Қалдықтарды басқару


Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату



бет12/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

12. Қазақстанда тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Қазақстанда да тұрмыстық қалдықтарға бей-жай қарамай, оны ел экономикасына пайдалану жағын ойластырған абзал. Өйткені өкілетті органдарда қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарының орындалуын қадағалау, жер¬гілік¬ті атқа¬ру¬шы органдар¬да тұр¬мыс¬тық қатты қал¬дық-тарды жинау, тасымал¬дау, қайта өңдеу және жою құзы¬рының бол¬ға¬нына қарамастан, бұл мәсе¬ле өткір күйінде қалып отыр. Қоқысты шығару жеке ұйым¬дарға берілгенімен, олар қыз¬мет құнының төмендігіне бай¬ланысты оны қайта өңдеу мен ут¬илизациялау орындарына жеткізе бермейді. Бұл өз ке¬зе¬гінде рұқсат етілмеген қо-қыс үйінділерінің пайда болуы¬на алып келуде. Елі¬міз¬де қоқысты жекелеп жинау, сұрып¬тау мен қайта өң¬деу инфрақұрылымы дамымай отыр. Жеке және заңды тұлға-лардың қоқыс шығару қыз¬метіне төлем жасау жауап¬кершілігінің төмендігі де бұл саладағы мәселелердің қор¬далана түскендігін бай¬қатады. Жергілікті бюджеттерден қоршаған ортаны қорғау шараларына жеткілікті қаражаттың бөлінбеуі, аталған салаға инвестиция көздерінің тар¬тылмауы қоғамда тұрмыс¬тық қал¬дық¬тарға оң көзқарас қа¬лыשּׁтаспай отырғанын аң¬да¬тады.

Бұл ретте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болବшаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған бабаларымыздың табиғатпен етене өмір сүру салтында бол¬ған шынайы прагматизмді за¬манға сай қайта жаңғыртудың маңызы өте жоғары. Мәселен, ұлттық мерекелерде бұқаралық іс-шаралардан кейін алаңдарда қаптаған қоқыс қалады. Бұл эко¬логиялық тәрбиенің мүл¬дем төмендеп кеткенін көрсе¬теді. Яғни ең алдымен сананы тәрбиелемей қандай да бір жетістікке жету күрделі күйінде қала бермек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет