31. Ауылшаруашылық қалдықтар түсінігі мен сипаты
Ауылшаруашылығындық ластану — ауыл шаруашылығы өндірісі процесінде ортаға улы химиялық қосылыстарды немесе патогенді микроорганизмдерді енгізу. Ауылшаруашылығындық ластанудың негізгі көздеріне пестицидтер, тыңайтқыштар, мал шаруашылығының ағындылары жатады. Топырақты пестицидтермен және олардың қалдықтарымен ластау топырақтағы тіршілікті азайтады, сондай-ақ органикалыққалдықтар ыдыраған кездегі қоректік элементтердің рециклинг процесін баяулатады. Тамаққа пестицидтердің түсуі адамда ауру туғызады. Топыраққа және ауыл шаруашылығы өнімдеріне фосфор тыңайтқыштарымен бірге едәуір мөлшерде ауыр металдар (кадмий, кобальт, мырыш) түсіп, жиналуы мүмкін. Ауыр металдар (әсіресе, қорғасын) жол бойындағы топыраққа этилденген бензинмен жұмыс істейтін көліктің шығаратын газынан да түзіледі. Ортаның (ең алдымен, су қоймалардың — өзендер мен көлдердің, сондай-ақ грунт суларыны) мал шаруашылығы ағындыларымен, әсіресе шошқа шаруашылығы кешендерінен шығатын ағындылармен ластануыныңқауіптілігі өнеркәсіптік және тұрмыстықластанудан кем емес. Өйткені, мал бордақылайтын ірі кешен (100 мың бас) ортаны 100—200 мың халқы бар қаласияқты ластайды. ірі қара малдарды бордақылайтын кешендердің, көбіне жеткіліксіз жабдықталған және едәуір мөлшерде сұйық (төсенішсіз) көң жинайтын кең қоймасы да қауіп туғызады. Бұл көңдітиісті өндеусіз тыңайтқыш ретінде пайдалануға болмайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің нитраттармен ластануы адам денсаулығына үлкен зиянын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |