Алеуметтану тероиясы indb


3-тарау • Эмиль Дюркгейм Кіріспе



Pdf көрінісі
бет81/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   596
85
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Кіріспе
Эмиль Дюркгеймнің жұмыстарында екі негізгі тақырып қарастырылады. Бі-
рін шісі – әлеуметтік сипаттың индивидуалдыққа (priority of the social over the 
individual) қатысты басымдығы, екіншісі – қоғамның ғылыми тұрғыда зертте-
луінің мүмкіндігі. Бұл тақырыптар аясында пікірталас (қарама-қайшылығы) 
әлі де жалғасып келе жатқанына байланысты, Дюркгейм еңбектері осы күнге 
дейін маңыздылығын жойған жоқ.
Біз барлығын, соның ішінде нәсілшілдік, ластану және экономикалық құл-
дырау сияқты әлеуметтік мәселелерді индивидтерге қатысты қарастыруға бе-
йім қоғамда өмір сүреміз. Дюркгейм барлық адамзат құбылыстарының әлеу-
меттік өлшемін ескере отырып, оларды қарама-қайшы көзқарас бағытында қа-
растырады. Дегенмен қоғамның маңыздылығын мойындайтындардың өзде рі де 
қоғамды интуитивті түрде түсінуге болатын, бірақ ғылыми тұрғыда ешқашан 
зерттелмеген аморфты құбылыс ретінде сипаттайды. Осы тұрғыда Дюркгейм 
қайтадан қарама-қайшылық амалына жүгінуді ұсынады. Дюркгейм қоғам біз-
дің интуитивті түсіну мүмкіндігімізден тыс және бақылаулар мен өлшеулер 
арқылы зерттелуге міндетті «әлеуметтік фактілерден» құралады деп санайды. 
Әлеуметтануды пән ретінде қалыптастыру Дюркгеймнің басты мақсаттары-
ның бірі болды. Бұл идеялардың әлеуметтанудағы маңыздылығын ескере келе, 
Дюркгеймді көбінесе әлеуметтанудың «әкесі» деп мойындайды (Gouldner, 1958; 
Tiryakian, 2009).
Дюркгейм ([1900]1973:3) әлеуметтанудың идея ретінде ХІХ ғасырда-
ғы Францияда қалыптасқанын атап өткен. Ол осы идеяны нақты анық-
талған зерттеу саласына, пәнге айналдыруды көздеді. Дюркгейм – Платон 
мен Арис тотель сияқты ежелгі философтардың, сонымен қатар Монтескье 
мен Кондорсе сияқты француз философтарының еңбектерінде әлеумет-
танудың алғышарттары болғанын мойындайды. Дегенмен ол өз зерттеу-
лерінде ([1900] 1973:6) алдыңғы философтардың әлеуметтануды терең 
ұғына алмау себептерін жаңа пәнді қалыптастыруға ұмтылыс болмауы мен
түсіндіреді. 
Кіріспе
Әлеуметтік фактілер
Қоғамдағы еңбек бөлінісі
Суицид 
Дін ұстанудың қалыпты формалары 
Моральдық тәрбие және әлеуметтік реформа
Сын-пікірлер
Қазіргі қолданылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет