Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Мәдениет трагедиясы



Pdf көрінісі
бет157/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   596
194
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Мәдениет трагедиясы 
Заманауи қоғамдағы еңбек бөлінісі дамыған сайын адамдар арасындағы тең- 
сіздік алшақтай түспек. (G. Oakes, 1984:19). Мамандандыруды дамыту нә-
ти жесінде мәдени әлемнің түрлі компоненттерін жасау мүмкіндігі артады.
Алайда жоғары мамандандырылған индивидум өз мәдениетінің мәнін жо-
ғалтады әрі оны басқару қабілетінен айырылады. Объективті мәдениет өс-
кен сайын жеке мәдениет жансызданып қалады. Оның бір мысалы ретінде 
жал пы тілдің кеңеюін, алайда адамдардың лингвистикалық қабілеттерінің 
төмендеуін алуға болады. Сол сияқты технологиялар мен механизмдер ық-
палының артуы нәтижесінде жеке жұмысшының қабілеттері мен қажет дағ-
дылары бірден төмендеді. Интеллектуалды өрістің кеңінен ұлғаюына қара мас - 
тан, «зияткер» деген атауға лайық адамдар саны азайып барады. Жоғары ма-
мандандырылған адамдар тұйықталған және өзара байланысқан өнімдер әле-
мімен бетпе-бет кездескенімен, оны іс жүзінде бақылай алмайды. Руханияттан 
айырылған механикалық әлем адамдарды билеуге талпынады және олардың 
өмір салты түрлі жолдармен жаңаланады. Өндіріс актілері мағынасы жоқ ма-
шықтарға айналады, адам процесс немесе соңғы өнім өндірісінде өзінің қандай 
рөл атқаратынын біле алмайды.
Адамдар арасындағы қарым-қатынас барынша мамандандырылып, өзіндік 
қасиетінен айрылады. Тұтынушылық тек мәнсіз бір өнімнен кейін келесі бір 
өнімді игеру процесіне айналып барады.
Объективті мәдениеттің жаппай етек жаюы өмір ритміне үлкен әсер етті. 
Жалпы алғанда, ертерек дәуірлерге тән әртекті сипат жойылып, заманауи қо-
ғамда реттелген өмір салты орнықты. Заманауи мәдениеттің осылайша біртек-
тіленген мысалдары жетерлік.
Ертеректе тағам тұтыну циклді және көп жағдайда тұрлаусыз болды. Қан-
дай өнімдер қолданылатыны және олар қай уақытта қолжетімді болатыны 
астық өніміне байланысты еді. Біз бүгінгі таңда сақтау және тасымалдау тех-
нологияларының жетілуімен кез келген тағамды кез келген уақытта тұтына 
аламыз. Азық-түліктің қомақты мөлшерін сақтау – өнім нашар шыққан не-
месе табиғи апат болған жағдайда жетпей қалған азықтың орнын толтыруға 
мүмкіндік берді.
Байланыста сирек қолданылған және не болатыны нақты белгісіз пошта та-
сымалы – телеграф, телефон, күнделікті пошта қызметі, факсимильді аппарат, 
ұялы телефон және электронды поштамен алмастырылды, енді кез келген уа-
қытта емін-еркін байланыса аласыз.
Ертеректе күн мен түн өмірге табиғи ритм берген. Кейін келе жасанды жа-
рықтандыру нәтижесінде табиғи ритм қатты өзгерді. Бұрын күндізгі сағат тар-
мен шектелген қызмет түрлерін түнде атқаруға болады.
Бұрынғы кезде кездейсоқ әңгіме немесе сирек оқылған кітаппен шектелген 
интеллектуалды стимуляция бүгінде кез келген уақытта қолжетімді, себебі кі-
тап пен журналдар қолжетімді бола бастады. Басқа салалардағы сияқты, бұл 
салада да Зиммель заманынан бергі айырмашылықтар жер мен көктей. Радио, 
теледидар, видеокассета мен DVD-плеер, жазба таспалары және үй компью-
тері көмегінің арқасында интеллектуалды стимуляция мүмкіндігі Зиммельдің 
ойлағаннан әлдеқайда артты.
Әрине, мұның бәрінің пайдалы жақтары да бар. Мысалы, адамдардың ер-
кіндігі арта түсті, себебі олар енді табиғи ритммен шектелмейді. Адамға әкеле-


195
5-тарау

Георг Зиммель
тін пайдасына қарамастан, түрлі мәселелер туындап отырады, өйткені болып 
жатқан оқиғалардың барлығы объективті мәдениет деңгейінде жүзеге асады 
және соның арқасында объективті мәдениет артып, жеке мәдениетті жұтаңда-
туға әкелетін процестер жүріп жатыр.
Ақыр соңында, ақша тіршілік етудің релятивистік әдісі дамуының маңызды 
факторына және символына айналды. Ақша ең қарама-қайшы құбылыстарды 
доллар санына әкеп тіреуге және оларды салыстыруға мүмкіндік береді. Басқа-
ша айтқанда, ақша барлығына релятивизация жасауға жол ашты. Біздің реля-
тивистік өмір салтымыз адамдардың осыған дейінгі бірқатар мәңгілік шындық-
тарға деген сеніміне қарама-қайшы келеді. Ақша экономикасы мұндай мәңгілік 
шындықтарды бұзады. Абсолютті идеялар арқылы еркіндікке жету тұрғысынан 
алғанда, адамдарға ақшаның пайдасынан зияны әлдеқайда көп. Зиммель үшін 
заманауи ақша экономикасының объективті мәдениетін кеңейтетін шеттетілу 
адамдар үшін абсолютизм зиянынан әлдеқайда қауіпті. Бәлкім, Зиммель біздің 
салыстырмалы түрдегі қарапайым өткен шаққа оралуымызды қаламаған шығар, 
бірақ ол заманауи әлемдегі ақша экономикасы мен объективті мәдениеттің да-
муына байланысты туындайтын қауіптерден сақтандырды.
Заманауи ақша экономикасының теріс салдарына зейін қойғанымызбен, 
мұндай экономиканың өзіндік еркіндік беретін тұстары да бар (Beilharz, 1996; 
Levine, 1981b, 1991b, Poggi, 1993). Біріншіден, ол бізге басқа адамдармен кең 
нарықта жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бір-біріміздің алды мыз-
дағы міндеттеріміз жалпылама емес, шектелген (нақты қызмет немесе өнім). 
Үшіншіден, ақшалай экономика адамдарға пайда табуға жол ашты, ол бұрын-
ғы экономикалық жүйелерде мүмкін емес еді. Төртіншіден, адамдар өзінің 
индивидуалдығын дамыту үшін мұндай ортада үлкен еркіндікке ие болды. 
Бесіншіден, адамдар өзінің субъективті ортасын жақсырақ қолдап, қорғау-
ға қабілетті, себебі олар тек шектеулі қарым-қатынастарға түсіп отырады. 
Алтыншыдан, Зиммель айқындағандай, жұмысшыны өндіріс құралдарынан 
алшақтату жеке адамдарға сол өндірістік күштерден босауға жағдай жасады. 
Ақыр соңында, ақша адамдарға өзінің әлеуметтік топтарының шектеулерінен 
еркін болуға көмектеседі. Мысалы, бартерлі экономикада адамдарды бел гілі
бір деңгейде өзінің топтары басқарып отырады, бірақ заманауи ақша эконо-
ми касында мұндай шектеулер әлсірейді, соның нәтижесінде адамдар өзінің 
экономикалық келісімдерін әлдеқайда еркін жүзеге асырады. Алайда Зиммель 
ақшалай экономика мен заманауилықтың жалпы еркіндік беретін бірқатар 
ерекшеліктеріне мұқият назар аударғанымен, оның еңбегінің, әсіресе Tragedy 
of culture («Мәдениет трагедиясы») еңбегінің мәні заманауилықпен байланыс-
ты мәселелерді талқылау екенін айтуымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет