161
4-тарау
•
Макс Вебер
капиталистердің тобын құрды. «Кальвинизм» – салауатты, орта тап, өзін-өзі
қалыптастырған адамның ең жоғары этикалық құндылығы» (Weber, [1904–
1905] 1958:163). Вебер кальвинизмге және оның капитализммен байланысына
қатысты өз позициясын былай айғақтайды:
«Тақуалықтың ең пәрменді құралы және сол
мезетте қайта туу мен шы-
найы сенімнің дәл және айқын дәлелі ретінде өмірлік борышты жүзе-
ге асырудағы ұдайы, үздіксіз, жүйелі жұмысты діни тұрғыда бағалау…
капитализмнің рухы… кең таралуы үшін ең күшті ойға қонымды тетік
болуы тиіс».
(Weber, [1904–1905] 1958:172)
Капитализм рухымен жалпыға ортақ байланысынан бөлек, кальвинизмнің
тек өзіне тән нақты байланыстары да болды. Біріншіден, бұрын айтылғандай,
капиталистер өздерінің көздеген экономикалық мүдделеріне ашкөздікпен
ұмтылды және мұндай ашкөздік тек қана өз мүдделерін білдірмейді, шын мә-
нінде олардың этикалық міндеті деп есептелді. Бұл
бизнестегі бұрын-соңды
болмаған рақымсыздыққа жол ашып қана қоймай, мұндай әрекеттерді өз мүд-
делеріне қолдана алмаған сынаушыларды амалсыз іштен тынуға мәжбүрледі.
Екіншіден, кальвинизм дамушы капиталисті «өздерінің жұмысына, Құдайға
арнаған өмірлік мақсаттарына бағынатын адал, әділ әрі ерекше еңбекқор жұ-
мысшылармен» қамтамасыз етті (Weber, [1904–1905] 1958:117). Осындай
жұмыс күшінің арқасында жаңадан пайда болған капиталист қанаушылықты
бұрын-соңды болмаған деңгейге көтерді. Үшіншіден,
кальвинизм капиталиске
«бұл дүниедегі игіліктердің біркелкі таратылмауын Құдайдың көрегендігі ре-
тінде ұсынатын жұбанышты растама» беру арқылы әділетсіз стратификация
жүйесін заңдастырды (Weber, [1904–1905] 1958:117).
Сонымен қатар Вебердің пікірлерінде, рационалданған әлемнің барлық ас-
пектілері туралы айтқандай, капиталистік жүйеге қатысты ескертулер де бол-
ды. Мысалы, ол: «капитализм «рухсыз
мамандарды, жүрегі жоқ сезімдерді шы-
ғаруға бейім келеді; бұл қуыс кеуде бұған дейін болмаған өркениет деңгейіне
жеттім деп ойлайды», – деп атап айтты (Weber, [1904–1905] 1958:182).
«Протестанттық этика және капитализм рухы». Вебер кальвинизмнің
капитализм рухының әсеріне қарамастан, әлеуметтік және экономикалық
жағдайдың дінге өзара ықпал ететінін жақсы білді.
Осы кітабында мұндай қа-
рым-қа тынасты қарастырмауға бел буды, бірақ өзінің марксистерге сілтеген
біржақты материалистік пікірлерінің рухани түсіндірмесін алмастырмайты-
нын анықтап айтты (бұл оның жұмысының қалған бөлігіне де, оның ішін-
де орыс рево люциясы жайындағы эсселеріне де қатысты, [Wells and Baehr,
1995:22]). Калберг (1996)
атап көрсеткендей,
«Протестанттық этика және
капитализм рухы» қазіргі әлеуметтану теориясының назарындағы көптеген
мәселелерді қозғады.
Егер кальвинизм Батыста капитализмнің пайда болуына себепші фактор-
лардың бірі болса, онда келесі сұрақ туындайды: неліктен басқа қоғамдарда
капитализм пайда болмады? Бұл сұраққа жауап беру үшін Вебер капитализм-
нің дамуына әсер ететін рухани және материалдық кедергілерді қарастырды.
Ве бердің екі қоғамды – Қытай мен Үндістандағы
кедергілерді талдауына қыс-
қаша шолу жасайық.