Күкірт қышқылын контакт әдісімен өндіру
Күкірт қышқылы
1-қайнау қабатын күйдіруге арналған пеш; 2-циклон; 3-электрсүзгі; 4-кептіру мұнарасы; 5- жылуалмастырғыш, 6-жанасу аппараты; 7-сіңіру мұнарасы
Күкірт қышқылын контакт әдісімен өндіру
Бұл әдіс 3 сатыда жүреді
1 саты: Күкірт (ІҮ) оксидін алу- SO2
Тау жыныстарынан колчеданды ҒеS2 ұнтақтап, сорттап алады. Колчеданды (пирит ҒеS2) арнайы пештерде өртейді. Пиритті (колчеданды ҒеS2) шанаққа салып, қайнау қабатында күйдіруге арналған пеште жағады.
4ҒеS2 + 11О2 = 2Ғе2О3 + 8 SO2+ Q
Бұл реакция экзотермиялық, қайтымсыз. Температура шамамен 850-900 0С
Пештен шыққан газ (SO2) циклонды аппаратта одан кейін электрсүзгіге өтіп мұнда қосындылармен шаң-тозаңнан тазартылып кептіру мұнарасына барады. Бұл қондырғыда газ кептіріледі.
2 сатысы — күкірт (IV) оксидінің күкірт (ҮІ) оксидіне дейін тотығуы.
Тазартылған газ кептіріліп (SO2), жылу алмастырғыш арқылы өтіп, контакт аппаратына барады да жылытылған газ сіңіру мұнарасына барады
2SО2 + О2 ↔ 2SО3
Реакция қайтымды, экзотермиялық, катализдік (өршіткі ретінде темір, ванадий оксидтері қолданылады)
3 сатысы – Күкірт (ҮІ) оксидінің абсорбциясы – күкірт қышқылын (олеум) алу
Бұл соңғы саты болып табылады, сіңіру мұнарасында сүйылтылған күкірт қышқылы күкірт (ҮІ) оксидімен қанығып, олеум түзіледі. Олеум-латын сөзі май деген мағынаны білдіреді.
SО3 + Н2О → Н2SО4 (Н2SО4 * SО3)
SО3 + Н2SО4 = Н2S2О7 (Н2SО4 * SО3)
Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышқыл толтырылған стақанды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
Концентрациялы күкірт қышқылы адам терісіне, матаға, ағашқа тисе, оны қарайтып күйдіреді. Сол себепті, күкірт қышқылымен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Теріге немесе матаға тиген күкірт қышқылын тездетіп сумен жуып, содан соң ас содасыерітіндісімен шаю қажет.
https://youtu.be/phNlSFYl-zU
https://youtu.be/gdaFNM60EvI
«Детальдарын қосу» әдісі
– қалып қойған қосылыстарды тауып, реакция теңдеулерін аяқтаңдар
І цех
S → SO2 → ? → H2SO4 → FeSO4 → ?
2 цех
S →? → SO3 → ? → ВаSO4
↓
Na2SO3
3 цех
H2SO3 → SO2 → ? → H2SO4 → К2SO4
↓
?
«Зерек болсаң» әдісі
І цех
234 г натрий хлоридіне күкірт қышқылымен әсер еткенде түзілген хлорсутегінің массасы қандай?
NaCI + H2 SO 4
ІІ цех
Күкірт қышқылының 16 г ерітіндісі барий хлоридінің ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы қандай?
ІІІ цех
Құрамы сутегі – 2,4%, күкірт – 39,1%, оттегі – 58,5% болатын қосылыстың молекулалық формуласын табыңдар?
Достарыңызбен бөлісу: |