Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Алаш әдебиеті және
М.Әуезов шығармашылығы»
Орындағандар: Жәдігер Жансая,
Мүтәлі Динара, Султамуратова Гүлнұр,
Төлеп Сабира, Полатбек Гүлдана
Оқу тобы: 1701-29
Қабылдаған: Сапарбаева Қарлығаш
Шымкент 2022ж.
Гомердің есімімен, Илиада атауымен менің таныстығым шамамен 5-сынып оқып жүргенде басталған болатын. Тарих сабағында осындай эпостық жырлардың тарихи маңызы туралы кітапта сөз қозғалған екен. Тиісінше, «тарихшылар Гомердің әйгілі Илиадасына сүйеніп, Троя қаласының орнын табады, ол картаға енеді» деген мәліметпен таныстығым бар еді. Содан болар, бұл тақырып мен үшін қызықты әрі жақын болып отыр.
Илиада (көне грекше: Ἰλιάς) — грек халқының жыры. Авторы Гомер болып есептеледі. Грек әдебиетінің ежелгі ескерткіштері болып «Илиада» және «Одиссея» поэмалары саналады. Антик әлемінде сол поэмалардың авторы ұлы ақын соқыр Гомер деп есептелген. «Илиада» және «Одиссеяның» шығарылған уақыты туралы ешқандай мәлімет жоқ, сондықтан осы екі поэмаға байланысты әлі шешілмеген күрделі мәселелер көп. Осы проблемалар әдебиетте «Гомер мәселесі» деп қаралады.
Поэманың сюжеті Троя соғысы туралы аңыздар циклынан алынған. Троя соғысы деп гректердің Троя немесе Илион қаласына жорығы аталған. «Илиаданың» аты Илион қаласының атынан шыққан (гректер Трояны солай атаған). Аңыз бойынша Троя бекзадасы Парис өзін жақсы қарсы алған қонақжай патша Менелайдың сұлу әйелі Еленаны және көптеген қазынасын ұрлап кетеді. Ашуланған Менелай ағасы Агамемнонмен барлық грек аймақтарынан жорыққа әскер жинап, Трояға аттанады. Грек жасағы Агамемнонның басшылығымен Трояны қоршап, он жылға дейін қалаға кіре алмайды. Тек айлакер батыр Одиссейдің арқасында гректер ағаш ат жасап, соның ішіне тығылып, Трояға кіреді. Трояны өртейді, Еленаны Менелайға қайтарады. Бірақ грек батырларының отанына қайтуы қайғылы болады: біреулері жолдан қаза табады, ал біреулері үйлеріне оралғанша түрлі теңіздерді кезіп шығады. «Илиада» 15700 өлеңнен тұрады. Оны антик ғалымдар 24 кітапқа бөлген (грек алфавитінің саны бойынша).
Трояның ішкі қамалы, яғни қаланың алғашқы және ең байырғы елді мекені Илион деп аталады сол кезде. Тақырыбы аты аңызға айналған Троя соғысы. Көп жылдар бойы шын ба әлде мифологиялық хикая ма екені белгісіз болған соғыс. Себебі Гомер құдайлар мен жеңілмейтін қаһармандарға толы осы шайқасты ертегі секілді баяндайды. Негізінде соғыстың барлығы емес айтылған. Он жылға созылған соғыстың тек соңғы 51 күнін баяндайды Гомер Илиада дастанында. Троя ханзадасы Парис Ахей королі Менелайдың әйелі Еленаны алып қашқан соң, Троя соғысы басталады. Соғысқа көптеген грек қала мемлекеті армияларымен қатысады. Ахиллес де соғысқа қосылғандар арасында. Мықты және батылдығымен өте маңызды кейіпкер Ахиллес, алайда Ахей армиясының бас қолбасшысы Агамемнон салдарынан соғысуды тоқтатады. Он жыл жалғасқан Троя қоршауында екі тарап та көп шығынға ұшырайды, алайда бірін бірі жеңе алмайды. Ахей армиясы шаршай бастайды және Грекияға оралғысы келеді. Троялық Паристің інісі Гектор бір ұсыныс айтады осы ұзын соғыстың бітуі үшін. Соғыстың себебі Паристің Менелайдың әйелі Еленаны алып қашыруы болса, келіспеушілік Парис пен Меналайдың шайқасуымен шешілуі керек. Осы ұсынысты қабылдаған Менелай мен Парис шайқасуға дайындалады. Сұлу Еленаның алып қашырылуында көмегі болған Афродита тап жеңілетін кезде Паристі шайқас алаңынан алып қашады және өлімнен құтқарады. Соғыс қайта басталады. Енді соғысқа құдайлар араласады. Олар да өз жақтарын қолдауға кіріседі. Құдайлардың құдайы Зевс Гекторды қолдайды, яғни троялықтарды жақтайды. Алайда Гектор Ахиллестің өте жақсы досын өлтіріп, үлкен қате жасайды. Ашуланған Ахиллес қайтадан соғысқа қосылады. Жауынгерлік жабдықтарын алып, Гектордың алдына шығады және оны өлтіреді.
Қаһарман Гектордың өлімі Троя халқын және отбасын қатты қайғыға батырады. Ахиллес Гектордың өлі денесін сүйрелеп, Трояның төңірегінде үш рет айналдырады. Сосын денені Гектордың әкесіне береді. Илиада дастаны осы сахнамен аяқталады. Соғысты ахейлер жеңеді.
«Илиадада» соғыстың оныншы жылындағы оқиғалар суреттеледі.Поэмада соғыстың қалай басталғаны және оның барысы айтылмайды. Поэманың тақырыбы бірінші өлеңінде айтылған: «Гнев, богиня, воспой Ахиллеса, Пелеева сына...». Ахилл (Ахиллес) – фессалиялық патша Пелей мен теңіз құдайы Фетиданың ұлы, ахейлік батырлардың ең батылы, «Илиада» поэмасының негізгі бейнесі.Трояны ұзаққа созылған қоршаудың сәтсіз болуы мен шығынға ұшырауы жауынгерлердің рухын түсереді. Оларды жігерлендіру үшін көсемдері халық жиналысын шақырды. Троя қаласы түбінде ұрыс қайта басталады. Гректердің ішіндегі ең таңдаулы жауынгер құдіретті «желаяқ» Ахилл (Ахиллес) болатын. Троялықтардың ең күшті де батылы Гектор еді. «Илиадада» сол екеуінің арасындағы жекпе-жек пен Гектордың өлімі суреттеледі. Поэманың әрекеті салыстырмалы планмен жүргізіледі: Олимп үстіндегі құдайлар және Трояның айналасындағы адамдар. Поэмада шайқасқа құдайлар араласқаны айтылады, олардың біреулері гректерге, екіншілері троялықтарға жақтасады. Ұрыс үстінде Ахиллдің досы Патрокл қаза табады. «Илиада» Патрокл мен Гектордың жерлеуін суреттеумен аяқталады. Троя соғысының ақыры туралы поэмаға енбеген аңызда айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |