20.02.2023. Сабақ басталысымен оқушылардан кім бар, кім жоқ екенін тексеріп журналға белгіледім. Белгі салған соң оқушылардан үйге берілген тапсырмаларды сұрадым. Сабақтың ортасында жаңа тақырыппен таныстырдым. Сабақты қызық өткізу үшін бұл жолы жаңа сабақ өткізу процесімен келдім бұл жолы мен оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмыс жасаттым және тапсырманы бірінші болып орындаған топқа сыйлық беремін деген. Бұл процестің мақсаты оқушыларды топта жұмыс жасаумен үйрету және олардың тез ойлау, тез дұрыс шешім қабылдап және бәскеге түсіп үйренуі үшін сыйлық дайындадым. Менің ойымша қызық өткен сабақ оқушының ойынан өшпейді және қызығып іздеген мәліметтері де. Осындай сабақты өткізу процесі менің ойымша оқушылардың білімге деген қызығушылығын оятады.Сабақ аяқталған соң оқушылармен кері байланыс жасадым. Кері байланыс арқылы оқушыларға бүгінгі сабақ ұнадыма, ұнамадыма сұрадым. Яғни, ұнамаған жағдайда басқа сабақ өткізу процесін дайындауға мақсат құру.
06.04.2023. Сабақ басталысымен мен оқушыларды түгендедім және журналға белгіледім. Мен оқушыларға үйге берілген тапсырмаларға дайындалып алуға 10 минуттай уақыт бердім. Уақыт өткен соң оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрадым және сол бойынша сұрақтар қойып оларды бағаладым. Үйге тапсырманы сұрап болғанан кейін мен журналдан бағасы аз оқушыларға қосымша сұрақ қойып бағаладым. Сабақ ортасында оқушыларға жаңа тақырып түсіндірдім. Бұл жолы мен әр оқушыларға жеке тапсырма бердім. Бұл процестің мақсаты жеке жұмыс жасап үйрену. Жеке жұмыста оқушыларға мәліметтерді кітаптан алуға рұқсат бердім. Осы арқылы оқушылар өздері ізденіп білімдері артады деп ойлаймын сол себепті осы оқу процесін ұсатануды жөн көрдім. Оқушылар тапсырманы айтарлықтай жақсы деңгейде орындады мен оларға өздеріне сай бағаларын қойдым. Сабақтың соңында оқушылармен кері байланыс жасадым. Кері байланыс кезінде қызықты мәліметтерменде бөлістім, бөлісу арқылы оқушылар сабақ тақырыбына сай мәліметтер алды. Оқу тәжірбиесінде оқушылармен жақсы тіл табыстым деп ойлаймын.