Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет372/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Қорытынды
Феминистік теорияда әйелдер объектілер мен субъектілер, орындаушылар мен майтал ман-
дар ретінде көрсетілетін адамның өмірі туралы идеялық жүйені дамытады. Феминизмнің тарихы 
әйелдердің бағыныштылығы жойылғанша жалғаса береді, әйелдер әрдайым және барлық жерде 
дерлік бағынышты. 1700 жылдардың соңына дейін феминистік жазбалар наразылықтың сыпа-
йы, бірақ жігерлі ағысы ретінде сақталып қалды. Сол уақыттан қазіргі кезге дейін феминистік 
жазба сыни жұмыстың тегеурінді толқынына айналды. Феминистік теориялық ілім реформалар 
мен қысқарту арасындағы қоғамдық ауытқуларға байланысты әртүрлі сипатта болғанмен, дәл 
қазіргі тұста, жаңа консервативті әлеуметтік үрдістерге қарамастан, кең қанат жайып келеді.
Әлеуметтанудың құрамдас бөлігі бола тұра, феминистік теория 1970 жылдарға дейін пәннің 
жетекші тұлғалары ер адамдар болғандықтан, солардың көзге ілмеуі салдарынан даму сатысын-
да кенжелеп қалды. 1970 жылдардан бастап әлеуметтануда әйелдер санының артуы және әйел-
дер қозғалысының кең көлемде құлаш жаюы феминистік теорияның жаңа деңгейде дамуына 
қуатты серпін берді.
Феминистік ілім төрт негізгі бағытты басшылыққа алады: Ал әйелдер туралы не деуге бо-
лады? Неліктен әйелдердің жағдайы осындай? Біз әлеуметтік әлемді қалай өзгертіп, көркей-
те аламыз? Әйелдер арасындағы айырмашылықтар туралы не деуге болады? Осы сұрақтарға 
жауаптар феминистік теорияның әртүрлілігін тудырады. Бұл тарау феминистік теорияның төрт 
негізгі топтасуын көрсету үшін осы әртүрлілікті талдайды. Гендерлік айырмашылық теорияла-
ры әйелдердің жағдайы ерлердікінен ерекше екенін көрсетеді, бұл айырмашылықты болмыстың 
екі ерекше түрі – әйел мен ер немесе институттық рөлдер мен әлеуметтік өзара әрекеттесудің не 
болмаса әйелдің «басқалар» ретіндегі онтологиялық табиғаты негізінде түсіндіреді. Гендерлік 
теңсіздік теориялары, әсіресе либералды феминистер әйелдердің теңдік жолында іргелі құқық-
қа ұмтылуына ерекше назар аударады және сексизм қалыптастырған теңсіздік құрылымдарын 
сипаттайды. Гендерлік қысым теориялары феминистік психоаналитикалық теория мен ради-
калды феминизмді қамтиды. Біріншісі әйелдердің қысымға ұшырауын ерлердің үстемдікке де-
ген психикалық талпынысының психоаналитикалық сипаттамалары негізінде, екіншісі ерлер-
дің әйелдерді бағындыру үшін зорлық-зомбылық қолдану мүмкіншілігі негізінде түсіндіреді. 
Құрылымдық қанау теориялары социалистік феминизм мен өзара қиылысу теориясын қам-
тиды; социалистік феминизм қанаушылықты әлеуметтік өндіріспен қайта өндірісті бақылау-
ға бағытталған патриархалдық және капиталистік әрекеттерден туындайтын құбылыс түрінде 
сипаттайды; өзара қиылысу теориясы таптың, нәсілдің, жыныстың, аффективті ұнатудың және 
өмір сүру тәжірибесінің жаһандық орналасуының, топтық көзқарастардың және әйелдер ара-
сындағы қарым-қатынас салдарын қадағалайды.
Феминистік теория стандартты әлеуметтану теорияларын қайта қараудың негізі ретінде 
бес маңызды ой ұсынады. Біріншіден, әлеуметтану теориясының тәжірибесі барлық білімнің 
бұрмалау сипатын, нақты әлеуметтiк жетілген білімдіні, сондай-ақ білімнің қалыптасу нәтиже-
сіндегі биліктің қызметін мойындайтын білім әлеуметтануына негізделуі керек. Екіншіден, мак-
роәлеуметтік құрылымдар өз мүдделері үшін әрекет ететін доминанттармен бақыланатын және 
доминанттың идеологиялық еңбегі тіпті өздері үшін көзге ілінбейтін және бағаланбайтын бағы-


521
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
1. Бұл тарау, ең алдымен, осы халықаралық күш-жігердің ағылшын тіліне қосқан үлесіне негіз-
делді.
2. Гендер сөзі XIV ғасырдың басында пайда болды, ол кезде бұл сөз әсіресе грамматиканы тал-
қылауда, жыныстық сипатты айқындау тұрғысында пайдаланылды (зат есім – еркек немесе 
әйел деп түсінгеніне қарай). Гендер кейбір мағынада жыныс пен өзара алмастыруға келетін 
негізде 1900 жылдардағы ерте әлеуметтану еңбектерінде жиі қолданылды. Биологиялық 
белгіленген атрибуттар мен әлеуметтік жаттанды мінез-құлық арасындағы айырмашылық-
тардың бірінші феминистік әлеуметтану тұжырымдамасын Шарлотта Перкинс Гилман 1898 
жылы шыққан Women and Economics («Әйелдер және экономика») атты классикалық еңбе-
гінде ұсынған еді. Ол жерде біз қазір гендер деп түсінетін ұғымға сілтеме жасау үшін шама-
дан тыс жыныстық айырмашылық тұжырымдамасын жасады.
3. Кейбір өзге классификациялық жүйелер (Chafetz (1988); Clough (1994); Glennon (1979); 
Jaggar (1983); Jaggar and Rothenberg (1984); Kirk and Okazawa-Rey (1998); Lengermann and 
Wallace (1985); Snitow, Stansell and Thompson (1983); Sokoloff (1980); Tong (1998) бұрыннан 
бар. Оқырмандар мұнда ұсынылған идеалды типтің тепе-теңдігі немесе күшеюі үшін осы жұ-
мыстарға жүгіне алады. Бәрін қосқанда, бұл еңбектер феминистік теорияның ұзын тізімін 
құрайды, оның ішінде: қара феминизм, консерватизм, экспрессионизм, экофеминизм, экзис-
тенциализм, жаһандық инструментализм, лесбиян феминизмі, либерализм, марксизм, поля-
ризм, психоаналитикалық феминизм, радикализм, сепаратизм, социализм және синтетизм. 
Біздің типологиямыз осы теориялардың көпшілігін жинақтауға тырысады, бірақ әрдайым 
осы нақты белгілер арқылы анықталғандай емес.
4. Еуропалық феминистердің лакандық психоаналитикалық теорияны қолдануы жоғарыда ай-
тылған «Жыныстық айырмашылық теориялары» бөлімінде талқыланды, бұл бөлім психо- 
аналитикалық теорияның тағы бір тармағын – объектілі қарым-қатынас теориясын және 
оны америкалық феминистердің тәжірибеде қолдану ерекшеліктерін қарастырады.
5. Кейбір неомарксистер, әсіресе сыншыл теорияшылар идеологияның түсіндірмелі мәнін қай-
та бағалады (8-тарауды қараңыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   368   369   370   371   372   373   374   375   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет