Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет104/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   596
Білім әлеуметтануы
Дюркгейм ертеректе әлеуметтануды философиядан ажыратуға қатысты пікір 
білдірсе де, әлеуметтанудың ең қиын философиялық сұрақтарға жауап бере 
алатынын дәлелдегісі келді. Философия адамның өз ұғымдарының әсері ар-
қылы түсініктерді қалай дамытатыны туралы жалпылама екі модельді ұсынды. 
Олардың бірі эмпиризм деп аталады, біздің ұғымымыз – мағыналы көріністерді 
жалпыландыру. Бұл – философиямен байланысты мәселе, бізге, мысалы, ға-


112
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
рыш, уақыт және санаттар сияқты бастапқы ұғымдар қажет. Осыған байланыс-
ты тағы бір философия мектебі – априоризм – «адам баласы бастапқы түсінік 
санаттарымен дүниеге келуі тиіс» деп тұжырымдайды. Дюркгейм үшін бұл 
шын мәнінде ешқандай түсініктеме емес. Біз осы нақты санаттармен қалай дү-
ниеге келеміз? Олар әр жаңа ұрпаққа қалай жеткізіледі? Дюркгейм бұл сұрақ-
тарға философтар жауап бере алмаған деп ойлаған. Оның орнына, философтар 
әдетте трансцендентальдың қандай да бір көзін білдіреді. Басқаша айтқанда, 
олардың философиясы діни сипатқа ие және біз Дюркгеймнің діннің түпкі көзі 
ретінде нені санайтынын білеміз.
Дюркгейм адамның білімі тек тәжірибе өнімі емес екенін және біз тәжіри- 
беге қолданылатын белгілі бір менталды категориялармен дүниеге келмейті-
німізді дәлелдейді. Демек, біздің санаттарымыз – әлеуметтік туындылар. Олар 
ұжымдық бағытта болады. Маркс сол уақыттың өзінде білім әлеуметтануын 
ұсынды, бірақ ол теріс мағынасында еді. Идеология әлеуметтік күштер арқылы 
біздің білімімізді бұрмалады. Бұл тұрғыда ол жалған білімдер теориясы болды. 
Дюркгейм әлеуметтік күштер тұрғысынан «шынайы» білімді түсіндіретін әлде-
қайда тегеурінді білім әлеуметтануын ұсынады.
Түсіну категориялары. «Дін ұстанудың қалыпты формалары» еңбе гінде адам-
зат түсінігі үшін маңызды делінген негізгі алты санатқа қатысты пікірін айтты, 
олар: уақыт, кеңістік, классификация, күш, себеп-салдар және тұтастық. Уақыт 
әлеуметтік өмірдің ритмдерінен пайда болады. Кеңістік ка тегориясы қоғамның 
алатын орны арқылы анықталады. Біз осыған дейін тотемизмдегі классифика-
цияның адамзат тобымен байланысын қарастырған болатынбыз. Күш әлеуметтік 
күштердің тәжірибесі нәтижесінде алынды. Себеп -салдар түсінігінің шығу тегіне 
еліктеушілік рәсімдері жатады. Қорытынды ла ғанда, қоғам тұ тастықтың ма-
ғынасын береді (D. Nielsen, 1999). Бұл сипаттамалардың маңызы аз, бірақ одан 
маңыздысы – мағыналы ойларымызды дерексіз түсініктерге айналдыруға мүм-
кіндік беретін фундаменталды кате гориялар әлеуметтік тәжірибелерден, әсіре-
се діни рәсімдердің тәжірибесінен туындайтынын дәлелдейді. Бұл рәсімдердегі 
қатысушылардың рәсімдік ды быстар мен қозғалыстарға қатысуы түсіністік ка-
тегорияларының сезімдерін тудырады (Rawls, 2001).
Біздің дерексіз тұжырымдамаларымыз әлеуметтік тәжірибеге негізделген бол-
са да, бұл ойларымыз қоғам тарапынан анықталады дегенді білдірмейді. Әлеумет-
тік фактілер даму заңдары мен өзіндік бірегейліктің өзгерістеріне ұшырайтын-
дықтан, олардың түпкі нұсқаға сәйкес келмейтінін есте сақтаған жөн. Әлеуметтік 
фактілер басқа әлеуметтік фактілерден шықса да, олардың кейінгі дамуы дербес. 
Демек, бұл ұғымдар діни негізден шықса да, олар дінсіз жүйелерге айнала алады. 
Шын мәнінде, Дюркгейм бұл ғылымды болған жағдаймен келістіреді. Дінге қар-
сы тұрудың орнына, ғылымның өзі діннен тарайтынын айтады.
Автономды дамуына қарамастан, кейбір категориялар әмбебап және ма ңыз-
ды. Осылайша, бұл категориялар әлеуметтік өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін 
дамиды. Онсыз жеке ақыл-ойлардың арасындағы барлық байланыстар үзіліп, 
қоғамдық өмір тоқталатын еді. Бұл олардың адамзатқа неге әмбебап екенін тү-
сіндіреді, себебі адамзат, қай жерде болмасын, қоғамда өмір сүрді. Сондай-ақ 
бұл олардың неліктен маңызды екенін түсіндіреді:
«Демек, қоғам өз бетінше санаттарды жеке тұлғалардың еркін таңдауына 
тапсыра алмайды. Өмір сүру үшін ол ең төменгі адамгершілік консен-


113
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
сусты ғана емес, сонымен қатар онсыз болмайтын ең аз логикалық кон-
сенсусты талап етеді. Осылайша, қақтығысты болдырмау үшін қоғам өз 
мүшелерінің барлық билігін салмақтайды. Ақыл барлық ойдың осы нор-
маларынан құтылуға тырыса ма? Қоғам бұдан былай адам мәнін толығы-
мен қарастырмайды және оны тиісінше бағалайды».
(Durkheim, [1912] 1965:16)
Дюркгеймнің діни теориясын қорытындылай келе, қоғам – діннің, Құдай ұғы-
мының және барлық қасиетті (зайырлыға қарама-қайшы) нәрселердің қайнар 
көзі. Демек, шынайы мағынада қасиеттілік, Құдай мен қоғам біртекті деп айтуға 
болады. Дюркгейм бұл қарапайым түсінік қоғамда айтар лықтай анық және бүгінгі 
қоғамның күрделілігіне байланысты қарым-қаты настың бұрмалануына қарамас-
тан, бүгінгі күннің өзінде де шынайы болып қалады деп санайды.
Дюркгейм білім әлеуметтануын қорытындылай келе, «тұжырымдамалар 
мен тіпті біздің ең іргелі категорияларымыз – қоғамның бастапқыда діни рәсімдер 
арқылы қалыптасқан ұжымдық бағыттары» деп мәлімдеді. Дін қоғам мен жеке 
адамды байланыстырады, өйткені нақ сол әлеуметтік категориялар жеке ұғым-
дардың негізі болып табылатын қасиетті рәсімдер арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет