Алеуметтану тероиясы indb


Оныншы басылымдағы өзгерістер



Pdf көрінісі
бет21/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   596
Оныншы басылымдағы өзгерістер
Әдеттегідей, біз нені қосып, нені алып тастау жөнінде ұзақ ойланып, түбегейлі 
шешім қабылдадық. Бұл басылымға бірқатар маңызды қосымшалар енгізілді. 
Жалпы, біз осы басылымда сілтемелерімізді жаңарттық және жаңа материалдар-
мен толықтырдық. Осылайша, студенттер қауымы кітаптағы барлық теориялық 
талдаулар мен қазіргі заманғы ғылымға сәйкес сілтемелердің барынша жаңар-
тылғанына куә болады. Мәтін тым ұзақ әрі ауыр болмау үшін кейбір бөлімдер 
алып тасталды немесе қайта жазылды. Бұл әлеуметтану теориясының үнемі да-
мып, жетіліп отыратынын көрсетеді. Негізгі өзгерістер мен толықтырулар:
• 1-тарауда біз әлеуметтік күштер секциясында отаршылдықты талқы ладық. 
1-тарауда және 15-тарауда көрсетілгендей, отаршылдық – қазіргі заманғы 
қоғамның дамуы үшін маңызды фактор. Бірақ (басты әлеуметтану теория-
сында) көбінесе назардан тыс қалып жатады. Бұл материал отаршылдық-
тың маңызын атап көрсету үшін қосылды.
• 1 және 6-тараулардағы уақыт кестелері жаңа материалмен толықты ры лып, 
1-тараудағы уақыт кестесі жаңа әрі талдауға оңай формада берілген. 
• Кітаптың классикалық І бөліміндегі 2–5-тараулардың соңы заманауи 
қосымшалармен толықтырылды. Бұл қосымша студенттердің қазіргі 
xхii


заманғы классикалық теорияның өзектілігін түсінуіне талпынатынын ес-
кере отырып енгізілді. Біз заманауи қосымшалардың әрқай сысында клас-
сикалық теориялық тұжырымдамаларға негізделген соңғы екі-үш зерттеу-
ді қорытындылаймыз. Қосымшалар сипаты өзгеріп отырса да, біз оның 
басқалардан гөрі ең жаңа әлеуметтану мәселелерімен айналысатын нәсіл-
шілдік, Интернет, тұтыну және қоршаған орта тәрізді түрлерін таңдадық.
• 3-тарау Дюркгеймнің Габриель Тардпен пікірталасына қатысты жаңа ма-
териалды, ұжымдық толқу жайлы кеңейтілген бөлім мен Дюркгеймнің ең-
бектеріне айтылған сын-ескертпелерді қамтиды.
• Зиммельдің еңбектеріне арналған 5-тарау оның кейінгі уақыттарда ауда-
рылған жазбаларынан алынған материалдарды қамту үшін жаңартылды. 
Бұл қосымша өте маңызды, себебі ол «өмір» ұғымын енгізеді және Зим-
мельдің жалпы теориясына осы ұғымның қалай әсер еткені зерделенеді.
• 6-тарауда ерте кезеңгі әлеуметтік ілім негізін қалаушы әйелдер мен
У.Э.Б. Дюбуаның еңбектері қарастырылады. Әсіресе Дюбуаның Атланта 
әлеуметтану мектебінің дамуына қосқан үлесі жайындағы талдау кеңірек 
пайымдалады.
• Бұл басылымның ең маңызды жаңа қосымшасы – нәсілшілдік пен отар-
шылдық теориясына арналған 15-тарау. Осы тарауда нәсілшілдік және 
отаршылдық теорияларымен қатар, жергілікті халықтың заманауи теория-
лары туралы бөлім де қамтылған. 
• Тұтынушы қоғамын зерттеудегі ең соңғы жаңалықтарға сүйене отырып, 
18-тарауға өндіріп-тұтыну теориясына қатысты арнайы бөлім енгіздік. Бұл 
бөлім Интернет және өндіріп-тұтынушылар қозғалыс та рының заманауи 
капитализмнің сипатын өзгерту жолдарын баяндайды. 
Осылайша, барлық мәтін қайтадан жаңартылды. Теорияның ерекшелігі – 
оның сабақтастығы мен әрдайым өзгеріп отыратын сипатында. Біз әлеуметтану 
теориясының осы және өзге де ерекшеліктерін оқырмандарға әсерлі болу үшін 
бастапқы реттік кезеңдері бойынша беруге тырыстық.
Құпия сөзбен қорғалған нұсқаушы ресурстары сайтына кіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет