан құтылады. Перғауынның қызы сарай-
да жоқшылық көрмей өскен оған Моисей (Моше) деп ат қояды. Мои-
сей перғауын үйінің балаларымен бірге барлық артықшылықты пай-
даланады. Ол Мысырда өсетін өсімдік жапырағынан жасалған жұқа 
папирусқа иероглифтерді жаза да, оқи да біледі. Өсе келе, халқының 
ауыр тұрмысын, езгіге түскенін көреді. Бірде еврейді қатал жазалап 
жатқан бақылаушыны өлтіріп тастап, мысырлықтардың жазасынан 
қашып, Мидияға барып жан сақтайды. Бұл жерде Итро есімді Ке-
нит абызының малын бағып өмір сүреді. Уақыт өте келе, Моисей 
Итроның қызы Циппораға үйленіп, одан екі ұлды болады.
Моисей мидиялықтар жерінде қауіпсіз, тыныш өмір сүре 
бермейді, ол қабылдаған шешім еврейлер тағдырын шешіп қана 
қоймай, тарихи дамуды өзгертеді. Перғауын сарайында өсіп, 
көпқұдайлық пен пұтқа табынушылық тәрбие алған Моисейдің жар-
тасты Синай тауында өзін рухтандырған құдіретті көргені Інжілден 
мәлімденеді. 
Жанған бұтаның от жалынынан оған Құдай мен өз аталарының 
ақиқат қуаты көрінеді. Сол уақыттан бастап өз өмірін халқын 
еркіндікке шығару мақсатына арнайды. Бұл жолда оған Рамсестің 
ұлы Мернептах перғауынның жасаған кедергілері туралы да Інжілде 
көрсетілген. Бақылаушы қамшысы тәнін жаралаған еврейлердің 
қажығанын көрген Моисей, еркіндікке шақырған үндеулерімен 
олардың рухын көтереді. Еврейлерге Құдай туралы айтып, құлдық 
жағдайында да Оған қызмет көрсете алатындарына, Мысырдан тыс 
жерде жақсы өмірдің күтіп тұрғанына сендіреді. Жүректері үмітке 
толы Израиль ұлдары енді еркіндік туралы, құлдықтан құтылу жай-
лы ойларын қорықпай айта бастайды.
Моисей мен оның халқы сиынған құдайдан сескенген, перғауын 
олардың көшуіне рұқсат береді. Оған «Мысырдың он өлімі», яғни 
елді қатерге ұшыратқан апаттар да себеп болады. Патшалардың 
сөзге тұрақсыздығын жақсы білетін Моисей перғауын рұқсат беріп 
тұрған кезде еврейлерді ізіне ертіп, тездетіп кетіп қалуға асығады. 
Белгіленген түні Мысырдан ер-әйелі, бала-шағасы аралас 600 000-ға 
жуық адам кетіп қалады. Бұған осы оқиғаға байланысты айтылатын 
сансыз көп әңгімелер мен өлеңдер дәлел. 
Еврейлердің он екі руы әрқайсысы бөлек Мысырдан шығуға 
бағыт алады. Белгілі жолмен жүруге жолдағы шекаралық күзет орын-


260
дары ұстап қалар, деп сескенген Моисей оларды айналып кету үшін 
Шығысқа бет түзейді. Алайда, үлкен суға кезіккенде, бұл кедергіден 
өту мүмкін еместігін көргендей, қорқыныш пен үнсіз мұңға бата-
ды. Деректерде жердің бір шетіне шыққандай болған еврейлердің 
кезіккен суы – Суэц шығанағы, Қызыл теңіздің Батыс шеті болуы 
мүмкін деп болжанады. Не істерін білмеген олар келген жақтарына 
қарағанда, соңдарынан қуып келе жатқан Мысыр әскерін көреді. Ев-
рей құлдарына бостандық бергеніне өкінген перғауын оларды жол-
дан ұстап алуға бұйрық береді. Еврейлер теңіз суы мен перғауынның 
ат жеккен жеңіл күймелі әскерінің екі ортасында қыспақта қалады...
Аяқ астынан күшті жел көтеріліп, теңіз суы ортасынан қақ айы-
рылады да, қара жер көрініп, жол ашылады. Моисей бастаған қалың 
тобыр судың арғы, екінші бетіне аман-сау шығады. Қуғын қызығына 
еліккен перғауын әскерлері де теңіздегі ашылған жолға түседі, бірақ 
сол мезетте бағытын өзгерткен желмен бірге теңіз суы қалпына 
келіп, қуғыншылар су астында қалады. «Інжілде» осы сәт туралы 
Моисейдің Құдайды мадақтағаны, еврейлердің қуаныш пен алғыс 
сезіміне бөленіп, өлең айтып, ән шырқап, би билегені айтылады. 
Балаларын ізіне ертіп, белгісіз болашаққа бағыт алған, жолға 
азық дайындамақ түгілі, нан пісіріп алуға да уақыты болмаған ев-
рейлер сол жерде ашымаған қамырдан ас пісіреді. Пасха мейрамында 
еврейлердің ашымаған қамырдан (маццу) нан істеу дәстүрі еркіндік 
жолында жасалған осынау ерліктен бастау алады. 
Еркіндікке қол жеткізу үлкен мереке болды, оны әрбір жыл 
сайын еврейлер Песах (Пасха) мерекесі деп тойлайды. Аталған та-
рихи уақыт еврейлердің жеке ұлт болып қалыптасуы жолындағы 
күресінің бастауы еді. Моисейдің жол бастауымен, өздері ешқашан 
ұмытпаған бабаларының елін іздеп шыққан олардың жолы, Синай 
шөлі арқылы Синай тауына дейін созылып жатады.
Синай тауына жеткен соң, Моисей өзі абыз Итроның ма-
лын баққан кезден жақсы білетін жерге шатырларын тіккізеді. Ол 
өздерінің сол жерде жақсы дем алып, малға жайылым таба алаты-
нын біледі. Синай тауында Израиль тарихының маңызды оқиғасы 
болды. Халқын орналастырғаннан кейін Моисей тауға шығып кетіп, 
бірнеше күн көзге түспейді. Інжіл бұл туралы: «...сілкінген жарта-
стар ортасында күннің күркірі мен найзағай арасынан «Он парыз-
ды» (заповедь) жариялаған құдайдың даусы шықты», – дейді. Еврей-


261
лер өздерінің көсемінің таудан түсіп келе жатқанын көреді, Синай 
тауының етегіне жиналып, оның келуін күтеді. Моисей екі тас 
тақтаға жазылған «Он парызды» алып келеді. Бұл парыздар барлық 
заң жинағының, еврейлер мәдениетінің моральдық негізі болды.
Синай тауының биік тас шатқалдарында Жалғыз Құдаймен 
жасалған келісім – «Он парыз», Израиль халқы мен Құдай арасындағы 
одақты нығайтады. Синай тауынан бастап еврейлер «Он парыз» 
бен Торо діни дәстүрлері міндеттерін орындай бастайды. Мұндай 
әділетті, адамгершілікті заңдар жинағы басқа халықтарда ешқашан 
болмағаны тарихи әдебиеттерде жазылған. 
Інжіл және оның алғашқы бес кітабы Торо қасиетті Өсиет 
салынған қобди, сандықтың толық сипатын береді. Онда екі қасиетті 
Скрижали (Скрижаль – діни мазмұнды мәтін жазылған тас тақта) 
сақталған. Тұтастай ұстайтын тұтқасымен акация ағашынан жасалған 
қобди бір жерден екінші жерге жеңіл 
көшірілген. Қақпағында мүсінделген 
херувима аталатын екі періште және 
құдайға құлшылық үшін керек, барлық 
қасиетті аспаптар қолы шебер, тақуа 
Бецалелдің қолынан шыққан деп айтыла-
ды. Олар сапарға шыққан кезде бірге алып 
жүруге қолайлы, жеңіл бөлшектенетін 
және құрастырылатын болған.
Моисей халыққа Бецалел мен Охолиаваның басшылығымен 
Өсиет Скиниясын тұрғызуды бұйырады. Скиния – еврейлердің дін 
қызметшісімен бірге құдайға құлшылық ететін ғибадатханасы.
Моисей ерекше салтанатпен алғашқы абыз Ааронды және 
оның балаларын бастарына елей (қасиетті май) құйып, қасиеттілік 
мәртебесіне көтереді. Осыдан бастап Израиль абыздарына айналған 
Аарон ұрпақтары осы күнге дейін синагогалық қызметке қатысады. 
Абыздар көптеген, әртүрлі міндеттер атқарады. Олар халық атынан 
құрбандықтар шалды, құдайға құлшылық дұғаларын оқыды. Ұлы 
абыз Аарон үшін Бецалел мен Охолиава киім-кешек, он екі түрлі 
қымбат тастан тұратын кеудеше жасайды. Он екі тас Израильдің он 
екі рудан тұратынының нышаны болды.
Аптаның жеті күнінің бірін, атап айтқанда, сенбіні еврейлер де-
малыс және құлшылық етуге арнайды. Бұл бүкіл әлем үшін жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет