Алаш аманатын арқалаған азамат



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі185,4 Kb.
#6971

«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

АЛАШ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН АЗАМАТ 



 

Төреғали Тәшенов 

 

Тұрсын  Жұртбаймен  бұдан  үш  жыл  бұрын  Шәкәрім  атамыздың  150 



жылдық  тойына  Алматыдан  аттанған  ақын-жазушылар  мінген  пойызда  бір 

купеде серіктес болғаным бар. Бұрын тек сырттай қарасын бағып, бетпе-бет 

келгенде қолын алып амандасып қана жүретін ағамызды сол жолы жақыннан 

алғаш таныған едім. Жол бойы қалыпқа сия бермейтін қайраткер ғалымның 

қиядан қозғап, хиуадан шапқан, қағаз бетіне түсе бермейтін сүбелі әңгімесін 

тыңдап  бардық.  Тоныкөктей  томсарып,  Күлтегіндей  көсемсиді  екен.  Сол 

кезде Алаш идеясы мен Алаш ардагерлері бүгінде өзі де Алаш қайраткеріне 

айналған оның бүкіл бітім-болмысына, сүйегіне сіңіп кеткенін аңғарған едім. 

Кешегі игі-жақсылардың сарқытындай Тұрсекең қалың жұртқа алдымен 

ақын  ретінде  танылған  көрінеді.  1978  жылы  «Қоңыр  қаз»,  1980  жылы 

«Жүрегімде  –  жұмыр  жер»  атты  өлеңдер  мен  дастандар  жинағы  шыққанын 

бүгінде көп жұрт біле де бермейді. Осыдан екі-үш жыл бұрын ба екен, «Қазақ 

әдебиеті»  газетінде  ағамыздың  «өзім  үшін  жаздым»  деген  бір  топ  өлеңдері 

басылды.  Сол  «өзі  үшін  жазған»  өлеңдерін  оқып  отырып,  Тұрсекең 

ақындықты  шындап  қуғандай  болса,  алысқа  шапқандай  екен  деп  ой 

түйгенбіз.  Ғылымдағы  іргелі  ізденістері  мен  әдеби  көсемсөздегі  тосын 

қырларымен,  прозадағы  жаңашылдығымен,  сын  саласындағы  елеулі 

еңбегімен  танысқан  соң,  ақындықтың  соңынан  атпен  неге  қумағанын, 

сүйегіне  сөз  сіңген  азамат  ағаның  бір  жанрмен  шектеліп  қалуы  мүмкін 

емесін, түрлі жанрда атой салуға жаралғанын түсінесің.  1994 жылы шыққан 

екі  томдық  «Дулығасын»  айтсаңызшы!  Баяғыда  мектепте  мұғалім  болып 

жүргенде Тұрсекеңнің Мұхтар Әуезовтің «Абай жолына» қатысты «Жұлдыз» 

журналында жарияланған өткір тарихи зерттеуін ашық сабаққа пайдаланып, 

әріптестерімнің аузын аштырғаным бар-ды. Романдағы әке мен бала қарым-

қатынасының, Қодар – Қамқа оқиғасының анық-қанығын алғаш соқырға таяқ 

ұстатқандай  көрсетіп  берген  Тұрсекең  арқылы  білдік.  Бүгінде  Еуразия 

ұлттық  университетінде  абайтанудан,  мұхтартанудан  Тұрсын  ағадан  сабақ 

алған студенттер қандай бақытты десеңші! 

Қажыр-қайратын  ұлтының  кемелденуіне  жұмсап  жүрген  өршіл  рухты 

талант  қай  қияға  салса  да  олжа  әкелмей  қалған  емес.  Атаның  күшімен, 

ананың  сүтімен  дарыған  дара  болмысы  дұшпанын  да  мойындатпай 

қоймайды.  Азаматтық  ұстанымынан  құдайдың  қысқа  күнінде  қырық  рет 

таятын  қырттар  көбейіп  тұрғанда,  ірілікті  сақтап  жүрудің  өзі  –  ірілік.  Ал 

Тұрсекең  сол  ірілікті  ай  сайын,  күн  сайын  алмас  қылыштың  жүзіндей  жарқ 

еткізетін  болды.  Сөйлеп  кетсе  Асан  қайғы  мен  Әнет  бабадай  абыз,  Бұхар 

жыраудай  бетті,  Құнанбайдай  дес  бермес  Тұрсекеңнің  әредік-әредікте  газет 

пен  электронды  БАҚ  құралдарында  айтқан  сөздері  мен  берген  сұхбаттарын 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

оқырманның айызы қанып оқитыны анық. Шындықты шырқыратып айтады-



ақ. Онда да баз біреулердей бәдік сапырмайды, санаңа сақ ете қалар ойлы сөз 

суырады. 

Тұрсын  ағамыз  –  арыдан  тартқанда  Абай,  Шәкәрім,  Әуезов,  беріден 

тартқанда Рымғали Нұрғали, Мұхтар Мағауин секілді Алаш рухының қасиеті 

қонған Семей өңірінің тумасы. Семей полигонының қазаққа әкелген қасіреті 

жастай  қабырғасын  сыздатқан.  Басқасын  айтпағанда,  соңғы  аталған  екі 

алыптың  жол  көрсетуінің  өзі  неге  тұрады?  Бұрын  түрен  түспеген  тың 

гылыми 


ізденістерге 

бағыт 


түзегені 

де 


рухани 

ұстаздарының 

шығармаларынан алған нәрде жатқаны анық. Алаш идеясын санасына сіңіріп 

өскені де содан. Бойында Алаш қаны тулаған азаматқа Алаш ардақтыларын 

жалған  айыптаулардан  аршып  алу  міндеті  артылды.  Сол  алаштанута 

Тұрсекең саналы ғұмырының жиырма екі жылын арнапты. 

«Үш томдық «Ұраным — Алаш!..» іргелі ғылыми еңбегінде төрт жүздей 

тарихи  деректер  мен  құжаттар  жарияланған  екен.  «Біз  тарихи  санамызды 

тазартпай,  ар-ұятымызды  қалпына  келтірмей,  әр  нәрсені  орнына  қоймай 

біздің  мемлекеттің  руханияты  тазармайды»  дейді  ғалым.  Міне,  «Алаш» 

партиясы  мен  «Алашорда»  үкіметіне  қарсы  1927-1932  және  1937-1938 

жылдар  аралығында  жүргізілген  большевиктік  коммунистік  саяси  тергеу 

ісінің  тарихи  құжаттары,  тергеу  деректері  қамтылған  зерделі  зерттеудің 

құндылығы  –  ұлт  тәуелсіздігі,  ел  мен  жер  тұтастығы  үшін  тарихи  қызмет 

атқарған әлемдік деңгейдегі өркениеттік құбылыс іспеттес Алаштың рухани 

және  саяси  көсемдерінің  тағылымды  ғұмыры,  қоғамдық  сан  салалы 

қызметінің  бүгінгі  отаншылдық  сана,  мемлекетшілдік  ұстаным  биігіндегі 

ұрпақ  қалыптастырудағы  көкейкестілігі  тұрғысынан  зерттелуінде.  Біртұтас 

Алаш идеясын тұжырымдаған ғалым Алаш қайраткерлерінің ұлттық идеяны 

бес басты тұжырымға негізделгенін «Бірінші және ең маңыздысы – Жер, Жер 

және Жер. Жерсіз Отан жоқ. Екінші ұстаным – жердің астындағы, үстіндегі, 

аспанындағы  барша  игілік  қазақ  мемлекетіне  қызмет  ету  керек.  Үшінші 

ұстаным  –  толықтай  экономикалық  тәуелсіздік.  Төртінші  ұстаным  – 

мемлекет  құрушы  ұлттың  тіл,  дін,  діл  үстемдігі  болу  керек.  Бесінші 

ұстанымын  –  ғылымға,  ұлттық  салт-дәстүрге  негізделген  заңға  сүйене 

отырып,  Жапония  үлгісіндегі  ұлттық-демократиялық  мемлекет  құру. 

Дәстүрге  негізделген  заңы  бар  елдің  адаспайтынын  Алаш  ардақтылары 

жақсы білген» деп түйеді. 

Алаш қайраткерлерінің елдік рухындағы тұлғаның  сан  салалы ғылыми-

шығармашылық  болмыс-бітімін  ұстаздық  ұлағаты  да  әдіптейді.  Еуразия 

ұлттық  университетінде  абайтану,  мұхтартану  ілімдерінен  дәріс  оқитын 

профессор  Алаш  идеясын  қазіргі  тәуелсіздіктің  рухани  және  саяси  ұстыны 

тұрғысы  шын  байыптап,  отаншыл  ұрпақ  тәрбиелеуге  ерекше  үлес  қосуда. 

«Отырар  кітапханасы»  ғылыми  орталығының  директоры  ретінде  еліміздің 

руханият  әлемінің  көкжиегін  кеңейтуде  маңызы  зор  ғылыми  жобаларды 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

жүзеге асыруда. Бір ғана «Қазақ қолжазбалары (біздің дәуірімізге дейінгі X ғ. 



бастап XXI ғ. дейін)» деген тақырыптағы 10 томдық ғылыми жобаның жүзеге 

асырылып жатқанын айтар болсақ, Тұрсын Жұртбай басшылығындағы келелі 

істің  кемелділігі  танылады»  дейді  ол  туралы  филология  ғылымдарының 

докторы Сағымбай Жұмағұл. 

«Біздіңше,  «Ұраным  –  Алаш!..»  алашшыл  қайраткер-қаламгерлердің 

өмірі мен кезеңін, қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасын аялау мен 

бағалау,  зерттеумен  зерделеу  ғана  емес.  Сонымен  бірге  кітап  авторының 

адами  һәм  азаматтық  бағытын  айқындаған,  өмірі  мен  уақытын  арнаған, 

зерттеу  мен  зерделеу  ісіндегі  құнарлы,  арналы  салалардың  бірі.  Бұған 

«Бейуақ»,  «Дулыға»,  «Кетбұқа»,  «Талқы»,  «Сүре  сөз»,  «Құнанбай»,  тағы 

басқа  туындыларын  қосар  болсақ,  ғалым  қаламгер  Т.Жұртбайдың  ұлт 

руханиятын  тарих-тағылым  тұрғысынан  толықтырғанын  жаңа  биік,  бел-

белестерге көтергенін аңғарар едік. Профессор Қ.Бекхожиннен дәріс тыңдап, 

Алаш  арыстары  мұрасымен  жіті  танысуы,  академик  Р.Нұрғалидің 

бағыттауымен  нақты  туындыларын  оқуы,  Х.Оралтайдан  азаттық-бостандық 

маңызын терең түсінуі, сөз жоқ, Т.Жұртбайдың ұлт мұраты мен руханиятын 

шынайы  қызмет  етуін  еселеп  арттырады»  депті  Тұрсекең  турасында  ғылым 

докторы Рақымжан Тұрысбек. 

Тұрсын  Жұртбайдың  Алаш  қайраткерлері  турасындағы  зерттеулері 

нақты  құжаттарға  сүйенуімен  құнды.  Қазақты  қазаққа  соқтырған  зауалды 

жылдардың  шырқыраған  шындығы  жайында:  «1927  жылы  13  тамыз  күні 

«Қазақ  әдебиеті»  газетінде»  басылған  «Ұлтшыл  фашистерге  өмір 

сүргізбейміз!»  деген  мақалада  қазақ  зиялыларын  бас-бастарына  түгендеп 

тұрып:  «Ұлтшыл  –  фашистердің  басшылары  –  Рысқұлов,  Қожанов, 

Нұрмақов,  Құлымбетов  және  олардың  артынан  ерген  ат  төбеліндей  бір  топ 

қана  сұрқия  жөліктер  партия  билетін  тек  өздерінің  екі  жүзділік  бетін 

бүркемелеу  үшін  пайдаланып  жүрді.  Олар  еш  уақытта  да  адал  ниетімен 

большевик болған емес. Рысқұлов – рысқұловшылар жауыздық арам істерін 

пантюркистік контрреволюциядан бастады. Қожанов – қожановшылар алғаш 

шыққанның  өзінде-ақ  ұлт  буржуазиясы  мен  интервенттердің  туын  көтере 

шықты. 

Садуақасовшылардың,  нұрмақовшылардың  көздегені  де  осы.  Бұлардың 



қай-қайсысы  болса  да  ұлтшылдықтан  бастап,  бара-бара  троцкизммен, 

оншылдармен ым-жымын біріктіріп, Жапония мен Германияның ең белсенді 

шпионына айналып кетті», – деген үкім шығарды» дейді ол. 

Қазір  ұлттық  идеология  жоқ  дейміз.  Ұлттық  идеология  –  Тұрсекеңнің 

өзі,  дәл  айтсақ  –  айтып  жүрген  сөзі!  Қазір  өмірдің  қай  саласын  болмасын 

жалғандық  жайлап,  арсыздық  арбап  тұрғанда  жалаңаш  қолымен  от  көсеген 

Тұрсекеңдердің  барына  шүкіршілік  дейсің.  Тұрсекең  біздің  мақтауымызға 

титтей  де  зәру  емес.  Басқаны,  басқаларды  қайдам,  осыны  жазып  отырған 

пақырыңызсыз да ол – Тұрсын Жұртбай! Ұлт тарихының ұстынына,  тарихи 


«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар 

 мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.  

Астана.11-12 қараша, 2011 жыл 

 

 

сананың  тарланына,  елдік  мұраттың  еріне  айналған  айтулы  тұлға  жайыңда 



айтылар  сөз  газеттік  бір  мақалаға  сыймайды  әрине.  Біздікі  –  ақиқаттан 

танбайтын арлы азаматтың азаматтық ісіне деген сүйсінісіміз бен ниетімізді 

білдіру ғана. Оның өзін жеткізе алсақ жақсы. 

 

//Айқын.2011ж. №180. 29 қыркүйек.20 бет 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет