Алеуметтану тероиясы indb


Үндістандағы дін мен капитализм



Pdf көрінісі
бет136/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Үндістандағы дін мен капитализм.
 
Біздің мақсаттарымыз үшін Вебер ойла-
рының ([1916–1917] 1958) Үндістандағы дін мен капитализмнің өзара байла-
нысына әсерін қысқаша талқылау жеткілікті. Мысалы, Вебер уәж, оның егжей-
тегжейлерін емес, қытайлық жағдайға ұқсас, каста жүйесінің құрылымдық ке-
дергілерін талқылады (Gellner, 1982:534). Айтқандай, каста жүйесі әлеуметтік 
мобильділікке үлкен тосқауылдар қойды, адам өмірін егжей-тегжейіне дейін 
реттеуге бейім болды. Брахмандардың идеялық жүйесі бірнеше құрамдас бө-
ліктен тұрды. Мысалы, брахмандардан өрескел істерден аулақ болып, әдеттегі 
әсемдік пен мінез-құлықтағы әдептілікті бақылаумен айналысу күтілді. Пенде-
шілік өмірге немқұрайды қараған брахманның діни ұстанымының басты идея-
сы болды. Сондай-ақ брахмандар жоғары әдеби білімге аса мән берді. Брахман-
дар мен конфуцийліктер арасында маңызды айырмашылықтар болғанымен, әр-
қайсысының этосында капи тализмнің өсуіне мүмкіндік бермейтін кедергілер 
болды.
Индуизм діні де осындай идеялық кедергілер туғызады. Оның негізгі идея-
сы реинкарнация болды. Индуизм бойынша, адам өткен өмірдегі мінез-құл-
қына сәйкес соған лайықты кастада өмірге келеді. Касталық рәсімге адал қыз-
мет етуіне қарай, үндіс келесі өмірде марапатталады. Индуизм кальвинизмге 
қарағанда ережелерді дұрыс орындау арқылы мұратыңа қол жеткізуге болады 
деген идея тұрғысынан дәстүрлі болды; инновациялар, әсіресе экономикалық 
саладағы инновациялар, келесі өмірде жоғары кастаға әкеле алмады. Бұл дү-
ниедегі қызмет маңызды емес еді, өйткені әлем уақытша және рухани ізденуге 
кедергі келтіреді деп түсіндірілді. Осы және басқа тәсілдерге сәйкес индуизм-
мен байланысты идеялар жүйесі, капиталистік экономикалық жүйені және, 
тұтастай алғанда, рационалды реттелген қоғамды құруға қабілетті адамдарды 
шығара алмады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет