Тілдің қоғамдағы орны мен рөлі жөніндегі қисынды пікірлер Ахаң бастаған алашшылдардың
мақалаларынан көрініп жатты. Сондай-ақ, туған тіл тақырыбы ұлтты ұйыстырушы,
халықтың төл болмысын айқындаушы фактор ретінде қазақ поэзиясында, әсіресе,М.Жұмабаев,
С.Торайғыров өлеңдерінде ерекше леппен жырлана бастады. «Жақсының хаты өлмейді»
дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң
айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл
осында айтылғандай Алаш зиялыларының идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың
көзін ашпаққа керек.
Алаш партиясының белсенді мушелері
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және
қоғамдық саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса
маңызды 14 мәселе енгізілді.Олар:
1. Мемлекеттік басқару формасы
2. Автономия құру мәселесі.
3. Жер мәселесі.
4. Халық милициясын құру.
5. Сот ісі.
6. Дін мәселесі.
7. «Алаш»саяси партиясын құрып, оның бағдарламасын жасау.
8. Құрылтай жиналысын шақыру
9. Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы.
10.Жетісудың ашыққан халқына көмек
11.Халық ағару ісі
12. Земство
13. Әйел мәсселесі
14. Киев шаһарында болатын бүкіл Россия федералистерінің
сеьздіне һәм Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтан өкіл
жіберу.
I
.Басқару түрі
Ресей демократиялық
Федерациялық
Республикасы, демократиялық Республиканы
белгілі бір уақытқа парламент сайлайтын президент
басқарады, министрлер кабинеті соның
(парламенттің) алдында жауап береді.
III.Азаматтың негізгі құқықтары
Дініне қарамастан және жынысына
қарамастан,барлық халықтар өз құқықтар (жиналыстар
бостандығы, сайлау,оларды ашуда бірігу бостандығы
сөз, баспасөз,
адамның жеке басына тиіспеу бостандығы) жөнінен
теңестіріледі. Сот тәртібімен болмаса, қамауға алу
жүргізілмейді. Сот органдары бар жерлерде қамауға
алынғандарға айып 24 сағат ішінде тағылады, ал ондай
органдар жоқ жерлерде 7 күн ішінде тағылады, олай
болмаған ретте уақытша ұсталған адамдар дереу
босатылады. Сонымен бірге жеке хат алысуға ешкімнің
тиіспеуі белгіленеді.
IV
.Дін ұстану туралы мәселе.
Шірекудің мемлекеттен бөлінуі. Заң алдында барлық
дін тең, яғни ешқандай діни ілімнің басқа діндерден
артықшылығы болмайды.
Қандай діни ілімнің болса да таралу бостандығы, діни
наным таңдау бостандығы. Қырғызия үшін татарлардан
бөлек жеке муфтиат құру.
Неке, ажырасу, туу мен өлуді тіркеу молдалардың
(діни адамдар) қарауында қалады, ал қалыңмалға
байланысты істер сот органдарында қаралады.
V
.Соттар туралы.
Заң алдында барлық азаматтар тең және заңның
қорғауын бірдей пайдаланады. Сот — тергеу
органдары қырғыз халқының тұрмыс-
жағдайларына сәйкес құрылады. Сот ісі, сотта
сөйлеу қалықтың көпшілігі сөйлейтін тілде
жүргізілсін.
VI
.Қорғаныс.
Тұрақты әскер халық милициясымен
алмастырылуға тиіс. Әскери өнерді үйрету
жергілікті жерлерде жүргізілуге тиіс. Қырғыздар
әскери қызметті - атты милиция қатарында
атқаруға міндетті.
VII
.Салықтар.
Салықтар саласында үдемелі табыс
салығы салынады.
VIII.
Жұмысшы мәселесі.
«Алаш» партиясы жұмысшы мәселесінде
социал
демократтардың (меньшевиктердің)
бағдарламасын қолдайды.
IX.
Халық ағарту.
Ана тілінде жаппай, тегін оқыту. Қырғызияда
қырғыз тілінде оқытатын орта және жоғарғы оқу
орындарын ашу, ағарту саласы автономиялы
болуға тиіс; оқушылар өзі қалаған мамандығы
бойынша білім алады. Кітапханалар, оқу үйлері
ашылуға тиіс.
Х.
Жер мәселесі.
Жерге алғашқы кезекте
байырғы халық
орналастырылуға және алдағы уақытта қырғыздар біржола
орналастырылып болғанша, қырғыз өлкесіне сырттан
әкеліп қоныстандыру тоқтатылуға тиіс.
Қоныстандырылмай бос жатқан және босап қалған
учаскелер байырғы халыққа берілсін. Жерді пайдалану
нормасын жер алқаптарының сапасын және ауыл
шаруашылығы жерінің құрамына қарай жергілікті жер
комитеттері белгілейді, ал жерге орналастырылғаннан кейін
алған артық жер жергілікті өзін-өзі басқару органдарының
(земстволар) қорына түседі. Халықтың көбею шамасына (өсуіне)
қарай аталған жер қорынан жерсіз немесе жері аз батырақтарға
жер беріледі.
Ә.Бөкейханов басқарған қазақ зиялылары 1905 жылы
кадеттер үлгісіндегі қазақтың ұлттық саяси партиясын
құруға әрекет жасағанда оның ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанды
буржуазиялық қатынастарға бейімдеуге
жетекшілік жасайтын ұлттық-либералдық типтегі ұйым
құруды ойластырды. Ал Ә.Бөкейханов пен оның
серіктестерінің 1905-1917 жылдардағы көзқарас эволюциясы 1917 жылғы шілдеде
ұлттық-демократиялық мақсат-мүдделерді көздейтін Алаш саяси партиясын құруға
алып келеді. «Алаш» шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып
үлгермегеніне, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен
әдеттегі партияға өту «кезеңін» бастан кешірген өтпелі саяси ұйым болғанына
қарамастан, қоғамдық-саяси өмірге араласа бастаған кезден түбірлі екі ұлттық
мақсатты – қазақ халқын отарлық езгіден құтқаруды және қазақ қоғамының
өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басты нысана етіп белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |