Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет466/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   596
Структурализм
Структурализм бағыты аясында әлеуметтік құрылымдар қарастырылады, де-
генмен структуралистік тұжырымдар құрылымдық функциялық бағыттан ерек-
шеленеді (7-тарауды қараңыз). Көптеген әлеуметтанушылар әлеуметтік құры-
лымдар мәселесін қарастырғанмен, структурализм аясында, негізінен, лин гвис-
тикалық құрылымдарға ерекше назар аударды. Әлеуметтік құрылымнан линг-
вистикалық құрылымдарға ауысу әлеуметтік ғылымның табиғатын түбегейлі 
өзгертетін лингвистикалық айналым ретінде белгілі болды (Lash, 1991:ix). Әлеу-
меттік ғалымдардың басым көпшілігінің зерттеу тақырыбы әлеуметтік құры-
лымнан тілге ауыса бастады (мысалы, Хабермастың коммуникация жөнін дегі 
жұмысы туралы мәліметтерді [8-тарауда] және этнометодология бағыты аясын-
да көтерілген кейбір мәселелерді [10-тарауда] қарауыңызға болады).
Лингвистикалық түп тамырлары
Структурализм дамуы түрлі салалардағы әртүрлі оқиғалармен байланысты 
(Dosse, 1998). Қазіргі заманғы структурализмнің қайнар көзі мен негізі – лин-
гвистика. Швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдің (1857–1913) ең-
бегі құрылымдық лингвистиканы дамытуға және нәтижесінде структурализм-
нің алуан түрлі салаларда қолданысын кеңейтуге бағытталған (Culler, 1976; 
Thibault, 2005a). 


687
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Соссюрдің langue (тіл) мен parole (сөз) түсініктерінің дифференциациясы 
ерекше қызығушылық тудырады. Langue – белгілі бір ресми грамматикалық 
жүйе. Бұл жүйе дауысты элементтердің өзара байланысынан туындайды және, 
Соссюр мен ізбасарларының ойынша, заңдармен айқындалады. Соссюр баста-
ған көптеген лингвистер осы заңдарды ашуға талпынған. Langue (тілдің) болуы 
parole (сөздердің) дамуына мүмкіндік береді (Bakker, 2007b). Parole (сөз) – бұл 
тілдің бірлігі, тіл арқылы адамдар ойларын жеткізіп, бір-бірін түсінеді. Соссюр 
адамдардың тілді субъективті сипатта қолдануын айқындайды. Оның пікірін-
ше, адамдардың индивидуалдық тілі лингвистика саласы маманының қызығу-
шылығын туғызбайды. Тіл мамандары акторлардың (жеке адамдардың) тілді 
субъективті пайдалану амалдарын емес, тілге назар аударып, оның ресми фор-
масын қарастырады.
Осылайша, тіл – белгілер жүйесі, ол құрылым ретінде қаралуы қажет және 
әр таңбаның мағынасы – жүйедегі белгілер арасындағы өзара байланыстың 
өнімі. Әсіресе сөздердің бинарлық айырмашылықтарына ерекше назар аудару 
керек. Мысалы, «ыстық» сөзінің мағынасы сөздің өзіндік қа сиеттерінен емес, 
оның бинарлық айырмашылықтарынан, яғни мағынасы қарама-қарсы «суық» 
сөзінен туындайды. Ойлар, сана, сайып келгенде, әлеу меттік әлем, ал әлеумет-
тік әлем тіл құрылымы арқылы қалыптасады. Мәселен, адамдардың экзистен-
циалды әлемі оларды қоршаған орта негізінде қалып тасатын болса, әлеуметтік 
ортаның кейбір аспектілері тіл құрылымы арқылы түзіледі.
Постструктурализм бағыты тіл білімі шекарасынан тыс, барлық белгілердің 
жүйесін қарастыруға дейін кеңейтілді. Белгілер жүйесінің құрылымы «семио-
тика» деген атаумен белгілі болды (Gottdiener, 1994; Hawkes, 1977, Thibault, 
2005b). Семиотика құрылымдық лингвистикадан гөрі кеңірек, өйткені ол тек 
тілге ғана емес, сондай-ақ ым-ишара, дене тілі, әдеби мәтіндер секілді қатынас 
формаларының барлық белгілер жүйесін қамтиды.
Ролан Барт – семиотиканың негізін салушы ретінде танымал (Perry, 2007). 
Ол Соссюрдің идеяларын әлеуметтік өмірдің барлық салаларында кеңейтті. 
Барттың пайымдауынша, тіл ғана емес, сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік бел-
сенділіктер адамның күнделікті өмірін тануға мүмкіндік береді (Lash,1991:xi). 
«Лингвистикалық айналым» барлық әлеуметтік құбылыстарды қамтиды, ол, өз 
кезегінде, белгілер ретінде қайта қабылданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   462   463   464   465   466   467   468   469   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет