Александр бек



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата24.11.2022
өлшемі4,5 Mb.
#52375
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Волоколамск тас жолы

1942-1960 


667
«Әлем біздің кім екенімізді білгісі келеді»
«Әлем біздің кім екенімізді 
білгісі келеді»
«Волоколамск тас жолы» кітабының оқырмандарынан көпте-
ген хаттар алдым. Менен хикаяттың жазылу сыры, оның дерек-
тілігі, кейіпкерлердің тағдыры т.б. туралы сұрайды. 
Бұл кітапты жазуға неліктен бел будым? Ұлы Отан соғысы 
басталған кезде мен авиаконструктор Бережковтың өмірі туралы 
романды былай ысыра тұрып (романды соғыстан кейін аяқта-
дым), әскери тілші болып кеттім. Сөйтіп соғыстың алғашқы ай-
ларын Мәскеуді қорғаған әскер арасында өткіздім. 
1942 жылдың басында Москва іргесінен Старая Руссаға дейін 
бекініп үлгерген Панфилов атындағы дивизияға аттандым. Тағы 
да ежелден өзім жақсы білетін – Мәскеу түбінде шайқасушы-
лармен үсті-үстіне танысып, талмай сұрақ қою, «әңгімелесуші» 
роліндегі бітпес сағаттар әдісі іске қосылды. Бұрынғы қатардағы 
жауынгер ретінде өле-өлгенше сарбаздық кішіпейілдігін сақтап, 
айғаймен емес, ақыл-парасаты ықпалымен басқарып, Мәскеу 
түбінде мерт болған Панфиловтың образы біртіндеп айқындала 
түсті. 
Кітаптың бас кейіпкерінің прототипі кім? Ол өз атымен жүр 
ме әлде ойдан шығарылған ба?
Мен ойланбастан жазбаша да, ауызша да жауап қайтарумен 
болдым: «Волоколамск тас жолының» қаһарманы ойдан шыға-
рылған емес, нақты өмірде бар адам. Оның аты кітапта көрсетіл-
гендей – Бауыржан Момышұлы. Ол аға лейтенант, Москва түбін-
дегі шайқас күндерінде панфиловшылар батальонын басқарғаны 
рас. 
Ол тірі ме?
Иә, оқырман-достар, Бауыржан Момышұлы тірі. 
Қайда тұрады? Не істейді?
Жауапты өтіп жатқан жылдар қайтарды. Соғыс аяғы қар-
саңында мен оқ астында отырып оқырмандарға: полковник Мо-
мышұлы – дивизия командирі деп жаздым. Одан, бейбіт күндерде 


Волоколамск тас жолы
668
өз жауаптарымда Момышұлы Бас штаб Академиясында оқиды; 
Момышұлы енді өзі де әскери академиялардың бірінде шұғыл 
ұрыс өнері бойынша сабақ беріп жүр; Момышұлы қатты сырқат, 
сегізкөзінен алған жарақаты сыр берді деп мәлімдедім. Уақыт 
Волоколамск тас жолы кейіпкерінің өмірбаянына жаңа өзгеріс 
енгізді (бұл жерде осынау атауды тырнақшасыз жазу дұрыс-ау 
деп ойлаймын): отставкадағы полковник Бауыржан Момышұлы 
туған Қазақ елінде тұрып жатыр, әдебиетші мамандығын таңдап, 
өзінің «Москва үшін шайқас» жазбаларын жариялады. 
Менің әбден аяқталуға жақын «Волоколамск тас жолының» 
көшірмесі де жоқ қолжазбасын жоғалтып алғаным рас па?
Өкінішке қарай, рас. Маған осындай келеңсіздікті бастан ке-
шуге тура келді. Жағдай қалай болған еді?
Мен Панфилов дивизиясында алғаш бір мың тоғыз жүз қырық 
екінші жылы қаңтар – ақпан айларында болдым. Енді болашақ 
хикаят материалдары қолымда, дивизия өмірін әжептәуір зерт-
тедім-ау деген сәтте Мәскеуге аттануды ұйғардым. 
Бір ай өтті. Хикаят туралы қатты толғандым, бірақ кенеттен 
панфиловшылар туралы әлі де болса жетік біле қоймайтыным-
ды, біз, әдебиетшілер айтатындай, «материалдың» мүлде аздық 
ететінін сезіндім. 
Дивизияға тағы бір мәрте жол тарттым. 
Менен: «Жазып та қойдыңыз ба?» – деп сұрайды.
«Жоқ, жолдастар, – деп жауап қаттым мен ыңғайсызданып, 
– Сіздермен әлі де болса біраз тұрып, жағдайды көріп, әңгіме-
лесуіміз қажет...»Әйткенмен, маған екінші сапар да жеткіліксіз 
көрінді. Үшінші мәрте оралуға тура келді, одан төртінші рет – 
бірақ баяғыдай қолжазбасыз жеттім. Ақыр соңында «ештеңе 
жазбайтын бұл тілші енді кіргізілмесін» деген бұйрық берілді. 
Әйтеуір, қырық екінші жылдың жазында хикаятты жазуға 
отырдым. Бұл үшін өзім әскери тілші болып істейтін «Знамя» 
журналы редакциясынан демалыс алып, Быково станциясынан 
бөлме жалдадым да, ешқайда шықпастан іске кірістім. 
Бірде маған Мәскеуге бару керек болып қалды. Саяжайда ешкім 
қалған жоқ. Мен күнделіктерімді, жазбаларымды, шимайланған 
қағаздарымды, аяқтап бітуге таяған қолжазбамды кенеттен жой-
ып жіберетін өрт секілді кездейсоқ апаттардан сақтандым. Бар-


669
«Әлем біздің кім екенімізді білгісі келеді»
лық материалдарды мұқият қаттап, жолқапшыққа салып, иығыма 
асып алдым: осылай аманырақ сақталатыны анық! 
Москвада үйге соққанмын. Әйелім мені саяжайға шығарып 
салып тұрып, сорпа құйылған бидонды берген кезінде қатаң 
ескертті: 
«Білемін ғой сені... Тағы да ойға батасың да, бидонды міндетті 
түрде вагонда қалдырасың...». 
Осылайша саяжай пойызымен Быковоға келе жаттым. Жаны-
ма жолқапшықты жайғастырдым да, аяқ тұсыма бидонды қой-
дым. Және расында да, қатты ойланып кетіппін. Қаншалықты 
толғанғанмен хикаяттың соңғы тарауларындағы әрекетті қалай 
құру шешіміне тоқтай алмадым. Кенеттен тура төбе тұсымнан 
жолсеріктің дауысы естілді: 
«Быково!..»Пойыз тоқтап та үлгерді. Мен әлденені ұмытпау 
қажеттігін есіме түсірдім... Ах, иә, бидон! Соны жұлып алдым 
да, платформаға ытқып шықтым. Пойыз қозғалды. Сол кезде 
ғана ойыма сап етті: «Жолқапшық!» Ол вагонда қалды. Бәрі – 
түрлі жазбалар, материалдар, шимайланған қағаздар, кітаптың 
дайын дерліктей қолжазбасы – пойызда кетті. 
Мен ышқынып, станция бастығына жүгірдім, ол көрші стан-
саға, соңғы аялдамаға хабарласты. Бірақ қапшық ұшты-күйлі 
жоғалды. Оны мен табылған заттар бюросынан да кездестіре ал-
мадым.
Маған хикаятты жаңадан жазудан өзге жол қалған жоқ еді. 
Сөйтіп ол енді маңызды деректік сипатынан айырылды – қо-
лымда жеке архивім де сақталмаған-тын. Қиялға ерік беруден 
өзге амал қалмады, өз аты-жөнін сақтаған бас қаһарманның кейпі 
мейлінше көркем бейне сипатын алды, нақты көрініс біртіндеп 
өнер шындығына орын берді. 
Менің «Волоколамск тас жолым» осылай туды.
Бәлкім, қатаң деректі хикаяттың дайын қолжазбасын алып 
кеткен кездейсоқ жағдай мүлде бөлек, мейлінше көркем сипат-
тағы шығарма жазуыма мүмкіндік туғызған шығар, бірақ менде, 
расында, бұдан өзге жол да жоқ еді... 
Көптеген оқырмандарды бас қаһарман Бауыржан Момышұлы 
кітапқа қалай қарады деген сауал қызықтырады. Оған майдан-
дық блиндажға хикаяттың қолжазбасын алып келгенім есімде. 


Волоколамск тас жолы
670
Машинкамен бастырылған бір буда қағаз аздаған масаттанған 
кейіппен жолқапшықтан алынып, үстел үстіне қойылды. Алайда 
гвардиялық полк командирі Бауыржан Момышұлы бұны қолға 
алғанша арада талай сағат өткен. 
Плащ-палатка төселген ағаш кереуетке жантайып (бөгет жа-
самау үшін, әрірек, алакөлеңке жаққа барып алдым), жазушыға 
бұйыра бермейтін көріністі бақылап жатырмын: хикаят кейіпкері 
сол хикаятты оқуға кірісті. Бауыржан Момышұлы Бауыржан Мо-
мышұлы туралы дүниеге үңіліп отыр. 
Дегенмен, ол осы формуланы қабылдамас еді. Бірде Бауыр-
жаннан балалық, жастық шағы туралы әңгімелеуді, жеке өмірі 
сәттерін айтуды сұрадым. Ол қысқа ғана «Артық» деп жауап 
қатты. – «Неге? Маған бұл қажет». – «Менің әңгімем сізге ар-
налмаған». – «Қалайша маған арналмаған?» – «Әңгімемді сіз 
үшін емес, ұрпақ үшін айтамын. Москва түбіндегі бастан кешкен 
жағдайларды, панфиловшылар батальонының ерлігі жайында ба-
яндаймын. Ал осыған өз өмірбаянымды тықпалай бастасам, мүл-
де орынсыз әрі ұят болар еді». Ешбір иліктіре алмадым: маған 
күрделі, бірбеткей кейіпкер тап болды. 
Дәптерге үңілген күйі ара-арасында оқыған бетін арықша, са-
лалы саусақтарын жылдам қимылдатып аударып тастап отырды. 
Кейде қолы көмірдей қара, тікірейген қайратты шашын тарақтай-
ды; онысы босатқан бойда дір етіп қайта көтеріледі. 
Міне, басын қайта шалқайтты, бұл жолғы қимылы екпінді – 
Бауыржан планшетінен қарындаш алып, көмескі-күлгін машин-
ка жолдарының тұсына әлденені қиғаштап жаза бастады. 
– Москваны, Мәскеу түбіндегі шайқас ауанын сезіне алма-
дым, – деді Бауыржан. – 1941 жылғы қазан айының тарихи сәті 
көрсетілмеген...
Әдеттегіше, ойын тік айтады – кейде әділетсіздікке дейін ба-
рады. 
– Одан соң... Сіздің үрей туралы тұжырымыңызбен келіспей-
мін.. 
– Менің? Неге менің тұжырымым? Мен сіздің ойыңызды 
жаздым ғой.
– Мүмкін... Мүмкін, шамамен, осылай айтқан да шығармын. 
Ал жазылуы дөрекі, епсіз, тұрпайы. Қорқыныштың да сүйіспен-


671
«Әлем біздің кім екенімізді білгісі келеді»
шіліктегідей әр түрі мен деңгейі болмай ма, – әлсіз және күшті 
үрей, ал мұнда (ол қолжазбаны нұсқады) жұртты бірден айуан-
дық үрей билеп алады – алапат деңгейдегі үрей, сұмдық, бұдан 
соң олар осыдан құлан-таза арыла салады. Жалған! Және бұған 
қоса сіз бір мезгілде солдатты кемсітесіз. 
Мен қарсылық білдірдім. Бірақ Бауыржан айтқанынан қайт-
пады.
– Иә, кемсітесіз. Наполеонның: «Адамдарды үрей мен жеке 
мүдде билейді» деген нақылы бар. Сіз де кейде кісіні дәл осылай 
түсінуге бейімсіз. 
Маған шаншыла қараған ол қайталап айтты: 
– Адамдарды үрей мен жеке мүдде билейді... Ал идеал-
дар ше? Ізгілік, ұят, ар-намыс, отансүйгіштік, күресте жанпида 
болуға әзірлік ше? Мұның бәрі бос сөз бе сонда? Мұнсыз біз 
жеңіске жете алар ма едік?..
Бауыржанның маған да, өзіне де, өз әңгімесіне де көңілі тол-
мады. 
– Жеңіліс көріністерін неге көрсетпегенсіз – деп сұрады ол. 
– Осыған қатысты күйінішті ойларды неге бермедіңіз? Бұл жай-
ында сізге айтылып еді ғой. 
Көп жылдар өтті. Кітап шықты. 
– Кітаптың жалғасын неге жазбайсыз? – Маған тағы да Ба-
уыржан Момышұлы қадалып тұрды. Ол отставкаға шыққаннан 
кейін бізге, шамамен, бірнеше жыл кездесудің сәті түспеп еді. 
Аз ғана уақытқа Москваға келіп қалған ол маған соқты, мен оны 
алғаш рет гимнастерка немесе кительмен емес, жай киіммен 
көрдім. 
Жылдар мен сырқат Бауыржан келбетіне із салыпты. Мен 
көрген ашаңдығы, қимыл жеңілдігі жоқ, жүзі жалпайыңқырап, 
шықшыт сүйегі дөңгелене түскендей. Өзі бұрынғыша әңгімешіл 
еді, алайда аздаған ырықсыздық сезілді, арамызда әлдебір кедер-
гі тұрғандай-тын. 
– «Волоколамск тас жолының» жалғасын неге жазбайсыз? – 
деп қайталады ол. 
– Меніңше, ол аяқталған кітап. Оның енді өз тағдыры бар. 
– Бірақ сіз соғыс жылдарында келесі хикаятты жоспарлаған 
едіңіз. Қайда ол? Неге тастай салдыңыз оны?.. 


Волоколамск тас жолы
672
– Бауыржан, сіз қазір өзіңіз де жазасыз ғой. 
– Онда тұрған не бар? Мен офицер жазбаларын жазамын, ал 
сіздің арнаңыз басқа. Сіздің бағытыңыз – хикаят, творчествоға, 
қиялға кеңістік берілетін көркем шығарма. Сол арнаның ағысы 
неге тоқтап қалды? 
Мен көңілсіздеу жауап қаттым: 
– Мүмкін дәл сондықтан да шығар... 
– Сондықтан шығар деген не сөз? 
– Иә, Бауыржан «Волоколамск тас жолы», тәрізі, көркем 
шығарма заңдарына бағынатын болар. Кезінде мен осыны аңда-
маппын, кейін барып ұқтым. 
– Олай болса түсіндіріңіз. 
– Байқайсыз ба... Екі Бауыржан Момышұлы бар. 
– Екі? Қандай? 
– Біреуі қазір менің қасымда отыр. Яғни, сізсіз, Бауыржан. 
Даңқты, мәрмәрдан қашалған... Әскери мемуарлардың авторы... 
Ал өзге Бауыржан «Волоколамск тас жолы» кітабының беттерін-
де өмір сүреді. 
– Ол неліктен өзге? 
– Кітапта қайтадан жаратылған. Қалам ұшыннан туған. Бай-
қап көріңізші, кейде мен оқырмандарға «Волоколамск тас жолы» 
кейіпкері ойдан шығарылмаған, кәдімгі, өмірде бар адам деп 
жазғанда, жалған сөйлеген немесе жартылай ғана шындықты 
айтқан сияқтанамын. Осы «ойдан шығарылмаған» деген тұста 
қателік бар. Ол біршама деңгейде қиялдан, фантазиядан туған. 
Оған көркем ой өмір дарытты. Бұл сіз емес, басқа Бауыржан... 
Егер қажет болса, «Волоколамск тас жолындағы» Бауыржаннан 
сіздің абыройыңыздың артық екенін мойындауға даярмын, бірақ 
қалай болғанда да, екеуі екі түрлі Бауыржан. Жақында сіздің 
офицер жазбаларыңызды оқыдым. Дүниетаным өзгеше, айна-
лаға көзқарасыңыз басқа, тіліңіз бөлек... Жалпы, басқа адамсыз. 
Мен өзіңізге, Бауыржан, өз кейіпкерімнің шын есімін өзгертпей-
мін деп уәде беріп ем ғой. Ендеше келесі хикаятты қалай жаз-
бақпын? 
– Сөзіңізден айнығыңыз келмей ме? 
Айнығым келмейді, айнымаймын да.


673
«Әлем біздің кім екенімізді білгісі келеді»
Біз үнсіз қалдық. Мейманымның сазарған жүзінен ештеңе 
аңдай алмадым. Аяғында ол үн қатты: 
– Егер шын есімім жазуға кедергі келтіретін болса, сізді уә-
деден босатайын. Бірақ қаһарманға мен таңдаған атты қоясыз. 
Ендеше, ол Намысұлы деп аталсын. 
– Намысұлы? – деп қайталап сұрадым мен. 
– Иә, «намыс» қазақша «ар», «намыс» деген мағына береді, 
ал, «ұлы» өзіңізге мәлім, «ұл», «перзент» деген мәнге ие. Олай 
болса, кейіпкеріңіздің есімін Ардың ұлы деп алыңыз. 
Күтпеген ұсынысты бір минуттей таразыладым. 
– Жоқ, Бауыржан, автор ретінде менің де ар-намысым бар. 
Намыс парызы бәрінен биік. Сіз рұқсат етсеңіз, мен де На-
мысұлымын. 
– Сіз де Бауыржансыз ба? 
– Бас тартпаймын, жазып отырған кезімде Бауыржан едім.
Момышұлы күліп жіберді. 
– Қиын міндет, – деді ол. – Ал осыны оп-оңай шеше салуға 
болмай ма? Оқырманға сіз екеуіміздің осы әңгімемізді айтып 
беріңіз. Сөйтіңіз де, әрі қарай жаза бастаңыз. 
Мен: 
– Құп болады! – деп саңқ еттім.
Бұдан кейін не болды?
Айта кетуге тиіспін, «Волоколамск тас жолы» кітабы әуелгіде 
(яғни, 1942 жылы жазуды қолға алғанда) төрт хикаяттан тұратын 
цикл ретінде ойластырылған еді. 
Кітапты тұтастай елесткеткен сәтте мен өз ойымның ең ба-
стысы, ең маңыздысы деп соңғы, қорытындылаушы хикаятты 
санағанмын. Немістің Москваға шабуылы күндері, біздің жаңа 
тактикамыздың тууы мен шыңдалуы, соғыс тарихы айрықша си-
паттағы ерекше классикалық деп белгілеген панфиловшылардың 
ұрыстары, міне, менің төртінші хикаятта айтқым келген жәйт-
терім осылар. 
Осынау қорытындылаушы хикаят, сондай-ақ оның алдындағы 
үшіншісі көкейімде ертеден жүргенімен, ұзақ уақыт жазылмады. 
Өзім үшін тақырыпқа тек баспалдақ міндетін атқарған алғашқы 
екі хикаят құрамындағы «Волоколамск тас жолы» дербес тағ-
дырымен оқырман ықыласына бөленді де, аударма арқылы бар-


Волоколамск тас жолы
674
лық құрлықтарды аралап кеткен сияқты. Кітапты социалистік 
елдердің жас революциялық армияларының пайдалана бастауы 
мен үшін зор мәртебе, үлкен бақыт еді. 
Әйткенмен, өзімнің бастапқы ниетімнен таймай, ара-арасын-
да «Волоколамск тас жолына» оралып, тараудан-тарауын дол-
ба?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет