Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет156/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   596
Жағымсыз әсерлері
 
Ақша ең басты мақсатқа айналған қоғамда бірқатар теріс құбылыстар туын-
дайды (Beilharz, 1996), солардың ішіндегі ең басты екеуі – арсыздық етек алып, 
әбден ығыр қылатын сүреңсіз қарым-қатынастың пайда болуы. Әлеуметтік 
өмірдің ең жоғарғы және ең төменгі аспектілері сатылып, бәрі бір ортақ мән – 
ақшаға келіп тірелгенде, арсыздық өрши түседі. Осылайша, біз әдемілікті, 
шындықты немесе интеллектіні жүгері үлпегі немесе дезодорант алған сияқты 
оп-оңай сатып ала аламыз. Барлығын осылай бір қорытындыға әкеп теңесті-
ру «қарым-қатынастағы барлық нәрсенің құны бар, нарықта барлығын сатуға
және сатып алуға болады» деген арсыздыққа әкеп соғады. Ақша үнемдеу де ма-
сайраған позицияға ұрындырады, «барлық зат бірдей күңгірт және сұр түсті, 


193
5-тарау

Георг Зиммель
сол себепті ол жайында уайымдап қажеті жоқ» (Simmel, [1907] 1978:256). Ма-
сайраған адам ақыр соңы сатып алу объектілері арасындағы құндылықтарды 
ажыратудан қалады. Басқаша айтқанда, ақша – эстетиканың абсолютті жауы,
ол барлығын формасыздыққа және тек сандық құбылыстарға әкеп тірейді.
Ақша экономикасының тағы бір теріс әсері – адамдар арасындағы өзіндік 
қасиетті жоғалтатын қарым-қатынас дамиды. Адамдардың жеке тұлғасымен 
қарым-қатынас құрғанның орнына, біз тек позициялармен қарым-қатынас-
қа түсеміз – тасымалдаушы, наубайханашы және т.б. – осы лауазымды кім 
атқа ратыны ескерілмейді. Ақша экономикасына сай заманауи еңбек бөліні - 
сінде біз парадокстік ситуацияға тап боламыз: тіршілік ету үшін басқа пози-
цияларға көп тәуелді болғанымызбен, сол лауазымдарды атқаратын адамдар 
жайлы аз мәлімет білеміз. Сол лауазымды атқаратын белгілі бір адам уақыт 
өте келе маңыздылығын жоғалта бастайды. Тұлғалар өз қабілетінің аз бөлшегін 
ғана қажет ететін позицияның көлеңкесінде қалып, біртіндеп жоғала бастайды. 
Оларға қойылатын талап аз болғандықтан, бір позицияны бірнеше адам бірдей 
атқара береді. Осылайша, бір адам екінші бір адамды алмастыра алатын болады.
Осыған байланысты мәселе – ақша экономикасының жеке еркіндікке әсер 
етуі. Ақша экономикасы жеке тұлғаны билеп-төстеуге барынша жол ашады.
Заманауи әлемде адам атом дәрежесіне түскендей кішірейіп әрі оқшаула-
нып барады. Адам топқа бейімделмейді, барған сайын ұлғайып, жойқын, мәж-
бүрлеуші күшке айналып бара жатқан объективті мәдениет алдында өзі жалғыз 
қалады. Сонымен, адамды заманауи әлемде бұқаралық және объективті мәде-
ниет билейді.
Ақша экономикасының тағы бір ықпалы – адам құндылықтарының доллар 
бірлігіне дейін төмендеуі, «адам құндылықтарының ақшалай көрініс табу үрді-
сі» (Simmel, [1907] 1978:356). Зиммель қарапайым қоғамдағы өлім үшін ақша-
лай құн төлеп, кінәнің өтелуін мысал ретінде келтіреді. Бірақ оның ең жақсы 
мысалдарының бірі – ақша үшін секс айырбасы. Жезөкшеліктің кең етек алуы 
ақша экономикасының дамуымен қатар жүретіні байқалады.
Зиммельдің ең қызықты ойларының бірі – ақшаның адам өмірінің стиліне 
әсері туралы. Мысалы, ақша экономикасы басым қоғамда барлығын себеп-сал-
дар байланысына әкеп тіреу үрдісі байқалады, олар эмоциялы емес, интеллек-
туалды қабылдануы мүмкін. Осыған байланысты Зиммель заманауи әлемді 
«есептеуші кейіпкер» деп атаған. Ақша экономикасына сай келетін зияткерлік-
тің ерекше формасы – математикалық ойлау әдісі. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік 
әлемдегі сапалық емес, сандық факторларға баса назар аудару үрдісімен байла-
нысты. Зиммель: «Көптеген адамдардың өмірі баға беру, өлшеу, есептеу арқы-
лы сапалық құндылықтарды сандыққа дейін кішірейтумен байланысты», – деп 
пайымдады ([1907] 1978:444).
Зиммель ақшаның адам өмірінің стиліне әсері туралы талдауында объек-
тивті мәдениеттің индивидуалды мәдениет есебінен өсетінін атап көрсетті. 
Олардың арасындағы алшақтық зор қарқынмен өсіп келеді:
«Мұндай сәйкессіздік, көріп тұрғанымыздай, қарқынды өсуде. Күн са-
йын объективті мәдениет байлығы артып келеді, алайда жеке ақыл өзінің 
даму формасы мен мазмұнын тек сол мәдениеттен алшақтап, оны баяу-
лату арқылы байыта алады».
(Simmel, [1907] 1978:449)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет