Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет465/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   596
Тарау мазмұны
Б
ұл кітап, негізінен, қазіргі заманғы әлеуметтік теорияларды талдауға ар-
налған. XX ғасырдың екінші жартысынан бері қарай қазіргі заманғы әлеу-
меттік мәселелерді қарастыруға бағытталған теориялар кеңінен тарала 
бастады. Мұндай теориялардың қатарына өнер, архитектура, әдебиет, әлеу-
меттану және басқа осындай салаларда белең алған постмодерндік бағытты 
жатқыза аламыз. Осы ілім шеңберінде модерндік бағыттардың тұжырымдары 
болғандықтан, постмодерндік ағым өкілдері қазіргі қоғамға тән мәселелерді де 
қарастыруға ұмтылды. Ол Солтүстік Америкада дамыды, ХХ ғасырдың 80–90 
жылдарында кеңінен қолданылып, әлеуметтік теорияға елеулі әсер еткен ба-
ғыттардың біріне айналды. Осы тарауда негізгі постмодерндік теориялар қарас-
тырылып, олардың мән-маңызы талданады.
Постмодерндік әлеуметтік теорияны талқылауда әлеуметтану теориясынан 
әлеуметтік теорияларға көшу қажет. Әлеуметтану теориялары негізінен тек
әлеуметтану саласында болатын мәселелерді қарастырады және әлеуметта-
ну шы мамандардың ғана қызығушылығын тудырады. Ал әлеуметтік теория-
лар ауқымды әлеуметтік мәселелердің барлығын дерлік қамтиды. Алайда 
екеуінің арасындағы айырмашылық айқын емес. Шын мәнінде, осы кітапта 
бұрын-соңды талқыланбаған кейбір теориялар, соның ішінде нео-марксизм 
теориясы мен агенттік-құрылымдық теориясы, социалистік теориялар жан-
жақты сипатта лады. Постмодерндік теориялар, негізінен, әлеуметтік теория-
лар қатарына жатады.
Бұл тарауда структурализмнен бастау алып, постструктурализм ретінде та-
нылған, кейін постмодерндік әлеуметтік теория деп аталған бағытты қа расты-
рамыз. Лэштің ойынша (1991:ix), постструктуралистік бағыт «1960 жылдары 
француз қоғамында дамыған әлеуметтік ойлардан» бастау алады.
Структурализм француз гуманизміне, әсіресе Жан-Поль Сартрдың эк-
зистенциализміне жауап ретінде қалыптаса бастады (Craib and Wernick, 
2005, Margolis, 2007). Өзінің алғашқы жұмысында Сартр жеке адамға, әсіресе 
жеке адамның еркіндігіне ерекше назар аударған. Сол кезде ол «жеке адам-
ның іс-әрекеттері әлеуметтік заңдар немесе әлеуметтік құрылымдарға тәуел-
ді емес, ал адамның қалауымен жасалады» деп ұғындырған. Алайда кейіні-
рек оның ойлары Маркс тұжырымдарына жақындады және ол «еркін адам» 
түсінігімен қатар, «әлеуметтік құрылым» түсінігін зерттеуді де қолға алды
(Craib, 1976:9).


686
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Сартрдың жұмысына талдау жасаған Гила Хайим (1980) Сартрдың әуелгі 
және кейінгі еңбектерінің өзара сабақтастығын айқындайды. 1943 жылы жа-
рияланған Being and Nothingness («Болмыс және бейболмыс») еңбегінде Сартр 
«еркін адамға» көбірек назар аударып, «шындық белгілі бір адамдардың іс- 
әрекетімен айқындалады» деген пікірді алға тартады (Hayim, 1980:3). Сонымен 
қатар Сартр структуралистік көзқарасты ұстанған, яғни, оның пайымдауынша, 
«объективті құрылымдар толығымен детерминистік мінез-құлықпен» айқын-
далады (Hayim, 1980:5). Жалпы алғанда, Сартр мен экзистенциалистер актор-
лардың қазіргі шекарасынан асып, болашаққа қарай ұмтылуға мүмкіндіктері 
бар деп есептейді. Сартр үшін адамдар – толық еркін. Олар өздерінің барлық 
ісін тек өз қалауымен істейді. Сондықтан әрбір ісі үшін жауапкершілікті өз-
дері алуы қажет. Бір жағынан, бостандықтың жауапкершілікпен байланысы 
адамдарда белгілі бір деңгейде күйзеліс тудырады (Hayim, 1980:17). Екінші 
жағынан, өз тағдырлары өз қолдарында екенін түсіну адамдардың бойына оп-
тимистік сенім ұялатады. 1960 жылы жарияланған Critique of Dialectical Reason 
(«Диалектикалық себептің сын-қатерлері») еңбегінде Сартр әлеуметтік құ-
рылымдарға көбірек назар аударады, дегенмен осы еңбегінде де «адами транс-
ценденттіліктің болмыстан басымдығын» айқындайды (Hayim,1980:16). Сартр 
әлеуметтік құрылымның рөлі мен маңыздылығын асыра бағалайтын әртүрлі 
марксистік бағыттарды (құрылымдық марксизмді) сынға алады. Оның көзқа-
расы бойынша, догматикалық марксистер Маркстің бастапқы төлтума идеяла-
рының гуманистік құрамдас бөліктерін жойды (Hayim, 1980:72). Экзистенциа-
лист ретінде Сартр әрқашан гуманизмді ұстануға ұмтылды. Осылайша, экзис-
тенциализмнің гуманистік аясында структурализмнің, пост структурализмнің 
және постмодернизмнің дамуын айқындау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет