Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет84/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   596
Әлеуметтік фактілер
Дюркгейм әлеуметтануды психология мен философиядан алыстатуға және 
оның даралық сипатын анықтап, орнықтыруға көмектесу үшін ([1895] 1982) 
әлеуметтанудың айрықша тақырыбы ретінде әлеуметтік фактілерді қарасты-
ру қажеттілігін тұжырымдайды (see M. Gane, 1988; Gilbert, 1994; Nielsen, 2005,


89
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
2007a; and the special edition of Sociological Perspectives [1995]). Қысқаша
айтқанда, әлеуметтік фактілер акторларға жат, бірақ оларға әлеуметтік құры-
лымдар, мәдени нормалар мен құндылықтар тәуелді. Мысалы, студенттер ара-
сында университеттік бюрократия оқу орнының білім беру жүйесіне әсе рін ти-
гізетін америкалық қоғамның нормалары мен құндылықтары сияқты, әлеумет-
тік құрылымдармен шектелген. Осындай әлеуметтік фактілер әлеумет өмірдің 
барлық салаларында адамдарға кедергі жасайды. 
Әлеуметтануды пси хология мен философиядан ажыратуда әлеуметтік фак-
тілерді «заттай» (S. Jones, 1996) қарастыру, сондай-ақ оны тәжірибелік тұрғыда 
зерттеу аса маңызды орынға қойылады. Бұл өзіміздің ақыл-ойымыздағы білім-
нен тыс ба қылау және эксперимент арқылы алынған нақты мәлімет бойын-
ша әлеуметтік фактілерді зерттеу қажеттігін білдіреді. Әлеуметтік фактілерді 
«заттай» эм пирикалық зерттеуі Дюркгейм әлеуметтануының бағытын көпте-
ген философиялық көзқарастардан ерекшелейді:
1
«Әлеуметтік факт – адамды сынауға жарамды кез келген қоғамдық ма-
ңызы зор оқиға немесе жалпы қоғамға ортақ, бірақ оның құрамындағы 
жеке көріністерінен тәуелсіз оқиғалар жиынтығы».
(Durkheim, [1895] 1982:13) 
Дюркгеймнің әлеуметтануды психологиядан ерекшеленетіндей етіп, әлеу-
меттік фактіні анықтаудың екі жолын ұсынғанына назар аудару қажет. Бірін-
шіден, әлеуметтік факт ішкі қозғаушы емес, сыртқы шектеу ретінде қарасты-
рылады. Екіншіден, әлеуметтік фактілер жалпы қоғамға ортақ және белгілі бір 
нақты адамға тиесілі емес.
Дюркгейм әлеуметтік фактілерді жеке тұлғалардың деңгейіне дейін кіші-
рейтуге болмайтынын, бірақ олардың жеке шындығы ретінде зерттелу қа жет-
тігін пайымдады. Дюркгейм әлеуметтік фактілерді «бірегей» (unique) де генді 
білдіретін sui generis латын терминіне сілтеме жасады. Ол осы терминді әлеу-
меттік фактілердің өзіндік ерекше сипаты бар екенін растауға қолданды. Әлеу-
меттік фактілердің индивидтер деңгейіне қатысты түсіндірілеті нін растау – 
әлеуметтануды психологияға теңестірумен парапар. Оның орнына әлеуметтік 
фактілерді тек басқа әлеуметтік фактілермен түсіндіруге болады. Төменде кел-
тірілген түсіндірменің кейбір мысалдарын қарастырамыз, онда Дюркгейм ең-
бек бөлінісін, тіпті өз-өзіне қол жұмсауды өзіндік жеке ниетпен емес, басқа да 
әлеуметтік фактілермен түсіндіреді. Қорытындылай келе, әлеуметтік фактілер 
эмпирикалық түрде зерттелуі мүмкін, индивидтен тыс, индивид мәжбүрлеген 
және басқа әлеуметтік фактілермен түсіндіріледі. 
Дюркгейм өз бетінше бірнеше әлеуметтік фактілерді, соның ішінде заңды 
ережелерді, моральдық міндеттемелерді және әлеуметтік келісімдерді ұсынды. 
Ол сондай-ақ тілді әлеуметтік факті ретінде қарастырады және оны ойға қо-
нымды мысалмен түсіндіреді. Біріншіден, тіл – эмпирикалық түрде зерттелетін 
«құбылыс». Тілдің логикалық ережелері туралы философиялық тұрғыда ешкім 
оңай жеткізе алмайды. Әрине, барлық тілдерде грамматика, айтылу, емле және 
т.б. туралы кейбір логикалық ережелер бар. Алайда барлық тілдерде логикалық 
ережелерден маңызды ерекшелік бар (Quine, 1972). Тіл қолданысының уақыт 
өте толық болжанбайтын тәсілдермен өзгеру мүмкіндігін ескере келе, сол уа-
қыттағы тілді қолдану жолдары эмпирикалық жолмен анықталуы керек.


90
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Екіншіден, тіл – индивидтердің болмысынан тыс. Индивидтер тілді қолдан-
ғанына қарамастан, тілдің сипатын анықтамайды және оны жа са майды. Олар-
дың тілді өз қолданысына бейімдеу фактісі индивидтердің бол мысынан тыс 
және жеке қолданысқа бейімдеуге мұқтаж екенін көрсетеді. Шындығында, кей-
бір философтар (Kripke, 1982, Wittgenstein, 1953) жеке тілдің болуы мүмкін 
еместігін тұжырымдайды. Жеке мағынасы бар сөздер жинағы тілге жатпайды
себебі ол тілдің негізгі функциясын – қарым-қатынасты ор натуға жарамайды. 
Анықтамаға сәйкес, тіл әлеуметтік. Демек, кез келген нақты индивидке қатыс-
ты қарастырылмайды.
Үшіншіден, тіл мәжбүрліктен туады. Біз қолданатын тіл кейбір нәрсе лер- 
ді айтуға қиындық тудырады. Мысалы, ұзақ мерзімді қарым-қатынаста болған 
бір жыныстағы серіктестердің арасындағы қатынасын нақтылап атау қиын.
Олар бір-бірін «серіктестер» деп атаса, іскерлік қарым-қатынасты көрсетуі мүм-
кін. Әлде олар бір-бірін «маңызды басқалар», «сүйетіндер», «ерлі-зайыпты лар» 
немесе «ерекше достар» деп атауы тиіс пе? Әрқайсысының өз кемшілігі бар. 
Тіл – бір жынысты адамға қатысты туындайтын күрделі әлеуметтік фактілер 
жүйесінің бір бөлігі, тіпті егер әрбір адам бір жынысты қарым-қатынастарды 
жеке түрде қабылдауы тиіс болса да, қиынға соғады. Тіл – әлеуметтік фактілер 
жүйесінің бір бөлігі бола тұрып, жеке тұлға бір жыныстылыққа қатысты ше - 
шімді өзі қабылдаса да, бәрібір бір жынысты адаммен қарым-қатынасын қиын-
датады. Қорытындылай келгенде, тілдегі өзгерістерді тек басқа әлеуметтік фак-
тілермен түсіндіруге болады және индивидтерге қатысты қарастырылмайды. 
Тіпті жеке адамға қатысты зерттеуге болатын өте сирек жағдайларда да өзге-
рістің нақты түсіндірмесі – қоғамның осы өзгерістерге ашық болған әлеуметтік 
фак тілері. Мысалы, тілдің ең өзгеріске ұшырайтын бөлімі сленг маргиналды 
топ тардан бастау алатынын назарға алуға болады. Алдымен бір адамның сленг 
сөзін туындататынын білеміз, бірақ нақты қандай адамға қатыстылығы бар еке-
ні маңызды емес. Пайда болған сленгтің тарихын және функциясын тек марги-
налды әлеуметтік топтың өмірде болу фактісі түсіндіре алады.
Кейбір әлеуметтанушылар Дюркгеймнің әлеуметтануды әлеуметтік факті- 
лерге ғана қатысты зерттеумен шектеуін «экстремистік» ұстанымға жатқызады 
(Karady, 1983:79–80). Бұл ұстаным әлеуметтанудың кейбір салаларын бүгін гі 
күнге дейін шектейді. Бұдан басқа, Дюркгейм әлеуметтануды туыстас ғылым-
дардан жасанды түрде алшақтатуға тырысты. Лемерт (1994:91) атап өт кендей, 
өз фактілеріне байланысты ғана анықтағандықтан, Дюрк гейм әлеуметтануды 
басқа ғылымдардан үзді». Сонымен, кемшіліктеріне қарамастан, Дюркгеймнің 
әлеуметтік фактілер туралы идеясы әлеуметтануды тәуелсіз зерттеу саласы ре-
тінде қарастырып, қоғамды талдау үшін ең сенімді дәлелдердің бірін ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет