Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет215/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

РОБЕРТ К. МЕРТОН
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ*
Eric K
och / Anefo/ https://upload.wikimedia.org/wikipedia/
commons/2/21/R
obert_Merton_%281965%29.jpg


274
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
РОБЕРТ К. МЕРТОН 
Маңыздысы, бір қоғамдық деректің басқа әлеуметтік дерекке негативті салдары 
болуы мүмкін.
Ертедегі құрылымдық функционализмдегі бұл елеулі кемшілікті жою үшін 
Мертон дисфункция идеясын дамытты.
Құрылымдар мен мекемелер әлеуметтік жүйенің басқа бөліктерін қолдауға 
мүмкіндік беретін сияқты, сонымен қатар бір уақытта оларды жағымсыз салдар-
ға да алып келуі мүмкін.
Мысалы, Құрама Штаттардың оңтүстігінде құлдықтың болуы, оңтүстіктің 
ақ түсті нәсілдері үшін сөзсіз, тиімді болды, арзан жұмыс күшінің қалыптасуы-
на, мақталық экономика мен әлеуметтік мәртебелерді қолдауға ықпал етті. Бұл 
ойға келмейтін салдарларына зейін қойдым. Менің теориялық қызығушылықтарымның кеңеюі 
барысында 1940 және одан кейінгі жылдары мен өзімді конформды емес және девиантты мі-
нез-құлық, бюрократия, қазіргі күрделі қоғамдағы көпшілік сенім мен қарым-қатынас және 
бюрократия ішіндегі, одан тыс интеллектуалдық мәселелерді зерттеудің әлеуметтік көздері-
не арнадым. 1950 жылдары мен әлеуметтік құрылымның базалық бірліктерінің әлеуметтану 
теорияларына көңіл қойып, рөлдер мен мәртебелік жиынтықтар топтамасын, сонымен қа-
тар адамдардың рөлдік модельдер түрлерін басқалардан озып кету үшін ғана емес, өзін-өзі 
анықтау мақсатындағы құндылықтар ретінде қабылдайтынын түсіндім (бұл соңғы «референт-
тік топтар теориялары»). Сондай-ақ Джордж Ридер және Патрисия Кендаллмен бірге меди-
циналық білімді алғаш рет ірі масштабта әлеуметтану тұрғысынан зерттеуді қолға алдық және 
оның мақсаты – нақты жоспармен қатар, кәсіби іс-әрекеттің түрі ретінде мамандықтың ерекше 
сипатымен байланысты медицина мектептерінде түрлі дәрігерлердің әлеуметтенуін анықтау. 
1960 және 1970 жылдары мен ғылымның әлеуметтік құрылымын және оның когнитивті құры-
лыммен байланысын қарқынды түрде зерттеуге көштім. Ақырында, бұл жиырма жыл ғылым 
әлеуметтануының кәмелетке жеткен кезеңі болды, ал өткен шақ тек пролог еді. Осы зерттеулер 
барысында менің негізгі бағытым әлеуметтану теориялары арасындағы байланыстарға, зерттеу 
әдістеріне және пәндік эмпирикалық зерттеулерге қатысты болды.
Мен бұл дамып келе жатқан қызығушылықтарды онжылдықтарға тек қана ыңғайлылығы үшін 
бөлемін. Әрине, олар ретімен болмай және әдеттегі күнтізбе бойынша бөлуге көнбей қойды. 
Бірінші кезеңнің жедел жұмыстарынан соң да жұмыс жүріңкіремеді. Мен мақсатты бағытталған 
әлеуметтік әрекеттердің алдын ала күтілмеген салдарларына назар аударып, осылайша, алғаш 
рет жарты ғасырға жуық уақыттан соң жарық көрген мақаламның негізінде және оны уақыт өте 
келе дамыта отырып, томдармен жұмыс істедім. Қордағы тағы бір «Өзін жариялаушы даныш-
пандық» деген тақырыптағы том ширек ғасыр бұрын ғана алғаш рет осы тақырыптағы мақа-
ламда айтылғандай, қоғамдық өмірдің түрлі сфераларында осы модельдің жұмыс істеуін көрсе-
теді. Егер уақыт, төзімділік және қабілеттілік мүмкіндік берсе, әлеуметтік құрылымды талдауды 
мәртебелік топтамаға, рөлдік жиынтыққа және құрылымдық жақтың құрылымдық аясына, со-
нымен қатар анық әрі жасырын функцияларға, дисфункцияларға, функционалдық баламаларға 
және әлеуметтік механизмдердің функционалдық жақтарына қатысты толықтыру қажет.
Менің тәжірибемде бұлжымайтын тәртіппен жан ауыртар баяу композиция болып саналатын 
өлім осы жұмыстар мазмұнынан сырт жатқан көзқарас секілді.
[For more on Merton, see Johnston, 2007; Schultz, 1995; and Sztompka, 2005. Robert Merton died 
on February 23, 2003.]
* Copyright © 1981 by Robert K. Merton.


275
7-тарау

Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы 
жағдайдың дисфункциялық жақтары оңтүстіктегілерді аграрлық экономикаға 
шектен тыс бағынуға және индустрияландыруға дайын болмауға алып келді. 
Солтүстік пен оңтүстік арасындағы ұзаққа созылған индустриялау бойынша 
сәйкессіздікті, оңтүстіктегі құлдық институтының дисфункциялылығын ішіна-
ра болса да байқауға болады.
Мертон сонымен қатар функциясыздық идеясын қозғап, оны қарастырылып 
отырған жүйеге қатысы жоқ салдар ретінде анықтады. Мұнда бұған дейінгі та-
рихи уақыттардың «қалдықтары» саналатын әлеуметтік түрлер де болуы мүм-
кін. Өткен уақыттарда олар жағымды және жағымсыз салдар тудырғанымен, 
қазіргі қоғамдарға маңызды әсерін тигізбейді. Сондай мысалдардың бірі – бұл 
христиандық сенімдегі әйелдер қозғалысы, алайда олардың кейбіреулері бұл 
көзқараспен келіспеуі де ықтимал.
Жағымды функциялар дисфункциялардан үстемірек пе, әлде керісінше ме 
деген сұраққа жауап беру үшін Мертон таза теңгерімділік тұжырымдамасын 
жасады. Алайда біз жағымды функцияға да, дисфункцияға да ешқашан жай ғана 
үстемдік бере алмаймыз, өйткені бұл мәселе өте күрделі және субъективті пікір-
лерге негізделген, сондықтан да аражігі айқындалып тез шешіле салмайды. Мер-
тон тұжырымдамасының пайдалылығы – ол әлеуметтанушыны салыстырмалы 
түрдегі маңыздылық деген не деген сұраққа бағыттайды. Құлдық туралы мәсе-
леге қайтадан келетін болсақ, онда оңтүстіктегі құлдық теңгермелі функционал-
ды болды ма, әлде дисфункционалды болды ма деген сұрақ туындайды. Соған 
қарамастан, бұл сұрақ өте кең және бірқатар мәселелердің бетін көлеңкелейді 
(мысалы, құлдық ақ түсті құлиеленушілер үшін функционалды болды).
Осындай мәселелерді шешу үшін Мертон функционалдық талдау дәре желе-
рі болуы қажеттігін айтты. Функционалистер әдетте тұтасымен қоғам ды тал-
даумен шектелген болса, онда Мертон ұйымдар мен мекемелерге және топтарға 
талдау жүргізу қажеттігін түсіндірді. Оңтүстіктегі құлдықтың функ циясы ту-
ралы сұраққа қайта орала отырып, талдаудың бірқатар деңгейлерін ажыратып, 
қара түстілер отбасылары үшін, ақ түстілер үшін, қара саяси ұйымдар үшін, ақ 
саяси ұйымдар үшін, т.б. құлдықтың функциясы мен дисфункциясы туралы сұ-
рау қажет. Таза теңгермелік көзқарас бойынша, құлдық ықтимал түрде белгілі 
бір әлеуметтік бөлімшелер үшін анағұрлым функционалды болса, онда басқа 
әлеуметтік бөлімшелер үшін сәтсіз болуы мүмкін. Мәселені мұндай нақты дең-
гейде шешу, тұтас алғанда, оңтүстіктегі құлдықтың функционалдығын талдауға 
көмектеседі.
Сондай-ақ Мертон айқын және латентті (жасырын) функциялар туралы 
тұжырымдаманы ұсынды. Бұл екі ұғым да функционалдық талдаудың маңыз-
ды толықтырушылары.
9
Қарапайым сөзбен айтқанда, айқын функциялар деген 
анық талып, белгіленіп қойған функциялар болса, онда латентті функциялар 
бел гісіз, айқындалмаған. Мысалы, құлдықтың айқын функциясы оңтүстіктің 
эко номикалық дәрежесін көтеру болса, латентті функция – оңтүстіктің байлары 
мен ақ түстілері, сонымен қатар кедейлерінің де әлеуметтік мәртебесін көте руге 
қызмет ететін андеркластың кең түрлерін қамтамасыз ету. Бұл идея Мер тон-
ның күтпеген салдарлар тұжырымдамасымен байланысты. Іс-әрекет болжан-
ған және болжанбаған салдардан тұрады. Алайда болжанған салдар бар лығына 
таныс болса, онда күтілмеген салдарды анықтау үшін әлеуметтану тұрғысынан 
талдау жасау қажет. Шын мәнінде, бұл – кейбіреулер үшін әлеу меттанудың өз 
мәні. Питер Бергер (1963) мұны «әшкерелеу» деп атап, мәлім болған ниеттердің 
шегінен тыс тиімділігіне қарады.


276
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мертон күтілмеген салдарлар мен латентті функциялардың бірдей еместі-
гін айтады. Латентті функция алдын ала күтілмеген салдарлардың бір түрі және 
белгіленген жүйе үшін функционалды.
Бірақ күтілмеген салдарлардың басқа екі типі бар: «белгіленген жүйе үшін 
дисфункционалды және олар латентті функцияларды қамтиды» және «жүйеге 
қатысы жоқ, функционалдық салдарларға да, функционалдық емес салдарларға 
да қатысы жоқ» (Мертон, [1949] 1968:105).
Мертон функционалдық теорияны әрі қарай түсіндіру мақсатында құры-
лымның тұтас жүйе үшін дисфункционалды болуы мүмкін екенін, бірақ оның 
өмір сүре беретінін көрсетті. Мысалы, бұл – қара түсті нәсілдерді, әйелдерді 
және саны жағынан аз топтарды кемсітушілік Америка қоғамы үшін дисфунк-
ционалды, алайда ол өмір сүре береді, өйткені ол әлеуметтік жүйенің бөлігі үшін 
қалыптасады; мысалы, әйелдерге қатысты кемсітушілік тұтасымен алғанда ер 
адамдар үшін функционалды. Алайда кемсітушіліктің бұл түрлері дисфункция-
ның қандай да бір түрінен кенде емес, тіпті оны өздеріне қатысты функционал-
ды болатын топтар үшін де айта аламыз. Ер кісілер әйелдерге қатысты кемсіту-
шіліктерден қиналады; бұл ақ түстілердің қара түстілерге қатысты кемсітушілік 
мінез-құлықтарынан өздерінің қиналғанына ұқсас. Бұл кемсітушіліктің түрлері 
кемсітіп отырғандарға да жағымсыз әсер етіп, адамдардың көп бөлігін өнімсіз 
кәсіптің кіріптарлығында ұстап, әлеуметтік жанжалдардың ықтималдығын кү-
шейтеді.
Мертон құрылымдардың барлығын бірдей әлеуметтік жүйенің жұмысы үшін 
ауыстыруға келмейтінін тұжырымдады. Әлеуметтік жүйенің кейбір жақтарын 
жойып немесе шеттетіп тастауға болады. Бұл функционалдық теорияның тағы 
да бір консервативті қате түсініктерін жеңуге көмектеседі. Қандай да бір құры-
лымдардың болуы ысырапшылдық екенін мойындай отырып, функционализм 
маңызды әлеуметтік өзгерістерге жол ашады. Мысалы, біздің қоғам саны жағы-
нан аз әртүрлі топтарға қатысты кемсітушілікті жою арқылы (тіпті жақсы бо-
лып кетер еді) өмір сүре береді.
Мертонның түсініктемелері құрылымдық-функционалистік талдау жүргіз-
гісі келетін әлеуметтанушылар үшін өте пайдалы (for example, Gans, 1972, 1994). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет