Алла Елшісі (Алланың оған сәлемі және рахметі болсын) бір сөзінде: «Кісі амалы өмірден өтумен үзіледі. Бірақ үш нәрсенің сауабы үзілмей соңынан келіп тұрады. Соның бірі пайдаға тастаған ілімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы» - деген. Соның бірі жария садақа – егілген ағаш, соғылан мешіт медресе, жол, сондай-ақ қазылған құдық.
Алдажарұлы Маханбет
Алдажарұлы Маханбет (ол кісіні ауданның халқы Абай деп атап кеткен) 1908 жылы Тамды ауданы, Тамды совхорзының № 2 «Шарықты» фермасында шаруа отбасында дүниеге келді.
Абай ата саналы ғұмырында сол Шарықты фермасында малшыларыдың құдықтарын қазатын құдықшы болып, бертін келе жасы ұлғайған шағында сол фермада мал бағатын немере інісі Ақынбаев Ізенге көмекші шопан болып еңбек еткен.
Тамды ауданы негізінен мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойларын өсірумен айналысады. Ауданның географиялық орналасуы мен климатының ерекшелігіне, аудан көлемінде өзен, немесе басқада ағын су болмауы себепті, шаруа малдары қазба, артизан құдықтарынан алынған сумен суғарылады.
Құдық қазудыңда өзіндік қиындықтары жетіп жатыр. Ол жердің топырағы бос болуы себепті қазған орға қайта ағып түседі. Сол үшін, қазылған орға топырақ қайта ағып түспеу үшін орды дер кезінде қоянсүйек, жүзген, қандым деген қатты ағаштардан шеген (тор) жасап шегендеп отырады. Жер құрылысының орналасуына сәйкес жаңа құдықтардан су 50-100 метр тереңдіктен шығады.
Сонымен бірге, Абай атамыз сол құдықтарды қазушы ғана емес, пайдаланудағы құдықтардың көзі біткен, суы азайған ескі құдықтардың көзін ашатын, шаруаға ең бір қажетті мамандық құдықшы болған.
Абай атамыз аңғал, жас балаш алдыр салдыр сөйлейтін, кейде істеген ісіде бала сияқты ақ көңіл жан еді.
Бірде Қызылқақ деген жердегі қасындағы серігі Байбатшаев Тайбағар ақсақалмен құдық қазып жатқан уақытта малшылардың ауылдарын аралап жеміс жидек сатып жүретін өзбектер келіп қалады. Абай ата істеп жатқан жұмысын тастап, құдықтың ішіндегі серігі Тайбағар ақсақал ұмытып кетіп 3 сағаттан астам саудегерлердің сатып жатқан саудасын тамашалап кеткен екен.
Абай ата өмір жолдасы Парқыт әжеміз қайтыс болған соң бір жаққа жол жүрсе 2-3 көйлекті қабаттап киіп алады екен. Ау ата күннің ыстығында неге қабаттап киіп алғансыз деген жұртқа, оны жүк қылып көтеріп жүремба, ішкі көйлектің жағасы кірлесе шешіп алып сыртынан киіп жүре беремін, ішкісі таза болса болдыда дейді екен.
Алдажарұлы Маханбет ата алланың өлшеп берген өмірін сүріп өзінің туған аулында 1983 жылы 75 жасында дүниеден өтті.
Абай ата өмір жолдасы, руы ақбалқы Парқыт Басқанқызымен бірге отбасы құрып жасаған өмірінде Ізтелеу және Ізмахан есімді 2 ұл перзент көрді. Бұл күнге сол 2 перзент 12 немере, 28 шөбере, 3 шөпшек өніп өрбіді.
Бүгінгі күнде үлкен ұлы Ізтелеу және ол кісінің ұл-қыздары, немерелері Өзбекстанда, Мұрынтау кентінде жасайды. Екінші ұлы Ізмаханның отбасы, ұл-қыздары, немерелері тарихи Отанына қоныс аударып, Астана қаласына және Костанай облысының Рудный қаласына көшіп келіп жайғасып, мамандықтары бойынша әртүрлі салада еңбек етуде.
Тағыда 2-3 күлдіркі әңгімелері болса жақсы болар еді !!!