Алеуметтану тероиясы indb


Сенімдер, рәсімдер және шіркеу



Pdf көрінісі
бет101/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   596
Сенімдер, рәсімдер және шіркеу. Киелі мен зайырлының арасын бөлу, әлеу-
меттік өмірдің кейбір аспектілерін қасиетті деңгейге көтеру қажет, бірақ бұл 
діннің дамуын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Басқа үш шарт қажет. Біріншіден
діни нанымдардың жиынтығын дамыту керек. Бұл сенімдер – «қасиетті нәр-
селердің сипатын және олар бір-бірімен немесе қасиетті нәрселермен байла-
ныстыратын қатынастарды білдіретін ағымдар» (Durkheim, [1912] 1965:56). 
Екіншіден, діни рәсімдердің жиынтығы қажет. Бұл – «адамның осы қасиетті 
объектілердің қатысуымен қалай бәсекелесуі керектігін анықтайтын мінез-құ-
лық ережелері» (Durkheim, [1912] 1965:56). Қорытындылай келгенде, дін үшін 
шіркеу немесе бірыңғай моральдық қоғам қажет. Дюркгеймнің қасиет, сенім-
дер, рәсімдер мен шіркеу арасындағы өзара қарым-қатынасын қарастыруынан 
діннің мына анықтамасы пайда болады: «Дін – шіркеу деп аталатын бірыңғай 
моральдық қауымдастыққа бірігетін біртұтас сенім мен тәжірибелер жүйесі» 
([1912] 1965:62).
Рәсімдер мен шіркеу Дюркгеймнің діни теориясы үшін маңызды, өйткені 
олар әлеуметтік бағыттарды жеке тәжірибемен байланыстырады. Дюркгейм 
«жеке тұлғалар әлеуметтік бағыттарды қандай да бір індет сияқты жұқты-
рып алады» деп есептейді, бірақ мұндай процестің қалай жұмыс істейтінін 
анықтайды. Адамдар қасиеттілік туралы оның қауымдастырылған сенімі 


109
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
жайында рәсімдерге және шіркеу қауымдастығына қатысу арқылы біледі. 
Бұл – адамдардың түсіну категорияларын үйренетін жолы (Rawls, 1996). Со-
нымен қатар рәсімдер мен шіркеу топтың ұжымдық жадын түбегейлі қайта 
қалпына келтіру арқылы өздерінің әлеуметтік беделін сақтайды. Ақырында, 
шіркеу адамдар үшін энергияның қайнар көзі болып та былатын әлеуметтік 
көзқараспен тіл табысады, сөйтіп, олар адамдарды күнделікті өмірде жарқын 
істерге құлшындырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет