Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет107/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   596
Моральдық тәрбие
Дюркгеймнің заманауи моральды қамтамасыз ету үшін қоғамды реформалау 
жөніндегі ең дәйекті әрекеттері білімге бағытталған (J. Dill, 2007). Білім жеке 
тұлғаның қоғамда тіршілік етуіне қажетті физикалық, интеллектуалды және 
Дюркгейм үшін ең маңыздысы – моральдық құралдарға ие болатын үдеріс ре-
тінде анықталады (Durkheim, [1922] 1956:71). Лукастың (1972:359) айтуынша, 
Дюркгейм әрдайым «әлеуметтану ғылымының білімге деген қатынасы – тео-
рияны тәжірибеге айналдыру» деп есептеген. 1902 жылы Сорбоннаның білім 
беру бөлімінің басшысы болған. «Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі онжыл-
дықта Париждегі әрбір жас ақыл тікелей немесе жанама түрде оның ықпалы-
мен жарыққа шыққанын айту ештеңе айтпаумен тең» (Gerstein, 1983:239).
Дюркгейм білім беруді реформалауды бастамас бұрын оның екі бағыты бол-
ды. Біріншісі, шіркеудің кеңеюі ретінде білімді көрсетсе, екіншісі, та биғи тұл-
ғаның ашылуы ретінде білім алды. Керісінше, Дюркгейм білім беру балалардың 
қоғамға деген моральдық көзқарасын қалыптастыруға көмектесуі керектігін 
айтты. Ол мектептердің қазіргі замандағы моральды әлеуметтік негізде қамта-
масыз ете алатын жалғыз мекеме болатынына сенді.
Дюркгейм үшін сабақ бөлмесі – «кішігірім қоғам және ол ұжымдық толқуды, 
моральдық көзқарасты қалыптастыру үшін жеткілікті дәрежеде қуатты болуы мүм-
кін» деген қорытындыға келді. Класс ұжымдық көзқарастарды тудыруға қажетті 
бай топтық ортаны қамтамасыз етуі мүмкін (Durkheim, [1925] 1961:229). Бұл білім 
берудің барлық үш моральдық элементін ұсынуға және көбейтуге мүмкіндік береді.
Біріншіден, білім беру адамдарға қатер төндіретін құмарлықты шектеу үшін 
керек тәртіптерді қамтамасыз етеді.
Екіншіден, білім беру студенттердің санасында қоғамға және адамгершілік 
жүйесіне деген адалдық сезімін тудыруы мүмкін. Ең бастысы, білімнің «ерік-
ті қалауы» автономияны дамытудағы рөлі және қоғамға деген сүйіспеншілігі 
«ағартылған келісімге» байланысты (Durkheim, [1925] 1961:120):
«Моральды үйрету үшін уағыздауға болмайды, бұл – түсіндіру. Егер біз 
осындай түсініктен бас тартатын болсақ, балаға ережелердің себептерін 
түсінуге көмектесуге тырыспайтын болсақ, онда біз оны жартыкеш және 
төменгі мо ральдық деңгейде өсіреміз».
(Durkheim, [1925] 1961:120–121)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет