Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет139/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   596
Қорытынды


169
4-тарау

Макс Вебер
1. Таңғаларлығы, Вебер (осы тараудың соңында көретініміздей) өзінің негізгі жұмысын-
да қоғамда рационалдандыру сияқты себепті агент бар екенін растауға тырысқан.
2. Негізінде, Вебердің идеал типтері – ұжымдық ұғымдар.
3. Уден «Вебердің көшбасшылар мінез-құлқына жасаған талдауы – бірыңғай жағдайлар-
дың көрінісінің бірі» деп тұжырымдайды.
4. Харизма термині Вебер жұмысында әртүрлі тәсілдермен және контексте қолда нылады 
(Miyahara, 1983).
5. Осы және өзге еңбегінде Вебер өндіріс құралдарын марксистік тұрғыда зерделеді. Бұл 
оның тек экономикалық салада ғана емес, қоғамдық өмірдегі (ғылым, саясат және т.б.) 
иеліктен айыру мәселесіне алаңдаушылығымен байланысты.
6. Бірыңғай анықтаманың жоқтығы туралы тұжырымдауға болады, өйткені рацио нал-
дықтың әртүрлі формалары бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленетіні сонша лық – олар 
мұндай анықтамаға жол бермейді. Осыған байланысты Джере Коэнге алғыс айтамыз.
7. Вебер 1920 жылы «Протестанттық этика және капитализм рухының» кіріспе бөлі-
мінде рационалдандыруды талқылау барысында «шенеуніктердің арнайы дайындал-
ған ұйымына» (бюрократияға) назар аударады, бірақ ол капитализм туралы «біздің 
қазіргі өміріміздегі ең жанкешті күш» контексінде де атап көрсетті. 
8. Әрине, бұл мүлдем айқын емес, өйткені ірі капиталистік кәсіпорындар – бюро кратия-
ның тууына себепкер болған орындардың бірі (Weber, [1922–1923] 1958:299). Соны-
мен қатар Вебер бюрократияның капитализмге қарсы тұрып, кедергі жасай алатын 
мүмкіндігін де көреді.
9. Дегенмен Марк Шнайдер «Вебер бұл жағдайды асырып жіберді және рационализа-
цияға қарамастан, әлемнің кейбір бөліктері таңдануын жалғастыруда» деп пікір білді-
реді: «Қызықтыратын әсерге берілу – біздің қалыпты жағдайымыздың бір бөлігі және 
ғылымның (Вебердің рационалданған жүйелерінің бірі) дамуына орай, одан қауіп 
шамалы, біздің әлемдегі мінез-құлықты түсіндіру қабілетіміз болмашы болған жерде, 
яғни ғылым не практикалық білім пайда бермейтін жерде өмір сүруін (жиі мойындау-
сыз) жалғастырады» (1993:x). Ритцер (2010a) көңілі қалған салалар, кем дегенде, уа-
қытша таңдаған қалпына келу жолдарын табуға тырысады деп бекітеді. Бұл әсіресе 
тәуелді тұтынушыға бағдарланған экономикалық жүйелерге қатысты дәл айтылған.
10. Вебер жұмысындағы тасымалдаушылардың рөлін талқылау үшін Калбергтің еңбекте-
ріне назар аударыңыз (1994:58–62).
Ескертпелер


5
Георг Зиммель


171
5-тарау

Георг Зиммель
Г
еорг Зиммель идеяларының америкалық әлеуметтік теорияға, сонымен 
бірге жалпы әлеуметтану теориясына әсер етуі осы кітаптың бастапқы үш 
тарауындағы қарастырылған үш теорияшыдан айтарлықтай ерекшеленеді 
(see Dahme, 1990; Featherstone, 1991; Helle, 2005; Kaern, Phillips, and Cohen, 
1990; for a good overview of the secondary literature on Simmel, see Frisby, 1994; 
Nedelmann, 2001; Scaff, 2011). Маркс, Дюркгейм мен Вебердің айрықша бедел-
ге ие болуларына қарамастан, XX ғасырдың басында олардың америкалық тео-
рияға ықпалы салыстырмалы түрде төмен болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет