Қалдықтарды басқару


Зиянды заттарды,радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастры



бет43/73
Дата07.01.2022
өлшемі76,56 Kb.
#19222
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
калдыктар сессия ответы

43.Зиянды заттарды,радиоактивтi қалдықтарды көмудiң және сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастры

1. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды ағызудың мемлекеттік кадастрын жүргізу тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектілері бар табиғат пайдаланушылар үшін міндетті болып табылады.

3. Жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмудің және сарқынды суларды жер қойнауына ағызу мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - Көмудің мемлекеттік кадастры) көмілген заттардың және ағызылған судың сандық және сапалық көрсеткіштері, көму мен ағызудың тау-кен-техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары көрсетілген олардың үлгісі мен түрін сипаттайтын мәліметтерді қамтиды және:

1) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің жалпы сипаттамасын; орналасқан жерін, пайдалану кезеңін, күтіп ұстауға жұмсалатын шығынды, қоршаған орта жай-күйінің мониторингі мен жер қойнауы мониторингін қадағалау желісінің болуын және орналасуын;

2) зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен сарқынды су ағызылатын жерлердің физикалық сипаттамасын: оқшаулану сипаттамасын, тау-кен жынысы типін, коплектор-қаттың жатқан жерінің тереңдігі мен тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, сарқынды сулардың сақталуы мен басқа да сандық және сапалық көрсеткіштерді;

3) зиянды заттардың, радиоактивті қалдықтардың, сарқынды сулардың сипаттамасын: өнімнің атауын, нәтижесінде өнім жасалатын технологиялық өндірісті немесе үдерісті, физикалық сипаттамасын (толық химиялық құрамын, уытты құрамдауыштардың болуын, өрт-жарылыс қауштілігін, ерігіштігін, сақтау кезінде басқа заттармен сыйысымдылығын, негізгі ластаушы радионуклидтерді, олардың белсенділігін және басқа да сипаттамаларды), тасымалдау жүйесінің сипаттамасын қамтиды.

2. Мемлекеттік көму кадастрын жүргізу тәртібі

4. Көмудің мемлекеттік кадастрын жедел ақпарат алу, қоршаған орта саласында шешім қабылдау, зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың жай-күйіне жоспарлы бақылау жасау мақсаттарында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

5. Уәкілетті орган Көмудің мемлекеттік кадастрын жүргізу кезінде:

1) табиғат пайдаланушылардан мәліметтердің уақтылы түсуін бақылауды;

2) материалдарды жинауды, олардың есебін, жүйеленуі мен сақталуын;

3) табиғат пайдаланушыларға анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету мақсатында есептеу техникасын пайдалану арқылы деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесін жасауды және оның жұмыс істеуін;

4) көмудің мемлекеттік кадастрын дұрыс ресімдеуді қамтамасыз етеді.

6. Көмудің мемлекеттік кадастрының есебіне зиянды заттар, радиоактивті қалдықтар көмілетін объектілер мен жер қойнауына сарқынды су ағызылатын жерлер жатады.

7. Уәкілетті орган табиғат пайдаланушылардан түскен деректердің негізінде көмудің мемлекеттік кадастрын жасайды.

8. Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көметін және жер қойнауына сарқынды суларды ағызуды жүзеге асыратын табиғат пайдаланушылар есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсанының ішінде жыл сайын 1 қаңтардағы жағдай бойынша уәкілетті органға осы Қағиданың қосымшасына сәйкес екі данада ресімделген мәліметтерді табыс етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет