Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет234/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   596
Реификация.
Лукач әуелгі бастан реификация мәселесіне қатысты экономи-
калық марксистердің шығармашылығын толығымен жоққа шығармайтынын 
ескертеді, тек олардың идеяларын кеңейтуге және дамытуға тырысады. Ол 
марксистік тауар тұжырымдамасын «капиталистік қоғамның орталықтанды-
рылған, құрылымдық мәселесі» ретінде сипаттайды (Lukacs, [1922] 1968:83). 
Тауар адамдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді, олардың ойынша тауар 
заттың қасиетін алады және объективті формасын иеленеді. Табиғат пен өзара 
әрекеттестікте капиталистік қоғамдағы адамдар түрлі өнімдер мен тауарларды 
өндіреді (мысалы: нан, автомобильдер, кинокартиналар). Алайда адамдар ол 
тауарларды өздері өндіріп, бағасын өздері анықтайтын фактіні назардан тыс 
қалдырады. Тауарлардың құндылығы акторлардан тәуелсіз нарықпен анықта-
лады деп есептелді. Тауар фетишизмі – тауарға және оның нарығына капита-
листік қоғамдағы акторлар мен тәуелсіз объективті тіршілікті қамтамасыз ете-
тін процесс. Маркстің осы идеясы Лукачтың заттандыру тұжырымдамасының 
негізі болды.
Тауар фетишизмі мен заттандыру арасындағы басты айырмашылық осы екі 
түсініктің кең ауқымдылығымен қорытындыланады. Егер біріншісі тек эконо-
микалық институттарға қатысты болса, онда соңғысы Лукач көрсеткендей, қо-
ғамның барлық салаларына қатысты – мемлекетке, заңға және экономикалық 
секторға қолданылады. Дәл осы динамика капиталистік қоғамның барлық сек-
торларында іске асырылады: адамдар әлеуметтік құрылым өзінің-өзіндік жеке 
өмірімен тіршілік етеді деген түсінікке жүгінеді және нәтижесінде объективті 
сипатқа ие болады. Лукач бұл процесті төмендегідей сипаттайды:
«Адам капиталистік қоғамда өзі (тап ретінде) «құрастырған» шындық-
пен бетпе-бет келеді және ол оған бөгде табиғи құбылыс болып көрінеді; 


302
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ол толығымен оның «заңдарының» билігінде болады; оның қызметі бел-
гілі индивидуалдық заңдарды, өзіндік қызығушылығына (өзімшілдік) 
байланысты, сөзсіз сақтауға әкеліп соқтырады. «Әрекет» жасағанына 
қарамастан, адам тіршілігінде оқиғаның субъектісі емес, объектісі болып 
қалады».
(Lukacs, [1922] 1968:135)
Лукач реификацияға қатысты өз ойларын дамыта отырып Вебер мен Зим-
мельдің идеяларын біріктірді. Алайда реификация марксистік теорияға кірік-
тірілгендіктен, ол Вебер мен Зиммельдегідей адамзаттың шарасыз тағдыры ре-
тін де емес, капитализм шеңберімен шектелген мәселе болып қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет