Алеуметтану тероиясы indb


Моральдық тәрбие және әлеуметтік реформа



Pdf көрінісі
бет105/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   596
Моральдық тәрбие және әлеуметтік реформа
Дюркгейм өзін саяси тұлға деп санаған емес және шын мәнінде ғылыми объек- 
тивтілікке сай келмейтін бұқаралық саясаттан алшақ болды. Дегенмен, аталып 
өткендей, оның еңбектері әлеуметтік мәселелерге арналған және өздерін бүгін-
гі таңда объективті ғалымдар деп санайтындардан айырмашылығы – ол нақты 
әлеуметтік реформаларға, әсіресе білім беру мен кәсіптік қауымдас тықтарға 
қатысты ұсыныс жасаудан бас тартпады. Майк Гейн (2001:79) Дюркгеймнің 
«әлеуметтік ғылымның рөлі – әлеуметтік араласудың нақты түр леріне басшы-
лық беру» деп сенгенін жазады.
Дюркгейм заманауи қоғамдағы қиындықтарды күрделі, туабітті қиындық-
тар ретінде емес, уақытша ауытқулар ретінде қарастырды (Fenton, 1984:45). 
Сон дықтан ол әлеуметтік реформаға сенді. Осы ұстанымды ұстана отырып, 
сол заманның консерваторларына да, радикалдарына да қарсы шықты. Кон-
серваторлар заманауи қоғамнан ешқандай үміт күтпеді және оның орнына мо-
нархияны немесе Рим-католик шіркеуінің саяси күштерін қалпына келтіруге 
ұмтылды. Дюркгейм уақытындағы социалистер секілді, радикалдар әлемді ре-
формалау мүмкін емес деп ойлайды, бірақ олар революция арқылы социализм-
ді немесе коммунизмді орнатуға болады деп үміттенді. Дюркгейм де реформа-
лау бағдарламалары мен реформаторлық көзқарастардың қоғамдағы кез келген 
моральдың көзі болатынына сенген. Оның реформа бағдарламаларында «қоғам 
адамзатқа моральдық бағыт көрсетуі қажет» деп санаған. Қоғам осы мүмкіндік-
ті жоғалтқан жағдайда оны реформалау қажет. Оның реформаторлық көзқарас-
тары «кез келген реформаның көзі – іс жүзінде сол қоғамның өзі болуы керек»
деген фактіге негізделген. Реформа бағдарламаларын дерексіз мораль тұрғы-
сынан қалыптастыру дұрыс емес. Бағдарламаны кейбір философтардың, тіпті 
әлеуметтанушылардың этикалық жүйесі емес, қоғамның әлеуметтік күштері 
жасайды. «Өмірде идеалдар заңды түрде болуы мүмкін емес; олар өздерінде 
жан-тәнімен түсіну, жақсы көру және ұмтылу міндеттерін жетілдіруі қажет» 
(Durkheim, [1938] 1977:38).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет