Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет233/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   596
Гегель марксизмі 
Жоғарыда қарастырылған сын нәтижесінде экономикалық детерминизм ма-
ңызын жоғалта бастады, ал кейбір теорияшылар марксистік теорияның басқа 
түрлерін ойлап табуға ұмтылды. Бір топ марксистер ерте кезеңдегі тұжырым-
дамасын объективті, материалдық деңгейде, субъективті деңгейде өңдеуді 
толықтыру үшін Маркс теориясының гегелдік тамырларына сүйенді. Ерте 
гегельдік-марксистер әлеуметтік өмірдің субъективті және объективті аспек-
тілері арасындағы диалектиканы жандандыруға тырысқан. Олардың субъек-
тивті факторларға қызығушылығы, іс жүзінде тек субъективті фактор ларға 
ерекше көңіл бөлген келесі сыни теорияның дамуына негіз салды. Гегельдік 
марксизмнің мағынасын кейбір ойшылдар қатарының (мысалы, Карл Корш) 
мысалында дәлелдеуге болады, бірақ біз ең танымал теорияшының шығарма-
шылығына назар аударамыз. Ол өзінің History and Class Consciousness («Тарих 


301
8-тарау

Неомарксистік теорияның әралуандығы
және таптық сана») (Lukacs, [1922] 1968) атты кітабының арқасында зор даңқ-
қа бөленді. Біз, сондай-ақ Антонио Грамши идеяларына да зейін қоямыз.
Георг Лукач
Марксизм білгірлерінің қызығушылықтары, ең алдымен, ХХ ғасырдың басын-
дағы Маркстің Capital («Капитал») (Marx, [1867] 1967) секілді бергі эконо-
микалық шығармашылықтарымен шектелген. Ертеректегі еңбектері, гегельдік 
субъективизмнің әсері айрықша сезілетін, әсіресе The Economic and Philosоphic 
Maunscripts of 1844 («1844 жылғы экономикалық және философиялық қол-
жазбалар») атты еңбегі (Marx, [1932] 1964) көп жағдайда марксист ойшыл дар-
ға таныс емес болатын. 1932 жылы «1844 жылғы экономикалық және филосо-
фиялық қолжазбалар» еңбегін қайтадан оқу және оның жаңадан жариялануы 
үлкен өзгеріс алып келген оқиға болды. Дегенмен Лукач өзінің басты еңбегін 
1920 жылы жазып қойған еді, онда ол марксистік теорияның субъективті жа-
ғын ерекше атап өткен. Мартин Джей History and Class Consciousness («Тарих 
және таптық сана») Маркстің он жылдан кейін жарияланған «1844 жылғы эко-
номикалық және философиялық қолжазбалар» еңбегіндегі философиялық ма-
ғынаның бірнеше іргелі бағыттарын болжап білгенін» жазған (Jay, 1984:102). 
Лукачтың марксистік теорияға қосқан негізгі үлесі басты екі идеясы бойынша 
көрініс тапқан: реификация (заттандыру) (Dahms,1998) және таптық сана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет