Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет29/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   596
Отаршылдық
Заманауи капиталистік қоғам дамуындағы шешуші күш – отаршылдық. Отар-
шылдық – «шетелдік билік етуші мемлекеттің қоғам мен оның халқын тікелей 
саяси бақылауы» (Go, 2007a:602). Кейбір жағдайларда басқыншы лық тікелей 
отарлауға алып келді, ол кезде шетелдіктер отарланған жерлер ге тұрақты қоныс-
танады (2007a:602). Бұған мысал ретінде Құрама Штаттар мен Канаданың отар-
ланушы елдеріне айналған Солтүстік Американы жатқы зуға болады. Отаршыл-
дық ХV ғасырда Португалия Азияда сауда отарларын құрған кезде, ал Испания 
Оңтүстік Американы аяусыз тонап, талан-таражға салған уақытта пайда болды. 
Бұдан кейін ХVІІ ғасырда Нидерланд, ХVІІІ және ХІХ ғасырларда Франция, 
Англияның отарлық экспансия кезең дері жалғасты (MacQueen, 2007).
Отаршылдық саяси қатынастармен қатар, экономикалық, әлеу мет тік және
мәдени аспектілерге де ықпал етті (Go, 2007a). Отарлар еуропа лық халықтар
үшін байлықтың көзі болды. Карл Маркс Capital («Капитал») еңбегінде: «Отар-
лаушылардың алтын мен күмісті «жабайылықпен жинауы» капитализмнің қар-
қынды дамуына әсер етті», – деп жазған ([1867] 1967:351). Сонымен қатар ин-
дустриялық революция ілгері жылжыған сәттен бастап, отарлар тоқыма өнеркә-
сібінде қолданылатын мақта секілді шикізаттың тұрақты көздеріне айналды. Бұл 
ма те риалдарды африкалық құлдар плантацияларда өсірген. Оларды қара жұ мыс-
қа салу үшін Кариб бассейні мен Солтүстік Америкаға әкелді. Сондай-ақ отар-
шылдық еуропалық бірегейлікті қалыптастырды. Еуропалық елдер африкалық 
және байырғы халық арасында өздерінің үстемдігін заңдастыр уына орай, қазіргі 
заманғы нәсілшілдік дамыды. Әлеуметтік дарвинизм сияқты ғы лыми теориялар 
да нәсілдік басымдық иерархиясын ұсынды және еуропалықтар тарапынан мәде-
ниетсіз, тұрпайы және варварлық деп саналған отарланған халықтардың қоғам-
дарына өздерінің өркениетті қоғамдарын қарсы қойды.
Отаршылдық және сол отаршылдықпен бірге қалыптасқан идеялар әлеу-
меттану теориясының дамуына көбінесе мойындалмаған жағдайда қызмет етсе 
(Steinmetz, 2013, Raewyn Connell, 2007; R. Collins, 1997b), отаршылдық әлеу-
меттану тұрғысынан талдауға арналған маң ыз ды тақырыптың қатарында бол-
ған жоқ. Дегенмен жекелеген жағдайлар бар. Кейбір классикалық теорияшылар 
(Токвиль, Конт, Спенсер және Мартино) отаршылдық туралы жазған. Токвиль 
де, Мартино да Америка (Токвиль, Мартино), Алжир (Токвиль) және Үндіс-
тан (Мартино) елдеріне саяхат жасаған. Олардың бәрі де америкалықтардың 
құлдармен және байырғы халықтарға қатынасына өте сыни көзқарас ұстанған, 
бірақ бұған қарама-қайшы Токвиль Алжирдегі француздық отаршылдықтың 
үзілді-кесілді жақтаушысы болды. Спенсер көбінесе отаршылдықты сынаған. 
Ол отарланған елді «төмен нәсілдер» деп санаса да, милитаризм мен отаршыл-
дықтың басқыншылық зорлығына қарсы шыққан (Raewyn Connell, 2007:17; 
Francis, 2011). Атап өткеніміздей, Маркс капиталдың бастапқы қорлануындағы 
отарлардың рөлін сипаттаған. Дюркгейм отаршылдықпен тікелей айналыспаса 


9
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
да, заманауи Батыс қоға мын сол кездегі антропологтер сипаттаған «примитив-
ті» (қарапайым) қоғамдармен үнемі салыстырып отырған. Вебер империализм 
туралы егжей-тегжейлі жазған және германдық империализмді қолдаған. Әйт-
се де, Штейнметцтің (2013) пайымдауынша, ол отаршылдық туралы онша көп 
пікір айтпаған. У.Э.Б. Дюбуа америкалық нәсілдік қатынастарды айыптауын 
жалғастырып, отаршылдық, капитализм және нәсіл арасындағы өзара байла-
ныс туралы сыни пікірлер жазған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет