66. Озық қалдықсыз технологиялар.
ңдеу кәсіпорындарының құрал-жабдықтары да технологиялық және моральдық жағынан әбден тозығы жеткендіктен қазір оларды заман талабына сай қайта жабдықтау мәселесі қолға алына бастады. Егер ол оңды шешілген жағдайда ауыл шаруашылығы саласы еліміздің ішкі қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, дүниежүзілік рынокқа да шығаруға толық мүмкіндік туатынын мамандар жиі айтады. «Бұл ауыл шаруашылығы саласын өрге сүйрейтін өте тиімді жол болмақ» дейді олар. Ол үшін, сонымен бірге, халықаралық стандарттарды да игеру қажет. Бұл болашақтың ісі, дегенмен әлемдік қаржы дағдарысына қарсы қауқар көрсетер жолдың бірі де осы болмақ екен. Ал, әзірге облысымыз бойынша азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі 20 сала бойынша 1200-ге жуық кәсіпорынды құрап отыр, оның ішінде 130-ға жуығы шағын және орта кәсіпорындар. Осылардың ішінде он шақты кәсіпорынның халықаралық сапа сертификаты бар болса, тағы да сондай кәсіпорындар оны енгізуге дайындық жасап отыр. Яғни, олардың болашақта өз өнімдерін дүниежүзілік рынокқа еркін өткізуге қолдары жетпек. Әзірге ауыл шаруашылығы саласы үшін шетелдерге тек астық пен балық және оның өнімдері шығарылуда. Оның өзінде негізінен шикізат түрінде.
Мәселен, Ресейдің бізбен көршілес облыстарында дәл біздердегідей балық өңдейтін бірнеше заводтар жұмыс істейді екен. Олар негізінен бізден жеткізілетін шикізатқа, яғни, балыққа үміт артып, соған есептеліп салынған.
Достарыңызбен бөлісу: |