Алдыңғы апта сабақ процесін бақыласам осы аптада мен оқушыларға сабақ бердім. Мен оқушыларлың келесі сабақ тақырыбына дайын болу үшін алдыңғы сабақта олардың келесі тақырыбын суретке түсіріп алып дайындалып келдім



бет1/3
Дата13.04.2023
өлшемі29,32 Kb.
#82350
  1   2   3
Байланысты:
Рома Отчёт практика (4)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ
ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ»
«Білім беру» факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
6В01601-«Тарих» мамандығы

1-курс күндізгі бөлім Тарих 22-3 оқу академиялық тобы (бакалавр,
магистратура,докторантура) оқу тәжірбиесі бойынша
ЕСЕБІ
Самархан Рамазан


Университеттен бекітілген тәжірбие жетекшісі: аға оқытушы,
магистор Қамиева.Г.Б
Ақтау 2023
Тарих 22-3 оқу тобының студенті Самархан Рамазан
06.02.2023-04.03.2023 аралығындағы оқу тәжірбиесінің
ЕСЕБІ:
06.02.2023.Оқу тәжірбиесінен өту үшін Ақтау қаласы №13 гимназиясына келдім.Мектеп директоры, бекітіліген әдіскерімізбен және тарих пәнінің мұғалімімен таныстым.Тарих кабинетімен, күнтізбелік жоспармен, ішкі тәртіп ережелерімен және сабақ кестесімен таныстырды, бізді топтарға бөліп, сыныптарға жіберді. Мені Демеуова Гүлшат апай жетекшілік жасайтын 8-ші сыныбына бекітті. Яғни, мен 8-ші сынып оқушыларының «Қазақстан тарихы» пәнінің сабақтарына қатыстым.Бірінші апта 8-ші сынып оқушыларының оқу проецесі қандай бағытта болатынын бақыладым. Сабақ басталысымен мұғалім оқушылардан үйге берілген тапсырмалардан кері байланыс жасап, оқушыларға сұрақ қойып, оқушының сабақ айтуына байланысты бағалады. Сабақтың ортасында мұғалім оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, оларды топқа бөліп өткен тақырыптары бойынша топтық жұмыс ұйымдастырды.Топтық жұмыс барысында оқушылардың бір-біріне деген сыйластығын, ауызбіршілігін байқадым. Сабақтың соңында мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойып, оқушыларды қосымша бағалады.

13.02.2023. Алдыңғы апта сабақ процесін бақыласам осы аптада мен оқушыларға сабақ бердім.Мен оқушыларлың келесі сабақ тақырыбына дайын болу үшін алдыңғы сабақта олардың келесі тақырыбын суретке түсіріп алып дайындалып келдім. Сабақ басында мен оқушылардан үйге берілген тапсырмаларын сұрадым және бағаладым. Оқушылар үй тапсырмасына белсенді дайындалып келгенін, білімге құштар екенін байқадым. Сабақтың ортасында мен оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндірдім жаңа тақырыбы «Қазақстандағы жаңа ағарту ісі» болды, оларға тапсырма бердім. Оқушылар тапсырманы жақсы орындады. Сабақ процесін қызық өткізу үшін мен тапсырмаларды оқушыларға ойын түрінде бердім. Оқушыларға жаңа тақырыпты жақсы түсініуі үшін жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріп,оларды кітаптан қарап орындауларына рұқсат бердім Яғни, бұл процестің мақсаты оқушыларды кітаптан іздегенін табуға болатынын көрсету. Сабақтың соңында оқушылармен кері байланыс жасадым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет