Қалдықтарды басқару


Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы



бет45/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

45.Өндіріс және тұтыну қалдықтарына меншік құқығы

1. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс істеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауапты болады.

2. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін.

3. Мемлекет мемлекеттік меншік объектілерінде немесе сот шешімі бойынша мемлекеттік меншікке түсті деп танылған объектілерде құралатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа да жағдайларда қалдықтардың меншік иесі болып табылады.

4. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті. Бөгде ұйымдардан қабылданатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілер ұлттық стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс және қалдықтардың меншік иесі оларды берген кезден бастап қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге жауапты болады.

5. Меншік иесінің қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды орындайтын субъектiлерге қалдықтарды беруі, егер тараптар келісімді өзгеше жағдайда жасамаған болса, қалдықтарға меншік құқығының бір мезгілде осындай субъектілерге ауысуын білдіреді.

6. Қалдықтарды жинау, тасымалдау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді. Қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды орындайтын субъектілерге қойылатын ұлттық стандарттардың талаптары дара кәсіпкерлердің және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет