Қалдырған, Қайран елім, не көрмедің



жүктеу 7.09 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі7.09 Kb.

ЖЕЛТОҚСАН 

ЫЗҒАРЫ 


Көш басында қаралы ән 

қалдырған, 

Қайран елім, не көрмедің 

тағдырдан. 

Талай зорлық, қасіреттің 

торында, 

Еңкеймеді  қажымайтын нар 

тұлғаң! 

Әдірә қап қасиетті сөз-өлең, 

Талай ездер шұбар тілін 

безеген. 

Ботасына бұғау салып 

темірден, 

Інгеніне қара мылтық кезеген. 

Ұйытқи соғып желтоқсанда 

ызғар жел, 

Жатты қанша қанға бөгіп, 

мұздап жер. 

Көп шаңырақта бос бесіктер 

тербеліп, 

Тамшы үмітті тасқа соқты 

қайран ел. 

Бар асылын ұрлатып ап сол 

күнге, 

Күлкі  қашып,  ұласады зарлы 

үнге. 

Ішкен асы шалап болып 

шайқалып, 

Жатса елімнің бал татуы 

мүмкін бе? 

Бақ пен сорды қалың еткен, 

қазағым, 

Аз болды ма көрген сенің 

азабың? 

Бірлігіңнің арасынан қыл 

өтпей, 

Тарқамасын көрер алда 

базарың! 

Алма  Т Ү С І П Б Е К О В А , 

облыстық соттың маманы. 

Орталық Қазақстан. - 2005. -



16 желтоқсан. - 4 б. 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал