Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет364/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   596
Сектораралық теория. Сектораралық теориядағы басты мәселе – әйелдердің 
әртүрлі конфигурациялар мен әртүрлі қарқындылық дәрежесінде қанауға ұшы-
райтынын түсіну (Andersen, 2005; Anzaldúa, 1990; Anzaldúa and Keating, 2002; 
P. Collins, 1990, 1998, 1999, 2000, 2001, 2004, 2012; Crenshaw, 1991; E. Glenn, 
1999; Lorde, 1984; Misra, 2012; D. Smith, 2009; Yuval-Davis, 2012). Барлық әйел-
дер өздерінің жыныстық сипатына қарай қысым көретіні ықтимал болса да, 
олар әлеуметтік теңсіздіктің басқа да толып жатқан түрлеріне байланысты 
әрқалай қанауға ұшырайды. Қысым мен артықшылық тың нақты векторлары


504
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
(немесе, Патрисия Хилл Коллинздің пікірінше, «үстемдік ету матрицасы» 
[1990]) тек жыныспен ғана шектелмейді, сондай-ақ тап, нәсіл, жаһандық орна-
ласу, сексуалдық қалаулары мен жасты да қамтиды. Мұндай интерсекциялар-
дың вариациясы әйел болу тәжірибесін өзгертеді және де мұндай өзгеріс пен 
әртүрлілік «әйелдердің» тәжірибесін тұжырымдау барысында ескерілуі тиіс. 
Сектораралық теориядағы уәж – ол қанаудың нақ ты тәжірибесін құрайтын 
интерсекцияның өзін және аддитивті стратегиясын, жыныс, нәсіл, тап, сек-
суалдылықты қоса зерделегенде дұрыс түсінікті бере алмайды дегенге саяды
(Andersen, 2005). Мысалы, Креншоу қара нәсілді әйелдер жұмысбастылық жағ-
дайында жиі дискриминацияға ұшырайды, себебі олар қара нәсілге жатады. 
Алайда бұл жалпы дискриминация, яғни «жыныс сипатына байланысты бол-
ған дискриминация» (сондай-ақ «ақ түсті әйелдер») немесе «нәсілдік дискри-
минация» («қара нәсілді ер адамдар») деп дәлелденбесе, соттар әдетте мұндай 
дискриминацияны мойындаудан бас тартады. Біз сектораралық теориялардың 
іргелі түсінігі, яғни кейбір ерлер мен әйелдер ие болатын артықшылық басқа 
әйел мен ерлер үшін қысымға айнала тынын ұсынғымыз келеді. Сектораралық 
теориялар бұл теңсіздік механизм дерін әділетсіз энергетикалық байланыстарға 
негізделген иерархиялық құры лымдар деп түсіндіреді. Әділетсіздік тақырыбы 
бұл талдаудың ерекше маңызды аспектісі екенін ескертеді.
Сектораралық теория идеология мен доминанттарға субординаттарды бас-
қаруға мүмкіндік беретін биліктің арасындағы іргелі байланысты мойындайды. 
Осы мақсатта олар қанау әрекеттерін ақтауға арналған концептуалды құралға 
айналатын саясатты қалыптастырады. Әлеуметтік тәжірибеде до 
минанттар 
адамдар арасындағы өзгешеліктерді кемістіктерге немесе артық шылықтарға 
айналдырып, оларды репрессивті тәжірибелерді ақтау мақсатында қолданады. 
Адамдар өзгешеліктерді әркелкіліктің, қызығушылық пен мәде ни байлықтың 
қайнар көзі ретінде танымай, керісінше «жақсырақ» немесе «жаманырақ» де-
ген сияқты көзқараспен қарау үшін әлеуметтенеді. Лорд (1984:115) айтқандай, 
бұл «айырмашылықтың осындай институттық ауытқуы пайда экономикасының 
абсолютті қажеттілігі болып табылады». Бұл идеологиялар «мифтік норманы» 
жасау арқылы ішінара әрекет етеді, адамдар осы нормаға қарай өздерін және 
басқа адамдарды бағалайтын болады. Америка Құрама Штаттарында бұл нор-
ма «ақ, түсті, арық, ерлерге арналған, жас, гетеросексуалды, христиандық және 
қаржылық тұрғыдан қауіпсіз» болды (Lorde, 1984:116). Аталмыш норма доми-
нанттарға әлеуметтік өндірісті (төле нетінді де, төленбейтінді де) басқаруға мүм-
кіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ индивидуалды субъективтіліктің құрамдас 
бөлігіне айналады: адамдарды өздерін құнсыздандыруға мәжбүрлеу, адамдарды 
әртүрлі топтардан қайтаруға және өз тобының шеңберінде топ мүшелерін құ-
рауға, жазалауға немесе маргиналдау мақсатында ережелер жасауға әрекет ете 
алатын өзгешеліктерден бас тартады. Анзальдуа соңғы тәжірибені «бөтен» ре-
тінде сипаттайды. Белгілі бір критерий бойынша «бөтенді» топтың мүшесі есе-
бінде қабылданбайтындай етіп құру үшін бағынышты топта жасалған анықтау 
актісі; осы орайда «дефи нициялық іс-әрекет коалиция мен тойтарыстың потен-
циалын қиратады» деген пікір білдіреді. 
Қанау мен артықшылық векторларының қиысуы адамдардың қаналу тәжі-
рибесі қарқынының да, формасының да әртүрлі нысандарын қалыптастырады. 
Сектораралық көзқарас тұрғысынан жасалған еңбектер мен зерттеулердің ба-
сым көпшілігі адам өмірінің нақты бір шындығын көрсетеді, өйткені бұл өмір 
аталған векторлардың интерсекциялануы нәтижесінде қалыптасады. Феминис-


505
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
тер ең көп зерттеген интерсекциялар: бұл жыныс пен нәсіл (B. Dill, 1994; S. Hill 
and Sprague, 1999; Tester, 2008); жыныс пен тап (Philip Cohen, 1998; Foner, 1994; 
Gregson and Lowe, 1994; Wrigley, 1995) және нәсіл, жыныс пен таптың интерсек-
циялары (Andersen and Collins, 1992; Edin and Lein, 1997; Edin and Kefalas, 2005; 
Lareau, 2003).
Басқа да талдаулар жыныс пен жасты (Diane Gibson, 1996; Lopata, 1996), жы-
ныс пен жаһандық орналасуды (Desai, 2007; Purkayastha, 2012; Reddock, 2000), 
жыныс пен сексуалды артықшылықты қамтиды. Осындай перспективті, сектор-
аралық теория тұрғысынан жасалған ең соңғы жұмыстардың көбінде суборди-
натты ер адамдардың жағдайлары да қарастырылды (P.Collins, 2004; Edin and 
Kefalas, 2005; Shows and Gerstel, 2009; Lamont, 2000).
Өздерінің материалды жағдайларына қатысты жауап ретінде адамдар әділет-
сіз билікке қарсы ұдайы өмір сүрудің интерпретациялары мен стратегияларын 
ойластырады. Сектораралық теория жобасының бөліктерінің бірі теңсіздіктің 
тарихи шиеленістері арқылы туындаған нақты топтық білімдер туралы ақпарат 
ұсына отырып, бұл білімдердің әртүрлі феминистік экспрессияларын (мысалы, 
қара феминистік ой немесе Чикана феминизмі, не болмаса постотаршылдық тү-
сініктер) дамытуды көздейді (Chilisa and Ntseane, 2010; P. Collins, 1990; Cordova 
et al, 1990; James and Busia, 1993).
Сектораралық теория Солтүстік Атлант қоғамдарындағы жоғарғы ақ нәсіл 
феминистерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, екінші толқын (бірінші тол-
қынның да) феминизмінде жасалған жұмыстың сынын дамытып, жетілдіре-
ді. Бұл еңбектің кейбір бөлігі постмодернизмде жасалған жұмысқа тұспа-тұс 
келеді, алайда мұндай параллелизмді асыра бағаламаған жөн. Сектораралық 
теория – бұл феминимзнің ең көне дәстүрлерінің бірі, ең болмағанда, Америка 
Құрама Штаттарындағы байрғылардың бірі. Мысалы, Sojourner Truth-тың Ак-
рон әйелдерінің құқықтары туралы Конвенцияда айтқан Ain’t I a Woman («Мен 
әйел емеспін бе») деген сөзі (Zerai, 2000). Бұл сын постмодернизм кезінде фи-
лософиялық ұғым ретінде бағаланды, алайда шын мәнінде саяси болып санала-
тын «әйел», «гендер», «нәсіл» мен «мейірбике» сияқты ұғымдар нені білдіреді 
деп сұрақ қояды (Chopra, 2004; Hooks, 1984; Kaminsky, 1994; Mohanty, 1991). 
Жақын арада олар Коллинзге қара нәсілді ерлер Black feminist thought («Қара 
феминистік ой») деп сипатталатын идеяны қолдайтындары туралы пікір біл-
дірген еді (Harnois, 2012). Ол «аналық» және «отбасы» сияқты әмбебап тәжі-
рибенің алуантүрлілігіне назар аударды. Ходоров пен Бенджаминдердің әлеу-
меттану-психоаналитикалық зерттеулеріне сүйене отырып, өзінің теориялық 
жұмыстарын қайтадан ой елегінен өткізді (Dickerson, 1995; E. Glenn, Chang 
and Forcey, 1993; Mahoney and Yngvesson, 1992; Segura and Pierce, 1993). Бұл 
сын ақ түсті конструкция ретінде түсінуге ұмтылатын ақ түстің артықшылық 
тәсілдерін, олар нәсілшілдіктің азаюына белсенді түрде не жасай алады және 
көптеген жан-жақты феминистік талдауды жасауға қандай үлес қоса алатынын 
білгісі келетін ақ феминистердің «ақ түс» ұғымын қайта саралап ой елегінен 
өткізуіне жетеледі (Alcoff, 1998; Chodorow, 1994; Frankenberg, 1993; Rowe, 2000;
Ward, 1994; Yancy, 2000).
Сектораралық тұжырымдама ретінде феминистік әлеуметтануда кең тарал-
ды және оның іргелі алғышартын мойындамайтын зерттеуді қазіргі таңда кез-
дестіре қою қиындау. Осы қағиданың кең түрде мойындалуынан екі негізгі мәсе-
ле туындады. Шартты түрде шешілген алғашқысы – әйелдерді ерекше көзқарас 
тұрғысынан бағалау және саяси ұстанымға сүйене отырып, әйелдер арасындағы 


506
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
аналитикалық қағида мен эмпирикалық деректі шешу. Бұл мәселенің шешілуі 
феминистік теорияның іргелі пункттерінің біріне, яғни көзқарас тұжырымда-
масына қайтып оралу арқылы жүзеге асады. Патрисия Коллинз (1998:224–225) 
мәселені түсіндіре отырып, әлемге деген көзқарасты ұстанатын топ «гетерогенді 
ұқ састықпен» сиппаталады; Коллинз Маркс ұсынысына сілтеме жасай оты рып, 
оның «кездесетін, орын алатын және өткеннен келетін жағдайларға бөлінетінін» 
атап көрсетеді. 
Осылайша, Коллинз «топтың көзқарасы қандай да бір эссенциализммен 
шектелмейді, бірақ ол көзқарас топ мүшелерінің (бұл жағдайда әйелдер) ортақ 
тәжірибе мен мүдделерді мойындауын бейнелейді» деген қорытынды жасайды. 
Қысым мен артықшылық – нәсіл, тап, жыныс, жас, жаһандық орналасу, сексуал-
ды артықшылық векторлары барлық адамдардың өмірінде қиылысса, теория-
шылар сол екі арадағы олардың қиылысу жолдары жалпы көзқарастың расталу 
дәрежесіне елеулі түрде әсер етеді деп тұжырымдайды.
Екінші сұрақтың жауабын табу әлдеқайда қиын. Ол басында жыныстың 
әсері туралы айтып, кейін нәсілді, одан соң тапты қосатын аддитивті процес-
тің соңына түспей, керісінше, адамдардың тәжірибелері мен әрекеттеріндегі қа-
нау шылық немесе артықшылықтардың бірнеше векторлық өзара әрекеттесуін 
эмпирикалық тұрғыда бақылауға негізделеді. Аддитивтік процесс барысында 
өткен тәжі рибе, индивидуумдардың эмпирикалық шындығына қатысты жоққа 
шыға рылады.
Алайда осындай әртүрлі векторлар адам өмірінде қалайша қатар өмір сүреді? 
Баланста? Иерархияда? Үстемдіктің жылжымалы сызбасында? Сектораралық 
теорияшылардың айтуынша, индивидуумдардан қиылысу мен көзқарас тәжіри-
бесін табу концептуалды және әдіснамалық түрде айтарлықтай жеңіл болса да, 
мұндай редукционизм теориялық және саяси жағынан қауіпті болады. 
Осы мәселеге байланысты көптеген әлеуметтанушылар (Ken, 2008; L. Weber, 
2009; Weldon, 2006) Чу мен Ферри (2010) қазіргі кездегі сектораралық зерттеу-
лерге арналған бағдарламаға шолу жасайды. Олардың пікірінше, қиылысуды үш 
түрлі жол арқылы тұжырымдауға болады. Біріншіден, жобаға маргинал дауыс-
тарды кіргізуді, әкелуді және айрықша құқық беруді, оларды «шеттен ортаға 
қарай» жылжытуды қамтиды. Екіншіден, ол сектораралық процесті қамтуға 
тырысады, бұл әдіс бойынша тұмыстық түрлі қатынаста әр келкі векторлар өз 
ықпалымен ерекшеленеді. Мүмкін, өзінің нақты сипатын да өзгертеді. Бұл әдіс 
салыстыруды талап етеді, үстемдік ету матрица термин дерінде өзгеше әрекет 
ететін (бірақ ұқсас жағдайларда) адамдарды табу қа жеттігін алға тартады. Үшін-
ші, бағыт қиылысатын құрылымдар мен институттар өздері атайтын «жүйелі 
қиылысты» қалай жасап, өндіретінін қарауға әре кет етеді. Бұл тәсіл зерттеушіні 
тап сияқты «негізгі эффектіні» көруден бас тартқызып, адам өмірін әртүрлі жол 
арқылы қоршайтын қиылыстарды жасап, өзара әрекеттесудегі қоғамның әртүр-
лі иерархиялық билік механизмдерін көруге бағыттайды.
Олар бұл жерде сектораралық қиылысты зерттеу үшін «қазіргі есептеуіш ди-
намиканың кері байланыс тұзағын және биология ғылымындағы қор шаған орта 
мен жүйелердің өзара әрекеттесуі туралы күрделі теорияларды стратификация 
процесі тұрғысынан қайта тұжырымдауды» модель ретінде алатын Уолбиға 
(Walby, 2009) сілтеме жасайды. 
Сектораралық теория өзгерістерге дайындық барысында қаналған адам дар-
дың сенім мен әділеттілікті бағалау принциптері туралы білімге бет бұрады.
(P. Collins, 1990, 1998, 2012; hooks, 1990; Lorde, 1984; Misra, 2012). Аталған


507
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Патрисия Хилл Коллинз 1948 жылы дүниеге келді. Өзінің 
айтуынша, Филадельфиядағы қара қауым дастықта ор-
наласқан қара нәсілді жұмысшының отбасында өскен. 
Ол күн сайын осынау қауіпсіз базадан қыздарға арнал-
ған жалпы білім беру мектебіне барып оқыды, ал кейін 
1969 жылы Брандейс университетінде бакалавр дәреже-
сін және 1970 жылы Гарвардта MAT алды. 1970 жылда-
ры мектептегі оқу бағдарламаларының маманы ретінде 
Бостонда, Питтсбургте, Хартфордта, Нью-Йоркте және 
Вашингтонда жұмыс істеді. 1984 жылы әлеуметтану ғы-
лымының РһD дәрежесін алу үшін Брандейске қайтып 
оралды. Қызметінің басым бөлігін Цинциннати универ-
ситетінде өткізді, бұл білім ордасында ол қос лауазымда 
қызмет етті: әлеуметтану профессоры және афро-амери-
ка ғылымдарының профессоры. Қазіргі уақытта ол Мэри-
ленд штаты Университетінің еңбек сіңірген профессоры. 
2009 жылы Америкалық әлеуметтану ассоциациясының 
президенті болып сайланды. Коллинз – тарихта осы лауа-
зымға ие болған афро-америкалық тұңғыш әйел.
Коллинздің айтуынша, білім беру саласындағы жетістіктері мектептер, қауымдар мен жұмыс 
орнындағы «тұңғыш», «аз адамдардың бірі» немесе «жалғыз» афро-америкалық әйел немесе 
жұмысшы табынан шыққан адам деген секілді толып жатқан кедергілерді жеңумен қатарласа 
жүрген (1990:xi). Осындай жағдайларда өзін әртүрлі елдерден келген өзге адамдардан төмен 
санап, білім беру саласындағы жетістігі оның қара нәсілді жұмысшы табынан қашықта жүруін 
талап ететінін түсіне бастады. Бұл оның бойында «дауысының жоғалуына» себеп болған шие-
леністі тудырды.
Ол бұл қысымға жауап ретінде әлеуметтік теорияның балама түсінігін, теорияны жүргізудің ба-
лама әдісін ойлап тапты. Бұл жоба оған өз қауымдастығының теориялық дауысын шығарып 
және өзінің жоғалтқан дауысын қайтаруға мүмкіндік берді. Оның Джесси Бернард пен С. Райт 
Миллс жүлдесін алған Black Feminist Thought («Қара феминистік ой») (1990) атты еңбегі феми-
нистік және әлеуметтік теориядағы айрықша мәнді туындыға айналды. Бұл еңбекте әлеуметтік 
теория арқылы нақты бір спецификалық топты, қара нәсілді әйелдерді түсіну жолдарын көрсе-
теді. Осы мақсатта Коллинз дауыстардың кең спектрін (біреулері таныс, басқалары беймәлім) 
қолданады. Ол нәсіл, гендер және таптық қысымға қарсы тарихи күрестің интерсекциясы ар-
қылы топтық түсінікке негізделген әлеуметтік теория жасады. Коллинз осы еңбегінде ерекше 
эпистемологияны ашып көрсетеді, оның ойынша, қара нәсілді әйелдер шындық пен нақтылық-
ты бағалайды. Сондай-ақ ол өзінің феминистік концептуалды тақырыбын дәйекті түрде дәлел-
дейді. Тәжірибеде болсын, теория жүзінде болса да, ол ASA нәсіл, жыныс, тапты үйлестіруге 
ықпалдасып, өзінің сектораралық теориясын әрі қарай тереңдете түсті (editing, with Margaret 
Andersen, the essay collection Race, Class and Gender ([1992]).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет