Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет117/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Құндылықтар және зерттеу. Вебердің әлеуметтік зерттеулердегі құндылық- 
тардың алатын орнына қатысты ұстанымы әртүрлі. Вебер құндылықтан фак тіні 
бөлуге болатынына сенді және бұл зерттеу әлемінде таралуы мүмкін еді: «Тер-
геуші мен мұғалім эмпирикалық фактілердің пайда болуын... және оны өзінің 
жеке бағалауын, яғни бұл фактілердің қанағаттанарлық немесе қанағат танар-
лықсыз деп бағалануын сөзсіз ажырата білуі керек» ([1903–1917] 1949:11). Ол 
бар нәрсені экзистенциалды білу мен болуы керек нәрсені нор мативті білудің 
арасындағы айырмашылықты анықтады (Weber, [1903–1917] 1949). Мысалы, 
Неміс әлеуметтану қоғамының құрылуы туралы былай деді: «Қауымдастық іс 
жүзінде және нақты түрде өз ортасындағы идеяларын насихаттаудан үзілді-ке-
сілді бас тартады» (G. Roth, 1968:lx). Оның орнына қауымдастық «бар дүниені, 
оның мәнін, қандай тарихи, әлеуметтік себептерге байланысты» деген тақы-
рыпты зерттеді (G. Roth, 1968:1x).
Дегенмен бірнеше фактілер басқа бағытты көрсетеді және сипатталған дә- 
лелдерге қарамастан, Вебер әлеуметтік зерттеулерден құндылықтарды мүлдем 
алып тастауға қарапайым көзқараспен қарамағанын көреміз. Алайда Вебер құн-
дылықтардың рөлін зерттеу процесіндегі белгілі бір аспектіде қабылдады, ол бұ-
ларды зерттеу деректерінің нақты жиынтығынан алшақ ұстау керек деп ойлады. 
Осыған байланысты Вебер бізге нақты бақылау және жүйелі салыстыру сияқты 
ғылыми-зерттеудің тұрақты рәсімдерін қол дануымыз керек деген тұжырымды 
айтқысы келді.
Құндылықтар әлеуметтік зерттеулер басталғанға дейінгі уақытпен шектелуі 
тиіс. Олар біз зерттеуге таңдайтын дүниелердің жүйесін құрауы қажет. Вебер-
дің ([1903–1917] 1949:21) әлеуметтік зерттеулерге дейінгі құндылықтардың
рөлі туралы идеясы құндылықтың мәні туралы өз тұжырымдамасында жазыл-
ған. Оның көптеген әдіснамалық тұжырымдамаларындағы құндылықтың мәні 
туралы ойлары неміс тарихшысы Генрих Рикерт жұмыстарынан бастау алған. 
Рикерттің пайымынша, мән «ғылыми бақылаушылар өмір сүретін қоғамдағы 
адамдар ұстанатын жалпы мәдени құндылықтардың біреуін немесе бірнешеуін 


134
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
қамтитын эмпирикалық шындықтың белгілі бөліктерін таңдауды» білдіреді 
(Burger, 1976:36). Тарихи зерттеулерде бұл зерттеушілер объектілерді өздері 
өмір сүріп жатқан қоғамдағы мән-маңызына қарай таңдайды, яғни қазіргі заман-
ғы көзқарас тұрғысынан өткендегі құндылықтардың қайсысын зерттеу қажет 
екенін анықтайды. Өз кезеңінің жағдайына орай, Вебер «заманауи еуропалық 
мүдделер тұрғысынан» құндылықтардың орны мен мәні туралы жазған ([1903–
1917] 1949:30). Мысалы, бюрократия Вебер заманында неміс қоғамының өте 
маңызды бөлігі болды және ол осы феноменді (немесе оның жетіспеушілігін) 
әртүрлі тарихи жағдайларда зерделеу үшін таңдады.
Осылайша, Вебердің ойынша, құндылыққа баға беру толықтай ғылыми 
дискурстан алынбауы керек. Вебер фактілер мен құндылықты шатастыруға 
қарсы болғанына қарамастан, «құндылықтарды әлеуметтік ғылымдардан шы-
ғарып тастауға болмайды» деп есептеді: «Моральдық бейтараптықтың ғы лыми
«объективтілікке» ешқандай қатысы жоқ» ([1903–1917] 1949:60). Ол құнды-
лықтардың белгілі бір мәнге ие екенін мойындауға дайын болды, бірақ зерт-
теушілерге құндылықтардың рөлі жайлы мұқият болуы керегін ескертті: «Бұл 
үнемі айқын болуы керек... дәл сол кезде ғылыми-зерттеуші үнсіз қалады, баға 
беруші мен әрекет етуші адам сөйлей бастайды» (Weber, [1903–1917] 1949:60). 
Құндылықтарға қатысты өз позицияларын білдіргенде әлеуметтанушы-зерт-
теушілер әрдайым өзін және өзінің аудиториясын осы позициялармен таныс-
тырып отыруы қажет. 
Вебердің айтқан сөздері мен шын мәнінде не істегені арасында айырмашылық 
бар. Вебер тіпті тарихи деректерді қызу талдауда да пайымды пікір айтудан қорық-
қан жоқ. Мысалы, ол римдік мемлекет өзінің әлеуметтік ағзасы ауруынан зардап 
шеккенін айтты. Вебердің нақты жұмысында құндылықтар зерттеуге арналған пән-
дерді таңдаудың негізгі құралы ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік әлемді мағыналы 
меңгерудің жолы деп айтуға болады. Гари Абрахам [1992] Вебердің жұмысы, 
әсіресе иудаизм дүниетанымы ту ралы көзқарасы оның құндылықтары арқылы 
бұрмаланғанын көрсетті. Дін әлеуметтануында (осы тараудың соңын қараңыз) 
Вебер еврейлерді «шеттетіл ген адамдар» деп атаған. Мұнда Веберді еврейлердің 
өздерін басқалардан алшақтатуға тырысуы, өзге қоғамның оларды шеттету үрді-
сінен артығырақ қы зықтырды. Осылайша Вебер өткенге жалпы көзқараспен қа-
рай отырып, еврей лерді неміс қоғамына ассимиляциялау үшін иудаизмнен бас 
тарту керек деп пайымдады. Абрахамның көзқарасы бойынша, мұндай сыңар-
жақтылық Вебердің тек иудаизм туралы идеяларына ғана емес, оның жалпы жұ-
мысына да әсер етті. Бұл Веберді «бағалау пайымынан еркін» әлеуметтанушы 
деп тануға, сондай-ақ либералды ойшыл деген қарапайым көзқарасқа күмән ту-
дырады. Абрахамның айтуынша, «Макс Вебер, бәлкім, толеранттылық либе ра-
лизмге жақындады, себебі сол уақытта толерантты либерализмді Герма нияның 
көп бөлігі ұстанған болатын» (1992:22). Вебер классикалық либералға қолайлы 
плюрализмді емес, аз топтардың ассимиляциясын қолдайтын ұлтшыл еді және 
бұл құндылықтар оның жұмысына қатты әсер етті (G. Roth, 2000). 
Көптеген америкалық әлеуметтанушылар Веберді бағалау пайымынан 
еркін әлеуметтанудың көрсеткіші ретінде қарастырады. Шындығында, амери-
ка лық әлеуметтанушылардың көбі бағалау пайымынан еркін болу идеясына 
ат салысты және олар Вебердің атын пайдалану арқылы өздерінің ұстанымын 
жақтауға шақырды. Алайда, біздің байқағанымыздай, Вебердің еңбегі құнды-
лықтарға толы. 
Вебердің құндылықтар туралы жұмысының тағы бір аспектісі – оның адам - 


135
4-тарау

Макс Вебер
дарға әртүрлі құндылық позицияларының арасында таңдау жасауына көмек-
тесудегі әлеуметтік ғылымдардың рөлі туралы идеясы. Негізінен, Вебердің 
пікірінше, балама құндылық ұстанымдарында ғылыми таңдау жасау мүмкін 
емес. Сондықтан әлеуметтанушылар адамдар үшін мұндай таңдау жасауға жол 
бере алмайды. «Қатаң эмпирикалық ғылымдар болып табылатын әлеумет-
тік ғылымдар адамдарды таңдау жасау қиындығынан құтқаруға аз бейімдел-
ген» (Weber, [1903–1917] 1949:19). Әлеуметтік ғалым әлеуметтік зерттеулер-
ден бел гілі бір нақты қорытынды шығара алады, бірақ бұл зерттеу адамдарға 
не істеу «керектігін» көрсетпейді. Эмпирикалық зерттеулер адамдарға ақыр
соңын да адекватты құралдарды таңдауға көмектеседі, бірақ ол басқа мақсаттар-
ға қар сы мақсатты таңдауға көмектесе алмайды. Вебердің айтуынша: «Тікелей 
прак тикалық қызметтің бағыттары анықталатын міндетті нормалар мен идеал-
дарды қамтамасыз ету ешқашан да эмпирикалық ғылымның міндеті бола ал- 
майды» [(1903–1917) 1949:52].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет