13.Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 176 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10936 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын
1. Осы "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 144 және 145-баптарына сәйкес әзірленген, өндірістік объектілердегі өндіріс және тұтыну қалдықтарын, қатты тұрмыстық және медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға, жинақтауға, олармен жұмыс істеуге, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Тұтыну қалдықтары келесідей бөлінеді:
1) тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ);
2) медициналық қалдықтар (бұдан әрі – МО).
3. Осы Санитариялық қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) ағызу станциялары – елді мекендердің кәріз тартылмаған аудандарынан сұйық қалдықтарды кәріз желілеріне қабылдауға және ағызуға арналған құрылыстар;
2) ассенизациялау алқабы, жер жырту алқабы – елді мекеннің шегінен тыс сұйық қалдықтарды жинау және залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген аумақ;
3) жоспарлы-тұрақты тазарту – қалдықтарды белгіленген жиілікпен жинау және жою бойынша іс-шаралар жүйесі;
4) жерді рекультивациялау – белгілі мақсатта пайдалану үшін бұзылған жерлерді, оның ішінде бұзылған жерлердің кері әсері нәтижесінде өз құндылығын толық немесе ішінара жоғалтқан іргелес жер учаскелерін қалпына келтіруге, сондай-ақ қоршаған орта жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені;
5) коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік етуінің нәтижесінде қалыптасқан тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен қалыптасу сипаты бойынша оларға жақын өндіріс қалдықтары;
6) қалдық сақтау қоймасы – радиоактивті, уытты және қалдықтар деп аталатын пайдалы қазбалардың басқа да төгілген қалдықтарын сақтауға немесе көмуге арналған арнайы құрылыстар мен жабдықтар кешені;
7) қалдықтарды есепке алу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасы мен олармен жұмыс істеу тәсілдері туралы ақпарат жинау және ұсыну жүйесі;
8) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою бойынша операциялар;
9) қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрі кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлінген орындарға немесе объектілерге шығаруға, жинауға және орналастыруға байланысты қызмет;
Достарыңызбен бөлісу: |