Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет119/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әлеуметтік іс-әрекет
Вебердің әлеуметтану жайында білдірген барлық пікірін жеке құндылықта-
рымен байланыстырып қа былдайтын болсақ, оның әлеуметтік әрекет тұжы-
рымдамасына негізделгенін аңғарамыз (S. Turner, 1983). Ол іс-әрекеттер мен 
таза реактивті мінез-құлықтарды ажырата білді. Сол уақыттан бері ойлау үде-
рістерін қамтымайтын автоматты мінез-құлық туралы тұжырымдамалар қа-
зірге дейін сақталған. Әуелі іс-қимыл бо лады, соған орай мінез-құлық әрекеті 
туындайды, ал ынталандыру мен жауап арасында аздаған байланыстар болады. 


137
4-тарау

Макс Вебер
Мұндай мінез-құлыққа Вебер өз әлеуметтануында қызығушылық танытпа-
ды. Ол ынталандырудың пайда болуы мен соңғы жауаптар арасындағы ойлау 
үдерістерінің (және одан шығатын маңызды әрекеттердің) айқын қатысуымен 
іске асатын іс-әрекетті қарастырды. Басқаша айтқанда, адамдар өз әрекеттеріне 
субъективті мағына бергенде ғана әрекет пайда болады. Вебердің пайымынша, 
әлеуметтік талдаудың міндеті – «әрекеттерді субъективті мағына жағынан тү-
сіндіру» ([1921] 1978:8). Вебердің іс-әрекеттер туралы ойларының мәнді және 
нақты мысалын оның экономикалық әрекетті талқылауынан көруге болады, 
ол оны «экономикалық ойлауға қарай бағытталған саналы, бастапқы қадам» 
деп анықтады. Ол үшін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағыттал-
ған объективті қажеттілікке емес, оның қажеттілігіне деген сенім маңызды» 
([1921] 1978:64).
Психикалық процестерге талдаулар жасап және содан шығатын маңызды 
қортындыға сүйене отырып, Вебер ([1921], 1978) психологияны іс-әрекетті 
әлеуметтану тұрғысынан түсіндірудің негізі ретінде қарастыру қате екенін атап 
өтті. Вебер кейбір материалдық емес әлеуметтік фактілерді талқылауда Дюрк-
геймнің көзқарасына ұқсас қорытындыға келді. Демек, әлеуметтанушылар 
ақыл-ой процестеріне ден қояды, бірақ бұл психологтердің ақыл-ойға, тұлғаға 
және т.б. деген қызығушылықтарындай емес.
Дегенмен Вебер психикалық процестерге үлкен алаңдаушылық білдірсе де, 
оларға онша көп тоқталған жоқ. Шюц ([1932] 1967) Вебердің психикалық үрдіс-
тер туралы еңбектері ой салатынына қарамастан, жүйелі микроәлеуметтанудың 
негізі бола алмайтынын айқындады. Бірақ Вебер жұмысының мазмұны инди-
видтер теориясын ойлап табушылар мен олардың символикалық өзара әре-
кеттесу, феноменология және т.б. мінез-құлықтарына әсер ету тұрғысынан өз
маңызын жойған жоқ.
Вебердің әрекет теориясындағы нақты ниеті ұжымға емес, жеке тұлғаларға
әрекет құрылымдарына және заңдылықтарына назар аудару болды. «Мінез-құ-
лықтың субъективті түсінік бағдарындағы әрекет бір немесе бірнеше адамның 
мінез-құлқы ретінде ғана көрініс табады» ([1921] 1978:13). Вебер кейбір мақсат-
тарда ұжымдық әрекеттерді жеке адамдардың іс-әрекеті деп қарастыруға дайын 
болды, «бірақ әлеуметтану жұмысында әрекетті субъективті түсіндіру үшін бұл 
ұжымдар тек жеке тұлғалардың белгілі бір актілерін ұйымдастырудың нәтиже-
сі мен режимі тұрғысынан зерттелуі керек, өйткені олар тек субъективті түсі-
нік бойынша әрекет ететін агенттер ретінде қарастырылады» ([1921] 1978:13). 
Вебердің ойы неғұрлым айқын болып көрінуі мүмкін: іс-әрекет әлеуметтануы 
ұжымдармен емес, жеке тұлғалармен байланысты.
Вебер іс-әрекеттің төрт негізгі түрін анықтау арқылы әрекет мағынасын тү-
сіндіру үшін өзінің идеал типтер әдіснамасын қолданды. Бұл типология Вебер-
дің пайымдауында іс-әрекеттер ұғымының астарында не жатқанын тү сінудегі 
маңыздылығымен қатар, Вебердің аса ірі әлеуметтік құрылымдар мен инсти-
туттар жайлы алаңдаушылығының ішінара негізі болып табылады. Вебердің 
рационалды іс-әрекеттердің негізгі екі түрі арасындағы айырмашылықты ажы-
ратуының маңызы зор. Біріншісі, мақсатты рационалдықты білдіреді не месе 
ол «қоршаған орта нысандарының және басқа да адамдардың мінез-құлықтары-
на қатысты болжалмен айқындалады»; бұл болжалдар актордың өзінің рацио-
налды мақсаттарына қол жеткізу үшін «шарттар» немесе «құралдар» ретінде 
пайдаланылады (Weber, [1921] 1978:24). Екіншісі, рационалды құндылық неме-
се «табысқа жету перспективасына қарамастан, этикалық, эсте тикалық, діни,


138
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
немесе басқа мінез-құлықтың құндылығы тек өз пайдасына деген саналы се-
німмен анықталатын» әрекет (Weber, [1921] 1978:24–25). Аффективті әрекет
(Вебер аз көңіл аударған) актордың эмоционалды жағдайымен анық талады. 
Дәстүрлі іс-әрекет (Вебер үшін айрықша маңызды болды) актор мінез-құлқы-
ның әдеттегі және дәстүрлі тәсілдерімен айқындалады.
Вебер әрекеттің төрт идеалды түрін бөліп саралағанымен, кез кел ген әрекет-
тің барлық төрт идеалды типтерін түгел қамтуы мүмкін екенін жақсы түсінді. 
Вебердің пайымдауынша, әлеуметтанушыларға рационалды әртүрлілік әреке-
тін түсіну салт-дәстүр немесе аффекті басым болатын әрекеттерді түсінгеннен 
гөрі әлдеқайда оңай екенін айтты.
Енді Вебердің әлеуметтік стратификация туралы немесе оның таптар, мәр-
тебелер және партиялар (немесе билік) туралы танымал идеяларына назар ау-
дарамыз. Оның стратификация жайлы талдауы – Вебер іс-әрекет теорияшысы 
ретінде жұмыс жасаған салаларының бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет