Қалдықтарды басқару



бет73/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

75. Ғарыштық қалдықтар

Ғарышты зерттеу басталған жарты ғасырдан бері әуе кеңістігінде жерді айналып ұшып жүрген жарылған зымыран, металдардың, спутниктердің сынық бөлшектері "ғарыштық қалдық" деп аталады. Радар арқылы олардың ең үлкендерін ғана көруге болады, ал миллиондаған көрінбейтіндері астронавтар мен спутниктерге өзіндік қауіп-қатер төндіруі мүмкін.

Адамзат баласының айға барып, Марсты немесе басқа да бір планеталарды игеріп тіршілік ететін орынға айналдыру турасында арман-мақсаты ілгеріден-ақ келеді. Алайда ғарышта қозғалып жүрген жасанды қалдықтардың бұл жоспардың жүзеге асуына келтірер кедергісі өсе түсуде.

Британдық планетаралық қоғамның өкілі Ричард Тэйлор егер ғарышты зерттеуші ғалымдардың әуе кеңістігіндегі барлық қалдықтарды түгелдей бақылай алатындай мүмкіндігі болса да, оны жасай алмайды, себебі олар, демек қалдықтар, жылдамдықтарын және бағыттарын жиі өзгертіп отырады дегенді айтады

- Бұл кең етек алып бара жатқан мәселе, өйткені ғарыш қалдықтары қақтығысу салдарынан бағыттарын өзгертеді. Ең басты проблема бөлшектелген қалдықтар орбитаны кесіп өткенде қақтығысатын болса, олардың жылдамдығы одан сайын арта түседі, - дейді Тэйлор.

Тэйлор радар орбитадағы қалдықтардың 30 мыңдай үлкен бөлшектерін бақылай алады деп атап көрсетеді. Қытай жақында өздерінің осындай бақылау станциясын орнатты, ол станция ғарыштық қалдықтардың осыған дейін көрінбей келген, көлемдері бір сантиметрден үлкен болатын 110 мыңдай бөлшегін анықтаған. Мұнда сондай-ақ ең кішкентай деген қалдықтардың саны 40 миллионнан асады деген де мәлімет берілген. Тэйлор бұл бақыланбай келген қалдықтар сағатына 30 мың шақырымнан асатын жылдамдықпен қозғалатын басқа обьктілермен түйісіп, қақтығысып қалуы әбден мүмкін дейді.

Ғарыштық қалдық бөлшектің аймағы, келе жатқан жолы нақты белгілі болса, сатилиттердің қозғалу бағытын өзгертіп оны әлгі қалдықпен қақтығысып қалудан сақтап, қорғап қалуға болады.

Британиядағы Бристол университетінің аэрокеңістік инженері Марк Хемпселл халықаралық ғарыш станциясының кішкентай қалдық бөлшектерден қорғайтын қалқан қабаты бар дейді:



- Халықаралық ғарыш станциясының сыртқы соққыдан қорғайтын қабаты болады. Сізде өзін- өзі құрбандыққа шалатын сыртқы қабат бар, кішкентай қалдықтың бірі келіп соғылғанда ол шашырап, жайылады. Мұнан соң жаңағы шашыраған газ жайылатындай бір бөлік пайда болады да,сізде қорғаныс қабатыңыз құрылады.

Бірақ, анық тұрған міндет - ол әуе кеңістігін мұндай қалдықтардан босатып, олардың ендігі пайда болуын, демек жаңадан жасалуын тоқтату. Оның бір жолы - қалдық бөлшектерді жинайтын ғарыш кемесін құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет